Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 16:47, дипломная работа
Зерттеу объектісі ретінде қой шаруашылығымен айналысатын Алматы облысы Жамбыл ауданының «Дулат-Нұр» және «Еділ» шаруа қожалықтары таңдап алынды.
Зерттеудің пәні қой шаруашылығында шығындар есебі мен ішкі аудитті ұйымдастыру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мәселелеріне байланысты ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық аспектілері болып саналады.дәлдігі және үздіксіз, ырғақтылық және техникалық жарақтандыру болып табылады.
Кіріспе ………………………………………………….………….............. 3
1 Кәсіпорын шығындары туралы түсінік
1.1 Өндіріс шығындарының түсінігі және олардың түрлері...................... 5
1.2 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындары................. 9
1.3 Өндіріс шығындарының классификациясы......................................... 12
2 Кәсіпорындағы шығыс есебі
2.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастырудағы шығынның есебі және аудиті.................................................................. 14
2.2 Өндіріске жұмсалған шығындар есебі мен аудиті..................... 17
2.3 Кәсіпорындағы өндіріске жұмсалған шығындар есебін талдау...... 19
2.4 Кәсіпорынның ішкі аудит және бақылау бөлімінің негізгі қызметтері 21
Қорытынды.................................................................................................. 28
Қолданылған әдебиеттер ....................................................................... .....
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
………………………………………………….…………......
1 Кәсіпорын шығындары туралы түсінік
1.1 Өндіріс
шығындарының түсінігі және
1.2 Өзіндік
құнды жоспарлау және өнімді
өндіру шығындары..............
1.3 Өндіріс
шығындарының классификациясы..
2 Кәсіпорындағы шығыс есебі
2.1 Кәсіпорындағы
өндірістік есеп пен өндірісті
ұйымдастырудағы шығынның есебі және
аудиті........................
2.2 Өндіріске
жұмсалған шығындар есебі мен аудиті.....................
2.3 Кәсіпорындағы өндіріске жұмсалған шығындар есебін талдау...... 19
2.4 Кәсіпорынның
ішкі аудит және бақылау бөлімінің
негізгі қызметтері 21
Қорытынды.....................
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігі республикамыздың тәуелсіздігіне 18 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер еңгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта- ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері, кооперациялары арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды. өндірістік процесті кеңістікте оңтайлы тұрғызу- оның тиімділігінің қажетті шарты.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін элементтердің өзара іс- қимылын тұлғалайды. Өндірістік құрылымның басты элементі жұмыс орны, учаскелер және цехтар болып табылады. Өндірістік процесс шикізаттармен материалдардың дайын өнімге айналуына бағытталған еңбек процестерінің жиынтығы болып табылады. Өндірістік процесті оңтайлы ұйымдастыру принциптері – мамандандыру, қосарластық және үйлесімділік, тік дәлдігі және үздіксіз, ырғақтылық және техникалық жарақтандыру болып табылады.
Пайда өндіріс және таза табысты бөлу, экономикалық ынталандыру қорын жасау және пайдалану үдерісі кезінде кәсіпорын ұжымдары мен оның жеке мүшелерінің арасында қалыптасатын экономикалық қатынастардың белгілі бағытын білдіреді. Өндірісті басқарудың жаңа жағдайында ішкі шаруашылықтың күрделі қаржыны қаржыландыру, негізгі табыстарды құру және өзіндік айналмалы құралдарды толтыру ісінде бюджеттік қаржы емес, кәсіпорынның өз табысы негізгі қаржылық көзге айналады.
Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтың, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі өнімдерге талаптарды анықтайтын норматив- ті- техникалық негізі болып табылады.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.
Өндіріс шығындар есебіне
Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер алға қойылды:
-
«шығындар» мен «шығыстардың»
түсінігін жүйелеу және
- кәсіпорындағы шығыс есебін анықтау;
- Өндіріс шығындарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағыттау;
- өндіріске жұмсалған шығынның есебі және аудитін белгілі бір кәсіпорын мысалында көрсету;
-
қой шаруашылығының салалық
- Өндіріске жұмсалған шығынның есебі және аудитін зерттеу.
-
саладағы өндірістік шығындар
мен өнім шығымына ішкі
Зерттеу объектісі ретінде қой шаруашылығымен айналысатын Алматы облысы Жамбыл ауданының «Дулат-Нұр» және «Еділ» шаруа қожалықтары таңдап алынды.
Зерттеудің пәні қой шаруашылығында шығындар есебі мен ішкі аудитті ұйымдастыру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мәселелеріне байланысты ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық аспектілері болып саналады.
Диплом
жұмысының құрылымы.
Кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1
Кәсіпорын шығындары туралы
түсінік
1.1
Кәсіпорын шығындарының
түсінігі және олардың
түрлері
Кәсіпорын шығындары - бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың сомасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды еңгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Бұл жағдайда К.Маркс бағаның құннан ауытқу мәселесінен қараған. Ол өз ойын мынаған негіздеді: тауар білігінің құнын- өндіріс шығыны мен айналым шығыны құрайды. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатынын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем орауын, сорттауын, тасымалдануы және сақталуын еңгізеді.
Батыс елдері ғылыми- экономистерінің жасаған өндіріс шығындарының қазіргі тұжырымдамасы бұл ұғымды тіпті басқаша түсіндіреді. Олар экономикалық ресурстарының барлық түрлерінің шектеулігімен және оларды баламалы қолдану мүмкіндіктерін ескереді.
«Мәселе мынада: барлық керекті тұтыныстарды қанағаттандыру үшін ресуртар ешқашан жеткілікті болған емес. Осы жағдайда қатысты өндіріс туралы мәселені қайсы бір шешу кейбір заттардан бас тарту қажеттілігін туғызады. Сондықтанда барлық шығындар балама шығындарды құрайды. Балама өндіріс шығындары басты кедергі болып табылады және олармен фирма өткеру процесінде өзінің пайдасын көбейту мүмкіндігінде ұшырайды.
Батыс мектебі өкілдерінің есептеуінше, өндіріс шығындар екіге бөлінеді: тұрақты және өзгермелі.
Тұрақты шығындар- бұл сыртқы өндіріс факторын тікелей қолданумен байланысты шығындар. Бұған жалгерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер жалақысы, салық төлеу, амортизациялық төлемдер, займ бойынша пайыз және тағы басқа жатады. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес.
Өзгермелі шығындар - бұл ішкі ресурстарды қолданумен байланысты шығындар. Олар шикізатты, материалмен жұмыс күшін және тағы басқа сатып алуға кеткен шығындардан тұрады. Өзгермелі шығындар өндіріс мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді.
Тұрақты және өзгермелі шығындар сомасы өндірістің жалпы шығынын құрайды. Жалпы шығындар тауар санымен орташа шығындардың көбейтіндісіне тең. Өнімнің бірлігіне қарай шығындары өлшеу үшін орташа шығындар қолда-нылады.Ол жиынтық шығындарды өнімнің көлеміне болуымен анықталады.
Өндіріс шығындар ұғымы К. Маркстің « Капиталында » баяндалған. Маркс шығындар түрінің негізінде капиталға келетін өндіріс базасы мен пайданың мөлшері тұжырымдамасын жасаған. Пайданы көп алу үшін өндіріс көлемін есептеу қажет, ол өз кезегінде шекті шығындарды анықтау қажеттілігін тудырады. Шекті шығындар әрбір өндіріс бірлігін қосымша өндіру үшін қосымша шығындарды жұмсауды көрсетеді.
Кәсіпкерлік қызметте мынадай міндеттерге жиірек жолығуға болады: өндірісті қандай көлемге дейін дамытуға болады? Осынын барлығы да көптеген шығындарды талап етеді. Осы шығындар өзін ақтайма? Олар белгілі табыс әкеле ме? Егер өндіріс өссе, шекті шығындар алғашқыда кемиді, кейін ұлғаяды. Осы процес фирманың максималды тиімділік нүтесі өнім шығарудың максималды және минималды деңгейінің арасында болған жағдайда ғана жүзеге асады. Егер шығарылған өнім ұлғайып, бірақ сол нүктеге жетпесе, әрбір қосымша өнім бірлігін өндіру шығындары төмендетеді. Максималды тиімділік нүктесіне жеткеннен соң табыстың төмендеу заңы күшіне енеді және шекті шығындар өседі. Фирманың тепе-теңдік нүктесі және максималды пайдасы шекті табыспен шекті шығындар тепе - теңдігі жағдайында қол жеткізіледі. Фирма осындай арақатынасқа қол жеткізгенде, онда ол өндірісті енді ұлғайтпайды, өнім шығару тұрақталып, «Фирманың тепе-теңдігі» сақталады.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігін ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізатпен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жаұсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті
және еңбекті ұйымдастыруды
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.