Ұйымдағы қаржылық тәуекелділіктер және оның басқару есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 22:00, дипломная работа

Описание работы

Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде, басқада несие қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі бар. Кәсіпорынның жеке меншік құқығындағы оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, сотта талап етуші және жауапкер бола алады. Өзінің даму мүддесі үшін және басқа да шаруашылық субъектілермен қарым-қатынас жасау үшін серіктестік басқа заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасай алады.

Содержание

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР……………………………………………………6
АНЫҚТАМАЛАР........................................................................................................7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……………………………………………8

КІРІСПЕ........................................................................................................................9

1 ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
Тәуекелдің экономикалық әсері және оны бағалау..........................................15
Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері...............19
Кәсіпорын бухгалтерлік есебіндегі тәуекел менеджменті..............................21

2 АБУ-СЕР» ЖШС-нің ҚАРЖЫ ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Кәсіпорынның ақша есебі ..................................................................................24
2.2 Кәсіпорынның тауарлы –материалдық қорлардың есебі................................27
2.3 Кәсіпорынның негізгі құралдар есебі................................................................30
2.4 Кәсіпорынның міндеттемелер есебі...................................................................38
2.5 Кәсіпорынның жиынтық табыс (залал) есебі....................................................46


3 «АБУ-СЕР» ЖШС-нің ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ
3.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау.............................................................52
3.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау..............................58
3.3 Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру.........................64



ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................69
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

АБУ СЕР.doc

— 691.00 Кб (Скачать)

Негізгі құралдардың әрбәр жіктемелік топтары бойынша инвентарлық объектіге саналады:

а) ғимараттар бойынша  – ішкі құрылғыларын қоса алғандағы  әрбір ғимарат (жылу жүйесі, су-, газ- желілері, кәріз, желдеткіш құрылғы) және есік алдындағы қоршаулар;

б) құрылыстар бойынша – тіреуіштерімен қоса алғандағы көпірлер, т.б;

в) берілістік құрылғылар бойынша – ғимараттың немесе құрылыстың құрамдас бөлігіне саналмайтын әрбір  жеке құрылғы;

г) қуатты машиналар мен  жабдықтар – іргетасы, приборлары және жеке қоршауларын қоса алғандағы әрбір қуатты машина;

д) жұмыс машиналары мен  өндірістік жабдықтар - іргетасы, приборлары және жеке қоршауларын қоса алғандағы  әрбір аппарат;

е) көлік құралдары  – әрбір көлік құралы.

Ұйымдарда негізгі құралдардың  есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың  тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға инвентарлық нөмер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына басқа ұйымдар мен  адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы басқа жағдайларға байланысты есептен  шығарылғанда оның инвентарлық нөмері ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Инвентарлық нөмір негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Инвентарлық объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен номерлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді  негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындарын көрсететіндей етіп тағайындалған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауыстыру үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.

Негізгі құралдарды есепке алу кезінде келесі нысандағы  алғашқы құжаттар қолданылады:

- Негізгі құралдарды  қабылдау-өткізу актісі НҚ-1;

- Жөндеу жүргізілген,  қайта конструкцияланған және  жаңғырталған негізгі құралдарды  қабылдау-өткізу актісі НҚ-1;

- Негізгі құралдарды  есептен шығару актісі НҚ-3;

- көлік құралдарын  есептен шығару актісі НҚ-4;

- Негізгі құралдар  есебінің инвентарлық карточкасы  НҚ-5;

- Негізгі құралдар  есебінің инвентарлық карточкасын  тізімге түсіру НҚ-6;

- Негізгі құралдардың  қозғалысы есебінің карточкасы  НҚ-7;

- Жалға алынған негізгі  құралдар есебінің карточкасы  НҚ-8;

Негізгі құралдардың  түсуі қабылдау-өткізу актісімен  ресімделеді. Акт әрбір объектіге  жасалып, оған сол объектінің техникалық құжаты қоса тіркеледі. Техникалық құжат  бухгалтерия инвентарлық карточканы ашқаннан кейін тиісті бөлімге өткізіледі. Акт екі данада өткізуші және қабылдаушы үшін толтырылады.

Шаруашылық ұйымдарының  бухгалтериясында негізгі құралдардың  әрбір объектісіне типтік ведмостволық инвентарлық карточка ашылады. Егер жеке бірнеше бірінсіз – бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар, тағы басқалары қосылып бір инвентарлық объектіні құрайтын болса, онда оның инвентарлық карточкасына құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады.

 

Кесте 1

Негізгі құралдар есебі бойынша бухгалтерлік жазулар

 

Операция мазмұны

Д-т

К-т

Құрылтайшылардың жарғылық қорды толтыру мақсатымен кіріс етілген негізгі құралдар:

-келісілген құнына

-тозу құнына

 

 

2410

2410

 

 

5010

2420

Негізгі құралдар сатып  алынды:

2410

1040, 3310

Аяқталған құрылысты  кіріске алу

2410

2930

Негізгі құралдарды сатқанда оларға есептелген тозу сомасын есептен шығару

2420

2410

Негізгі құралды сатқаннан  алған табыс

1210

6210

Негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасына:

-негізгі өндірісте

-көмекші өндірісте

-жалпы шаруашылыққа  арналған

 

8045

8045

7210

 

2420

2420

2420


 

         Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптық немесе басқада негізгі құралдардың бір түрінің (аты технекалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар инвентарлық карточкаларында тобы бойынша есептелінеді. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек инвентарлық номер беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай - ақ шаруашылық ұйымына календарлық бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік - шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуге үлгілі түрі НҚ - 6 ведомоство арқылы инвентарлық карточкасы қолданылады. Инвентарлық карточкалар шаруашылық ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі.

          Негізгі құралдарды көп емес  шағын ұйымдар мен бірлестіктер  өздерінің негізгі құралдарын  есептеу үшін инвентарлық карточкалардың  орнына үлгілі түрі НҚ –  11 санды инвентарлық кітапшасын  пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды инвентарлық кітапшада есептеген жағдайда инвентарлық тізім жүргізілмейді. Ұйымдарда инвентарлық карточкалар немесе инвентарлық кітапшалар қабылдау – тасымалдау, ауыстыру актілері, техникалық паспорттар және басқада негізгі құралдарды сатып алу, сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері, тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Инвентарлық карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір инвентарлық объектіге бір данадан толтырылып шаруашылық ұйымның бухгалтериясында сақталынады. Ол картотекада негізгі құралдар халық шаруашылығының саласына қарай жіктелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде инвентарлық карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың атқаратын қызметіне және де түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер тағы басқалар) орналастырылады. Ұйымдарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір жерден екінші жерге орнын ауыстырған негізгі құралдардың инвентарлық карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталынады. Сондай – ақ келешекте пайдалау үшін сақтаулы тұрған негізгі құралдар мен басы артық тоқталып қойылған негізгі құралдардың да инвентарлық карточкалары бөлек қойылуы қажет. Инвентарлық карточкалар мен кітапшалар талдамалы (аналитикалық) есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, инвентарлық номері, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық номері, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілерді уақыты (айы, күні, жылы) тағы басқа шартты белгілермен керекті мәліметтер жазылады. Толтырылған инвентарлық карточкаларды үлгілі түрлі НҚ – 10 санды ведмствоаралық негізгі құралдарды есептейтін инвентарлық карточка тізіміне тіркеледі. Бұл тізім бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, инвентарлық карточкалардың түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдарда негізгі құралдарды жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімге жазады.

          Негізгі құралдардың сақталынып  және жұмыс істеп тұрған жері  бойынша есебі үлгілі түрі  НҚ-13 санды карточка жүргізіледі. Инвентарлық карточкаларға қарағанда бұл карточкада келіп – түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша тек қана қысқаша мәліметтер, яғни обьектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарлық нөмірі, инвентарлық карточка немесе инвентарлық кітапшаға жазылған нөмірі, басқада мәліметтері жазылады. Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде бұл карточкаға үлгілі түрі НҚ–13 кіріске алынған және шығыс етілген негізгі құралдар жайлы мәліметтер жазылып, бухгалтерлік есептің ақпараттарымен салыстырылып, тексеріліп отырылады. Бұл карточкада көрсетілген объектілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек. Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ – 12 санды карточка қолданылады.Ол карточка ұйымдарда негізгі құралдардың тиісті шоттарының инвентарлық карточкаларының мәліметтерінің негізінде толтырылады. Бұл карточкада негізгі құралдардың жіктелу топтары мен түрлері бойынша есеп беретін айдың бағасындағы құны бойынша қалдығы олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ – 12 санды үлгілі түрінің мәліметтері негізгі құралдар жайлы есеп беруге пайдаланылады. Ұйым бойынша негізгі құралдардың кірісі мен шығыс етілуін есептейтін үлгілі түрі НҚ – 12 санды карточкадағы қалдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырылып, тексеріліп отырылады.

          Ұйымдарда, инвентарлық карточкалар  және инвентарлық кітапшалармен  қатар ірі машиналар мен механизмдерге,  жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырылады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері тағыда басқа деректері жазылады. Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы, өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.

          Ұйымдарға негізгі құралдар сатып  алу, сату, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдар мен ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай – ақ жоғары үкімет орындарының беруі, тағыда басқалар арқылы келіп туседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға ұйымдар үлгілі түрі НҚ – 1 санды қабылдау – тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланылатын бір түрлі, құны тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланылатын бір түрлі, құны бірдей құрал - саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса оларға жоғарыда аталған қабылдау – тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстарға, объектілерге алдымен тағайындалған комиссия оларды іске қосу – қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Сонымен қатар, бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

      -   объектінің аты;

      -   объектіні алушы мен тапсырушы  ұйымдардың аты;

      -   салынып біткен құрылыстың қабылданған  кездегі жағдайы;

      -   құрылыстың салынып біткен уақыты;

      -   амортизациялық  аударым мөлшері;

      -   бастапқы  құны;

      -   басқа да  шартты белгілері.

          Негізгі  құралдардың салынып біткен аса  ірі объектілеріне шаруашылық  ұйымдағы бас механикалық бөлім  төлқұжат толтырылады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы, (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу нормасы, істен шығару себебі) тағы басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде негізгі құралдарға түгендеу жүргізіліп тұрады.

          Негізгі  құралдарға толтырылған қабылдау  – тапсыру актісі кейіннен  ұйымның бухгалтериясына тапсырылады. Актімен бірге объектінің техникалық құжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың  негізінде тиісті инвентарлық карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар шаруашылық ұйымның тиісті бөлімшелеріне табыс етіледі. Актіні шаруашылық ұйымның басшысы бекітеді. Бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға және олардың бастапқы құнын өндіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі кұралдардың құрамына өзіндік құны бойынша кіріске алынады.

Ұйымдардағы негізгі құралдарының есебі бухгалтерлік есепте мына төменде  аталған бөлімше шоттарында жүргізіледі.

2411 – жер,

2412 –  үйлер мен ғимараттар,

2413 – машиналар мен жабдықтардың беріліс қондырғылары,

2414 – көлік құралдары,

2415 – басқадай негізгі құралдар,

2930 – аяқталмаған құрылыс.

Қаржылық есептілікті  ҚЕХС сәйкес жасайтын ұйымдар негізгі  құралдарды төмендегі шоттарда есепке алады. 2310 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар», 2400 «Негізгі құралдар», 2510 «Өсімдік», 2610 «Бағалау активтері».

Бұлар активті шот  болғандықтан дебетінде негізгі  құралдарының кірісі, яғни көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі ұйымның орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір инвентарлық объектісі байынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объекті – деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлер мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекелеген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

Жоғарыда айтылғандай, негізгі кұралдардың өзіндік  құнына оны әкелуге, құрастыруға  және орнатуға кеткен шығындар да кіреді.

Негізгі құралдар есебінің тиісті шотының дебеті бойынша келіп  түскен негізгі құралдар бастапқы құнымен  келесі шоттарда көрсетіледі:

2930 «Аяқталмаған құрылыс» - шаруашылық әдіспен салынған  негізгі құралдарды іске қосу  кезінде;

1060 «Банктегі арнайы  шоттардағы ақша», 1050 «Валюталық шоттағы ақша», 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақша», 1010 «Кассадағы ақша» немесе 3310 «Жеткізушілермен және жабдықтаушылармен есеп айырысу», 3390 «басқадай кредиторлық қарыздар мен есептеулер» бөлімшелерінде - негізгі құралдарды заңда немесе жеке тұлғалардан сатып алғанда;

5020 «Төленбеген капитал» 51 «Төленбеген капитал» бөлімшесінің  шоты – жарғылық капиталға  жарна ретінде құрылтайшылардың  берген негізгі құралдары;

6230 «Үкіметтің атқарушы  органдарының субсидиялары» немесе 727/6280 «Басқалар» 72 «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» бөлімшесінің шоттары – негізгі құралдарды қайтарымсыз тегін алғанда.

Ұзақ мерзімді жал  шартымен алынған негізгі құралдардың  құны Стоимость 2400 «Негізгі құралдар»  бөлімшесінің тиісті шоттарының дебеті және 3360 «Жалгерлік міндеттеме» шотының кредиті бойынша жазылады.

Информация о работе Ұйымдағы қаржылық тәуекелділіктер және оның басқару есебі