Касипорын шыгыс есеби

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 16:47, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу объектісі ретінде қой шаруашылығымен айналысатын Алматы облысы Жамбыл ауданының «Дулат-Нұр» және «Еділ» шаруа қожалықтары таңдап алынды.
Зерттеудің пәні қой шаруашылығында шығындар есебі мен ішкі аудитті ұйымдастыру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мәселелеріне байланысты ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық аспектілері болып саналады.дәлдігі және үздіксіз, ырғақтылық және техникалық жарақтандыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………….………….............. 3
1 Кәсіпорын шығындары туралы түсінік
1.1 Өндіріс шығындарының түсінігі және олардың түрлері...................... 5
1.2 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындары................. 9
1.3 Өндіріс шығындарының классификациясы......................................... 12
2 Кәсіпорындағы шығыс есебі
2.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастырудағы шығынның есебі және аудиті.................................................................. 14
2.2 Өндіріске жұмсалған шығындар есебі мен аудиті..................... 17
2.3 Кәсіпорындағы өндіріске жұмсалған шығындар есебін талдау...... 19
2.4 Кәсіпорынның ішкі аудит және бақылау бөлімінің негізгі қызметтері 21
Қорытынды.................................................................................................. 28
Қолданылған әдебиеттер ....................................................................... .....

Работа содержит 1 файл

Касипорын шыгыс есеби.doc

— 267.00 Кб (Скачать)

     Кесте 1. Өндіріс шығындардың жіктелуі*

     Өндіріс    шығындарының    басқару   есебі   кәсіпорынның   негізгі   мақсатын орындауға бейімделген  басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес   өткен   осы   және болашақ шығынды   қолдануды   талдаудан   тұрады.  Шығындар   есебін    дұрыс ұйымдастыру үшін оларды   ғылыми   негізделген   жіктеудің   мәні   зор. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер  бойынша   шығындарды   топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.

     Экономикалық  элементтер және калькуляция  баптары   бойынша    шығындар өндірістік емес шоттарға есеп   өзгерту   бөлігіне   түзету   элементтері   бойынша жиынтыққа кірмей тұрып сандық  жағынан   бірдей   болмайды.   Шығындардағы айырмашылықтар сондай-ақ ұқсас   атаулардың   элементтері   мен   калькуляция баптары бойынша да болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 Өндіріске жұмсалған  шығынның есебі 

    2.1 Кәсіпорындағы өндірістік  есеп пен өндірісті  ұйымдастырудағы шығынның есебі және аудиті 

    Кәсіпорындардың  жекелеген өндірістік бұйымдары  бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірістік өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша, көмекші болып бөлінеді.

    Негізгі өндірісте кәсіпорын шығаратын  өнімдер сондай-ақ өнімді сатуға және тұтынуға арналған жартылай фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

    Көмекші өндіріс  негізгі өндірістерді өнімнің  дайындалуына тікелей қатыспайды, бірақ  өнім өндіруге, қызмет көрсетуге жұмыс  жасауға тікелей ықпал етеді.

    Қосымша цехта негізгі өндіріс қалдықтарын  іске асыруға себебеін тигізеді.

    Өндірісістік  бухгалтерлік есебінің 9 –шы бөлім  шоттарында есептелінеді, яғни:

    8010 -  негізгі өндіріс,

    8011 - қосалқы өндіріс,

    8012 -  көмекші өндіріс,

    8034 – үстеме  шығындары жатады.

    Өндіріс шығындарына мынадай шығындардың  құрамы жатқызылады:

    1. материалдық шығындар;

    2. жалақы шығындары;

    3. жалақыдан аударылатын аударымдар;

    4. үстеме шығындар.

    Өндірістік  шығындардың жіктелімі:

    1. шығындардың туындайтын орындарына  байланысты;

    2. қызметтер, жұмыстар және өнім  түрлері бойынша;

    3. шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша тікелей және жанама болып бөлінеді. 4. өндіріс шығындары көлеміне қатысты бөлінеді.

    Шығындар  басқару қызметіне байланысты коммерциялық және әкімшілік болып бөлінеді.

    Негізгі өндіріс шығындары  бухгалтерлік  есептің типтік шоттар жоспары бойынша 90 – бөлімшеде есепке алынады. Оның құрамына мынадай шығындар элементтері жатады:

    8012 – негізгі өнімдегі материалдық  шығындар,

    8012 – негізгі өнімнің жұмысшылардың  еңбекақысы,

    8013 – еңбекақыдан есептелетін аударымдар,

    8014 – үстеме шығындар.

    Бухгалтерлік  еспте негізгі өндіріс шығындары  бойынша мынадай корреспонденциялық шот қойылады:

          Дт.                                     Кт.

    1) 8012                                         Негізгі өндіріске                            материалдық құндылықтар есептен шығарылады.

    2) 8013                                    4230       Негізгі өндіріс  жұмыскерлерінің еңбек ақысы  есептелінеді.

    3) 8013                                      3140     Есептелінген еңбекақыдан  әлеуметтік салық есептелінеді.

    4) 8014                                        8024      Өз меншігіндегі  көмекші өндірісінің қызметі  қабылануы

    5) 8010                                    8012-8014   Жыл соңында шығындар  элементтері жинақтаушы 900 – ге  есептен шығарылады.

    6) 8010                                     12010 Жыл соңында құн бойынша  негізгі өндідістен дайын өнім  алынады. 

    Көмекші өндіріс дегеніміз – негізгі  өндірістегі өнімдер үшін, қызметтер  үшін қолайлы жағдай жасайтын өндірісті  айтамыз, бұларға жататындар: электростанциялар, сумен жабдықтау, механикалық цех, автотранспорт т.б.

    Типтік  шоттар жоспарында 9 – шы бөлімнің 92- бөлімше шотында жүргізіледі. Бұл  шоттар активті 920-шы шот бұл көмекші  өндірістің жинақтаушы шоты болып табылады., бұған мынадай шығын элементтері жатқызылады:

        8031 – көмекші өндірістегі материалдық  щығындар;

    8032 – көмекші өндіріс еңбекақысы;

    8033–  еңбекақыдан аударылатын аудырымдар;

    8034–  үстеме шығындар;

    8035–  басқалары. 

          Үстеме шығындар дегеніміз – негізгі өндірісте  және көмекші өндірісте жұмыстарды ұйымдастыру мен басқарумен байланысты шығындар жатады. Үстеме шығындар типтік шоттар жазғанда 9 – шы есептелінеді. 930 шот – бұл жалпылама шот, бұның құрамына мына шығындар элементтері кіреді:

    8041 – материалдық үстеме шығындар;

    8043 – еңбекақыдан аударымдар;

    8044-  негізгі құралдарды жөндеу;

    8045 – негізгі құралдардың тозуы. 

    8046–  тұрғын үй қызметі;

    8047–  жалдық төлемдер;

    8048 – басқалары. 

    Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

    Кәсіпорынның  жекелеген өндірістік буындары бойынша  жоспарлау және шығындарды есепке алу  мақсатында өндірілетін өнімнің  атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша  өндірістер болып екіге бөлінеді.

    Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

    Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).

    Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

    Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.

    Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет керсетуге өз септігін тигізеді.

    Өндірістік  есепті дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.

    Өндірістің  бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.

    Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған  кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын  түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

    — шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның  ішінде өндеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;

    —  қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері  бойынша; өндіріс шығындары жекелеген  өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;

    — шығындар өнімнің өзіндік кұнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама — өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;

    — өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы — шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия  мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты — өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі кұралдардың амортизациясы);

    —   шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.

    Шығындар  басқару қызметі (функциясы) бойынша:

    — өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);

    — коммерциялық (сатумен байланысты);

    — әкімшілік (басқару процесімен байланысты).

    Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі  кезеңге бөлуге болады (555 б.).

    - өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда субъекттің есепті кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады (негізгі, көмекші т.б. өндірістері бойынша).

    - "Үстеме шығыстардың" шоттары  бойынша субъекттің үстеме шығыстары  жинақталып, олардың жалпы деңгейі  туралы ақпараттар беріледі;

    - үстеме шығыстарын белгіленген  тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъекттің  есептік саясатында қаралған  әдісі) бойынша негізгі, көмекші  өндірістерге таратады;

    -  "Транзиттік" шоттардағы жинақталған  шығыстарды дайын өнім шотына  есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі саласына жатқызылады. 

    2.3 Көмекші өндірістің  шығындарының есебі 

    Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып  жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл — қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 920 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

    Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:

    8024- "Кемекші өндірістер (қорытушы  шот)";

    8031  - "Материалдар";

    8032 - "Қызметкерлердің еңбегіне ақы  төлеу";

    8033- "Еңбекақыдан қаржы бөлу";

    8034 - "Амортизациялық қаржы бөлу";

    8035 - "Басқа да шығыстар".

    Көмекші өндірістердің әрбір цехтары  бойынша шығындарды есепке алу "цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста  жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

    Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын  баптары бойынша жүреді. Шығын  номенклатурасы өндірістің күрделілігі  мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Информация о работе Касипорын шыгыс есеби