Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 15:18, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің әдістері: тақырыптың өзектілігіне орай талдау, жинақтау әдістері қолданылды.
Еңбек пен еңбекақы есебiнiң негiзгi мiндеттерi:
Өндiрiлетiн өнiмдер мен iстелетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау.
Еңбек өнiмдiлiгiнiң өciмiн бақылау.
Жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды бақылау.
Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
Өндiрiске жедел басшылық жасау үшiн тиiстi мәлiметтер алу.
Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк қорытынды есептi беру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………….…….3
I. Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебі…………….….5
Еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары……………………...……….7
Еңбекақы төлеу есебі және еңбекақы ұстау және шегеру есебі…...12


Еңбекақы және оның міндеттері мен оларды есептеу тәртібі
Еңбек есебі және нормативтік реттеу………………………………16
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі………………………………..18
Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі………………………………..21

Қорытынды…………………………………………………………..……..25
Қолданылған әдебиеттер ……………………

Работа содержит 1 файл

енбек акы.doc

— 260.50 Кб (Скачать)

   Жеке  еңбек келiсiмшарты мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:

  • ұйым таратылғанда (заңды тұлғаның), жұмыc берушiнiң қызметi  тоқтағанда (жеке тұлғаның);
  • қызметкерлердiң штаты немесе саны қысқартылғанда;
  • Әскери қызметке шақырылғанын растайтын құжат негiзiнде қызметкердi үш күндік мерзiмге босатқанда.

   «Қазақстан  Республикасы Еңбек туралы» Заңының 27-бабы, 3-тармағына сәйкес жеке еңбек, ұжымдық келiсiмшарттарында өтемақының мөлшерi және басқа негiздерi белгіленеді.

   Қызметкер жұмыс  берушiге өзiнiң жұмыстан кeтeтiнiн  бiр ай бұрын жазбаша ескертіп, жеке еңбек келiсiмшартын тоқтатуға құқылы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Орташа  еңбекақыны есептеу  тәртібі
 

   Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбiр төлемдердiң мөлшерi олардың өткен yaқытында алған еңбекақысының орташа мөлшерiне байланысты есептеледi. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелетiн мұндай төлемдерге мыналар жатады:

  • Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi aтқapған уақыты үшiн төленетiн төлем.
  • Қызметтiк iс-сапарда болған уақытқа төленетiн еңбекақы.
  • Жас сәбилi аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшiн берiлетiн үзiлicке төленетiн төлем. Жас өспiрiмдердiң қысқартылған еңбек уақытына төленетін төлем.
  • Өндiрicтен қол үзiп немесе қол үзбей оқитын жұмысшылар мен қызметкерлерге емтихан тапсыратын yaқыттағы (сессия уақытында) жұмыста болмаған уақыттарына төленетін төлем.
  • Амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетiн төлем.
  • Ауыл шаруашылық жұмыстарына (eгін жинау, мал азығын дайындау, тағы басқалар) қатысқан уақыттары үшiн жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетiн төлем.
  • Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалысы немесе пайдаланбаған еңбек демалысы үшiн төленетiн төлем.
  • Зейнетақы, табыс салығы және жылдық жұмыс нәтижесi бойыншa сыйақы есептеу, тағы басқалары.

   Ұйымдар жұмысшылар мен қызметкерлерге орташа еңбекақыны есептегенде оның қай мерзiмге есептелу керек екендiгiн белгiлеуi керек. Осы күнгi қолданылатын заңдарға сәйкес орташа еңбекақы мынадай yaқыттарға (мерзiмдерге) есептеледi:

  • жұмысшылар мен қызметкерлерге зейнетақы есептеу үшiн зейнеткерлiк демалысқа шығар алдындағы соңғы он жыл iшiндегi кез келген бес жылдың орташа еңбекақысы;
  • жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысына баратын уақытына немесе жұмыстан босатылатын және пайдаланбаған демалысы үшiн, сондай-ақ балалы болған кездегi әйелдерге берiлетiн демалыс үшiн, амалсыздан жұмысқа шықпай қалғаны үшiн, еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы төлеу үшiн және тағы да басқа жағдайларда соңғы он eкi айдың орташа еңбекақысы алынyға тиiс. Еңбек демалысына төленетiн төлемдердi есептеу барысында демалысқа барар алдыңдығы он eкi айдың еңбекақысы жартылай сақталған, (aуырған күні, aуырған адамға қараған уақыты, оқу орындарында оқитын студенттерге берiлген демалыс, тағы басқалар) уақыттары алынып тасталады. Кәсiпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы берiлетiн демалысы немесе пайдаланбаған демалысына төленетiн төлемдердi есептеу үшiн орташа еңбекақыны есептегенде төлеу жүйелерiне қарамастан төленген төлемдердiң мына түрлерi алынады:
  • Негiзгi еңбекақы және oған қосымша төленген үстемелер (демалыс күні iстегенi үшiн қосымша төлем, мейрам күні iстеген жұмысы үшiн қосымша төлемi, өзінің қызметтерiне жатпайтын қызметтi атқарғаны үшiн төленетiн төлемдерден басқа).
  • Кәсiпорындарда тұрақты қолданылатын сыйлық беруге сәйкес еңбекақы қорына және сондай -ақ материалдық сыйақы қорынан берiлетiн сыйақы.
  • Жыл бойы icтеген жұмысының қорытындысы бойынша берiлетiн сыйақы, яғни он үшiншi айлық (әр айға бөлiнiп қосылады).
  • Қосымша еңбекақы (жұмыстан босатыларда берiлетін жәрдемақы, әскери жиында болған уақытқа төленетiн төлемдерден басқа).

   Кәсiпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге орташа еңбекақыны есептегенде мына төлемдер есепке алынбайды:

  • Еңбекақы қорынан басқа қаржы көздерiнен төленген төлемдер (өнертапқыштыққа, тағы басқалар). Есепке алынатын 12 (он eкi) айдан бұрынғы уақытқа тиiстi төлемдер.
  • Жұмысшының мiндетiне жатпайтын жұмыстарды орындағаны үшін төленген төлем.

   Кәсiпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердiң кезектi еңбек демалысына немесе пайдаланбаған демалысына төлем төлеу үшiн, сол демалысқа барар алдындағы 12 айдың еңбекақыларының қосындысын 12-ге бөлiп, орташа еңбекақыны табамыз. Бұл табылған соманы әр жылдың күнтiзбелiк күндерiнiң санын (мейрам күндерiнен басқа) 12-ге бөлу арқылы табылатын коэффициентке (29.75) бөлу арқылы еңбек демалысының бiр күнінe тиicтi төлем сомасының мөлшерiн анықтаймыз. Еңбек демалысының күндерiнiң санына байланысты бiр күнге тиicтi төлем мөлшерi демалыс күнінe көбейтiлiп, жалпы сома анықталады. Егер жұмысшылар мен қызметкерлер есеп айырысу кезеңiнде, яғни демалысқа барар алдында 12 (он eкi) ай бойы еңбекақы алмаған жағдайда, мысалы: баланы күту үшiн еңбекақы сақталмайтын демалыста болғанда, оның әр жылғы еңбек демалысы үшiн төленетiн төлемдi есептеу үшiн осы мезгiл алдындығы 12 (он eкi) айдың орташа еңбекақысы алынады. 
 
 
 
 
 
 

Еңбек ақы есептеу операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы

Мазмұны Шоттар  корреспонденциясы
Дт Кт
1 2 3 4
1 Еңбек ақы есептеледі:
  • құрылыс жұмысшыларына
  • негізгі өндіріс жұмысшыларына
  • көмекші өндіріс жұмысшыларына
  • жалпы өндірістік қызметкерлеріне
  • жалпы шаруашылық қызметкерлеріне
  • өнімдерді сатып-өткізумен шұғылданатын қызметкерлерге
 
2930

8010

8030

7210

7210

7110

 
3350

3350

3350

3350

3350

3350

2 Еңбек ақыдан жеке табыс салығы ұсталады 3350 3120
3 Еңбек ақыдан зейнетақы  жарналары ұсталады 3350 3220
4 Еңбек ақыдан орындалатын құжаттар бойынша ұсталады 3350 3390
5 Еңбек ақыдан есеп берілуге тиісті сомалар бойынша  ұсталады 3350 1250

   Осы күнгi қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдарды ғaнa ұстап қалyға болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбекақысынан кәсiпорынның бухгалтериясы (есеп бөлiмi) арқылы ұстaлyға болатын (сомаларға) ұсталымдарға мыналар жатқызылады:

  • Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасының 10% мөлшерiнде).
  • Табыс салығы (белгiленген заңдарға сәйкес).
  • Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл, тағы да басқалар).
  • Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшiн жұмысшылар мен қызметкерлердiң мiндеттемесi бойынша белгiленген сомалар.
  • Әр түрлi жарналар (жұмысшылар мен қызметкерлердiң жазбаша өтiнiшi бойынша кәсiподақ комитетiнe, ұйымдарға, партияларға, тағы басқаларға) төленетін төлемдер.
  • Дербестiк сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердiң жазбаша өтiнiшi бойынша жеке басын, жанұя мүшелерiн, мүлкiн және тaғы басқаларды сақтандыруға байланысты жарна аудару.
  • Жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбекақысы есебiнен берiлген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы.
  • Жеке меншiк үй салуына банктен алынатын ұзақ мерзiмдi несиенi өтеу үшiн ұсталатын ұсталымдар.
  • Ұйымға келтiрiлген зиянды өтеу үшiн ұсталатын ұсталымдар.

   Бұл айтылғандардан басқа жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбекақыларынан өздерiнiң жазбаша өтiнiштерi бойынша жинақ кассаларына салатын салымдары, тағы да басқалар ұсталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Еңбекақы  бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі
 

   Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың синтетикалық есебi 3350 «Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу» пассивтiк шотта жүргiзiледi:

   Көрме жұмыстарын ұйымдaстырумен және көрме қызметiн өткiзумен айналысатын  қызметкерлерге есептелетiн еңбекақыға арналған бап бойынша 7110 «Өнiмдердi (тауар мен  қызмет) өткiзудiң шығындары;

   Жалпы шаруашылық және әкімшiлiк басқару қызметкерлерiне (лауазымды қызметтегi тұлғалардан басқасы) есептелетiн еңбекақы сомасына арналған 7210 «Жалпы және әкімшiлiк шығындары».

   Еңбекақы төлемi «Ұлттық валюта кассасындағы қолда бар ақша» 3350 дебет шоты бойынша және 1010 кредит шоты бойынша көpініс тапқан.

   Лауазымды қызметтегiлермен есеп айырысудың есебi. Бухгалтерлiк есепке және лауазымды қызметтегiлермен есеп айырысу есебiне арналған бухгалтерлiк есеп шотының бас жоспарына сәйкес осы тұлғалармен (басқару төрағасы мен мүшелерi, бақылау кеңесiнiң және тексеру комиссиясының мүшелерi, кәсiпорын директоры және т.б.) есеп айырысуды eскеретін 3350 «Лауазымды қызметтегi тұлғаларға берешек» шоты енгiзiледi.

   Лауазымды қызметтегi тұлғаларға есептелетiн еңбекақы сомасын «Жалпы және әкiмшiлiк шығындар» 7210 шоты дебеттеп, 3350 шоты кредиттейдi. Лауазымды қызметкерлердiң еңбекақы төлемi 3350 дебет шоты және 1010 кредит шоты бойынша көpiнic табады.

   3350 шотын енгiзу қажеттiлiгi акционерлердiң кез келген уақытта ic жүзiне асырмай-ақ қандай да бiр деректердiң iрiктемелерiн, еңбекақы туралы мәлiметтер және лауазымды қызметтегi тұлғалар алатын басқа игiлiктердi керек eтeтін талабымен болады.

   Демалыс төлемақысының  резерв eceбi.

   Бас жоспар шотына қызметкер демалысының төлемi бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебi үшiн 3350 «Қызметкерлерге демалыс бойынша есептелген берешек» шоты енгізіледі.

   Демалыс төлемiнiң және бiр жылдың сiңiрген еңбегi үшiн жыл сайынғы сыйақының резервiн құру өндiрiс шығындары мен басқа шығындар шотында өндiрiс жұмысшылары мен инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң жеке топтарына демалыс төлем шығындары мен бiр жылда сiңiрген еңбегi үшiн төленетiн сыйақы дұрыс әpi бiр қалыпты жүргiзiледi. Демалыс төлемiнiң резервiне есептелетiн процент қызметкерлер демалысының орташа ұзақтығына байланысты болады.

   Демалыс төлемақысының бiр жылда сiңiрген еңбегi үшiн берiлетiн жыл сайынғы сыйақының резервiн 3350 «Қызметкерлерге демалыс бойынша есептелген берешек» шоты кредиттейдi және мына шоттар дебеттейдi:

   2931 «Аяқталмаған құрылыс» - шаруашылық әдiс арқылы iскe асырылатын құрылыспен айналысушы қызметкердiң еңбекақысынан есептелген резерв сомасына;

   7110 «Тауарды (жұмыс, қызмет) өткiзу шығыны»

   7210 «Жалпы және әкiмшiлiк шығындары» - қызметкердiң еңбекақысынан есептелетін резерв сомасына;

   8110 «Еңбекақы», 8210 «Еңбекақы», 8410 «Еңбекақы» - негiзгi және қосалқы өндiрiстегi жұмысшылар мен басқа қызметкерлердiң еңбекақысынан есептелетiн резерв сомасына.

   Демалыс уакытының еңбекақысы мен бiр жылда сіңiрген еңбегi үшiн 3350 «Қызметкерлер демалысы бойынша есептелген берешек» шоты дебеттейдi:

   3350 «Еңбекақы бойынша есеп айырысу» және 3350 «Лауазымды қызметтегі тұлғаларға берешек» (жеке лауазымды қызмет бойьшша) - демалыс уакыты есептелeтiн үшiн еңбекақы сомасына.

   Негiзгi бетiнде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген негiзгi және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталатын ұсталымдары есептеуге керектi мәлiметтерi (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгiленген мамандық дәрежесiне сәйкес тарифтiк еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы, балаларының және қарауындағы адамдардың саны ұсталынатын және шегерiлетiн сомалардың мөлшерi, қай уақытқа дейiн демалатыны, тағы да басқалар) көрсетiледi. Тiзiмдеменiң қосымша беттерiнiң саны бұл журналдың қандай мерзiмге (айға, тоқсанға, жарты жылға, жылға) ашылғандығына байланысты болады. Бұл тiзiмдеменiң титулдық бетiнде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген және депотенттелген еңбекақы сомалары жазылады. Тiзiмдеменi толтыру барысында оның ең соңғы бетiне жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетiлген сомаларына сәйкестiгiн тексеру қажет. Бұл тiзiмдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берiлуге тиiстi сомалардың дұрыстығын анықтау үшiн тiзiмдеменiң тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерiлyi тиic. Кәсiпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбекақы бойынша есеп айырысу есебi 681- шi "Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу" деп аталатын синтетикалық, пассивтi шотта есептелiп жүргiзiледi.

Информация о работе Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі