Инвестициялар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2012 в 18:24, курсовая работа

Описание работы

Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі.
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.
Қаржылық инвестиция есебі.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Инвестициялар есебі Оспанов Н.doc

— 268.50 Кб (Скачать)

                      

               

                                                      Жоспар: 

І. Кіріспе                                                                                                      

ІІ.  Негізгі бөлім                 

  1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі.                          
  2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.              
  3. Қаржылық инвестиция есебі.                                                     

ІІІ. Қорытынды.                                                                                       

ІV. Қолданылған  әдебиеттер.                                                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                             
 
 
 

                                                     Кіріспе

     Инвестиция  (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. өтпелі кезеңде

экономикалық  өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің  ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік  инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту  және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдіік инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қыиайдың, Түркияның, Еуро.Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат, капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы қүұралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсалған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор нарығы мен қаржы құралдарының дамымағандығында. 
 
 

         1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі

     Инвестициялар деп  өнерксіптің,құрылыстың,ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының  кәсіпорындарына капитал түрінде  салынып, жұмсалынатын шығындардың  жиынтығын айтамыз.Инвестициялық  қызметтің мақсаты-түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

      Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан  құн немесе таза табыстың жинақталған  бөлігі саналады.Бағалы қағаздардың  көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің  көптеген критерийлерін алдын ала  айқындайды.

      Қаржылық  инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне  қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып  бөлінеді.

      Инвестиция  өзінің арналымы немесе алынған мақсаты  бойынша:қаржылық  және нақты болып  бөлінеді.

      Нақты инвестициялар- бұл кәсіпорынның негізгі  капиталын және материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

     Қаржылық  инвестициялар- бұл субъектінің  табыс алу мақсатында  пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар,роялитилер, дивиденттер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәмәлелердің нәтижесі). Сондай-ақ қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық иевестицияның бір түрі болып бағалы(құнды) қағаздар да саналады. Барлық  бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді- ақшалай және күрделі (капиталды)болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар ,әдетте қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа ) беріледі.

           Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.

           Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге  жататындығы  туралы белгілерін куәландыру үшін олра былайша бөлінеді:

  • Бағалы қағазды ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін, бірақ олрдың иелерін теңестіруді(идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды.Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратынг құқығын басқа адмға қарапайым жолымен қолына береді.
  • Атаулы бағалы қағаздар- белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарды куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапиы жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі.Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
  • Ордерлік бағалы қағаз- ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке  байланысты ауыспалығын сақтайтындай етіп – индоссаментке жазып береді. Индоссамент озінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.

Борыштық  бағалы қағаздар пайыздарды төлеуді  және негізгі қарыздың сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.

      Инвестициялық бағалыф қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық  береді, оларға эмитенттердің барлық  типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

      Бағалы  қағаздар эмитенттік сипаты бойнша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің  борышкерлік  міндеттемелері) және корпаративтік(шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық – шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылады) ,болып бөлінеді.

      Мәмілеге  байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер,т.б.) болып бөлінеді.

      Фондылық  бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиямен) ерекшеленеді және олр  қор биржаларында айналысқа түседі.

        Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық  бағытқа ие:олра негізінен сауда  операциялары бойынша есеп айырусыға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

      Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты  бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.

      Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес  айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.

      Нарықтық  емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді.Бұндай бағалы қағаздардың  қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады.Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.

      Бағалы  қағаздар әрекет ететін орыны  бойынша  ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.

      Ақша  нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық  нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі - бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

        Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы мүмкін.

      Бағалы  қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, векселдер,сертификаттар,т.б.) және негізгі бағалы қағаздардың алынуы мен сатылу құқығын куәландыратын шартты бағалы қағаздар болып бөлінеді(варанттар, опциондар, қаржылық фьючестер, сатып алу құқығының артықшылығы).

        Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес  басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін)жіктелуі мүмкін.

      Инвестор  бағалы қағаздар нарығында жұмыс  істей жүріп салымдарды тараптардың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық  активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек.Бұл салымдардың тәуекелдігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына сатылатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардыңакциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық(фондылық) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың  жиынтығымен байлынысты болады.

        Қоржындық(портфелдік) инвестициялаудың  объектілері ретінде әр түрлі  бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді.Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындық инвестициялау өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуелділіктің де сол және  басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.

      Қоржынды  құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін. Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім қоржыны, екінші тип – табыс қоржыны.

      Қоржының  бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың  бағамдық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция  құрайды. Күтілетін капитал өсіммен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің  ортасынан, тағы да басқа қоржынның түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп көрсетуге болады.Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне  бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитерт-кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынныңы бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардыңакциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті жоғары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.

Информация о работе Инвестициялар есебі