Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:13, реферат
Инвестиция-бұл шығын жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы және т.б. экономика саласыңдағы күрделі салым үлесін өткізу.Инвестиция қызметінің басты мақсаты-кәсіпорын кірісі мен проценті.
Инвестиция көздері болып жаңа құрылған құн немесе басқаша айтқанда жинақталған таза кіріс бөлігі табылады.
Мұндағы:
Дt – кезең үшін күтілетін дивиденд;
к- акция бойынша қажетті табыс деңгейі;
∑-1ден ∞ дейін кезең ішінде болашақ дивидендтің дисконталған құнының сомасы;
Рак - акцияның нарықтық құны.
Егер инвестор акцияны бір жыл ұстап және акцияның құнын n мөлшерлемесі бойынша өсірсе, онда акцияның ағымдағы құны мынандай болады:
Рак = немесе Рак =
Мұндағы:
Д – жыл соңына күтілетін дивиденд;
n- жыл бойынғы акцияның өсу қарқыны, %
і- дисконттың иөлшерлемесі(күтілетін дивидендті ағымдағы құнға келтіру ).
Мысалы, кәсіпорын өткен жылы акцияға өз пайдасынан 1 мың тенге дивиденд төлеген және сәйкесінше бірнеше жыл ішінде жыл сайын ортааш есеппен дивидендті 5% өсіп отырған, сондықтан инвестро өсу қарқынын сақтаса, акцияның бағасын 5% өсірсе, ол кезде күтілетін дивидендтің деңгейін анықтауға болады:
Рак = = =6,2 мың тенге
Қазіргі жағдайда бағалы қағаздың ағымдағы құнын анықтаған кезде міндетті түрде дағдарысқа сай етіп түзетулер жасау керек. Шамамен дағдарыстың өсім қарқыны (һ), бірліктің үлесі ретінде көрсетілсе, онда дағдарыстың жылдық өсімі былайша бейнелейді (1+һ).
Инвестицияларды қайта бағалау. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін қайта бағалаудың мерзімділігін анықтау керек; ұзақ мерзімді инвестициялардың бір түрін бір мезгілде ғана қайта бағалаған жөн.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларының үстеме бағасының сомасы меншік капиталын өсіреді. Инвестицияның құны кеміп кетсе, онда ол инвестицияның үстеме бағасының есебінен төмендетіледі. Егер инвестицияның үстемесі болмаса, онада ол шығынға жатқызылады.
Бұрындары төмендетілген инвестиция құны осы кездегі инвестицияның үстемсінің есебінен өтеліп, қалған сомасы меншік капиталына қосылады.
Егер де ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның құны қайта бағалаудың нәтижесінде азайса, содан соң көбейсе, алдыңғы ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның азайған құны өзінің бастапқы қалпына келтіріледі. Сло қалпына келтірілген сома қабылданған есеп саясатына байланысты табыс немесе таратылмаған табыс ретінде танылады.
Қаржылық инвестицияны қайта бағалаудың кезеңділігі әрбір субъектінің есептік саясатында ескеріледі, ал оған: не нарық бағасының биржада түзетілуі, не әділ бағасы негіз бола алады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция туралы шешім қабылдау процесі ең қиын, әрі қайшылық туғызатын қаржылық мәселелер болып табылады. Инвестор әрқашанда ұзақ мерзімді инвестицияға қаражатын сала отырып бүгінгі ақша қаражатынан бас тартып, болашақта табыс алуды көздейді. Бірақ ондай болжамды тек қана инвестициялық жоба беруі мүмкін. Сол ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау үшін, ең көп тараған талдаудың 4 әдісін пайдаланады:
- инвестициялық табыстың орташа нормасы;
- өтеушілік;
- табыстың ішкі нормасы;
- таза ағымдағы құны.
Инвестициялық табыстың орташа нормасының әдісімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны бағалаған кезде кәсіпорының белгілі бір уақыт кезеңіндегі салық салынғаннан кейінгі орташа жылдық табыстан болған ауытқудан есептелінеді, демек ол жобадағы инвестицияның орташа деңгейі мен жүзеге асырылған қаржылық инвестицияның арасынан алынады. Инвестициялық табыстың орташа нормасы не өсуіне, не азаюына әкеледі, яғни азайғанкезде оларды қайта бағалауға тура келеді, демек оның әділ құнын қалпына келтіру керек.
3 жылдың орташа баланстық табысы 21 мың теңге құрады делік, ал таза инвестицияның құны 180 мың тенге болған, олай болса табыстың орташа нормасы 11,67% құрайды.
Егер де табыстың орташа нормасы 5,3 мың теңгеге өссе, онда инвестицияның сомасын 45 мың теңгеге өсіреді.(5,3/2*180)
Қаржылық инвестицияны өтеушілік әдісімен бағалаған кезде бірнеше жылдардың қатар санын пайдаланылады. Қаржылық жобасына: бірінші жылы – 40 мың теңге, екінші және үшінші жылдары – 60 мың теңге, төртінші, бесінші жылдары – 40 мың теңге салынды деп топшыланған. Шын мәнінде ол 180 мың теңге құраған, яғни инвестицияның құны 20 мың теңгеге азайған.
Инвестицияның өтушілік мерзімін (кезеңін)есептеу әдісі негізінен инвестицияның бастапқы салынаған сомасын жабу үшін қажет, өтеушілік мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы, оның бастапқы иеһнвестиция сомасына тең болғанға дейін созылады және де ол инвестицияланаған қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады.
Өтеушілік кезеңін есептеу әдісі жобаның тәуекелділігі жөнінде мәселеге алдын ала жауп береді, ал ол (тәуекелділік) өз кезегінде инвестициялық сомаларды қайтару мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді. Өтеушілік мерзімі қысқа болған сайын, жобадан түсетін ақшалай қаражаттардың да түсімі көп күтіледі, шаруашылық субъектісінің өтімділік деңгейі де артады. Бұл әдіс Қазақстанның шаруашылық субъектілерінің тәжірибесінде кең таралған, әсіресе оның коммерциялық банктерде басымдылығы айқын байқалады, ал егер өтеушілік кезеңі 3-4 жылды құрайтын болса, онда бұндай жобаны қабылдау үшін кең көлемдегі зерттеулер керек.
Өтеушілік мерзімін есептеу әдісі инвестициялық жобалардың тиімділігі жөнінде толық түсінік бермейді, өйткені ол уақыты бойынша түсетін ақшаның әр түрлі құнын есккермейді, сондай- ақ өтелу мерзімі аяталғанна кейін түскен табыстың эффектісі де толықтай бағаланбайды. Осы кемшіліктерді ескере отырып, өтеушілік әдісін тек тәуекелділік жөнінде түсінікті алу үшін, алдын ала жасалатын бағалау әдістерінің бірі ретінде ғана қарастырылады.
Шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы өзінің физикалық мәні бойынша тек инвестициялардан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады және сол бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын да көрсетеді. Бұл нормалық пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының ( табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконтталғанқұны сол жобаның дисконтталған шығын құнымен тең болса ғана қабылданады.
Егер де алғашқы бастау алатын шығыны 0 уақытына сәйкес келетін болса, ал оның ішкі табыстық нормасы 1 деңгейінде берілсе, онда оны келесі формуламен анықтауға болады:
Х0=
Сонымен, 1 – бұл болашақ кезеңде болатын ақша ағынының дисконтталған деңгейінің мөлшерлемесі х1-ден хn-ге дейін, бірақ ол кезде бастау алған шығынынын олардың ағымдағы құнына теңестіру керек.
Егер де табыстың ішкі нормасы артатын болса, онда ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалауға тура келеді, өйткені жобаның рентабелділігі артады, немесе керісінше болса, онда жобаның рентабелділігі төмендейді, демек одан алынатын табыстың да деңгейі азаяды.
Таза ағымдағы құн – бұл ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау мақсатында ақша ағындарын дисконттаудың әдісі. Таза ағаымдағы құн ккеліп түскен ақша ағыны мен шыққан ақша ағынының арасындағы айырмасына тең.
Ал инвестициялық жобаның таза ағымдағы құны мына формула бойынша анықтайды:
NPV = xo +
Мұндағы l – табыстың қажетті нормасы.
Кәсіпорынның табыс нормасы салық салғаннан соң 12% құрады делік, ал инвестицияның деңгейі 180 мың теңге құраған және 5 жыл бойына жыл сайынғы төлемі 57 мың теңге болған, яғни оның ағымдағы құны мынаған тең:
NPV = 180 +
NPV = 180 +
NPV = 205.5 – 180 = 25.5 мың теңге
Инвестицияларды мүліктік түгендеу. Түгелдеу басқа кәсіпорындарға берілген заемдарды, басқа кәсіпорындардың жарлық капиталына салынған салымдардың үлесін, мемлекеттік және жергілікті заемдардың пайыздық облигациясын, басқа кәсіпорындардың бағалы қағазына салынған қысқа және ұзақ мерзімді инвестицияның нақты барын анықтауғак мүмкіндік береді.
Құнды қағаздардың(акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес бағалы қағаздар ретінде шығарылатын басқа құжаттар) нақты барын тексергенде: құнды қағаздардың баланста есептелген құнының дұрыстығы; құнды қағаздың сақталуы (бухгалтерлік есептің мәліметтерімен оларды нақты барын салыстыру жолымен); құнды қағаздар бойынша табыстардың уақытында және олардың есепке толық алынуын анықтайды.
Құнды қағаздарды кәсіпорында сақтаған кезде кәсіпорынның басшысы белгілеген мерзімінде тиісті түгендеуден өткізіп отырады және оны кәсіпорынның кассасындағы ақша қаражаттарын түгелдеу процесімен бірге жүргізеді.
Құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу жекелеген эмитенттер бойынша актіде атауын, сериясын, нөмірін, номиналдық бағасын, өтелу мерзімдерін және жалпы сомасын көрсету және басқа да көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Әрбір құнды қағаздың реквизиттері кәсіпорынның бухгалтерясында сақталатын тізімдердің (реестрлердің, кітаптардың) мәліметтерімен салыстырылады.
Банкке немесе депозитарийге (құнды қағаздарды сақтайтын арнайы орын ) өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарындағы сомасының қалдықтарын банктің немесе депозитарийдің мәліметтерімен салыстырылады. Бұл мәліметтер мүліктік түгелдеу кезінде банктен немесе депозитарийден арнайы сұраным арқылы алынған мәліметтермен салыстырылады.
Кәсіпорынға тиісті құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде олардың құнын бағалау, акциясына кәсіпорын ие болып отырған акционерлік қоғамдардың, қор нарығының жағдайы және қор биржаларындағы акциялардың бағамы туралы мәліметтер ескеріледі.
Ел ішіндегі құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына кәсіпорынның аударған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясының қаражаттары , сондай – ақ басқа кәсіпорындарға берілген заемдары мүліктік түгелдеу кезінде тиісті құжаттармен куәландырылады.
Қаржылық инвестицияларды мүліктік түгелдеу нәтижелері «Құндылықтар мен қатаң есеп беру құжаттарының» бланкілерінің тізбесінде көрсетіледі.
Егер мүліктік түгелдеу кезінде әр түрлі дебиторлармен және басқалармен есеп айыррысу шоотарына құны жазылған инвестициялар анықталса, онда мұндай сомалар алынып, инвестициялардың тиісті шоттарына аударылады.
Мүліктік түгелдеу кезінде банкрот болып жариялаған немесе жойылған (инвесторларға тиісті талап қоймаған) кәсіпорындарға салынған инвестициялар анықталуы мүмкін.
Мүліктік түгелдеу комиссиясы инвестиция салынған кәсіпорындағы өзгерістерді, меншік түрінің ауысуын, инвестиция салынған кәсіпорындарды шетелдік инвестордың сатып алуын және басқа да жағдайлары анықталуы мүмкін. Осы да және басқа да жағдайларда мүліктік түгелдеуді жүргізетін комиссия тиісті шешімдер қабылдауңы қажет, ал бухгалтерия оны есепте көрсетуі керек.
Төменде инвестицияларды мүліктік түгелдеу нәтижелері бойынша жасалған шоттар корреспноденциясы көрсетілген.
Рет № | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сома, мың теңге | Шоттардың корреспонденциясы | |
дебет | кредит | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Түгелдеу кезінде, еншілес кәсіпорынға, 200 мың теңгедегі сомасы жаңылыс жатқызылғаны, яғни жаңылыс 1220 шотына аударып жібергені анықталды: - түзейтін жазулар (қызыл жазу тәсілімен) |
200,0 |
1220 |
1040 |
| - дұрыс жазуы |
200,0 |
2210 |
1040 |
2 | Түгендеудің нәтижесінде осы кәсіполрындарда, бұрын банкрот болып танылған басқа кәсіпорының акциясы табылған, сол акцияның жалпы құны 400 мың теңге құраған, түгендеу комиссиясы аталған шағымның орындалуын ұсынды. |
400,0 |
1630 |
1150 |