Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 13:59, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаһандану және Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық компаниялардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан республикада бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдама қаржылық есептіліктің сапасын көтеруді келешек мақсаттардың негізгі бағыттарының бірі ретінде танып отыр.

Работа содержит 1 файл

abstract12.doc

— 297.00 Кб (Скачать)

    Диссертацияда берілген теориялық ұсыныстар мен  қорытындыларды, оның ішінде ұғымдар  мен олардың анықтамалары, инфляцияның  түсіндірмесі, инфляция жағдайында бухгалтерлік есеп және қаржылық есептіліктердің  анықталған ерекшеліктері, қаржылық есептілікті түзету әдістерін «Қаржылық есеп», «Қаржылық талдау» және «Қаржылық менеджмент» оқу курстарында пайдалануға болады. Жұмыста берілген теориялық ережелер мен алынған тәжірибелік нәтижелерді инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастыруды ұйымдастырудың әдістемелік және талдамалық негізі ретінде қолдануға болады. Жүргізілген зерттеудің нәтижелері бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің қолданыстағы ережелерін жетілдіру немесе жаңадан жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.

    Диссертациялық  зерттеудің ғылыми негізделген тұжырымдары мен ұсыныстары «Алматы-Бетон» ЖШС, «Топаз ГК» ЖШС және Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ АҚ қызметтеріне енгізілді.

        Еңбектің мақұлдануы. Зерттеу нәтижелері 3 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен республикалық кезеңдік басылымдарда баяндалып жарық көрді: «Шоқан тағылымы-8», 7 том, (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау, 2003); «Қазақстанның экономикалық ғылымы: проблемалары және реформалау жолдары», 3 бөлім, (Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Алматы, мамыр, 2003); «III Рысқұлов оқулары, Бизнес, ғылым, білім: ынтымақтастық қырлары», 2 бөлім, (Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Алматы, мамыр, 2008).

       Зерттеу бойынша жарияланған еңбектер. Диссертациялық зерттеу жұмысы бойынша жалпы көлемі 2,68 баспа табақ 7 ғылыми мақала ресми басылымдарда жарияланды.

    Жұмыстың  құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады, 17 кесте және 3 суретті қамтиды. 

    НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

        Қаржылық есептілікті қалыптастырудың  орталық және неғұрлым күрделі мәселелерінің бірі шешім қабылдау үдерісін толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есептіліктің шынайылығы қабылданатын шешімдердің сапасын, түптеп келгенде, шаруашылық субъектілері қызметінің тиімділігін анықтайды.

    Есептің қарастырылып отырған уақыт ішінде қалыптасқан ұлттық мектептерінің  тұжырымдамалық негіздеріне жүргізілген  талдау арқылы, «қаржылық есептіліктің шынайылығы» ұғымының дамуы осы ұғым туралы бір ізді басым теориялық түсініктердің сызбасы түрінде көрсетілуі мүмкін деп қорытуға болады. Диссертацияда қаржылық есептіліктің шынайылығы ұғымын анықтауға бағытталған негізгі тәсілдер көрсетілді.

    Жоғарыда  айтылғандарды ескере отырып, қаржылық есептілікті  компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне және оның соңғы нәтижелеріне қатысты алғанда белгісіздіктерді азайтатын ақпарат ретінде қорытынды жасап, сол себепті тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін оған ақпаратты шынайы және пайдалы ететін сапалық және сандық сипаттамаларды қолдануға болады.

    Бухгалтерлік  есептің ғылым мен тәжірибе тұрғысынан алғандағы ерекшелігі, осы ілімнің  дамуы оның қызмет ететін ортасымен  анықталып негізделетіндігінде  жатыр. Басқаша айтқанда, бухгалтерлік есеп алдына қойған мақсаттарына және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тәуелді. Ал елдегі экономикалық ахуалды сипаттайтын күрделі және алуан қырлы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың бірі – инфляция.

    Инфляцияның «бағаның өсуі» ретіндегі жалпы  ұғымы белгіленіп қойылғанына қарамастан, шын мәнінде «инфляция» ұғымының мазмұнын анықтауға жасалған әртүрлі қадамдар кездеседі. Оларды екі топқа біріктіруге болады – түсініктемелік және функционалдық. Олар диссертациялық жұмыста берілген.

    Инфляцияның түпкілікті анықтамасын беруге ұмытылмастан, оған жақынырақ бастапқы ұғымдар ретінде төмендегілерді ұсынуға болады:

    1. Нысаны бойынша – инфляция ұдайы өндіріс үдерісі мен ақшалай айналымның теңсіздігімен негізделген тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін және соған байланысты ұлттық ақша бірлігінің құнсыздануын білдіреді.

    2. Мазмұны бойынша - инфляция үш  өзара негізделген үдерістердің - атаулы сұраныс пен ұсыныстың макродеңгейде теңгеруі, қосылған құнды ұдайы өндірістің жекелеген субъектілерінің арасында қайта бөлу және олардың инфляциялық табысты алуы - бірлігін сипаттайды. Бұл қаржылық ресурстардың экономикадағы ұдайы өндірісі барысында инфляциямен үш функцияның - теңгермешілік, қайта бөлу және орнына толтырудың орындалуына ықпал етеді.

    Жоғарыда  келтірілгендер, инфляция, тауар бағасының өсуімен бірге пайда болғанымен, таза ақша феноменімен теңестіріле алмайды деген қорытынды жасауға болатынын көрсетеді. Бұл халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы ұдайы өндірістің диспропорциясымен туындайтын күрделі көп факторлы үдеріс. Әдетте инфляцияның негізінде бір емес, бірнеше өзара байланысты себептер жатады, әрі олар тек сұраныс (сұраныс инфляциясы) тарапынан ғана емес, ұсыныс (шығын инфляциясы) тарапынан да пайда болады.

        Инфляция жағдайындағы шаруашылық  қызметін дұрыс жоспарлау үшін инфляциялық үдерістердің күшін ескеру керек. Оларды өлшеудің төрт тәсілі бар: 1) баға индексінің көмегімен өлшеу; 2) бір жылдағы инфляция қарқынын өлшеу; 3) Пааше индексінің көмегімен есептеу; 4) «жетпіс тәртібі» бойынша есептеу.

        Тәжірибеде тұтыну бағалары индексі, көтерме бағалар индексі, ЖІӨ дефляторы және ресурстардың бағасының өзгеруі индекстеріне сүйенеді. Оларды есептеу әдістері диссертациялық жұмыста көрсетілген.

        Инфляцияны белгісіздік факторы  ретінде жан-жақты зерделеу үшін оның қаржылық есептілік көрсеткіштерінің орындылығына (релеванттық), салыстырмалығына, шынайылығына әсерін де қарастыру қажет

    Инфляция  жағдайында компанияның мүліктік және қаржылық жағдайы туралы ақпараттың белгісіздігі оның баланстың жеке баптарына айырықша әсерінен көрінеді. Өз кезегінде, бұл есептіліктің монетарлық және монетарлық емес баптарына инфляцияның әсерін бағалау мәселесін туындатады.

    Инфляция  ақшаның сатып алушылық қабілетін  төмендету үдерісі ретінде баланстың  түрлі баптарын бағалауда әр түрлі әсер етеді. Монетарлық активтер (мысалы, ақша қаражаттары және дебиторлық берешек) құнсызданады, нәтижесінде компания жанама шығындарға ұшырайды, керісінше, кредиторлық берешектің өсуі жанама табысқа әкеледі. Негізгі құралдар мен тауарлы-материалдық құндылықтарға келетін болсақ, инфляция жағдайында олардың нақты нарықтық құны мен сатып алу бағасы бойынша есепте көрсетілуі арасында қарама-қайшылық туады (осы әдістеме дәстүрлі түрде есепте қолданылады).

    Егер  монетарлық активтер монетарлық пассивтерден артық болса, онда бағаның өсуінде және ақша бірліктерінің сатып алушылық қабілетінің төмендеуі кезінде компания осы активтердің құнсыздануынан қаржылық жоғалтуларға ұшырайды. Және, керісінше, егер монетарлық пассивтер (банк несиесі, кредиторлық берешек, алынған аванстар және басқа да тартылған қаражаттар түрлері) монетарлық активтер сомасынан артық болса, онда инфляцияның себебіне байланысты қарыздардың құнсыздануынан компанияның табысы ұлғаяды.   

        Әртүрлі көзқарастар мен ой  пікірлерді қарастыра келе, инфляцияның монетарлық объектілерге тигізетін әсері бухгалтерлік есептің маңызды мәселесі болып табылады деп санаймыз, және ол бухгалтерлер тарапынан ешқандай еленбей қалмауы тиіс. Бухгалтерлік есеп жүйесінде монетарлық объектілерден түсетін қаржылық нәтижелерді анықтап, көрсетудің әдістемелік сұрақтары ары қарай қарастырылады.

        Монетарлық емес объектілерге  келсек, яғни негізгі құралдар  мен тауарлы-материалдық қорлар, инфляция жағдайында олардың  нақты нарықтық құнының тұрақты  өсуі және есепте өзгеріссіз бағасымен (бастапқы құны бойынша бағалау) көрсетудің арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі айтпаса да түсінікті.  Есептілікті жасау сәтіне қалыптасқан баға бойынша бағаланған мүлік, сатып алу бағасымен бағаланған (бастапқы құны) мүлікке қарағанда қымбатырақ тұрады. Бұл мәліметтердің салыстырымсыздығына әкеледі.

    Бірақ инфляция тек дебиторлық және кредиторлық  берешектер, негізгі құралдар және тауарлы-материалдық құндылықтардың мөлшерін қате есептеуге ғана әкелмейтінін атап көрсету керек. Инфляцияның басқа да салдарлары бар:

  • ресурстарды алмастырудың ағымдағы құнымен салыстырғанда сатылған өнімнің өзіндік құнының шамасы төмендейді;
  • инфляция жағдайында пайданың сомасы аса көтеріліп кетеді;
  • капиталды салу тиімділігін, компанияның рентабельділігін, қаржылық жағдайын сипаттайтын қаржылық коэффициенттерді есептеу нәтижелері бұрмаланады

        Инфляцияның тигізетін әсерінің  салдарлары компанияның мүліктік  және қаржылық жағдайы туралы  ақпараттардың белгісіздігін айтарлықтай  көтеріп, қаржылық есептіліктің шынайылығын және салыстырмалығын төмендетеді, әрі осындай есептіліктің негізінде дәйекті инвестициялық және басқарушылық шешімдерін қабылдау мүмкіндігін қиындатады.

    Жүргізілген талдау, бағаның инфляциялық өзгеруі  кез-келген компанияның қаржылық есептілігінде көрсетілген ақпараттың бұрмалануының ең елеулі себептерінің бірі болып табылатынын көрсетеді. Инфляция деңгейі жоғарлаған сайын, бұрмалану деңгейі де жоғарлайды. Қаржылық есептілік көрсетілген ақша бірліктерінің әр түрлі сатып алушылық қабілеті әр түрлі есептік кезеңдерде және тіпті тек сол бір есептік кезеңнің ішіндегі әр түрлі уақыт мезетінде де есептік мәліметтерге сәйкесінше түзетулерді талап етеді. Басқа сөзбен айтқанда, инфляция жағдайында қаржылық есептілік, егер объектілерді ақшалай бағалау есебі есептік күнге ақша бірліктерінің сатып алушылық қабілетін көрсеткен жағдайда ғана тәжірибелік мәні бар болады. Қаржылық есептілік пайдаланушысы шынайы ақпарат алу үшін, онда есептіліктің сәйкесінше баптарының көрсеткіштеріне инфляцияның әсерін көрсету қажет.  

    Инфляция  жағдайында компания есептілігі есеп беру кезеңінде қаржы-шаруашылық қызметі  нәтижелері бойынша инфляция қарқынына  түзетілген болуы керек. Ақша сатып  алушылық қабілетін жоғары қарқында жоғалтатыны сондай, әр түрлі уақытта  тіпті бір ғана есеп беру кезеңі шегінде болған операциялар мен оқиғалардан алынған сомаларды салыстыру қаржылық есептілік пайдаланушыларын адастыруға әкеледі деп саналады.

    Инфляцияның әсерін есепке алу мәселесі нарықтық экономикасы дамыған елдерде XX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап белсенді талқылана бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір жүйелеуді және сыныптауды қажет ететін көптеген ұсыныстар жинақталды. Осыған байланысты, бірінші кезекте,  есептілікті түзетуге негізделген әдістерді атап көрсетуге болады: валюта бағамы құбылуы бойынша; тауар бағалары деңгейінің құбылуы бойынша.

    Кез келген материалдық және материалдық  емес объектілердің алғашқы құжаттарында әрқашан екі бағалау қатысатындықтан - заттай және құндық өлшемдер, ең қарапайым тәсіл құндылықтарды түсіп кеткен валютаның тұрақты валютаға шаққандағы бағам өзгерісі бойынша бағалау болып табылады. Не статикалық, не динамикалық қайта бағалау жүргізілуі мүмкін.

    Тауар бағасы деңгейінің құбылуы бойынша  инфляцияның әсерін есепке алудың базалық  әдістемесі негізінде капиталдың қаржылық және физикалық табиғаты концепциялары жатыр.  Бірінші концепцияда, капитал компанияның активтерінде меншік иелері мүддесі ретінде сипатталады, осы активтердің материалдық-заттық құрылымынан абстракциялауды болжайды. Бұл кезде активтерді есепте көрсету атаулы баға бойынша, не сатып алушылық қабілеті бірдей ақша бірлігіндегі бағаның жалпы индексінің көмегімен көрсетілген  баға бойынша жүргізіледі.

    Бірінші концепция тұрақты сатып алушылық қабілеті әдісінің негізінде жатыр (CPP). Ол нақты ақшалай бірліктегі есептің мүмкіндігін жоққа шығарады. Ақшаның құны тез түссе, нақты ақша бірліктері де тез өзгеріп, есептің барабар өлшем бірлігі бола алмайды. Сондықтан СРР барлық ақша сомаларын тұрақты сатып алушылық қабілетінің бірліктеріне, олардың пайда болған күніне қарай, айналдыру үшін жалпы сатып алушылық қабілеті индексін пайдаланады. Оны қолдану салыстырмалы түрде қарапайым, өйткені ол бухгалтерлік есеп теориясы негізделетін басты принцип - бастапқы нақты шығындар бойынша  есепке алу принципіне жақын.

    Бірақ, СРР әдісі бойынша есеп инфляция салдарын толық мөлшерде көрсете алмайды, өйткені ол баға қозғалысы түрлерінің біреуін ғана қамтиды (тұрақты және ағымдағы). СРР айналасында монетарлық емес активтерге салынған салымнан сатып алу қабілеттілігі өзгермейді, ал ол таза монетарлық активтердің сатып алу қабілеттілігінің тек азаюын немесе көбеюін өлшеуге жағдай жасайтынын болжауға болады. Бірақ мұндай болжау, егер барлық компаниялар активтерінің бағасы бағаның жалпы деңгейінің бағытында және сондай жылдамдықпен өзгеретін болса ғана дұрыс. Сонымен бірге мөлшері  бойынша тең, бірақ әр түрлі құрылымдағы монетарлық емес активтерге инфляциялық факторлар біркелкі әсер етеді деп ойлау да дұрыс болмас еді.

    Екінші  концепцияның шеңберінде капитал компания активтерінің жиынтығы ретінде қарастырылады, ал оның өзгерісін, оның ішінде инфляция әсерін, есепке алу үшін не ресурстардың, өнімдердің және қызметтің нақты номенклатурасы бойынша бағаның жеке индексін, болмаса бағаның жеке және жалпы индексін тоқайластыра қолдану болжалданады. Осылайша баға өзгерісінің әсерін есепке алу әдістемесінің мағынасы -  капиталдың қаржылық немесе физикалық табиғатын ұстанудың негізгі мақсатына байланысты болады.

Информация о работе Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру