Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 13:59, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаһандану және Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық компаниялардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан республикада бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдама қаржылық есептіліктің сапасын көтеруді келешек мақсаттардың негізгі бағыттарының бірі ретінде танып отыр.

Работа содержит 1 файл

abstract12.doc

— 297.00 Кб (Скачать)

   Баланста  және пайда мен залал туралы есеп беруде

   сәйкесінше  түзетулерді жүргізу

   

  1. - сурет - Негізгі құралдарды қайта есептеудің жалпы сызбасы

    Е с к е р т у -  Жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде құрастырылған. 

        Балансты түзету. Компания мен басқа тарап арасындағы келісімге сәйкес түзету жасауға жататын  монетарлық активтер мен міндеттемелер (депозиттер, облигациялар және т.б.) баланста келісімде қарастырылған сомада көрсетіледі. Басқа монетарлық баптар көрсеткішері түзетілмейді.

        Бастапқы құн немесе қалдық  құны бойынша көрсетілген монетарлық  емес баптар көрсеткіштері сәйкесінше актив, міндеттеме және меншікті капиталды тану күніне ТБИ қолдана отырып түзетіледі. Монетарлық емес активтердің түзетілген құны осы активтерді болашақта қолданудан күтілетін орнына толтыру сомасына дейін, егер ол  мұндай сомадан артылса, азайтылады (қорларды сатудың таза құны, инвестицияның нарықтық құны және т.б.). Балансты түзету нәтижелері 1- кестеде көрсетілген.

        Пайда мен залал туралы есеп беруді түзету. Пайда мен залал туралы есеп берудің барлық көрсеткіштері (сатылған өнім, жұмыс, қызмет және тауарлардың өзіндік құндарынан басқа) баланс күніне ТБИ - нің табыстар мен залалдарды тану күніне сәйкес баптарға енгізілген тұтыну бағалары индексіне қатынасы ретінде анықталатын түзету коэффициентін қолданумен түзетіледі.

        Сатылған өнімнің (жұмыс, қызмет) түзетілген өзіндік құны есеп  беру кезеңінің басына және  соңына дайын өнім (жұмыс, қызмет) қорларын, есеп беру кезеңінде  дайындалған өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын және сатып алынған  тауарлардың өзіндік құнын түзеткеннен кейін анықталынады.

1 кесте - «Алматы-Бетон» ЖШС-нің 01.01.2007 жылғы балансын түзету,

                                                                         (мың теңге)

Баптар Түзетуге дейінгі  сома Түзету  коэффициенті Түзетілген  құн
I. Қысқа мерзімді активтер
Ақша  қаражаттары және олардың эквиваленттері 14082,65 - 14082,65
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек 384314,18 - 273392,12
Қорлар 160740,86 108,4 : 103,7 168026,12
Қысқа мерзімді активтер жиыны 559137,69 - 455500,89
II. Ұзақ мерзімді активтер
Ұзақ  мерзімді инвестициялар 51855,18 108,4 : 105,9 53079,34
Ұзақ  мерзімді дебиторлық берешек 75762,69 - 75762,69
Жылжымайтын мүлік 1690510,27 108,4 : 107,5 1704663,38
Негізгі құралдар 1211719,34 108,4 : 101,8 1313503,77
Материалдық емес активтер 3325,86 108,4 : 102,4 3520,74
   Ұзақ мерзімді активтер жиыны 3033173,34 - 3150529,92
   Баланс  3592311,03 - 3606030,81
III. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттеме 2719062,79 - 2719062,79
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек 709917,49 - 709917,49
Қысқа мерзімді міндеттемелер жиыны 3428980,28 - 3428980,28
IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ  мерзімді міндеттемелер жиыны - - -
V. Капитал және резервтер
Шығарылған  капитал 47302,30 108,4:100,0 51275,69
Эмиссиялық капитал 116028,45 108,4:100,0 125774,84
   Капитал жиыны 163330,75 - 177050,53
   Баланс  3592311,03 - 3606030,81
   Ескерту: Жүргізілген зерттеу  нәтижелері негізінде құрастырылған.

        Дайындалған өнімнің (жұмыс, қызмет) түзетілген өзіндік құны жыл басындағы аяқталмаған өндіріс қалдығының түзетілген құнын бір жыл ішінде өндіріске кеткен шығындардың түзетілген сомасына қосып және жыл соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдығының түзетілген құнын алып тастау жолымен анықталынады.

        Монетарлық баптарға инфляцияның  әсерінен түскен пайда (залал) түзетілген пайда мен залал туралы есеп беруде көрсетіледі. Қаржылық есептілікті түзету салдарынан пайда болған кейінге қалдырылған салық міндеттемелері және/немесе кейінге қалдырылған салықтық актив ҚЕХС 12 «Пайдаға салық» сәйкес түзетілген қаржылық есептілікте келтіріледі (2-кесте). 

2 кесте  - «Алматы-Бетон ЖШС-нің 01.01.2007 жылғы пайда мен залал туралы есеп беруін түзету

                                                                                                                        (мың теңге)

Баптар  Түзетуге дейінгі  сома Түзету коэффициенті Түзетілген  құн
ҚҚС алып тастағандағы өнімді өткізуден түскен түсім (жұмыс, қызмет) 4305789,92 108,4:104,3 4475049,16
Сатылған өнімнің өзіндік құны (жұмыс, қызмет) 3675518,62 - 3819035,50
Коммерциялық, басқарушылық шығындары 568744,16 - 594421,01
Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестицияға салымдар 51855,18 108,4:105,9 53068,08
Материалдық емес активтерге шығындар 3325,86 108,4:102,4 3520,74
Сатудан түскен пайда (залал) 6346,09 - 5003,83
Операциялық шығындар 159399,93 - 166254,127
Есеп  беру кезеңінің салық салуға дейінгі  пайдасы (залалы) -153053,83 - -161250,29
Пайдаға салық 19587,15 108,4:104,3 20357,115
Есеп  беру кезеңінің үлестірілмеген пайдасы (залал) -172640,98 - -181607,412
  Е с к е р т у: Жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде құрастырылған.
 

        Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп беруді түзету. Ақша қаражаттары қызметтің келесі бағыттары бойынша жіктелінеді: операциялық; инвестициялық; қаржылық. Ағындарды категориялар бойынша жіктеу пайдаланушыларға компанияның қаржылық жағдайы мен ақша қаражаттары сомасына және олардың эквиваленттеріне қызметтің әрбір түрінің әсерін бағалауға көмектесетін ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.

        Инвестициялық және қаржылық  қызмет нәтижесінен алынған ақша қаражаттары қозғалысын көрсететін көрсеткіштер осындай ақша қаражаттарымен байланысты әрбір операция күніне баға индексін қолданумен түзетіледі. (3 - кесте). 

3 кесте  - «Алматы-Бетон» ЖШС -нің 01.01.2007 жылғы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруін түзету

                                                                                                                             (мың теңге)

Баптар Түзетуге дейінгі  сома Түзету коэффициенті Түзетілген  құн
I. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттары қозғалысы
1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы 4305789,92 108,4:104,3 4475049,16
   оның ішінде онімді өткізуден (жұмыс, қызмет) 4305789,92 108,4:104,3 4475049,16
2. Ақша қаражаттарының шығуы, барлығы 747731,24 - 782906,84
   оның ішінде:

коммерциялық, басқарушылық шығындар

 
568744,16
 
-
 
594421,01
операциялық шығындар 159399,93 - 168128,71
пайдаға салық 19587,15 108,4:104,3 20357,11
II. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттары қозғалысы
1. Ақша қаражаттарының түсуі - - -
2. Ақша қаражаттарының шығуы, барлығы 3325,86 108,4:102,4 3520,74
оның  ішінде материалдық емес активтерге кеткен шығындар 3325,86 108,4:102,4 3520,74
III. Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттары қозғалысы
1. Ақша қаражаттарының түсуі - - -
2. Ақша қаражаттарының шығуы, барлығы 51855,18 108,4:105,9 53068,08
   оның ішінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларға 51855,18 108,4:105,9 53068,08
Е с к е р т у: Жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде құрастырылған

       

        Меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруді түзету. Меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп берудің түзету енгізген көрсеткіштері түзету енгізілген есептіліктің сәйкесінше көрсеткіштерін есепке ала отырып бухгалтерлік есеп Ережесіне сәйкес анықталынады. Түзету енгізілген есептіліктен (активтерді қайта бағалау, резервтік капиталға аударымдар) тікелей алуға болмайтын көрсеткіштер балансқа енгізілген түзетуге ұқсас тәртіпте түзетіледі.

    Таза  ақша жайғасымынан алынған  пайда мен зиянды есептеп шығару. Инфляция тек ақша құндылығы мен монетарлық активтерге ғана әсерін тигізіп, монетарлық емес активтердің бағасына әсер етпейді. Демек, инфляциядан алынған кез келген пайда (немесе зиян) компанияның таза монетарлық жайғасымынан алынған пайдасы (зияны) болып табылады. Баланс баптарын бөлу кезінде монетарлық және монетарлық емес активтердің арасындағы айырма әр кез нөлге жақын болатынын көруге болады. 

ҚОРЫТЫНДЫ 

   Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға  болады:

        1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін анықтайтын негізгі фактор елдің жалпы экономикалық жағдайы, оның ішінде инфляция болып табылады. Инфляция компания табысының құнсыздануына, оның мүліктері мен өнімнің өзіндік құнының шынайы бағасының төмендеуіне, пайданың жасанды түрде ұлғаюына алып келеді. Инфляцияның әсерін елемеу компанияның қаржылық жағдайы туралы ақпараттың, капиталды сақтау және өсіру қабілетінің бұрмалануына әкеледі, сол себепті жалпы бизнестің тиімділігін бағалау бұрмаланады.

        Инфляция ақшаның сатып алушылық қабілетін төмендететін үдеріс ретінде  бухгалтерлік есептің монетарлық және монетарлық емес баптарын бағалауда әр түрлі әсер етеді.  Нәтижесінде есептіліктің барлық көрсеткіштері бұрмаланады, ал ол қаржылық есептілікті инфляцияның ықпалына түзетуді талап етеді.

        2. Әртүрлі елдерде сол немесе басқа уақыт кезеңдерінде қаржылық есептілікте инфляция салдарларын көрсетудің бір-бірінен түбірімен ерекшеленетін тәсілдер қолданылды. Біріншісін ғаламдық, ал екіншісін ерікті таңдау тәсілі ретінде сипаттауға болады. Ғаламдық тәсілге сәйкес қаржылық есептіліктің барлық немесе негізгі элементтерінің бағаның инфляциялық өзгерістерінің ықпалына ілінетін бастапқы мәндері түзетіледі. Мысал ретінде СРР, RPA, ССА и СоСоА әдістерін келтіруге болады. Таңдау тәсіліне сәйкес тек жекелеген элементтерге түзету жүргізіледі. Мысалы, активтерді ауыстыру құнының өсімін жабуға арналған резервтерді құру, активтерді қайта бағалау,қорларды бағалаудағы FIFO әдісі және амортизацияның жеделдетілген әдісі.

   3. Зерттеу үдерісінде қаржылық есептілікті түзетудің мәнін сиаттайтын бірден бір қағидалық ерекшелігі бухгалтерлік есеп объектілерін монетарлық және монетарлық емес деп бөлу болып табылатыны белгіленді. Мұнда тәжірибеде есепте қолдану үдерісінде едәуір қиындық туғызатын, баланс және пайда мен залал туралы есеп берулердің қандай баптарын сол немесе басқа категориясына жатқызу туралы әр түрлі авторларда бірыңғай пікір жоқ. Негізінен бұл монетарлық және монетарлық емес баптардың арасындағы айырмашылықтың көріне бермейтіндігіне байланысты.

   Диссертациялық  жұмыста қаржылық есептіліктің монетарлық және монетарлық емес баптарының сыныптамасы  берілген.

   4. ҚЕХС көшу кезінде қаржылық есептілікті тікелей қалыптастыруды және бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелерін Халықаралық стандарттарға сәйкес бөлу керек. Осы уақытқа дейін қазақстан мамандарының ішінде реформалау объектісінің не болуы керек екені туралы ортақ пікір жоқ. Көпшілік қаржылық есептілік, ал жеке мамандар толығымен бухгалтерлік есеп деп санайды. Біздің ойымызша, ҚР қаржы Министрлігі әзірлеген нүсқаулық нақ есепті жүргізудің мәселелерін шешуге бағытталған. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бірінші кезекте, дәстүрлі қазақстандық түсініктегі есеп, шоттар жоспары және т.б. ережелерді орнатпай-ақ, қаржылық есептілікті қалыптастыру сұрақтарына арналған.

   5. Бүгінгі күнде есеп пен есептіліктің  ұлттық жүйесі мәліметтерін халықаралық  стандарттар талабына икемдеу  үшін келесі негізігі тәсілдер  бар: бұл параллельді есеп жүргізу  - бухгалтерлік есепті бір уақытта  екі жүйеде (ұлттық және халықаралық) қосарлы жүргізу әдісі және есеп пен есептіліктің ұлттық жүйесін халықаралық талаптарға трансформациялау (Бас кітапта өткізбелерді трансляциялауға және қаржылық есептілік деңгейінде трансформациялауға бөлінеді). Трансформация сияқты парралельді есептің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Есепті жүргізу тәсілін  таңдау мәселесі  мен ҚЕХС бойынша есептілікті дайындауды компанияның бухгалтері, құрылтайшылары және басшылығы шешеді.

   6. Ұсынылған әдістемеде инфляцияның қаржылық есептілікке әсерін есепке алу әдісі ретінде бухгалтерлік есеп объектілерін тұрақты сатып алушылық қабілетінің ақшалай бірлігіне түзету әдісі қолданылады. Барлық операциялар ағымдағы есепте олардың жасалған уақытындағы бағасы бойынша көрсетілуі тиіс, алайда есептілікті жасау кезінде мәліметтер есеп беру кезеңінің соңында сатып алушылық қабілетінің ақшалай бірлігіне түзетіледі. Нәтижесінде уақытша жинақылыққа қол жеткізіледі - баланстың немесе пайда мен залал туралы есеп берудің әрбір бабының уақыттың әртүрлі кезеңіне жататын элементтері бірдей бағада көрсетілетін болады.

Информация о работе Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру