Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 13:59, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаһандану және Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық компаниялардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан республикада бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдама қаржылық есептіліктің сапасын көтеруді келешек мақсаттардың негізгі бағыттарының бірі ретінде танып отыр.

Работа содержит 1 файл

abstract12.doc

— 297.00 Кб (Скачать)

        Тауарлық баға деңгейі құбылуы бойынша түзету негізінен тұрақты сатып алушылық қабілеті ақша бірліктерінде есепке алу әдісі және ағымдағы құн бойынша есепке алу әдісімен жасалады. Бірінші әдісті қолдану түзетудің қарапайымдау тәртібін, екінші әдісті қолдану инфляция жағдайындағы компанияның мүліктік және қаржылық жағдайы туралы нақты мәлімет алуды болжалдайды. Диссертацияда нақты компанияны мысалға ала отырып, аталмыш әдістермен балансты және пайда мен залал туралы есеп беруді түзету көрсетілген.

        Қазақстанда алдағы уақытта ҚЕХС  енгізуді бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есептіліктің дамуы  және реформалауында заңды кезең  ретінде қарастыру керек. Осыған байланысты қолданыстағы есеп пен есептілік жүйесін ҚЕХС 29 сәйкес келтіру қажеттілігі туындайды. Ол үшін қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелері бойынша компанияның есептілігі есеп беру кезеңінде инфляция қарқынына түзетілуі тиіс.

         ҚЕХС 29 көшу қаржылық есептіліктің  барлық баптарын (ақшалай көрсеткіштерді  қоса) есептік валютаның кезең  соңындағы жағдайы бойынша жалпы  сатып алушылық қабілетін ескере  отырып қайта есептеуді негіздейді. Аталмыш стандартты қолданудың  баланстық есептілікке тигізетін әсері инфляция деңгейіне, компания міндеттемелері талабының арақатынасына тәуелді.

        Қаржылық есептілікті түзету  мәнін сипаттайтын бірден бір  қағидалық ерекшелігі бухгалтерлік  есеп объектілерін монетарлық  және монетарлық емес деп бөлу екені белгіленді. Монетарлық және монетарлық емес объектілерді анықтауда кейбір проблемалар бар.

        Белгілі американдық ғалымдар Э. С. Хендриксен и М. Ф. Ван Бреда монетарлық баптардың екі ұғымын бөліп көрсетеді – монетарлық активтер және монетарлық кредиторлық қарыздар. Олардың пікірінше, монетарлық активтер - «бұл жалпы сатып алушылық қабілетін көрсететін ақша бірліктерінің тұрақты бір санына берілетін құқық», ал монетарлық кредиторлық қарыздар – бұл ақша бірлігінің құнымен не болатынына қарамастан, болашақта ақша бірлігінің тұрақты бір санын төлеу міндеттемесі. Осылайша, баптың монетарлық сипаты, ең алдымен, оның ақша қаражаттарының тұрақты бір сомасына ілінісуімен немесе керісінше, баптық монетарлық емес сипаты, ең алдымен, оның шамасы ақша бірлігінің белгілі бір сомасымен тіркелмегендігімен түсіндіріледі.

        Айта кету керек, барлық ғалымдар тек бухгалтерлік баланстың монетарлық және монетарлық емес баптары арасына ғана меже қояды. Пайда мен залал туралы есеп берудің баптарына келетін болсақ, барлығы бір ауыздан оларды монетарлық емес баптар ретінде сыныптауды ұсынады.

        Халықаралық стандарттарды талдау, баланс баптарының монетарлық және монетарлық емес болып жіктелуі әр кез мәндес бола бермейді. Монетарлық активтер ҚЕХС 29 «алынған және күтілетін ақша қаражаты» ретінде анықталған. ҚЕХС 21 монетарлық активтерге кеңейтілген анықтама береді, яғни, аталмыш стандарт бойынша монетарлық активтер-бұл белгілі бір сомада бейнеленіп алынған ақша қаражаттары, алынуға тиісті активтер мен міндеттемелер болып табылады.

        Бухгалтерлік есеп объектілерінің монетарлық және монетарлық емес баптарының толық және нақты сыныптамасы диссертациялық жұмыста келтірілген.

        Монетарлық объектілер қаржылық есептілікті құру сәтінде - ақ ағымдық сатып алу қабілеттілігінің ақшалай бірліктерінде көрініс табады, ал монетарлық емес обектілер әр кезеңдердің сатып алу қабілеттілігінің өлшем бірліктерінде көрсетіледі. Демек, монетарлық емес активтер ағымдық сатып алу қабілеттілігінің ақшалай бірліктерінде көрініс табуы тиіс және есепте тіркелген сәттен бастап инфляция индексі бойынша түзетілуі керек.

    ҚЕХС- на сәйкес қаржылық есептілікті даярлаудың екі негізгі әдісі бар: қаржылық есептілікті трансформациялау; параллельді есеп (конверсия).

        Алғашқы әдіс - ең қарапайым әдіс, алайда, одан 50%-ға дейін қателік айқындалуы мүмкін. Трансформациялау үдерісі (алдыңғы есеп кезеңдерінде түзету әдісі) - бухгалтерлік есептің қазақстандық жүйемен қалыптастырылған ақпаратын ҚЕХС сәйкес келтіру үшін дүркін-дүркін  талдайтын және түзететін тәсіл.

        Қаржылық есептілікті трансформациялау үдерісі қажет болған жағдайда ғана жүргізіледі және қосарлы жазуды құрумен және жүргізумен байланысы тұрақты үстеме шығыстарды талап етпейді. Сондықтан бұл әдіс компаниялар үшін арзанға түседі.

        Трансформациялау үдерісінің кемшілігіне  мүмкін болатын қателерден басқа,  ҚЕХС бойынша дайындалған ақпаратты  кезең соңында ғана алуға болады  және де трансформацияның негізгі  үдерісі  аяқталғаннан кейін  «қолмен» түзетулер жасау қажет  болады.

        Бүгінгі таңда көптеген қазақстандық компаниялар үшін (әсіресе шетел инвестициялары барлар үшін) анағұрлым келешегі бар тәсіл - параллель есеп (конверсия) жүргізу болып табылады. Қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес құру мақсатында операциялардың параллель есебін жүргізу көп пайдалы басқару ақпаратын береді. Есептің бұл әдісі анағұрлым күрделі, бірақ дәл тәсіл болып табылады.

        Параллелді есеп үдерісі (конверсия)  қосарланған параллелді есеп  жүргізуді қарастырады. Есепті  параллелді жүргізудің бірнеше нұсқалары бар: толық конверсия, саты бойынша конверсия.

    Инфляцияның әсерін есепке алудың қолданыстағы тәсілдерінің жағымды жақтарын және кемшіліктерін  есепке ала отырып, компаниялардың қаржылық есептілігін түзетудің  келесі әдістемесі ұсынылады. Осы әдістемені анықтауға байланысты, ол келесі негізгі міндеттерді шешуді көздейді:

    а) ҚЕХС 29 сәйкес қаржылық есептіліктерді түзету қажеттілігін; б) қаржылық есептілік көрсеткіштерін инфляция деңгейіне түзету әдістерін; в) инфляцияны өлшеу көрсеткіштері мен әдістерін; г) қаржылық есептілік көрсеткіштерін түзету коэффициенттерін; д) қаржылық есептілік көрсеткіштері түзету процедураларын жүргізу тәртібін.

    Түзетудің қарастырылып отырған әдістемесі әлемдік  тәжірибеде кеңінен қолданыс тапқан тұрақты сатып алушылық қабілетіндегі ақша бірліктерінде есепке алу әдісіне негізделген. Бұдан басқа, аталмыш әдісті қолдану гиперинфляцияны бастан кешіп отырған елдер үшін ҚЕХС 29 қарастырылған.

    Берілген  әдістемеде трансформация деп есеп ақпаратын талдап, түзететін және оған инфляциялық үдерістердің әсерін бейнелеу үшін өзгерістер енгізетін кезеңдік тұжырымдаманы айтады. Осылайша ағымдық есепке барлық операциялар оларды жүргізу бағасы бойынша есепке алынуы тиіс, алайда кейіннен есептілікті салыстыру барысында мәліметтері түзетіледі.

    Инфляция  жағдайында қаржылық есептілікті түзету алгоритмінің жалпылама түрі 1 - суретте берілен.

        Инфляция жағдайында қаржылық есептілікті түзету әдісін тәжірбие жүзінде іске асыруда есептіліктің көрсеткіштерін қайта есептеу коэффициенттерін анықтаудың және инфляцияны өлшеудің барабар көрсеткіштерін қолдану маңызды проблема болып табылады. Есеп ақпаратының сапасы мен оның қаржылық есептілік ақпаратын пайдаланушыларының талабына сай келуі баға индексі өлшемінің таңдап алынған көрсеткішіне тәуелді болады. Біздің әдістемеде тұтыну бағалары индексі қолданылады.

    Қаржылық  есептілікті тұрақты сатып алу  қабілеттілігінің ақшалай бірліктеріне қарай  түзетудің келесі маңызды құрамдастарының бірі -  бұл бухгалтерлік қадағалаудағы объектілерді түзету коэффициентін анықтау болып табылады. Аталмыш әдістемеде түзету коэффициентін (Кт) анықтау үшін Е.Н. Соловьева мен Е.В. Старовойтованың ұсынған ТБИ геометриялық орта шама формуласы қолданылады:

                                  Кт = (ТБИ1 ∙ ТБИ2 ∙ ТБИ3 ∙ … ∙ ТБИn)1/2,                                     (3)

мұнда ТБИ1,ТБИ2,ТБИ3,...,ТБИn кезең ішіндегі тұтыну бағасының айлық индексі.

                    

                                    1-қадам: Баға индексін таңдау

   

   

    2- қадам: Есеп объектілерін монетарлық және

                                                монетарлық емес объектілерге жіктеу 

                           

   

                         3-қадам: Балансты баға индексін есепке ала түзету

   

   

                       4- қадам: Пайда мен зиян туралы есеп беруді баға

                                        индексін есепке ала түзету                                

   

                      

                      5 -қадам: Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп

                                       беруді түзету

   

                      

                      6- қадам: Меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп

                                      беруді түзету

         

   

                   7-қадам: Таза монетарлық активтерден түскен пайда

                                  мен залалды баға ндексін есепке ала есептеу

   

    1 - Сурет - Инфляция жағдайында қаржылық есептілікті түзету алгоритмі

               Ескерту  - Жүргізілген зерттеу  нәтижелері негізінде автормен құрастырылған. 

        Өлшем бірлігі ретінде ағымдық ақша бірліктерін, сонымен бірге, басқа кезеңдердің ақша бірліктерін қолдануға болады. Қарастырылып отырған әдіс шеңберінде, әдеттегідей ағымдық сатып алу қабілеттілігі бірлігі қолданылады.

    Қаржылық  есептілікті түзетуге монетарлық емес активтерді, пайда мен залал туралы есеп беру баптарын қайта есептеу, монетарлық баптар бойынша қаржылық нәтижелерді есептеу дұрыстығын тексеру кіреді. «Қайта бағалауға арналған резерв» шотының кредиті бойынша сәйкесінше  шоттармен корреспонденцияда негізгі құралдар және қорлардың инфляция деңгейіне түзету сомалары көрсетілуі керек, ал осы шоттың дебеті бойынша жинақталған амортизацияның түзетілген мөлшері және компанияның меншікті капиталының сәйкесінше шоттармен корреспонденциясында түзету сомасы көрсетіледі.

        Активтердің жүргізілген қайта бағалауы нәтижесінде баланс бұзылмас үшін оны активтердің сол жоғарлаған сомасына меншікті капитал көрсеткішін көбейту жолымен қалпына келтіру қажет. Меншікті капиталдың көрсеткішін бұлай көбейтуді баланстың жеке графасында көрсету керек. Негізгі құралдарды қайта есептеу (бастапқы құны негізінде) сызбасы 2 - суретте көрсетілген.   

    Негізгі құралдардың сатып алынған  күні, сатып

   алған кездегі бастапқы құны және амортизациясы

   туралы ақпаратты дайындау

   

    Негізгі құралдардың бастапқы құнын және

   амортизациясын  олардың сатып алу күнінен  бастап

     есептік күнге сәйкес ТБИ қолданумен қайта есептеу

   

   Есептік кезең үшін амортизациялық аударымдарды

   негізгі құралдардың қайта есептелінген бастапқы

   құны  негізінде есептеу

   

Есеп  беру жылында негізгі құралдарды сатудан

   түскен (шығуы) қаржылық нәтижелерді қайта

    есептеу

           

   Негізгі құралдарды қайта есептеу (есеп беру және

   алдыңғы жылдарға) нәтижелерін анықтау

   

Информация о работе Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру