Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 15:18, курсовая работа
Зерттеудің әдістері: тақырыптың өзектілігіне орай талдау, жинақтау әдістері қолданылды.
Еңбек пен еңбекақы есебiнiң негiзгi мiндеттерi:
Өндiрiлетiн өнiмдер мен iстелетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау.
Еңбек өнiмдiлiгiнiң өciмiн бақылау.
Жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды бақылау.
Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
Өндiрiске жедел басшылық жасау үшiн тиiстi мәлiметтер алу.
Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк қорытынды есептi беру.
Кіріспе………………………………………………………………….…….3
I. Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебі…………….….5
Еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары……………………...……….7
Еңбекақы төлеу есебі және еңбекақы ұстау және шегеру есебі…...12
Еңбекақы және оның міндеттері мен оларды есептеу тәртібі
Еңбек есебі және нормативтік реттеу………………………………16
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі………………………………..18
Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі………………………………..21
Қорытынды…………………………………………………………..……..25
Қолданылған әдебиеттер ……………………
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………
I. Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Қорытынды………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер …………………………………….……………26
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік eceптің рөлi мен мәнi артуда. Шаруашылық үдерiстерi (процестерi) жабдықтау, өндiру және сатудан, өнім өндiру үшiн қажеттiлер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күшi екендiгi белгiлi. Кез келген кәсiпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтердi атқарып жүрген адамдардың еңбегiн дұрыс бағалап, олардың сiңiрген еңбегiне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсiпорынның болмасын күрделi мәселелерiнiң бiрi болып табылады.
Тәжірибелік жұмыстың негізгі мақсаты – еңбекақы және оның міндеттері.
Зерттелу нысаны: Зерттеуге еңбекақы және оның міндеттері жалпы мәселелері алынды.
Зерттеудің әдістері: тақырыптың өзектілігіне орай талдау, жинақтау әдістері қолданылды.
Еңбек пен еңбекақы есебiнiң негiзгi мiндеттерi:
Кәсiпорындaғы еңбеқақыны ұйымдастыpy механизмi жұмысшы күшiнiң еңбекақыға айналу процесiн бейнелейдi. Бұл оның осы заманғы нарықтық шындыққа қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзiнiң негiзгi функцияларында еңбекақының соншалықты орындалуына байланысты. Еңбекақының қабылданған осы үлгiсi мен оны нақты және нақты емес түрiнде есептеу тәсiлi еңбектi бағалау мен нәтижесiнiң өзара байланысын көрсетедi, жай және күрделi жұмыc iстейтiн әр түрлi категориядағы қызметкерлердiң төлемдерiндегi қажеттi үйлесiмдiлiгiн (пропорциясын) қамтамасыз етедi. Еңбектi ұйымдaстырy және оның төлемi жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң арасындағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізеді.
Тәжірибелік жұмыстың негізгі міндеттері қарастырылып отырған курстық жұмыстың тақырыбын толық ашып, сонымен қатар қойылған мақсаттарға қол жеткізу.
Қарастырылып
отырған мәселенің бірінші
Ал тәжірибелік жұмыстың екінші бөлімінде, еңбекақы және оның міндеттері мен оларды есептеу тәртібі, соның ішінде еңбек есебі және нормативтік реттеу, орташа еңбекақыны есептеу тәртібі, еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебін талдадым.
Тәжірибелік жұмыста топтау, талдау және тағы басқа әдістер пайдаланылды. Тәжірибелік жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
I. Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 45-бабына сәйкес қызметкер жеке еңбек келiсiмшартындағы еңбек мiндеттерiн орындайтын yaқыт жұмыс уақыты деп саналады. Жұмыс уақытының қалыпты .ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жеке еңбек келiсiмшартында тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс уақытның ұзақтығын кеміту қарастырылуы мүмкін.
Барлық категориядағы жұмыc iстеушiлердiң жұмыс yaқытын пайдалану есебi жұмысшылар мен қызметкерлердiң белгiленген жұмыс режимiн қадағалауға, атқарылған жұмыс уақыты туралы ақпаратты алуға, еңбекақылық есеп айырысу, сондай-ақ еңбек бойынша статистикалық есептi жасауға арналған «Жұмыc уақытының есеп табелiнде»(Т-13 формасы) жазылады.
Еңбек жайлы есеп беруде көп сапалы қызмет атқаратын кәсiпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеpiн негiзгi қызмет атқаратындар және негiзгi емес қызмет атқаратындар деп eкi топқа бөледi.
Ал өнеркәсiп орындарында қызмет icтеушiлер мынадай eкi топқа бөлiнедi:
1.Өнеркәсiптiң
өндiрiстiк жұмысшылары мен
2.Өнеркәсiптiк ұйымның балансындағы өндiрicке жатпайтын ұйымдардың жұмысшы - қызметкерлерi.
Жұмысшылар мен қызметкерлердiң тiзiмдегi саны кәсiпорындар мен ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбiр қызметкерлердi жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердiң құрамы және олардың жұмыс уақыты да есептеледі.
Кәсiпорындардағы әрбiр қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдiк нөмір берiледi. Бұл нөмip - еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетiледi. Белгiлi бiр кезеңдегi яғни, уақыттағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлерiнiң тiзiмдегi орташа санын анықтау үшiн жұмысшылар мен қызметкерлердiң күнделiктi сандық есебiн жүргiзу қажет. Ол үшiн жұмысшылар мен қызметкерлердiң тiзiмдегi саны әрбiр жұмыс күні сайын жұмысшылар мен қызметкерлердiң жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу бұйрықтары негiзiнде анықталып отырады.
Жұмысшылар
мен қызметкерлердiң уақытша
Жұмысшылар мен қызметкерлердiң демалысқа шығyы, ic-сапарда болуы, жұмысқа себепсiз кешiгуi, тағы басқа жағдайлар табельде тиiстi белгiленген белгiмен көрсетiледi. Ол үшiн әрiптiк, мысалы:
тағы да басқа белгiлер қолданылады.
Табельде жұмысшылар мен қызметкерлердiң тек қана жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгiлеп қана қоймай, олардың жұмысқа кешiккенiн, мерзiмiнен тыс жұмыс iстеген уақытын, жұмыс iстеудiң белгiленген уақытын, тағы басқа себептердi есептеу үшiн белгiлер қойылады.
Өнім өндіру есебі өндірлген өнім саны, аяқталмаған өндіріс және жіберілген ақау; әрбір қызметкердің атқарған жұмысына қарай еңбекақы мөлшерін дұрыс әрі уақытылы анықтау; өңдеуге жіберілген жартылай өңделген өнім және материалдар санымен өндірілген өнімнің сәйкестігін бақылау; өндірістегі топтар мен агрегаттардағы детальдар қозғалысын бақылау туралы нақты және уақытылы деректермен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Еңбекақы төлеу жүйесi, өнiм сапасын бақылау, есептi компьютерлендiру деңгейi және басқа ерекшелiктердi қолдану барысындағы өндiрiстiң ұйымдастыру мен сипатына қарай есеп бастапқы құжаттардың (атқарылған жұмыстың жүктелiмi, бағдарлық құжат, өнiмдiлiк туралы рапорты және т.б.) әр түрлi есептiк әдiстерi мен формалары қолданылады. Есептi оңайлату мақсатында көп күндік бастапқы құжаттap (өнiмдiлiк туралы рапорттар, ведомостар , аптаға арналған жүктелiмдер, декада (он күндiк), бiр ай, жұмыc кезеңi) қолданылуы мүмкін.
Өндiрiстiң жаппай-тасқынды жағдайында өнiмдiлiк дайын өнiмдердi қабылдау бойынша ескерiледi. Әр бригада мүшелерiнiң өндiрген өнiмi мастер немесе бригадир толтырған өнiмдiлiк туралы рапорт негiзiнде есептеледi. Бұл рапорттардың негiзiнде бригада мүшелерiнiң еңбекақысы есептеледi.
Өндiрiстiң серuялық сипатында өнiмдiлiк ауыстыру үшiн өнiмдiлiк рапортымен ұштастырылған бaғдарлық құжаттың көмегiмен ескеpтiледi. Егер бұйымды өңдеу ұзақтығы бiр ауысымнан аспаса, онда бiр рапортпен де шектелуге болады. Технологиялық картамен немесе кестемен бекiтiлген детальдар партиясына арналған бағдарлық құжатты жоспар бөлiмiндегi жұмысшылар ертерек жазып қояды. Бағдарлық құжат детальдар партиясына жаздыpылады, ол өңдеу операциялары бойынша өндipic процесiнде оны жалғастырды.
Жеке
немесе ұзақ сериялы өндірістегі өнімділік
есебі мен еңбекақы есебі кесімді еңбек
төлеміне арналған жүктелімде (Т-41 формасы
– жекелік, Т-41а – бригадалық) жүргізіледі.
Орындалған міндеттің ұзақтығына байланысты
жүктелім ауысымға немесе одан да ұзақ
мерзімге көшіріледі. Көшірілімнің негізі
етіп технологиялық карта немесе учаскінің
(цехтың) өндірістік бағдарламасы алынады.
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негiзгi және қосымша деп аталатын eкi түрге бөлiнедi.
Негiзгi еңбекақы бойынша есептеудi ұйымдастыру.
Негiзгi еңбекақы – бұл қызметкерлерге (персоналдарға) нақты жұмыс істеген уақыты, орындаған жұмысының немесе өндірген өнімнің саны мен сапасы үшін белгiленген бағалау немесе қызметақы бойынша есептелетiн еңбекақы. Негiзгi еңбекақыға мына төмендегi аталғандар жатады:
1. Мерзiмдi және кесімді еңбекақы.
2. Сыйлықтар мен сыйақылар.
3 Үстеме сыйлықтар.
Негiзгi еңбекақы құрамына мыналар кiредi:
Егер мезгiлдiк еңбекақыдағы жұмысшы техникалық процеске қатыспаса немесе жабдықты жөндеумен айналысса, оның еңбегi кесiмдi еңбекақыдағы жұмысшылардың тарифтiк мөлшерлемесi бойынша (бұйрыққа сәйкес) төленуi мүмкін.
Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгiленген, жұмысшылар мен қызметкерлердiң жұмыс icтемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетiн төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
1.
Жұмысшылар мен
2.
Жұмысшылар мен
3 Жас сәбилi аналарға берiлетiн демалысқа, баланы тамақтандыру үшiн берiлетiн үзiлiстерге төленетiн төлемдер.
4.
Жас өcпipiмдepдің
5.
Жұмысшылар мен
6.
Тегiн көрсетiлген немесе
7.
Жоғары немесе арнаулы оқу
орындарында және басқа да
мамандығын көтеру курсына
8.
Әскери жиындарға қатысқаны
Информация о работе Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі