Ұйымдарда еңбекті нормалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 14:25, курсовая работа

Описание работы

Еңбекті нормалау мәселелеріне қатысты тараптардың өндіріс мен еңбек өнімділігін арттырудың еңбек сыйымдылығын төмендету және өнім шығару көлемін арттыру бөлігіне қатысты міндеттемелері нақтыланады, өндіріс жағдайларын жетілдіру, жаңа нормалар енгізу және қолданыстағы нормаларды ауыстыру көзделген жұмыс түрлері, азайтылған нормалар енгізілетін персонал санатының түрлері және оларды азайту көлемі айқындалады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
Ұйымдарда еңбекті нормалау..................................................................
Жалпы ережелер........................................................................................
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу....
Жұмыс әдістемесі......................................................................................
Бастапқы деректерді математикалық әдістермен өңдеу.......................
Еңбек процестері және оларды сыныптау..............................................
Еңбек процессінің құрылымы..................................................................
Еңбек шығындарының нормативті шамасына әсер ететін факторлар.
Еңбекті нормалау әдістері........................................................................
Еңбек нормаларының түрлері..................................................................
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар.......................



Қорытынды.........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Работа содержит 1 файл

Еңбекті нормалауды ұйымдастыру.docx

— 76.48 Кб (Скачать)

«Қолданылатын  жабдықтың  сипаттамасы мен  жұмыс технологиясы» бөлімінде жабдықтың  түрлері мен типтері  туралы деректер, олардың  негізгі  техникалық және  пайдалану сипаттамалары, технологиялық жабдықталуы туралы деректер (қажет жағдайларда  жабдықтардың  эскиздері келтіріледі), сондай-ақ өндірілетін өнімнің сапасына (оның ішінде дәлдігіне, сұрыпталуына) қойылатын талаптар келтіріледі. 

«Еңбекті  ұйымдастыру» бөлімінде  жинақта көзделген  еңбекті ұйымдастыру: нормативтерді әзірлеу кезінде ескерілген жұмыс тәсілдерін орындау әдістері;  жұмыс орындарын ұйымдастыру; жұмыс орындарына қызмет көрсету жүйесі;  қауіпсіздік техникасы талаптарына және санитарлық-гигиеналық  нормаларға  жауап беретін еңбек жағдайлары  жеткілікті де толық жазылуға тиіс.

«Нормативтік  бөлім» технологиялық принцип бойынша  немесе  пайдалануға ыңғайлы басқа да тиімді  тәртіппен топтастырылған   параграфтарды немесе нормативтік  карталарды қамтиды.                                

Әрбір параграф немесе  нормативтік  карта: жұмыстың мазмұнын, орындаушылардың  сандық және  біліктілік құрамын, нормативтер кестесін,  түзету коэффициенттері мен қажетті ескертулерді қамтиды, сондай-ақ, қажетіне қарай еңбек құралдарының эскиздері келтіріледі.  

                                
 

                         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Нормативтерді әзірлеуге арналған бастапқы материалдар  

    Нормативтерді әзірлеу кезіндегі негізгі материалдар:

жұмыс уақытын бақылау жолымен өлшеу  нәтижелері;            

ірілендіру  дәрежесі әзірленетіннен төмен сараланған нормативтер;

үлгілік технология деректері, төлқұжаттық  деректер, машиналар мен жабдықтарды  пайдалану және техникалық сипаттамасы  болып табылады.

Бірыңғай  өндірістік процестеріне алдын әзірленген нормативтерді пайдалану кезінде  соңғылары  техника деңгейінде де, олардың технологиялық процесс пен есептеудің түрлі нұсқаларын қамтуы бойынша да  шарттарының ұқсастықтарын белгілеу үшін жан—жақты талдауға салуға тиіс.

Қолданыстағы  нормативтер деңгейін талдау арнайы өткізілген бақылау тексерулерінің осы кәсіпорындарда жұмыс істеп  жатқан нормалары (олардың нақты  орындалуын есепке ала отырып) және нәтижелерімен сол нормативтер  бойынша есептелген нормаларды салыстыру  жолымен жүзеге асырылуға тиіс. Алдын  әзірленген нормативтер деректерін жинақтау кезінде жаңа нормативтерді  жобалауда олардың ішінен сол  жұмыс орнының нақты жағдайларында  еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндігінде  ескерілетіндері ғана қолданылуы мүмкін.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Уақыттың  жұмсалу ұзақтығына әсер ететін факторлар  

     Нормативтерді әзірлеу сапасы сипаттамасының бірі еңбек құралының, жабдықтардың, технологиялық процесстің, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық және жалпы эстетикалық жағдайлар, қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен олардың психофизиологиялық сипаттамасы ретінде қолданылатын уақыттың жұмсалуына әсерін тигізетін факторларды есептеу толықтығы болып табылады.

Жалпы жағдайларда факторлар қалыптасатын алдын-ала еңбек процесі мен  нормативтерді әзірлеушілер тәжірибесінің  мазмұнына  негізделіп  таңдалады, ал сонан соң алынған кемімелі (формулалардың) теңдеулерінің негізділігін сипаттайтын статистикалық өлшемдерінің негізінде нақтыланады.

Жұмыс түрлері бойынша алдын-ала топтастырылған нормативтер әзірленетін әртүрлі  операциялардың орындалу ұзақтығына әсер ететін факторлар еңбек шығынының  көлеміне операциялардың: техникалық, ұйымдастыру, психофизиологиялық, экономикалық, әлеуметтік және т.б. түрлері бойынша орындау кезінде әсерін тигізетін, өзгермейтін және ауыспалы факторлар келтірілуге тиіс кестелер түрінде ұсынған ыңғайлы.

Одан  әрі зерттеу кезінде жұмыстың орындалу ұзақтығына әрбір (тәуелсіз ауыспалы) фактордың әсер ету дәрежесі анықталады және нормативтерді есептеу үшін қолданылатын эмпирикалық формула  түрінде тәуелділік белгіленеді.

Эмпирикалық формула түрінде  көрсетілген жалпылама деректер негізінде тәуелділікті айқындау нормативтерге таңдап алынған шеңберде жан-жақтылықты қосады, бұл оның сипаттайтын  параметрлері қандай құрамда болуына қарамастан өнімнің кез келген  бірлігін даярлауға арналған нормаларды есептеу үшін қолдануға мүмкіндік береді.  

                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бастапқы  деректерді математикалық  әдістермен өңдеу              

Бастапқы  деректерді талдау және өңдеу зерттелетін  факторлардың әсер ету дәрежесін  айқындау мен нормативтік формулаға  енгізілетін негізгілерін таңдау, сондай-ақ:          

негізгі  (кемімелі теңдеуі) факторлардан уақыт тәуелділігін таңдау;         

кемімелі (формуласы) теңдеуінің параметрлерін  айқындау;           

алынатын  нәтижелердің дұрыстығын тексеру;           

нормативтік кестелерді әзірлеуді қамтиды.         

Жұмысшылардың еңбек шығынын нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу  мына:           

орташа  көлемді есептеу;           

кемімелі  теңдеуін дәлелдеудің  графикалық талдау тәсілі;           

ең кіші квадрат әдісі;           

өзара байланысты - кемімелі  математикалық-статистикалық әдістеріне негізделеді.   
 

Тәуелділік  түрін таңдау біркелкі шкалалармен  координаттар жүйесінде графикаға  арналған бастапқы деректердің орналасудан  кейін жүзеге асырылады. Егер нүктелердің  орналасуы фактор мәнінің өсуімен  уақыттың жұмсалуының біркелкі көбеюін (азаюын) көрсетсе, онда тәуелділік  сызықтық болады. Егер графикадағы нүктелердің орналасуы турасызықты көрсетпесе, онда дәрежелік тәуелсіздік орын алады.         

Бастапқы  деректерді математикалық өңдеу  және кемімелі теңдеуінің қорытындысы  процесінде нормативтердің қажетті  дәлдігі қамтамасыз етілуге тиіс.  бұл үшін шығарылған қорытындылар ен қабылданған факторлар көлемінің негізінде факторлардың көлеміне сәйкес уақыт жұмсалуының нормативтік  шамасын есептеу қажет.

Уақыттың  жұмсалуы туралы бастапқы деректерге сәйкес алынған нормативтік көлемін  салыстырғанда +/-15% аспауға тиіс нормативтіктен әрбір мәні бойынша жеке бастапқы уақыт шығыны ауытқуларының пайызы белгіленеді.

Асыру факторларды таңдау немесе тәуелділік және оған байланысты теңдеу сипатын  анықтау кезіндегі кемшіліктер, сондай-ақ кейбір бастапқы деректердің  ықтимал дәлелсіздігі туралы дәлелдейтін  болады.  Осы үшін бар кемшіліктерді анықтау және  кемімелі теңдеуді қайта шығару қажет болады.                   
 

Нормативтерді орташа шамаларды  есептеу әдісімен әзірлеу   

    Орташа шаманы белгілеу әдісін жұмысты орындау қиындығы мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы, сондай-ақ жұмысшылардың жұмыс уақытының жұмсалуын бақылау нәтижелері бойынша алынған бастапқы материалдарды өңдеу кезінде нормативтерді әзірлеудің бірінші қадамында басқа, барынша прогрессивті әдіспен тәуелділігін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда нормативтердің барлық түрлерін есептеу үшін қолдануға болады.

Орташа  шаманы есептеу әдісін нормативтерді  әзірлеу процесінде қолданғанда  мынадай жұмыстарды орындау көзделеді:

қиындығы  сол бір факторға байланысты жұмыстың белгілі бір түрлері бойынша  уақыттың жұмсалуын өлшеу нәтижелерін  топтастыру;

төзімділіктің нақты коэффициенттері бойынша (бақылау  нәтижелері) нақты хронологиялық  қатарды бағалау. Егер төзімділіктің  нақты коэффициенті нормативтіктен кем немесе тең болса, хронологиялық  қатар төзімді болып есептеледі, ал егер төзімділіктің нақты коэффициенті нормативтіктен асып кетсе, хронологиялық  қатар төзімсіз болып саналады, және оны жақсарту қажет, яғни төзімді  қалыпқа келтіру керек;

жақсартылған  хронологиялық қатардың орташа арифметикалық  мәні ретінде нормативтік уақытты (еңбектің жұмсалуы нормасы) айқындау.          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Уақыттың  сараланған және ірілендірілген нормативтерін микроэлементті нормативтердің базалық  жүйесі негізінде  әзірлеу (МБЖ-1)     

     Ірілендірудің ең жоғарғы дәрежелі уақыттың нормативтерін әзірлеу үшін микроэлементтерді пайдалану  уақыттың нормативтік мәнінің тең  күштенуін қамтамасыз етуге, нормативтік-зерттеу жұмыстарының көп күш жұмсалуын төмендетуге мүмкіндік береді, сондықтан бұл нормативтерді әзірлеудің дәстүрлі әдістерінде орын алатын қол еңбегін орындау жөніндегі еңбек тәсілдеріне хронометражды бақылауларды жүргізу қажеттігін жояды.

Микроэлементтерді пайдалана отырып, уақыт нормативтерін  әзірлеу мынадай негізгі кезеңдерге бөлінеді:

еңбек процесін орындаудың ұйымдық-техникалық  шарттарымен танысу;

еңбек процесін құрастырушы микроэлементтерге  бөлу;

еңбек процесін талдау;

оңтайлы еңбек процесін және оған тиісті уақыт  нормативтерін жобалау.

Еңбек процесінің ұйымдық-техникалық шарттарын  орындауды зерттеу барысында  жұмысты орындаушы туралы, оның ішінде жұмысшының кәсібі, жұмыс өтілі, жұмысшының разряды туралы ақпарат, жұмыс орнының  қолданыстағы жоспарламасы туралы деректер енгізілетін зерттеп тексеру  картасы ресімделеді. Бұл үшін белгілі  көлемде еңбек құралдары, аспаптары  мен құрылғылары олардың жұмысшыға  қатыстылығы бойынша орналастырылып толық сәйкестікте көрсетілетін жұмыс орнының жоспары сызылады.

Жұмыс орындарындағы шығыс деректерін жинақтауда еңбек процесін жеке тәсілдерге, ал әрбір тәсілді – оны құрайтын микроэлементтерге бөлу жүргізіледі. Еңбек тәсілдері олардың орындалу кезектілігі тәртібінде арнайы нысандарға жазылады. Дәл сол нысанға оң және сол қолмен, кеудемен және аяқпен орындалатын  еңбек тәсілдерінің микроэлементті мазмұны да жазылады.

Еңбек процесін талдауда бірінші кезекте  еңбек құралдары, аспаптары мен  жабдықтарының  орналасуы қол жетерлік аймаққа сәйкес келетіндігі айқындалады. Кейін жұмыс орнының дұрыс жоспарланбауы себепті артық қимылдар анықталады. Күштің кезектестірілуі, ирек қимылдарды болдырмау, күрделі және ұзаққа созылатын қимылдарды қарапайымдау және қысқалау қимылдарға алмастыру жолымен бұлшық еттердің статистикалық  күштенуін азайту мүмкіндігі айқындалады. Артық қимылдарды еңбек құралдары мен аспаптарының, оларды пайдалану кезектілігін ескере отырып, орналасуын өзгерту жолымен жою мүмкін болады: көбірек қолданылатын аспап жақынырақ, азырақ қолданылатыны – алысырақ жатуға тиіс.

Біріктіріп  орындау мүмкіндігі бағытында микроэлементтердің орындалу уақытына, орындалу кезектілігіне  әсер ететін сандық факторлардың мәні  талдауға салынады.

Осындай талдау нәтижесінде оңтайлы еңбек  тәсілінің бірнеше нұсқасы жобаланады. Олардың ішінен ең үздігі оны орындаудың ең аз уақытымен бағаланатын  әр нұсқаның уақыт шығынын айқындағаннан кейін таңдап алынады.

Сонан соң әр сандық фактор бойынша олардың  мәнінің көлемі белгіленеді.  Сандық факторлардың әртүрлі мәндік байланысы үшін еңбек тәсілдерін орындауға кететін уақыт шығыны анықталады. Уақыт шығыны анықталған соң олардың көлеміне әсер ету дәрежесі талданады. Факторлардың тәсілдерді орындау уақытына әсер етуін талдау графикалық  немесе өзара байланысты әдістермен жүргізіледі. Кемімелі теңдеу қорытындысы графикалық талдау немесе ең төмен квадраттар әдісімен жүзеге асырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ұйымдарда еңбекті нормалау