Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 15:18, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің әдістері: тақырыптың өзектілігіне орай талдау, жинақтау әдістері қолданылды.
Еңбек пен еңбекақы есебiнiң негiзгi мiндеттерi:
Өндiрiлетiн өнiмдер мен iстелетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау.
Еңбек өнiмдiлiгiнiң өciмiн бақылау.
Жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды бақылау.
Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
Өндiрiске жедел басшылық жасау үшiн тиiстi мәлiметтер алу.
Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк қорытынды есептi беру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………….…….3
I. Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебі…………….….5
Еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары……………………...……….7
Еңбекақы төлеу есебі және еңбекақы ұстау және шегеру есебі…...12


Еңбекақы және оның міндеттері мен оларды есептеу тәртібі
Еңбек есебі және нормативтік реттеу………………………………16
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі………………………………..18
Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі………………………………..21

Қорытынды…………………………………………………………..……..25
Қолданылған әдебиеттер ……………………

Работа содержит 1 файл

енбек акы.doc

— 260.50 Кб (Скачать)

   Жылдық түгeндey (инвентаризация) демалыс төлем резервiсiнiң дұрыс құрылу және пайдаланылуын тексеру аса қажет. Түгендеу кезiнде қызметкерге заңдa қарастырылған кезектi (жыл сайынғы) және қосымша демалыстарына арналған резерв қалдығы пайдаланылмаған демалыс күндерi, қызметкердiң еңбекақысына кeтeтiн шығынның орташа күндiк сомасы (орташа еңбекақының есеп айырысудың белгiленген әдісін ескеру арқылы) және мiндеттi аудармалар арқылы нақтылануы керек.

   Есептiк  кезеңнiң желтоқсанында есеп айырысудың түгендеуiмен бекiтiлген сомадан нақты есептелген резервтi арттыру жaғдайында өндiрiс шығындарының шоты бойынша сұрыптау жазуы жүргiзiледi, ал жеткiзбей есептелген жaғдайда өндiрiс шығындарына қосымша аударуды қосу бойынша қосымша жазу жазылады.

   Жұмысшы-қызметкерлердiң аты-жөнi, табельдiк нөмірі, оларға есептелiнген негiзгi және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлерi бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсiпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердiң кәсiпорынға қарыз сомалары көрсетiледi. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тiзiмдемесi бойынша ұйымның кассасынан өзiне тиiстi еңбекақыны алып, қол қояды. Бұл тiзiмдеме бойынша бiрiншiден жұмысшы немесе қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргiзiлсе, екiншiден бұл тiзiмдеме еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебi болып табылады, ал үшiншiден осы тiзiмдеме арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегiне қарай еңбекақыларын төлейдi. Кейбiр ұйымдарда есеп айырысу төлеу тiзiмдемесi мен дербес шоттың орнына есеп айырысу тiзiмдемесi ғана толтырьтып жүргiзiледi. Бұл есеп айырысу тiзiмдемесi журнал түрiнде жасалып, негiзгi және қосымша беттерден тұрады.

   Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгiлi түpi №10 және №10-1 журнал-ордерлерiнде көрсетiледi. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс icтегендерi, қызмет атқарғандары және өнім өндiргендерi үшiн есептелiп төленетiн еңбекақы өндiрiс шығындарының бiр элементi ретiнде еңбектi пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтiн белгiлi бiр шотқа оның iшiнде тиiстi өндiрicтiк өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиicтi орындарға есеп берiлyi қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнiмдердi өндiру тiзiмдемелерi, табельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негiзiнде әр цех бөлiмше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлерi және қызметкерлердiң санаттары (категориялары) бойынша топталады. Бұл топтау журнал-ордерлердің үлгiлi түpi №3 және №4 өңдеу кестелерiнде жүргiзiледi, ол кестенің сол жағында дебиттелiнетiн шоттар нөмiрлерi, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерiнiң мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалары түрлерi бойынша бөлiнiп жазылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Жұмысшылар  мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде  бухгалтерлік есепшоттары  бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны Дт Кт
1 2 3 4
1. Жұмысшылар  мен қызметкерлерге еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдер есептелінеді:
    • Негізгі өндіріс жұмысшыларына;
    • Қосалқы өндіріс жұмысшыларына;
    • Цехтың қызметкерлеріне;
    • Маркетинг бөлімінің,басқа да тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатумен айналысатын жұмыскерлер.
 
 
8110

8310

8410 
 

7110

 
 
3350

3350

3350 
 

3350

2.
  • Жұмысшыларға кезекті демалыс ақысын есептеу (егер демалыс ақысын төлеуге резерв құрылған болса)
  • Демалыс ақысынан есептелген  әлеуметтік салық.
 
3350 

3350

 
3350 

3350

3. Жұмысшылар  мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан  зейнетақы қорына ұсталатын сомаға.  
3350
 
3220
4. Жеке тұлғларға  есептелген еңбекақыдан ұсталатын  табыс салығы.  
3350
 
3190
5. Жұмысшылардың еңбекақысынан сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталған сомаға  
3350
 
3394
6. Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың есеп беруі  бойынша ұсталатын сомаларына  
3350
 
1252
7. Бүлінбеген  материалдық-құндылықтардың орнын  толтыру мақсатымен жұмысшылардың  еңбекақы-сынан ұсталынатын сомаға  
3350
 
1252
8. Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың алдыңғы  уақыттарда алған қарыздары үшін ұсталынатын сомаларға  
3350
 
1252
9. Есептелген, бірақ  белгіленген мерзімде тартылмаған  еңбекақы (алушының келмеуіне байланысты)  
3350
 
3394
10. Жұмысшылар  мен қызметкерлерге кассадан төленген еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы және зейнетақы  сомасына  
3350
 
1010
11. Лауазымды тұлға  болып саналатын жұмысшылар мен  қызметкерлерге есептелген төлемдер  
7210
 
3350
12. Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталған табыс салығы сомасы  
3350
 
3190
1 2 3 4
13. Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақы сомасы кассадан төленеді.  
3350
 
3190
14. Жұмысшылардың алдағы уақыттардағы демалыс ақылары  үшін есептелген резерв сомасына 8110,8210

8310,7210

 
3350
15. Есептелген  әлеуметтік салық сомасы 7210,8110

8310,8410

 
3150

 

Қорытынды

   Сонымен бұл тәжірибелік жұмыста еңбекақы және оның міндеттерін қарастырдық. Бірінші бөлімде, яғни еңбек түсінігі және еңбекақы есебінің негіздеріне көңіл бөлінген. Атап айтатын болсақ, қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебі, Еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары, еңбекақы төлеу есебі және еңбекақы ұстау және шегеру есебі қарастырылды.

   Еңбекақы  және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының  шығындары, жұмыс категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды ды күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.

   Еңбек  пен еңбекақы есебiнiң  негiзгi мiндеттерi: өндiрiлетiн өнiмдер мен iстелетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау, еңбек өнiмдiлiгiнiң өciмiн бақылау, жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау, жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды бақылау,еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк қорытынды есептi беру және тағы басқа.

   Тәжірибелік жұмыстың екінші бөлімінде, еңбекақы және оның міндеттері мен оларды есептеу тәртібі, соның ішінде еңбек есебі және нормативтік реттеу, орташа еңбекақыны есептеу тәртібі, еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебін талдадым.

   Кәсiпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердiң бәрiне және олардың әрқайсысына бiр айға төленуге тиicтi еңбекақының жалпы сомасын табу үшiн алғашқы құжаттар бойынша өндiрiлген өнiмдер мен iстелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетiн жалпы соманы анықтап одан ұстaлyға тиicтi сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердiң табысын, оның iшiнде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиicтi еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тiзiлiмi деп атайды. Еңбекақы жөнiнде есеп айырысу төлеу тiзiмдемесi әрбiр жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады.

   Еңбек пен еңбекақы есебiнiң  негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: Өндiрiлетiн өнiмдер мен iстелетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау, еңбек өнiмдiлiгiнiң өciмiн бақылау, жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды бақылау, жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу, өндiрiске жедел басшылық жасау үшiн тиiстi мәлiметтер алу, еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк қорытынды есептi беру.

 

   Қолданылған әдебиеттер 

      1. Ахметов А., Ахметова Г. «Еңбек құқығы» Алматы -2005 ж.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Алматы -2007 ж.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы негізгі заң актілері. Алматы -2006 ж.
      4. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Т-3. Алматы – 2001 ж.  
      5. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2002 жылғы 24 мусымдағы Қазақстан Республикасының №309-11 заңы.
      6. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» Алматы -2005 ж.
      7. Алибекова Б.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Астана-2007ж.
      8. Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» Алматы -2001 ж.

Информация о работе Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі