Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 22:00, дипломная работа
Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде, басқада несие қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі бар. Кәсіпорынның жеке меншік құқығындағы оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, сотта талап етуші және жауапкер бола алады. Өзінің даму мүддесі үшін және басқа да шаруашылық субъектілермен қарым-қатынас жасау үшін серіктестік басқа заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасай алады.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР……………………………………………………6
АНЫҚТАМАЛАР........................................................................................................7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……………………………………………8
КІРІСПЕ........................................................................................................................9
1 ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
Тәуекелдің экономикалық әсері және оны бағалау..........................................15
Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері...............19
Кәсіпорын бухгалтерлік есебіндегі тәуекел менеджменті..............................21
2 АБУ-СЕР» ЖШС-нің ҚАРЖЫ ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Кәсіпорынның ақша есебі ..................................................................................24
2.2 Кәсіпорынның тауарлы –материалдық қорлардың есебі................................27
2.3 Кәсіпорынның негізгі құралдар есебі................................................................30
2.4 Кәсіпорынның міндеттемелер есебі...................................................................38
2.5 Кәсіпорынның жиынтық табыс (залал) есебі....................................................46
3 «АБУ-СЕР» ЖШС-нің ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ
3.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау.............................................................52
3.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау..............................58
3.3 Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру.........................64
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................69
ҚОСЫМШАЛАР
Төлем тапсырмасымен банк мекемелері арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргізіледі. Сондай-ақ салықтық шот-фактураның нөмірі мен күніне, тауар-көлік жүкқұжатына және тауар босатуды немесе қызмет көрсетуді растайтын басқа құжаттарға, сонымен бірге тауарлық емес операция бойынша тапсырмаларына сілтемесімен қызметтердің есеп айырысуы жүргізіледі. Төлем тапсырмасы – бұл қызмет етуші кәсіпорынның банкке рнайы бланкке рәсімдеу арқылы өз шотынан белгілі бір соманы басқа кәсіпорын шотына аудару туралы нұсқау. Қаражатты 3 немесе одан да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен бір банкке төлем тапсырмаларының жиынтығы жазылады.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу алынған ТМҚ-р, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін алдын-ала төлем, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі бір айға ашылатын 3310,4110
«Төлеу шоты» кредит шоты бойынша № 6 журнал-ордердегі төлемді талап ету-тапсырудың әрбір шот-фактура бойынша жүргізіледі. Бұл журнал-ордердегі сәйкесетін шоттардың дебетіне 3310,4110 кредит шоты бойынша жазудан басқа корреспонденттік шоты қоса көрсетіліп, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады.
Айдың аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
Жабдықтаушылармен және мердігеолермен есеп айырысу есебі бойынша шоттар корреспонденциясын құрайық:
1. ТМҚ-ды алғаны үшін (ҚҚС-сыз) Дт 1310,1330,КТ 3310,4110
2. ҚҚС сомасына Дт 1420 Кт 3310,4110
3. Жабдықтаушылардың
төленген шот-фактурасына Дт 33
Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебі
Жеке еңбектік келіс-шарт дегеніміз - жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жазбаша жұмыс орны, келісім – шарттың мерзімі, еңбек режимі жағдайы, демалыс, еңбекақы, екі жақтың материалдық жауапкершілігі, басқа да жұмыскерді әлеуметтік тұрмыстық қамсыздандыру сұрақтары бойынша келісім.
Жеке еңбек шарты мазмұны мен сипаты жұмыс берушінің қаржы жағдайы мен өндіріс алдындағы міндеттер мен оның салалық ерекшелігіне байланысты анықталады. Әйтсе де, ҚР еңбек туралы заңының 7,8 және 9 баптар міндетті түрде еңбек шартына енгізілуі керек.
Келісім-шарт мерзімі заң бойынша белгіленбейді. Оны еңбек шартына сәйкес қызметкер мен қызметке алушы бірге белгілейді. Егер еңбек шартында оның мерзімі көрсетілмеген жағдайда, ол мерзімі шектеусіз мерзімге тағайындалған деп есептеледі.
Жеке еңбек шарты
жасалғаннан соң жұмысқа
Адам құрамын есепке алу үшін № Т-2 нысанындағы жеке карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін № Т-4 нысанындағы ғылыми қызметкерді есепке алу карточкасы қолданылады. Жаңадан қабылдағандарды жұмысқа қабылдау туралы № Т-1 нысанындағы бұйрықпен рәсімдейді. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы № Т-5 нысанындағы бұйрық қызметкерді бір бөлімшеден басқа бөлімшеге, бір лауазымнан басқасына өткізуді рәсімдеу кезінде өолданылады. Демалыс беру туралы № Т-6 нысанындағы бұйрық жыл сайынғы және өзге демалыстарды рәсімдеуге арналған. Еңбек шартын тоқтату туралы № Т-8 нысанындағы бұйрық қызметкер жұұмыстан кеткен кезде қолданылады.
Қызметкердің жұмысқа
қабылдану мерзіміне қарай
Қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық
қызметіне қатысуына қарай
Кәсіпорында жұмыс жасайтындарды тізімдік және тізімдік емес персонал деп бөледі. Орындайтын функцияларына қарай жұмыс жасайтындарды жұмысшылар және қызметкерлер деп бөледі. Қызметкерлер басшылар, мамандар және басқа қызметкерлер болып бөлінеді. Жұмысшыларды өндіріс процесіне қатысуына қарай негізгі және көмекші деп бөледі.
Еңбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шарты және мансап инструкциясына байланысты төлем.
Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі екі нысаны – мерзімдік және кесімді қолданылады.
Мерзімді еңбекақы – деп еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойыншажүргізіледі. Мерзімді еңбекақы – жай және мерзімді сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақымен анықталады.
Кесімді еңбекақы мынадай жалақы жүйесіне бөлінеді:
1. Тікелей кесімді жүйе – жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.
2. Кесімді-сыйақылық төлемде
кесімді жалақы сомасынан
3. Ілгерішіл- кесімді
төлемде өндірілген өнімді
4. Жанама-кеімді жүйе
жабдықтарға және жұмыс
5. Аккордтық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын-ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады.
Жалақының номиналды және шынайы түрлері болады.
Номиналды жалақы дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы.
Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.
Жалақы ӨӨҚ-ң негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуын еңбек өнімділігінің артуына, ӨӨҚ-ңкемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
1. еңбектің саны мен сапасына, шығарылған нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдаланылуына бақылау жасау;
2. объектінің әр бір
қызметкеріне жалақыны дер
3. жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
4. белгіленген мерзімдерде
қызметкерлермен еңбекақы
5. есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
6. өндірістік процеске
басшылық жасау операцияларына
қажетті еңбек пен жалақы
7. еңбек және жалақы
бойынша статистикалық
ҚР еңбек заңдарына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары төленеді:
1. мемлекеттік және
қоғамдық міндеттемелерді
2. жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу;
3. нәрестені тамақтандыруға арналған қосымша үзілістерді төлеу;
4. кезекті және оқу демалыстарының уақытын төлеу;
5. пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
6. жұмыстан босаған кездегі шығу жәрдемақысы.
ҚР заңына сәйкес жұмыскердің еңбекақысынан: міндетті зейнетақы, жеке, табыс салығы, орындаушы қағаздар бойынша, сонымен бірге жұмысшының жазбаша келісімі бойынша немесе жұмыс берушінің бастамашылығымен жұмыскердің келісімінің еңбекақы есебінде төленген авансты қайтару үшін және т.б. жағдайларда ұстап қалулар болады.
Қызметкердің жалақысынан бухгалтерия ұсталымдардың мынадай түрлерін ұстап қалады:
1. табыс салығын;
2. орындаушы қағаздар бойынша;
3. несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар мен міндеттемелер бойынша;
4. жазбаша тапсырмалар,
жеке сақтандыру шарттары
5. егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтың немесе тәуелсіз кәсіподақтың федерация кеңесінде тіркелген болса, 1 % -тік кәсіподақ жарнасы;
6. жалақы есебінен берілген авансты өтеу;
7. жеке тұрғын үй құрылысына берілген несиені өтеу есебіне;
8. жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шаруашылық субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәтерақы төлеу;
9. демалыстың өтелмеген күндері үшін;
10. кәсіпорынға келтірген зиянды өтеу;
11. айыппұлдар мен мойнындағы ақша;
12. ведомствалық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау үшін;
13. зейнетақы қорына төлемдер.
Уақытша
еңбекке жарамсыз күндеріне
Жұмыс беруші №731 11 маусым 1999жылы Республика үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыс берушінің есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақыны төлеу ментағайындау туралы» нұсқау талаптарымен сәйкес еңбекке уақытша жарамсыз күндері бойынша әлеуметтік жәрдем ақыны еңбеккерлерге төлеуге міндетті.
Ал олардың қатарына:
Еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша берілетін жәрдем ақысы мына жағдайларға төленбейді:
Демалыспен мереке күндеріндегі жұмыс және оның еңбекақысы.
« Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 56,57,58,59- баптарына сәйкес;
Жұмысшылар демалыс күндері жұмысқа мына жағдайларды қоспағанда ғана оларың келісімімен жіберіледі:
Төтенше жағдайларды болдырмау немесе дүлей апат, өндірістік апаттың алдын алу немесе олардың салдарын дереу залалсыздандыру үшін;
Бос тұрып қалу уақытының төлемақысы.
« Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 74- бабына сәйкес бос тұрып қалған жұмыс ( простой) уақыты төлемақысының тәртібі мен шарттары жеке еңбек немесе ұжымдық келісімшарттарында анықталады.Жұмысшының кінәсінен болған бос тұрып қалу уақытына төлемаы берілмейді.
Бос тұрып қалу жұмыс ( простой)- жұмысшы жұмыс орнынан табылса да, өндірістік процесске қатыспайтын, жұмыстағы еріксіз үзіліс уақыты.
Бос тұрып қалу өнімнің өзіндік құнын көтереді, табысты кемітеді, кәсіпорынға зиян шектіреді.Бос тұрып қалуға жұмысшылар да, әкімшілік те,материалдармен жабдықтаушылар да және т.б. кінәлі болу мүмкін.
Жұмысшының кінәсінен болмайтын бос тұрып қалудың жоғары шегіндегі төлемақысы жұмысшының толық тарифтік мөлшерлемесі ( қызметақы) болуы мүмкін. Жұмысшының бригадирге, мастерге немесе басқа да лауазымды тұлғаларға бос тұрып қалудың қалай басталғанын және оның себебін ескертуі бос тұрып қалудың төлемақысы болып табылады.
Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі (3350) « Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу» шотында жүргізіледі.
Информация о работе Ұйымдағы қаржылық тәуекелділіктер және оның басқару есебі