Инвестициялар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:13, реферат

Описание работы

Инвестиция-бұл шығын жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы және т.б. экономика саласыңдағы күрделі салым үлесін өткізу.Инвестиция қызметінің басты мақсаты-кәсіпорын кірісі мен проценті.
Инвестиция көздері болып жаңа құрылған құн немесе басқаша айтқанда жинақталған таза кіріс бөлігі табылады.

Работа содержит 1 файл

Инвестициялар есебі.doc

— 309.50 Кб (Скачать)


   Инвестициялар есебі
 Инвестиция-бұл шығын жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы және т.б. экономика саласыңдағы күрделі салым үлесін өткізу.Инвестиция қызметінің басты мақсаты-кәсіпорын кірісі мен проценті. 
Инвестиция көздері болып жаңа құрылған құн немесе басқаша айтқанда жинақталған таза кіріс бөлігі табылады.
Кәсіпкерлер оны меншіктік кіріс(өзін-өзі қаржыландыру) шотында және саудалық капитал рыногында(таратылынды қаражат) жұмылдырылады. Инвестиция көзі амортизатциялық аударым болып табылатын негізгі капиталды жаңарту.
 Инвеститция өзінің бағыттары немесе сатып алу мақсаты бойынша қаржы инвеститция мен нақты инвеститця болып екіге бөлінеді.
 Қаржы инвестициясы-бұл құнды қағаздарға жұмсалынған қаржылар.
  Нақты инвеститция-өнеркәсіптің негізгі капиталына және материялдық-өндірістік қорлар өсіміне жұмсау.
 Технологиялық құрылым инвестиция шығын мен негізгі капиталдың актив элементтері ара қатынасы мен оның пасивтік элементтері анықталады.
 Қаржы инвестициясы келесі котегорияларда иелену мерзіміне байланысты жіктеледі:
.қысқа мерзімді несие-1жылға деиін иелену;
.ұзақ мерзімді инвестиця- иелену мерзімі 1 жылдан астам.Қозғалмайтын мүлік (жер,үй) иеленуші субъект бұл инвестицияны ұзақ мерзімді несиеге жатқызады.
 Қаржылық инвестицияны сатып алған кезде, ол оны сату күнімен,оған қоса сатып алған кездегі шығын( делдалдық сыйақы мен банктік қызмет көрсету сый ақысы) құны бағаланады.
 Қаржылық инвестиция құны бойынша сатып алуға проценттер,дивиденттер,сатып алғанға дейінгі уақыт есебі, есепте сатып алу құны көрсетіледі;
 Сатып алу құны мен құнды-құнды қағаздар инвестициясын өтеу құны арасындағы айырмашылықты инвестор иемдену мерзімінде өтейді.
Қысқа мерзімді инвестиция бухгалтерлік баланста есептелінеді: ағымдағы құны, сатып алу құны мен ағымдағы құнын арзандатылған баға бойынша.
 Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы бухгалтерлік баланста :қайта бағалау есебінің құны ,сатып алу мен ағымдағы құнның арзан бағасы бойынша есептеледі.
 Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясын қайта бағалау үшін қайта бағалау дүркінділігі мен ұзақ мерзімді инвестицияның бір түрін қайта бағалауды анықтау.
 Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясын қайта бағалау сомасына меншік капиталын кқбейтуге қатысты. Инвестиция құнын төмендетуге сол инвестицияны бағалауға дейінгі сомасы енгізіледі. Бағалауға дейінгі сомасы жоқтығынан және сол инвестиция құны шығынға қатысты болады. Бағалауға дейінгі инвестиция шығын өтемінен кейінгі меншік капиталының құнының қайтымсыз төмендетілуі әр инвестицияға бөлек анықталады және есептеледі.
 Инвесторланған субъектісі инвестордың үлес мөлшері мен қауіптің алуан түрлеріне көңіл аударған жағдайда қабылданады.
 Қаржы инвестициясының істен шығуында сатудан алынған кіріспен баланстық құн,шығынды шегеру шығыс пен кіріске кірмейді.
 Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясын қысқа мерзімдегі аударуға байланысты:
 •егер қысқа мерзімді қаржы инвестициясы сатып алу мен ағымдағы құнының арзан бағасы болса,ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы сатып алу мен баланстық құнының арзан бағасы бойынша. Егер инвестиция ерте қайта бағаланса,онда (қайта бағалау сомасы кіріс немесе бөлінбеген кіріс) оларды қайта бағалау аудару сомасы кезінде есептен шығарылуы керек;
  баланстық сома, егер қысқа мерзімді қаржы инвестициясы ағымдағы құн бойынша есептелінсе.
 Қайта бағалаудың ерте еңгізілген сомасы бұл инвестиция бойынша кіріс болып беріледі.
 Керісінше,ұзақ мерзімді категорияға қысқа мерзімді қаржы инвестициясын аудару: 
•сатып алу мен ағымдағы құны арзан баға бойынша ;
 •ағымдағы құн, егер олар ертедегі осы құн бойынша көрсетілсе .
Инвестицияны тиімділігі актив элеметтері үлесі өскен жағдайда артады.
 Инвестициялар- экономика дамуының қарқынының орнықты және жоғары қамтамасыз етудін керекті факторы.
 Шетел инвестициясы- бұл мүліктік инвестицияны барлық түрі және олар құқығы болу,сонымен кіріс алу мақсатында өнеркәсіп қызметіндегі объект инвесторлармен салынған меншік.
 Қазақстан Республикасының шетел инвесторларын ретінде:шетелдік заңды тұлңа,шетел азаматтары,азаматтыға жоқ тұлға, шетелде тұрақты жері бар ҚР-ның азаматы,шетел мемлекеті, халықаралық ұйымдары көрсете алады.
 ҚР территориясында:
 •шетел кәсіпорындары-шетел қатысуымен жасалған кәсіпорын,ҚР заңдарына сәйкес ,шетел инвесторына толық жататын ;
 •бірлескен кәсіпорын-шетел қатысуымен жасалған кәсіпорын,ҚР заңдарына сәйкес,мүлік бөлігі(акция,үлес) жартысы шетел инвесторына жататын.
 Шетел инвестицияларының есебі синтетикалық шотта ішкі инвестицияның аналитикалық есебінде құрылады немесе керісінше.
 Еншілестік инвестициясына есеп беру, тәуелді және бірлесіп бақыланған шаруашылық серіктестігі.
 ҚР-ның Азаматтық Кодексіне қатысты шаруашылық серіктестігі еншілестікті мойындайды, егер басқа(негізгі немесе бас) шаруашылық серіктестігіне қатысуын қайта басқару күшіне оның жарғы капиталы немесе олардың арасында қатысты шарт жасау, немесе басқа түрде шешімді анықтау мүмкіндігі осындай серіктестікті қабылдауда; тәуелді акционерлік қоғамның тәуелдігін мойындау, егер басқа (қатысушы, қайта басқарушы)заңды тұлға 20 %-тен артық дауыс беруші акциялар алды; бірлесіп бақыланатын заңды тұлға- бұл серіктестік ,яғни басқа заңды тұлға. Әсеріне түскен шарт жасау күші және де инвестицияланған қаржы объект қаржылық пен басқа саясаттың дәрежесі үлкен немесе кіші екенің анықтауға мүмкіндік береді.
 Инвестиция есебі 14 бөлімде «Инвестиция »жүргізіледі оған қоса келесі синтетикалық шоттар : 141 « Еншілес серіктестіктерді инвестициялау», 142 «Тәуелді серіктестерді инвестициялау»,143 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаны инвестициялау», 144 «Басқа инвестициялар».
 Берілген өнімнің шоттары бірлесіп бақыланатын заңды тұлға ,еншілес,тәуелді серіктестіктін үлестік жарнасы мен акцияларындағы инвестициялық қозғалыс пен ақпараттың болуының бір ыңғайлануына арналған.
 141-144 шоттар активті,күрделі болып табылады. Аналитикалық есеп инвестицияланған (және оның түрі ) кәсіпорын және оның түрлері бойынша жүргізіледі. Инвестиция есебінде келесі әдістер қолданылады:
 Үлес қосу әдісі -әдіс есебі , тәуелді шаруашылық серіктестіктін таза активтер өзгерісіндегі инвестор үлесінің мөлшерін мойындауы бойынша оның саласы кейінгі өсуі(кему) сатып алу құны бойынша сатып алған мезеті көрсетілетін инвестициялар. 
 Құн әдісі-есептеу әдісі , инвестицияны сатып алу мезетінде сатып алу құнын бейнелеу. Инвестициядағы кіріс сатып алған мезгілден кейін пайда болған тәсілді шаруашылық таза кіріс қорының жалпы сапасындағы қаралған дивиденттер мөлшері бойынша инвесторлар қаржылық-шаруашылық қызметі шешімі туралы есеп беруін мойындайды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

                   Жоспар:

 

І. Кіріспе                                                                                                       2-4бет

ІІ.  Негізгі бөлім                 

1.       Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі.                           5-10 бет

2.       Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.               10-18 бет

3.       Қаржылық инвестиция есебі.                                                      19-32 бет

ІІІ. Қорытынды.                                                                                        32-33 бет

ІV. Қолданылған әдебиеттер.                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Кіріспе

Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.  Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. өтпелі кезеңде

экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің  ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік  инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту  және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдіік инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қыиайдың, Түркияның, Еуро.Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат, капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы қүұралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың  жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсалған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор нарығы мен қаржы құралдарының дамымағандығында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инвестициялардың есебі

1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі

Инвестициялар деп  өнерксіптің,құрылыстың,ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтамыз.Инвестициялық қызметтің мақсаты-түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

              Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

              Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

              Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша:қаржылық  және нақты болып бөлінеді.

              Нақты инвестициялар- бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар- бұл субъектінің табыс алу мақсатында  пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар,роялитилер, дивиденттер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәмәлелердің нәтижесі). Сондай-ақ қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық иевестицияның бір түрі болып бағалы(құнды) қағаздар да саналады. Барлық  бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді- ақшалай және күрделі (капиталды)болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар ,әдетте қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа ) беріледі.

              Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.

              Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге  жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олра былайша бөлінеді:

                                           Бағалы қағазды ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін, бірақ олрдың иелерін теңестіруді(идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды.Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратынг құқығын басқа адмға қарапайым жолымен қолына береді.

                                           Атаулы бағалы қағаздар- белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарды куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапиы жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі.Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.

                                           Ордерлік бағалы қағаз- ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке  байланысты ауыспалығын сақтайтындай етіп – индоссаментке жазып береді. Индоссамент озінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.

Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды төлеуді және негізгі қарыздың сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.

              Инвестициялық бағалыф қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық  типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

              Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойнша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің  борышкерлік  міндеттемелері) және корпаративтік(шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық – шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылады) ,болып бөлінеді.

              Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер,т.б.) болып бөлінеді.

              Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиямен) ерекшеленеді және олр қор биржаларында айналысқа түседі.

              Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие:олра негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырусыға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

              Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты  бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.

              Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес  айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.

              Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді.Бұндай бағалы қағаздардың  қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады.Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.

Информация о работе Инвестициялар есебі