Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 13:59, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаһандану және Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық компаниялардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан республикада бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдама қаржылық есептіліктің сапасын көтеруді келешек мақсаттардың негізгі бағыттарының бірі ретінде танып отыр.
ӘОЖ 657.22:336.748.12
АНДЫБАЕВА
ГУЛСАГАТ ТОКЫШОВНА
Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті
ұйымдастыру
08.00.12 –
Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін
дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы,
2009
Диссертациялық
жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінде орындалды.
Ғылыми
жетекшісі: Ресми
оппоненттер: Жетекші ұйым:
|
экономика ғылымдарының
докторы
К.Ш. Дюсембаев экономика ғылымдарының докторы С.Д. Тәжібаев экономика ғылымдарының кандидаты А.К. Ержанов Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті |
Диссертация 2009 жылдың «___» _______ сағат ___ Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі ғылымдар докторы дәрежесін беру жөніндегі Д14.45.10 диссертациялық Кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен
жайы: 050035, Алматы қ., О.Жандосов көшесі,
55-үй, 144-бөлме.
Диссертациямен
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің кітапханасында танысуға
болады.
Автореферат
«____» _________ 2009 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым-
хатшысы,
экономика ғылымдарының
докторы
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаһандану және Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық компаниялардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан республикада бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдама қаржылық есептіліктің сапасын көтеруді келешек мақсаттардың негізгі бағыттарының бірі ретінде танып отыр.
Бухгалтерлік есеп теориясында және тәжірибесінде ақпараттың шынайылығы мәселесіне көп көңіл бөлінді. Ежелгі уақыттан бері есептік құжаттарда ұсынылған ақпарат шынайылығы әр түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың зерттеу пәні болып келді.
Осымен бір мезгілде, инфляция қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамаларына әсер ете алатын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Өйткені инфляцияның салыстырмалы түрдегі аз ғана қарқынының өзі қаржылық есептіліктің сенімділігін, компания қызметінің шынайы бейнесін бұрмалап, пайдаланушыларға оның қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижесі туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік бермейді.
Инфляциялық үдерістер тек сол бір активтер мен міндеттемелердің пайда болу уақытына байланысты әр түрлі ақша бірліктерінде болуына әкеледі. Мұндай алшақтық есептік мәліметтерді едәуір бұрмалауы мүмкін. Тұрақсыз валютада құрастырылған қаржылық есептіліктің осы жетіспеушілігін жою үшін бұрыннан пайда болған ақша сомаларына түзету жасау қажет.
Инфляция елдегі, сондай-ақ әлемдегі экономикалық ахуалды сипаттайтын күрделі әрі көпжоспарлы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың бірі. Инфляцияның жалпытаралымдылығы мен тұрақтылығы оны қазіргі нарықтық шаруашылықтың табиғи және қажетті элементі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Инфляциялық үдерістердің негізгі себептері өндіріс және айналыс саласында үйлесімділіктің бұзылуы, баға белгілеу саясатында қателердің болуы, ұлттық табысты бөлудің ұтымсыз жүйесі және т.б. болып табылады.
Қазақстандық компаниялар 10 жылдан астам уақыттан бері қаржылық есептілікке жүйелі түзетулер жасамай, жоғары инфляция жағдайында жұмыс істеді, сәйкесінше ол пайдаланушылар үшін ақпараттылықтың салмақты бұрмалануына және маңыздылығын жоғалтуына әкелді. Соңғы жылдары инфляция деңгейі төмендеп келеді, бірақ оның қаржылық есептілікке әсері тимейтін мәніне жеткен жоқ.
Көптеген елдердің, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Германияның бухгалтерлік стандарттары қаржылық есептілікке инфляцияның жағымсыз әсерін жою жағдайларын қарастыратынын атап көрсету қажет.
Осыған байланысты инфляцияның қаржылық есептілікке тигізетін әсерін зерттеу, сонымен бірге оны жоюдың теориялық және әдістемелік аппаратын әзірлеу және қаржылық есептіліктің шынайылығын көтеру өзекті әрі дермерзімді мәселе болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазақстан ашық және гиперинфляция мәселесін өткен ғасырдың 90-жылдары бастан кешті, алайда инфляцияның қаржылық есептіліктің шынайылығына тигізетін әсеріне қатысты мәселелер экономикалық және ғылыми ортада кең талқыға түскен жоқ. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке қатысты нормативтік актілері қаржылық есептіліктің көрсеткіштеріне инфляцияның кері ықпалын белгілі бір дәрежеде ырықтауға арналған жекелеген ережелерді ғана қамтиды. Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен есептіліктің әдістемелік сұрақтары отандық авторлардың жұмыстарында көрініс тапты: В.К. Радостовец, С.С. Сатыбалдин, К.Ш. Дюсембаев, К.К. Кеулімжаев, М.С. Ержанов, Ф.С. Сейдахметова, К.Т. Тайғашинова, Ж.Н. Айтжанова, Р.Е. Джаншанло, Э.Нұрсеитов, М.У. Жандаулетова және тағы басқалар. Алайда қаржылық есептілікке инфляцияның тигізетін әсерін жоюға арналған жүйелік тәсілдер жасалмады.
Инфляцияның бухгалтерлік есеп пен есептілікке әсері шетелдік әдебиеттерде терең зерттелген. Аталмыш тақырып Ф. Вуд, Э.С. Хендриксен, М. Ф. Ван Бреда, М.Р. Мэтьюс, М.X.Б. Перера, Б.Нидлз, Д.Миддлтон, Г.Мюллер, Ж.Ришар, А.Д. Шеремет, В.В. Ковалев, П.С. Безрукий, Н.Г. Волков, Е.Н. Домбровская, Р.Г. Каспина, А.С. Логинов, Л.И. Куликов, М.И. Кутер, В.Д. Новодворский, В.Ф. Палий, Е.В. Самойлов, Я.В. Соколов, А.К. Гоголев, Е.А. Мизиковский, Н.А. Прокофьева, Е. Стоянова, Д.А. Ендовицкий, Р.С. Ушаков, М.В. Новикова, О.В. Ефимова, А.В. Суворов, В.М. Родионова, С.А. Николаева, Г.А. Шакирова, Е.Ф. Никитская және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
Инфляция жағдайындағы қаржылық есептіліктің көрсеткіштерін бағалаудың сенімділігі мәселесі қаржылық есептіліктің бірнеше халықаралық стандарттарында көрініс тапты. Мәселен, 1977 жылы ҚЕХС 6 «Баға өзгерісін есепте көрсету» қабылданып, оның негізгі ережелері 1983 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген ҚЕХС 15 «Баға өзгерісінің әсерін көрсететін ақпарат» стандартында кеңейтіліп нақтыланды. 1 қаңтар 1990 жылы ҚЕХС 29 «Гиперинфляция жағдайындағы қаржылық есептілік» стандарты күшіне енді.
Инфляция жағдайында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті құрастыруды ұйымдастыруды жетілдіру қажеттілігі, отандық экономикалық ғылымда тақырыптың осы күнге дейін толыққанды зерттелмегендігі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін айқындауға ықпал етті.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негізін, тәжірибесін зерттеу, және қазақстандық жағдайларға бейім есеп пен есептіліктің объектілерін түзетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:
- бухгалтерлік есептің негізгі қағидаларын және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамаларын негіздеу;
- қаржылық есептілікке инфляцияның тигізетін әсерінен туындаған салдарын белгілеу және оны есепке алу әдістерінің сыныптамасын жасау;
- инфляция жағдайындағы қаржылық есептілікті қалыптастырудың әлемдік тәжірибесін жинақтау және ҚЕХС 29 көшу мәселелерін белгілеу;
- қаржылық есептіліктің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға түрлендіру механизмін ұсыну;
-
инфляция жағдайында
Зерттеу пәні мен объектісі. Зерттеу пәні инфляция жағдайындағы қаржылық есептілікті түзету әдістерінің жиынтығы болып табылады.
Зерттеу объектісі инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастырудың әдістемелік аппараты болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болып инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік ұсынымдары табылады. Зерттеу барысында инфляция жағдайындағы қаржылық есептіліктің түрлі тәсілдері, әлем елдерінің бухгалтерлік стандарттары, есептің және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, кәсіби бухгалтерлік ұйымдардың әдістемелік материалдары мен ұсыныстары, Қазақстан Республикасының нормативтік актілері зерттеліп салыстырылды.
Зерттеу әдістемесі танымның жүйелік тәсілдері мен жалпы ғылыми әдістеріне негізделген.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы инфляция жағдайындағы қолданыстағы есеп әдістерін жинақтау, қаржылық есептіліктің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға трансформациялау үлгісін және инфляциялық экономика жағдайында жұмыс істейтін компаниялардың қаржылық есептілігін түзетудің әдістемесін әзірлеу болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы бойынша төмендегідей тұжырымдамалар қорғауға ұсынылады:
- қаржылық есептілікке инфляцияның тигізетін әсерінің белгіленген механизмі және оған түзету жасау қажеттілігін негіздеу;
- инфляция жағдайындағы қаржылық есептілікті түзету әдістерінің әзірленген сыныптамасы және оларды қолдану бойынша ұсыныстар;
- инфляция жағдайындағы қаржылық есептілікті түзетудің әлемдік тәжірибесін жинақтау және ҚЕХС 29 көшудің өзекті мәселелері;
- қаржылық есептіліктің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға трансформациялаудың өңделген үлгісі;
- қаржылық есептілікті тұрақты сатып алушылық қабілетіндегі ақшалай бірлікке түзетудің ұсынылған әдістемесі.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысы инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен есептіліктердің әдістемелік және талдамалық негіздерін дамытуға үлесін қосуға бағытталған.
Информация о работе Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру