Баскару есеби

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:49, курсовая работа

Описание работы

Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.

Содержание

1. Есептің мәні және ерекшелігі.
2. Басқару есебінің пайда болуы.
3. Бюджеттендірудің тарихи аспектілері.

Работа содержит 1 файл

1.docx

— 39.23 Кб (Скачать)

1 –тақырып.  Басқару есебінің пайда болуы. Тарихи аспектілері.

 

1. Есептің мәні және  ерекшелігі.

2. Басқару есебінің пайда  болуы.

3. Бюджеттендірудің тарихи аспектілері.

 

  1. Есептің мәні және ерекшелігі.

 

Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім  қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын  көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.

Басқару есебінің негізінде  қаржылық, материалдық және еңбек  ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр. Нақ басқару есебі кәсіпорындағы  міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз  байланысты әдістемеге негізделеді, оның үстіне, басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне  аударылады.Осылайша,басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне  байланысты нормативті есеп орнына, әрине  басқару есебі келеді.

Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен  олардың нәтижелеріне біріктіруге  болатын өндірісті басқарудың бүкіл  циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады .

 Біздің елімізде кәсіпорын  қызметінің барлық кезеңдерінде  бухгалтерлік ақпаратқа дәстүрлі  түрде объективтілік, шынайылылық,  өз уақытылық және дәлдік сияқты  талаптар қойылады. Бірақ, басқаруды  жетілдіру, нарықтық экономиканы  қалыптастырудың қазіргі кезеңінде  тек осы талаптарды ғана қою  жеткілікті емес. Қазіргі жағдайларда  ұсынылатын ақпарат жоғары сапалы  және тиімді болуы, ақпарат  ішкі және сыртқы қолданушылардың  қажеттіліктерін қанағаттандыруы  қажет. Бұл бухгалтерлік ақпарат  көрсеткіштердің аз санын қамтуы, бірақ басқару баспалдағының  әртүрлі деңгейлеріндегі оның  қолданушыларының ең үлкен санын  қанағаттандыруы қажет дегенді  білдіреді. Ұсынылған ақпарат  артық көрсеткіштерді болдырмайтындай,  қажетті, мәнді және мақсатты  болуы қажет. Бұдан басқа, бухгалтерлік  ақпарат еңбек пен уақыттың  барынша аз шығындарымен қалыптасуы  қажет. 

Жоғарыда айтылғандарды  жалпылай отырып, есептік ақпарат  бухгалтерлік есептің өзі үшін ғана емес, оның ішкі және сыртқы қолданушыларына  пайдалы болуы, болжау, жоспарлау, нормалау, талдау және бақылау процесстерін жүзеге асыру үшін қажетті негізі, яғни тиімді басқару шешімдерін қабылдаудың  маңызды құралы болып қызмет атқаруы  қажет. Жоғарыда аталған барлық талаптарды қанағаттандыру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және бейнелеудің әртүрлі  әдістерін қолдану қажет екендігі айқын. Экономикалық дамыған елдерде бұл мәселе бухгалтерлік есептің бүкіл жүйесін қаржылық және басқару жүйешелеріне бөлу арқылы шешілген.

Қаржылық есеп тек қана ішкі басқару үшін қолданылатын ақпаратты ғана емес, сонымен бірге контрагенттерге, яғни тараптық қолданушыларға хабарланатын ақпаратты да қамтиды. Бұл ақпарат фискалдық мемлекеттік органдардың, сонымен бірге компания акционерлерінің, облигация және басқа да құнды қағаздарды ұстаушылардың, қуатты инвесторлардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы қажет. Оларды жүргізу нормалары мен ережелері ұлттық стандарттармен реттеледі.

Ал, басқару есебі кәсіпорынды басқарудың ішкі мақсаттарын шешу үшін арналған және оның «ноу-хауы» болып табылады. Қаржылық есеппен салыстырғанда басқару есебі субъективті және құпиялы, бірақ ол басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз етудің негізгі жүктемесін көтереді, және онымен жоғары дәрежелі кәсіби мамандар айналысады.

Отандық кәсіпорындарда көптеген бас бухгалтерлер дәстүрлі бухгалтерлік есеппен айналысады. Басқару есебі  көптеген кәсіпорындарды жүргізілмейді  немесе өте нашар дамыған. Оның көптеген элементтері біздің дәстүрлі бухгалтерлік және оперативті есепке, экономикалық талдауға кіреді. Сонымен бірге, отандың  есептік практикада маркетингтің барлық мүмкіндіктерді әлі де қолданылмай  келеді, онда нақты шығындардың болжамдық  шығындардан ауытқуы анықталмайды, сонымен қатар болашақ теңге  және т.б. категориялар қолданылмайды.

Енді мына сұраққа жауап  беруге тырысайық: «Басқару есебінің мәні неде?»

Белгілі болып отырғандай, қандай да бір құбылыстың мәнін түсіну үшін оны қалыптасу және даму тарихында  қарастыру, сонымен қатар себептік-салдарлық  байланыстарын анықтау қажет.

 

  1. Басқару есебінің пайда болуы.

 

Басқару есебінің туындауы мен қалыптасуын калькуляциялық және өндірістік есептердің даму тарихынан  оқшаулай отырып, дұрыс түсіну мүмкін емес.

Калькуляциялық есеп шаруашылық есептің туындауымен бірге пайда  болды және айырбас операцияларының  салдары болып табылады. Өндіруші әрқашан өнім өндірісі мен өнім сату (айырбасы) ол үшін қаншаға түсетінен  білуі қажет.

Өзінің алғашқы даму кезеңдерінде калькуляциялық есеп қарапайым, жай  түрде болды. Өнімнің өзіндік  құнын есептеу бойынша барлық қажетті процедураларды есептік  жазбаларда бейнелемей ақ, есте жүзеге асыруға мүмкін болды.

XVIII ғ. болған өнеркәсіптік  төңкеріліс, жеке және манифактуралық  өнеркәсіптен өндірістің фабрикалық  ұйымына ауысу, көпсанды өнеркәсіптік  кәсіпорындар, компаниялар, акционерлік  қоғамдар және еркін кәсіпкерліктің  пайда болуы бәсекелестіктің,  капитал, тауарлар мен еңбек  нарықтарының, сонымен қатар еркін баға қалыптасудың туындауына ықпал етті. Осы жағдайларда калкуляциялаудың мәні, ең алдымен тауарлардың рентабельділігі, нарықтық бағалардың пайдалалық деңгейінің бағалау құралы ретіндегі мәні өсті.

Алдыңғы жоспарға жалпы кәсіпорын  бойынша жүргізілген шығындар мен  алынған табыстар турлаы ақпаратты  дұрыс тіркеу және бейнелеу процедурасы  ғана емес, өндірілген және жүзеге асырылған  тауарлар түрлері кесіндісінде осы  жазбалардың талдамалығы қойылатын  болды. Бәсекелестік күрес, және оның салдарынан бағаларды төмендеті қажеттілігі  мен мүмкіндігі бағалардың төмендету  шектерін дәл білу үшін өзіндік құнды  калкуляциялаудың мәнін жоғарлатты.

 

3. Бюджеттендірудің  тарихи аспектілері.

Калкуляциялық есеп XIX—XX ғғ. барысында жаңа даму қарқынын алды. Ғылыми-техникалық прогресс негізінде  өндірістік шоғырлануы әрі қарай  еңбектің бөлінуі мен мамандануымен  ілесті. Жаңа ұйымдық және техникалық шешімдер пайда болды: ағымдық өндіріс, бұйымдардың конвейерлік құрастырылуы, өңдеудің автоматты желілері. Қысқа  уақыт ішінде нарыққа тауарлардың  төлемқабілетті сұранысты толық  қанағаттандыратындай көлемі шығарылды. Өндірісті басқару түбегейлі  күрделенді, өнімді өткізумен, айналым  құралдарының жетіспеуі және несиелік капиталды тартумен байланысты мәселелер  туындады. Өз кезегінде салық органдары, акционерлер, несие берушілер, кәсіподақтар мен басқа да мүдделі тұлғалар уақыт өткенсайын кәсіпкерлерден олардың  қаржылық және өндірістік-коммерциялық қызметі туралы барынша көп ақпарат  ұсынуды талап ете бастады. Осымен бір уақытта калкуляциялық есептің  кемшілігі анықталды, жедел шешім  қабылдау мүмкін болмағандықтан, ол туралы «өлім ақпараты» деп айтайтын.

Ірі жаппай өндірісте өндірілуі  ондаған цехтар, жүздеген участкелерде жүзеге асырылатын ақырғы өнімнің өзіндік  құны туралы орташа берілгендер оның қымбаттауының жасырын себептері  мен кінәлілерін табу мүмкіндігін  бермегендіктер, өзіндік құн қалыптасуының  бүкіл суретін бейнелей алмады. Бұл  жағдайда пайда табу көбіне басқару  жұмысының тиімділігінен, өндірістік анық ұйымдастырылуы мен ресурстарды  үнемлеу режимінің саясатын жүргізуден біршама тәуелді болды, ал бұл  кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің  бүкіл жүйесін қайта құруды талап  етті.

Бухгалтерлік есептің  бәсекелес экономика жағдайларына сәйкестігінің қажеттілігі, ақпаратты  қолданушылардың барынша кең  ауқымына ұсыну, сонымен қатар коммерциялық құпияны сақталуын қамтамасыз ету  бұрын бүтін бухгалтерияны екі  жеке бөлікке – қаржылық және калкуляциялық  бухгалтерияға бөлуді шарттады.

Бухгалтерияны жеке бөліктерге бөлу қаржылық есепті орталықтандыруға және калькуляциялық есепті орталықсыздандыруға  әкелді.

Калькуляциялық бухгалтерия  өз мақсаттарын көздейтін болды, ол өндірісті тиімді басқаруға ықпал  етуге, яғни басқару процесін жедел-талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету, барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерді, олардың шығындары  мен табыстарын бақылау аясында  ұстауды қамтиды.

Шығындарды оперативті бақылау  және өзіндік құнды реттеудің  өте қажеттілігі өндіріс пен  өткізудің оперативті-калькуляциялық есебі – стандарт-кост есебі жүйесінің  құрылуы мен таралуына әкелді. Өндірістік менеджмент қағидаларының  бірі болып табылатын, шығындарды нормативтік  анықтау әдісі Ф.Тейлор және сол  кездегі басқа да инженерлермен  ұсынылғанын атап кеткен жөн. Өндірістік менеджментті ұстанушылар еңбек  пен материалдық ресурстарды  қолданудың «жалғыз ең жақсы жолын» анықтау үшін нормативтер қолданды. Нормативтер материалдар мен  еңбекті тұтыну ең аз мәнге ие болатындай етіп, жұмыс барысын жоспарлау  процесін ақпаратпен қамтамасыз етті. Бірақ өндірістік менеджментті ұстанушылар  нормативтерді қаржылық шығындарды бақылау құралы ретінде қарастырмады. Алғаш рет Ч.Гаррисон 1911 жылы шығындарды нормативтік анықтаудың толық қызметтегі жүйесін жасақтады және енгізді. Онымен сонымен бірге, 1918 жылы алғаш  рет шығындар айнымалыларын талдау үшін теңдеулер жарияланды. Нормативтік  есеп жүйелеріне арналған қазіргі әдебиеттерде көптеген мәліметтер оның еңбектерінен алынған.

Шығындар стандарттарын, стандартты сметалар, өнімнің стандартты калкуляциясын жасақтау нақты шығындардың  стандартық шығындарға сәйкестігін  өндіріс барысында жедел бақылауға, туындаған ауытқуларды оперативтік  анықтау және жоюға мүмкіндік  берді, яғни өзіндік құн қалыптастыру процесін реттеудің жаңа әдісі –  ауытқулар бойынша басқару пайда  болды.

Стандарт-кост есебі жүйесін  құру және қолдану калкуляциялық  есеп жүзеге асқан шаруашылық құбылыстар мен фактілердің жай ғана тіркеушісі емес, ауытқуларды басқару негізінде  өз назарын болашаққа бағытқа  бағыттауына әкелді. Есептің осы  жүйесін АҚШ пен Батыс Еуропаның  өнеркәсіптік фирмалары әлі күнге  дейін кең қолданатынын айта кету керек. 

Басқару есебінің қалыптасу  жолындағы кезекті кезең болып  табылатын, калкуляциялық есептің  кемелденуінің басқа бағыты директ-костинг  есебі жүйесін жасақтау деп есептелінеді. Алғаш рет бұл термин АҚШ-та 1936 ж. пайда болды. Осы жүйенің негізгі  идеясы американ зерттеушісі И.Н.Гаррисонның  мақаласында баяндалды, ол Өндірістік есептің Ұлттық Ассоциациясының  бюллетенінде 1936 жылдың қаңтарында жарияланған  болатын. Бұл жүйенің негізіне шығындарды тұрақты және айнымалыларға бөлу қағидасы салынған. Директ-костинг  жүйесінде өнімнің өзіндік құны жоспарланады және тек қана айнымалы шығындар бөлігінде есептелінеді. Өзінің сипаты бойынша олар өндірістік болып  табылады және өнім құнына оларды негізінен  тікелей жолмен қосады. Тұрақты шығындарды өнімнің өзіндік құнына кіргізбейді, олар туындаған кезең қызметінің нәтижесінен алып тастайды. Сауда соммасы мен айнымалы шығындар арасындағы айырма кәсіпорынның маржиналды табысын білдіреді. Ол өнімді зиянсыз өткізу бағасын анықтауға, сонымен қатар шығындар, сату және пайда көлемінің өзарабайланысы мен қатынасына талдау жүргізуге көмектеседі.

Директ-костинг есебінің жүйесі әсіресе кәсіпорынның бағалық  және стратегиялық саясаты саласында  шешуші мәнге ие бола бастады.

Калкуляциялық есепті дамытудағы маңызды сәт деп жауапкершілік  орталықтары кесіндісінде шығындар есебін ұйымдастыруды есептеуге  болады. Жауапкершілік орталықтары  стандарт-қост есебі жүйесіне жаңа қосымша ретінде ойластырылған  болатын. Есептің осындай ұйымдастырылуы қандай да бір менеджерлердің жұмысын  бағалауда нақты шығындардың  стандартты шығындардан туындаған  теріс және оң ауытқуларын қолдану  мүмкіндігін бере бастады. Бұл Дж.Хиггинспен жауапкершілік орталықтары тұжырымдарын қалыптастыруға, яғни белгілі жеке тұлғалардың өз жұмыс нәтижелері деңгейлерін анықтауға әкелді. 

Сөйтіп, өндірістік кәсіпорындарда есептің жаңа әдістерін енгізу (стандарт-кост, директ-костинг және «жауапкершілік орталықтары» бойынша шығындар есебі) калкуляциялық есеп жүйесін байытты  және дамытты, оны өндірістік есеп жүйесін  айналдырды, оның салдарынан өндірістік есептің басқару есебіне айналуына  және, демек өндірістік бухгалтерияның басқару бухгалтериясына айналуына  маңызды әсер етті.

Біздің жүзжылдығымыздың 40-шы жылдарының аяғында АҚШ-та және Батыс Еуропаның кейбір елдерінде  «өндірістік есеп» термині біртіндеп  «басқару есебі» терминімен алмастырыла  бастады.

Бұл кезеңде бухгалтерлік есеп басқару саясатының қалыптасуы мен орындалуына белсенді қатыса бастады, ал бухгалтер болжау, жоспарлау, шешімдер қабылдау және кәсіпорынның басқару қызметтерін ақпаратпен қамтамасыз етуді бақылауға назарын  аудара бастады, яғни онда басқару және шаруашылық шешімдерін қабылдау саласында  қосымша функциялар пайда болды. Басқару есебінің қалыптасу және даму жолындағы практикалық қадам  қолданыстағы бухгалтерия базасында  екі өз алдына жеке – қаржылық және басқару есептік жоспарларды  қолдану болып табылды.

Басқару есебін бухгалтерлік есептің өз алдына жеке түрі ретінде  ресми мойындау 1972 жылы болды. Бұл  кезде американ бухгалтерлерінің ассоциациясымен  бітірушілерге бухгалтер-талдаушы біліктілігі берілетін, басқару  есебі бойынша диплом алу бағдарламасын  жасақтады. Сәйкесінше басқару есебі  жеке оқу пәні ретінде жоғары оқу  орындарының оқу жоспарларына енгізілді. Басқару есебінің пайда болуы  терминдердің жай ғана ауысуы емес, бұл өндірістік есеп аясында даму алған жаңа құбылыс және бухгалтерлік есептің бүкіл жүйесін үлкен  ұйымдастырушылық және әдістемелік  қайта құруды талап етті.

Информация о работе Баскару есеби