Ұйымдарда еңбекті нормалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 14:25, курсовая работа

Описание работы

Еңбекті нормалау мәселелеріне қатысты тараптардың өндіріс мен еңбек өнімділігін арттырудың еңбек сыйымдылығын төмендету және өнім шығару көлемін арттыру бөлігіне қатысты міндеттемелері нақтыланады, өндіріс жағдайларын жетілдіру, жаңа нормалар енгізу және қолданыстағы нормаларды ауыстыру көзделген жұмыс түрлері, азайтылған нормалар енгізілетін персонал санатының түрлері және оларды азайту көлемі айқындалады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
Ұйымдарда еңбекті нормалау..................................................................
Жалпы ережелер........................................................................................
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу....
Жұмыс әдістемесі......................................................................................
Бастапқы деректерді математикалық әдістермен өңдеу.......................
Еңбек процестері және оларды сыныптау..............................................
Еңбек процессінің құрылымы..................................................................
Еңбек шығындарының нормативті шамасына әсер ететін факторлар.
Еңбекті нормалау әдістері........................................................................
Еңбек нормаларының түрлері..................................................................
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар.......................



Қорытынды.........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Работа содержит 1 файл

Еңбекті нормалауды ұйымдастыру.docx

— 76.48 Кб (Скачать)

Жоспар 

 
 
Кіріспе...................................................................................................................
 

  1. Ұйымдарда еңбекті нормалау..................................................................
  2. Жалпы ережелер........................................................................................
  3. Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу....
  4. Жұмыс әдістемесі......................................................................................
  5. Бастапқы деректерді математикалық әдістермен өңдеу.......................
  6. Еңбек процестері және оларды сыныптау..............................................
  7. Еңбек процессінің құрылымы..................................................................
  8. Еңбек шығындарының нормативті шамасына әсер ететін факторлар.
  9. Еңбекті нормалау әдістері........................................................................
  10. Еңбек нормаларының түрлері..................................................................
  11. Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар.......................
 
 

Қорытынды......................................................................................................... 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................... 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

        Еңбекті нормалау мәселелеріне қатысты тараптардың өндіріс мен еңбек өнімділігін арттырудың еңбек сыйымдылығын төмендету және өнім шығару көлемін арттыру бөлігіне қатысты міндеттемелері нақтыланады, өндіріс жағдайларын жетілдіру, жаңа нормалар енгізу және қолданыстағы нормаларды ауыстыру көзделген жұмыс түрлері, азайтылған нормалар енгізілетін персонал санатының түрлері және оларды азайту көлемі айқындалады. Орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен қызметкерлердің біліктілігін ескере отырып, жұмысшылардың кәсіптері мен қызметшілердің лауазымдары атауларының дұрыс берілуі және жұмысшылардың кәсіптері мен қызметшілердің лауазымдарын жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес санаттар мен біліктілік разрядтарына жатқызу қамтамасыз етіледі.

        Қызметкерлердің еңбегін нормалау кезінде еңбек нормалары: уақыт нормасы,  өнім  шығару нормасы,  қызмет көрсету нормасы, адам санының нормасы (нормативі),  нормаланған тапсырмалар,  бірыңғай және үлгілік нормалар қолданылады, олар   жабдықтың жұмыс режимінің,   жекелеген элементтерді (кешендерді) орындауға, жабдық бірлігіне,  жұмыс орнына, бригадаға,  құрылымдық бөлімшеге қызмет көрсетуге кететін еңбек (уақыт) шығынының,  жұмыстағы  үзіліс уақыттарының және т.б., сондай-ақ, өндірістік, басқарушылық функцияларды немесе  нақты  ұйымдық-техникалық жағдайлар мен өндіріс факторларына қарай  өлшем бірлігіне алынған жұмыс көлемінің регламенттелген  мәні (шамасы) болып табылады.

       Нақты еңбек шығындарын талдауды жүзеге асыру жұмыс уақыты фотографиясы мен хронометраждық бақылаулар жүргізумен қамтамасыз етіледі. Хронометраж жүргізу кезінде орындаушының жұмыс қарқыны бағаланады. Фотография жүргізген кезде бос тұру және жұмыстарды орындау кезінде жұмыс уақытын тиімсіз шығындауды анықтауға ерекше назар аударылады. Осы деректердің негізінде олардың пайда болу себептері белгіленеді және жұмыс уақытының нақты шығындануын қысқартуды қамтамасыз ететін ықтимал шаралар айқындалады 
 
 
 
 
 

Ұйымдарда еңбекті нормалау 

         Ұйымдарда еңбекті нормалаудың мақсаты ғылыми жетістіктер мен үздік тәжірибені енгізу, олардың нормалардан уақтылы көрініс табуы  нәтижесінде еңбек шығындарын азайту бойынша мақсаткерлік жұмыстарды жүргізудің негізінде оның өндірістік және еңбек әлеуетін тиімді пайдалануды, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.         

Еңбекті нормалау жөніндегі жұмыстар мынадай  міндеттерді шешеді: өндірістің едәуір тиімді жағдайларын анықтау, оларды нормаларға бекіту және осы нормаларды игеру, сондай-ақ болашақ стратегиялық міндеттерді шешуге байланысты жұмыстарды: жалпы салалық деңгей бойынша  еңбек шығындарының қол жеткізілген  көлемін  бағалауды, осы деңгейге қол жеткізу мүмкіндігін анықтау және оны төмендету жолдарын; техникалық және ұйымдық сипаттағы шаралар кешенін жүргізудің нәтижесінде еңбек шығындарын азайтудың экономикалық негіздемесін тексеруді жүргізу.

Өзінің  экономикалық мәні тұрғысынан еңбек  шарасы болып табылатын еңбек  нормалары:         

еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыру;

ағымдағы  және перспективалық жоспарлау;

еңбек тиімділігін бағалау және еңбектің жоғары өнімділігін ынталандырудың негізі болу;

еңбектің  қалыпты қарқындылығы мен ауырлығын  қамтамасыз етуге негіз болу;

қызметкердің  мүдделерін оған еңбек нормаларына  сәйкес тапсырылатын жұмыстардың мазмұндылығы бөлігінде сақтау, оның кәсіптік-біліктілік жағынан өсу перспективаларының (еңбек карьерасы) кепілдігі қызметтерін  атқарады.

Еңбекті нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру  бойынша жұмыстарды нарық жағдайында жұмыс беруші жүргізеді. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын (тарифін) азайтуда еңбек нормалары рөлінің күшеюімен  олардың қызметкердің мүмкіндігі мен  қажеттілігіне бағытталуы тиістілігіне байланысты еңбекті нормалау мынадай  қағидаттарға құрылуы керек:

әрбір қызметкердің еңбек үлесін өлшеу  және бағалауды қамтамасыз ететін еңбекті  нормалау саласын барынша кеңейту (еңбекті нормалаудың жалпылығы);

нормалар  еңбектің қажетті шығындарын бейнелеуі  керек және ұқсас ұйымдық-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға бірыңғай болуы керек;

еңбек нормаларының  ұйымдық-техникалық факторлармен қатар, экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік факторларды да ескеріп негізделуі;

ғылым мен тәжірибенің үздік жетістіктерін  ескеру;

өнімге  көп еңбек жұмсауды азайта отырып, «зерттеу - өндіріс - пайдалану» циклінің барлық стадияларында еңбек шығындарын үнемдеуге мақсатты түрде ықпал  етуді жүзеге асыруға мүмкіндік  беретін басқару жүйесін қалыптастыру.

Еңбекті нормалау жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізу қажет және норманың барлық «өмірлік циклін»: қолданыстағы нормаларды талдау; жаңа нормаларды белгілеу (жаңа өнімге немесе қолданыстағы норманы  жаңасымен ауыстыру); норманы игеру, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды, прогрессивті технологияны, жаңа техниканы  енгізу жолымен перспективті бағыттарда қайта талдау және жұмыстарды жүргізуді  қамтуы қажет.

     Осы  Әдістемелік ұсынымдар  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және  Еңбекті нормалауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін айқындайды.                                            

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                         
 

Жалпы ережелер

   Қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  дамуының қажетті шарты экономиканың  әлеуметтік бағыттылығын күшейтіп,  адамның тыныс-тіршілігінің    барлық салаларындағы  оның ішінде, бірінші кезекте – еңбек саласындағы мүдделерін анағұрлым толық ескере  отырып, экономиканың тиімділігін  арттыру болып табылады.

   Еңбек нормасын жан-жақты негіздеу қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың  пәрменді  құралы болып табылады, ол   еңбекті  шектен тыс интенсификациялаудың алдын алуға және осы негізде еңбек қызметінің барлық кезеңі кезінде олардың жұмысқа қалыпты қабілеттілігін сақтауға ықпал етеді.

   Еңбекті нормалауды жақсарту  еңбек шығындарын қысқартуға  ықпал етеді және сонымен бір мезгілде, өнім бірлігіне (жұмыстардың, қызметтердің)  кететін шығындардың, ресурстардың аса маңызды түрлері бойынша  -  негізгі қорға, отынға,  электр жеткізушілерге  арналған шығындардың төмендеуін қамтамасыз етеді, сөйтіп  ақы төлеумен байланысты  шығыстардың  үлесі шамалы кезде де, өнімнің  (жұмыстардың, қызметтердің)  өзіндік құнына  елеулі әсер етеді.

   Жаңа экономикалық жағдайда еңбекті нормалауға қойылатын талаптар да өседі,  бұл мыналардан көрінеді:

еңбекті нормалау саласын, барлық қызмет түрлері кезінде  және орындалатын әр түрлі жұмыс  кезінде оңтайлы интенсивтілігі  мен қалыпты   еңбек жағдайлары шегіндегі  еңбек шығындарын өлшеуді және бағалауды қамтамасыз ететіндей ұлғайту;

белгіленетін  еңбек нормаларының сапасын арттыру,  оларды қажетті шығындарға барынша жақындату;

еңбек нормаларының ұйымдық-техникалық сияқты, экономикалық, психофизиологиялық және  әлеуметтік факторларды да барынша толық ескеру негізінде ғылыми негізделуі.

Көрсетілген талаптардың  іске асырылуы, барлық деңгейлердегі  басқару органдарының еңбекті нормалау кезінде  бірыңғай әдістемелік қағидаттарды   қамтамасыз ету, еңбекті нормалау үшін әлеуметтік әріптестер әзірлейтін салааралық және салалық нормативтік  материалдарға  қатысты  шешім қабылдау  функцияларын күшейту қажеттігін туындатады. 
 

Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды  әзірлеу  

   Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу, бастапқы материалдарды талдауға және жүйелеуге,   норма шамасына әсер ететін факторларды таңдауға   әсер ететін және психофизиологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да факторларды ескере отырып, нормативтік шамаларды математикалық өңдеу  әдістерін қолдануға негізделген ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.

   Нормативтік материалдар нақты  ұйымдық-техникалық жағдайлардағы еңбек нормаларын белгілеу үшін негіз болып табылады және  еңбек нормаларының сапасы белгілі бір  дәрежеде  негізінде өздері есептелетін,  нормативтік материалдардың сапасымен айқындалады.

   Нормативтік материалдардың сапасы  көптеген факторлардың, атап айтқанда,  операция элементтерін  орындау кезінде еңбек шығынына әсер ететін, олардың саралану  дәрежесіне, құралдардың сипаты мен еңбек құралдарына,  бұйымдардың номенклатурасына,  біртектес бұйымдарды  дайындаудың қайталануына және т.б. байланысты болады.  Алайда,  белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан,  нормативтік материалдар мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс:

прогрессивті  болуға, яғни  техниканың, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың заманауи деңгейін көрсетуге; 

нормативтерді әзірлеу кезінде  еңбек шығынының шамасына әсер ететін барлық факторларды (техниикалық, ұйымдық, психофизиологиялық,  әлеуметтік және экономикалық) барынша ескеруге, сондай-ақ жұмысты орындаудың ұйымдық-техникалық  жағдайларының әртүрі нұсқаларын  барынша толық  қамтуға;

талап етілетін дәлдік  деңгейіне сәйкес болуға тиіс, өйткені олар бойынша белгіленетін еңбек нормаларының дәлдігі де нормативтердің дәлдігіне байланысты болады;

пайдалануға  ыңғайлы болуға және еңбек нормаларын белгілеу кезінде ең төмен шығындарды қамтамасыз етуге тиіс.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Нормативтік материалдарды әзірлеу  кезеңдері  

   Негізделген нормативтік материалдарды әзірлеу және өндірістік жағдайларда тексеру мынадай ірілендірілген кезеңдерден тұрады:

Бірінші кезең;

нормативтік материалдар әзірленетін жұмыстардың  тізбесін белгілеу;

қолда бар  әдістемелік және нормативтік материалдардың,  әдебиетті,  қолданыстағы нормалар туралы  деректерді зерттеу;

жабдықтың паспортын,  қолданылатын  құралдың,  айлабұйымның,  материалдардың, әзірлемелер мен шикізаттың сипаттамаларын іріктеу;

техникалық  тапсырма мен  жұмыс әдістемесін  әзірлеу;

жұмыс орындарында жұмысты орындаудың  ұйымдық-техникалық шарттары мен  әдістерін алдын ала зерттеу;

Информация о работе Ұйымдарда еңбекті нормалау