Инвестициялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 13:31, реферат

Описание работы

«Инвестициялар – капиталдың ұзақ мерзімді салымдары өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және шаруашылықтың басқа салаларына жұмсалатын шығындар жиынтығы. Инветицияларға мыналар жатады: пайда (табыс) алу мақсатында және жағымды әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу үшін кәсіпкерлік объектілер мен қызметтің басқа түрлеріне салынатын ақша қаражаттары, мақсаты банк салымдары, пайлар, акциялар мен басқа бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-жабдық, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілері, несиелер, кез келген басқа мүлік пен мүліктік құқықтар, интеллектуалды құндылықтар».

Работа содержит 1 файл

Инвестициялар..docx

— 23.60 Кб (Скачать)

      «Инвестициялар  – капиталдың ұзақ мерзімді салымдары  өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік  және шаруашылықтың басқа салаларына жұмсалатын шығындар жиынтығы. Инветицияларға мыналар жатады: пайда (табыс) алу  мақсатында және жағымды әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу үшін кәсіпкерлік объектілер мен қызметтің  басқа түрлеріне салынатын ақша қаражаттары, мақсаты банк салымдары, пайлар, акциялар мен басқа бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-жабдық, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілері, несиелер, кез келген басқа мүлік  пен мүліктік құқықтар, интеллектуалды құндылықтар».

      «Нақты  инвестициялар (күрделі салымдар) –  негізгі капитал мен материалды-өндірістік босалқы қорлар өсуіне салынатын  салымдар. Қазіргі негізгі капиталдың бұйымдық элементтері өскен жағдайда рухани өндірістік күштер, өндірістің ең белсенді элементіне айналып отырған  интеллектуалдық потенциалы дамуына  салынған салымдар өсіп келеді. Сондықтан  ғылымға, білімге, кадрларды дайындау мен қайта дайындауға жұмсалатын шығындар шын мәнінде өнліруші болып  табылады. Нарықтық экономикасы дамыған  елдерде бұл шығындар бұйымдық нысандағы  негізгі капиталға салынатын  салымдардан өсу қарқыны бойынша  алды болады.

      «Қаржылық инвестициялар – табыс (мысалы, сый  ақы, роялти, дивиденттер мен жалақысы) алу, басқа пайдаларды немесе инвестицияланған капитал өсімін алу (мысалы, коммерциялық қатынастар нәтижесінде) мақсатында ұйым иелік ететін активтер».

      Қаржылық  инвестициялар иелік ету мерзіміне  сай төмендегі категорияларға жіктеледі:

  • қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар – иелік ету мерзімі бір жылға

дейін;

  • ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – иелік ету мерзімі бір жылдан

жоғары. Жылжымайтын мүліктегі инвестицияларға  иелік ететін ұйымдар осы инвестицияларды  ұзақ мерзімді каржылық инвестициялар  ретінде ескереді.

      Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар –  мемлекеттік бағалы қағаздар (облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер), басқа ұйымдардың бағалы қағаздары  мен жарғылық капиталына салынған, сонымен қатар басқа кәсіпорындарға берілген қарыздар.

      Ұзақ  мерзімді инвестициялар мыналармен байланысты:

  • жаңа құрылыс нысанындағы күрделі құрылысты іске асырумен,

сонымен қатар өндірістік емес сфералардың  әрекет етуші кәсіпорындары мен  объектілерін қайта құру, оларды техноикалық  қайта жабдықтауды кеңейтумен;

  • ғимараттар, бөлмелер, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар мен басқа

негізгі құралдардың жекелеген объектілерін сатып алумен;

  • жер учаскелері мен табиғатты пайдалану объектілерін сатып алумен;
  • материалдық емес сипаттағы активетрді сатып алу және құрумен

(лицензиялар,  бағдараламалық өнімдер паетенттері,  жер учаскелерін, табиғи ресурстарды,  ТКҒЗЖ нәтижелерін және басқаларды  пайдалану құқығы).

      Қысқа мерзімді инвестициялар - өз табиғаты бойынша оңай сатылатын, олар бір  жылдан артық емес мерзімге сақталады  деп болжанылатын инвестициялар.

      «Инвестициялау» сөзі кең мағынасында болашақта  үлкен сома алу үшін ақшалардан бүгін  айырылу дегенді білдіру. «Инвестициялау»  мен жинақтау арасында жиі айырмашылық  арасында жиі айырмашылық жүргізіледі. Жинақтау «кейінге қалдырылған тұтыну»  ретінде анықталады.

      Қарапайым экономикада инвестицияның негізгі  бөлігі нақтыға жатқызылады, ал қазіргі  экономика кезінде инвестицияның  үлкен бөлігі қаржылық инвестициялармен көрсетілген. Қаржылық инвестициялау  институттарының жоғары дамуы елеулі дәрежеде нақты инвестициялар өсуіне көмектеседі. Әдетте осы екі нысан  бәсекелес емес, бірін-бірі толықтырушы  болып табылады.

      Осындай байланыстың нақты мысалы, тұрғын үй құрылысын жалға беру үшін қаржыландыруды көрсетеді. Жылжымайтын мүлікке  салынатын инвестицияны нақты ретінде қарастыру үшін уй түйсік арқылы жеткілікті сезілетін объект болып табылады («кірпіш және цемент»). Жер мен салынған уйге төлеу үшін ресурстарды қайдан алуға болады? Олардың бір бөлігі тікелей инвестициялар нысанында алуға болады».

      Егер  кәсіпорынның қаржылық жағдайы жеткілікті түрде тұрақты болса, оның инвестициялық  қызметі қолда күштерді өсіруге  немесе құрал-жабдықты радикалды жетілдіруге  бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда инвестициялық  процесті ұйымдастырудың негізгі мақсаты  – ұзақ уақыт ішінде кәсіпорынды  тез және сапалы дамыту үшін алғы шарттар  құру.

      Тұрақсыз  қаржылық жағдай кезінде ксәіпорынның инвестициялық қызметінің акценті  бірінші кезекте экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен бәсекелік қабілетті  қолдау және содан кейін ғана барып, кәсіпорынның біртіндеп дамуы жағына қарай ойысады. Бұл жағдайда кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы негізінен  тозған құрал-жабдықты қандай да бір  алмастыру немесе қолдау туралы ұсыныстарды  сақтайды.

     «Жылдық инвестициялық бағдарлама – компанияның  өзінің инвестициялық қызметін жүргізетін негізгі құжаты. Әдетте оны дайындау келесі жылға арналған компания бюджетін дайындаумен бір мезгілде басталады».

     Біріншімен  қатар екінші жағдайда бағдарламада келтіріледі:

  • алдағы шығындар туралы мәліметтер;
  • қажетті құрал – жабдықтар, жұмыс, қызмет көрсету тізімі;
  • жекелеген шараларға жауапты тұлғалар;

   Инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы шешім қабылдау үшін кәсіпорын басшылығына оның тиімділігін бағалап, қай мерзімде салынған қаражаттар қайтып келетінін  анықтау қажет. Осының бәрі бухгалтерлік есептің жақсы ұйымдастырылған  жүйесін, кәсіпорын басшысы тарапынан  жедел басқаруды талап етеді.

   Аудитті жүргізу кезінде ең алдымен инвестициялық  бағдарлама болуы және кәсіпорын  әкімшілігі тарапынан оның орындалуын бақылау қарастырылады.

   Сонымен бірге әдетте инвестициялау процесімен екі фактор, уақыт және тәуекелдік байланысты болады. Ақшаны қазір және белгілі көлемде салуға тура келеді. Сыйақы кейін, әрине болса түседі және оның шамасы алдын ала белгісіз. Кейбір жағдайларда уақыт маңызды  фактор болады (мысалы, мемлекеттік  облигациялар үшін). Басқа жағдайларда  тәуекелдік басты болып табылады. (оның ішінде қарапайым акцияларды сатып алуға арналған опциондар  үшін). Кейбір жағдайларда екі фактор уақыт пен тәуекелдік елеулі болып  табылады.

   Жобаны  бағалай отырып, кәсіпорын басшылары  ол кәсіпорын мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келер мерзімді деген мәселені, салынған қаражаттарды жоғалтып алу  тәуекелдігі қаншалық үлкен екенін шешеді. Бұл кезде олар әрқашан  келісімге келе бермейді, себебі олардың  әрқайсысы табыс, тәуекелдік, инвестицияны ендіру мерзімі, оның мақсатының кәсіпорын  міндеттеріне сәйкестігі, көбіне оның мүмкіндігі туралы жеке түсінігі болады.

   Бұл көптеген кәсіпорындардың стратегиялық жоспарлары, инвестициялық бағдарламалары жоқтығына байланысты. Кәсіпорынның стратегиялық жоспары мынандай сұрақтарға жауап беру керек.

  • Табыстың ең төмен шамасы қандай және жобаға салынған капиталдан алынатын қандай табыс кәсіпорын үшін жарамды;
  • Инвестицияның максималды рұқсат етілген көлемі қандай;
  • Оптималды болып табылатын жобаны іске асыру мерзімі;
  • Ресурстрадың қай бөлігі қысқа және ұзақ мерзімді жобаларға бағытталады;
  • Нақты жобаны іске асырудан кәсіпорын беделі қандай болады;
  • Қандай типтегі және масштабтағы жобалар кәсіпорынның ұйымдық және қаржылық мүмкіндігіне сәйкес келеді;

   Аудитор, аталған факторлар сақталатын жобаға терең қаржылы талдау жасаумен қатар, бизнес – жоспары мәліметтері  бойынша тәуекелдіктің алдын  алатын мүмкін жолдар мен әдістерді  талдаумен қатар, оның негізгі факторларын  баяндау жүргізілуі қажет тәуекелдікке талдау жүргізеді. Тәуекелдікті талдауда отандық және шетелдік инвесторлар  бірдей ақпараттық жағдайда болуы керек  және жалпы тәуекелдік үлесін саналы түрде қабылдау керектігімен де маңызды.  

   Кредит                          Дебет                     Кредит                       Дебет

   3320-3330                                                                                        5320

   4110,3360                     2210                       2210                             843

   Қаржылық  салымдарды есепке алуды аудиторлық тексерудің басты мақсаты инвестициялар  бойынша операциялардың заңдылығын, оларды және бухгалтерлік есепте бағалаудың дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. 

      Ұзақ  мерзімді инвестициялардың бухгалтерлік есебі типтік шоттар жоспарының 2210 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар», 2210 «Тәуелді ұйымдарға  салынған инвестициялар», 2210 «Бірлесіп  бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар», 1150 «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвыестициялары», 1130 «Өтеуге  дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар», 1110 «Қысқа мерзімді ұсынылған  қарыздар» шоттарында жүргізіледі. 

      Инвестициялар шоттарының дебеті бойынша акцияларды сатып алу, тегін алу аудитнің бағыттары, сонымен қатар баланстық  құн өсуінің туындаушы сомалары және орын алған бағамдық айырмашылықтар көрсетіледі.

      Кредит  бойынша операциялар шығару кезінде, сұрапыл апат, тәуелді, еншілес ұйымдар  және бірлесе бақыланатын заңды  тұлғалар активтерін қайта бағалау  нәтижесінде үлестік қатысу сомасына инвестициялардың баланстық құны азаюы  нәтижесінде инвестицияларды есептен  шығару бойынша аудит бағытын  көрсетеді.

     Инвестиция  аудитінің жеке бағыты объектілер құрылысы бойынша жылжымайтын мүлікке  қаражаттар салу, қаржыландырылатын, жалға  алу және сатып алу болып табылады.

      Инвестициялау циклы аудитін жүргізу кезінде  сәйкессіздік орын алуын және олардың  қаржылық есеп беру нақтылығына әсер ету дәрежесін анықтау мақсатында кәсіпорында қолданылатын қаражаттарды салу бойынша операцияларды есепке алу әдістемесінің Қазақсатан Республикасында  әрекет ететін нормативтік – құқықтық құжаттарға сәйкестігі анықталады.

      Инвестициялау циклы бойынша негізгі нормативтік  – құқықтық құжаттар 1 - кестеде көрсетілген.

1-кесте.  Инвестициялау циклын  реттеуші негізгі  нормативтік –  құқықтық құжаттар.

Реттік

Құжаттың  аты
1 27.12.1994 ж. №269-ХIII ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), 2 «Заңды тұлғалар», 3 «Азаматтық құқықтық объектілер» тараулары
2 12.06.2001 ж. №209-2 ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (18.03.2004 ж. өзгертулермен және толықтырулармен)
3 «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңы 02.07.2003 ж. №401-2 (07.07.2004 ж. өзгертулермен және толықтырулармен)
4 «Валюталық  реттеу туралы» ҚР заңы 14.04.1993 ж. (20.07.1995 ж. өзгертулермен және толықтырулармен)
5 «Инвестициялар  туралы» ҚР заңы 08.01.2003. ж. №372 -2
6 «Қазақстан  Республикасындағы кевсеольдік  айналым туралы» ҚР заңы 28.04.1997 ж. №97-1 (09.07.2003 ж. №482-2 өзгертулермен және толықтырулармен)
7 «Қаржылық инвестициялардың есебі»,8 Бухгалтерлік есеп стандарты, ҚР Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиисиясының 1996ж. 13 қарашадағы №3 қаулысы (28.01.2003 ж. №27 ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен)
8 «Тәуелді ұйымдарға  салынған инвестициялардың есебі», 14 Бухгалтерлік есеп стандарты, ҚР Бухгалтерлік есеп бойынша ұлььық комиссиясының 1996 жылы 14 қарашадағы №14 қаулысы (ҚР Қаржы министрлігінің 30.11.2002 ж. №593 бұйрығымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен)
9 «Шетелдік валютамен  орнындалатын операциялардың есебі», 9 Бухгалтерлік есеп стандарты, ҚР Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комссиясының 1996 жылығы 13 қарашадғы №3 қаулысы (ҚР Қаржы министрінің 28.08.2002 ж. №390 бұйрығымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен)
10 8 «Қаржылық  инвестициялардың есебі» стандартына  әдістемелік ұсыныстар, ҚР Қаржы  министрлігінің БЕ және АМД  21.05.1997 ж.№7 бұйрығы
11 14 «Тәуелді ұйымдарға  салынған инвестициялардың есебі»  стандартына әдістемелік ұсыныстар  ҚР Қаржы министрлігінің БЕ  және АМД 23.12.1997 ж. №18 бұйрығы
12 9 «Шетелдік  валютамен орындалатын операциялардың  есебі» стандартына әдістемелік  ұсыныстар, ҚР Қаржы министрлігінің  БЕ және АМД 21.05.1997 ж. №7 бұйрығы (ҚР Қаржы министрлігініңт05.02.2003 ж. №44 бұйрығымен енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен)
13 «Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық  жобаларын қарастыру және келісу бойынша нұсқауды бекіту туралы», ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің 27.01.2003 ж. №16 – ОД бұйрығы
14 «ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі  агенттік төрағасының 27.01.2003 ж.№16 – ОД бұйрығына –өзгерістер енгізу туралы», «Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларды) қарастыру және келісу бойынша нұсқауларды бекіту туралы», ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің 24.05.2004ж №238 ОД бұйрығы

Информация о работе Инвестициялар