Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 15:18, курсовая работа
Зерттеудің әдістері: тақырыптың өзектілігіне орай талдау, жинақтау әдістері қолданылды.
Еңбек пен еңбекақы есебiнiң негiзгi мiндеттерi:
Өндiрiлетiн өнiмдер мен iстелетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау.
Еңбек өнiмдiлiгiнiң өciмiн бақылау.
Жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды бақылау.
Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
Өндiрiске жедел басшылық жасау үшiн тиiстi мәлiметтер алу.
Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк қорытынды есептi беру.
Кіріспе………………………………………………………………….…….3
I. Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебі…………….….5
Еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары……………………...……….7
Еңбекақы төлеу есебі және еңбекақы ұстау және шегеру есебі…...12
Еңбекақы және оның міндеттері мен оларды есептеу тәртібі
Еңбек есебі және нормативтік реттеу………………………………16
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі………………………………..18
Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі………………………………..21
Қорытынды…………………………………………………………..……..25
Қолданылған әдебиеттер ……………………
Жұмыc берушiнiң таза табыс есебiне алынған, кәсiпорын қызметiмен қатысы жоқ кәсiпорын қызметкерлерiнiң тiкелей және жанама табысына Салық кодексiде бекiтiлген мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.
Жеке табыс және әлеуметтiк салықтардың мөлшерлемелерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiндегi Салық комитетiнiң 7.11.2003ж. №445 «Жеке еңбек салығын есептеу және ұстay және әлеуметтiк салықты және ҚР СК 145-бабын есептеу тәртiбi туралы» Бұйрығымен бекiтiлген. :
МРП 1092*12 ай = 13104
13104*20 = 262080
Жеке тұлғаның салық салынатын табысы Салық кодексінің 145-бабында белгiленген мына мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады:
|
Төлемақы
көздерiнен ұсталатын табыс
Жеке тұғаның салық салынатын табыс, бiр айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен шегеру салық жылының басынан бастап өсу қорытындысымен саналады. Жұмыc орны өзгеретiн болса, жеке тұлға жаңа жұмыс орнының бухгалтериясына бұрынғы жұмыc орнынан алған табысы мен төлеген салығы туралы анықтама өткiзуi керек. Табыс салығы өткен айда ұсталған салықты есепке алумен теңгеде өсу қорытындысын ескеpeтін ай сайынғы табыспен есептеледi. Жеке тұлғаның төлем көзiнен ұсталатын табыс салығының есебi ағымдағы салық жылында бiр қалыпты (ай сайын) жүргiзiледi.
Азаматтарды
зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасында азаматтарды
Салық салу объектiлерiне жұмыc берушiге материалдық әлеуметтiк игiлiктер түрiнде және басқа материалдық пайдалар түрiнде берiлген табыстарды қоспағанда жұмыс берушiнiң қызметкерге ақшалай және заттай түрiнде төлейтiн шығындары жатады. Әлеуметтік салық қаржыландыру көзіне қатысы жоқ тиiстi салық ұстayғa дейiн есептеледі.
Салық төлеушiлер төлемiнiң мына түрлерi бойынша әлеуметтiк салықты есептемейді: кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын бiлiмi жоқ заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан ұсталатын, жинақтаушы зейнетaқы қорындағы жеке тұлғалардың мiндeтті зейнетақы жарнасы; пайдаланылмаған демалыс өтемақысы; жұмыстан босатудағы қызметтен босату жәрдемақысы; заңға сәйкес белгiленген өтемақының төлемдерi; қызмет ету аймағы шегiнде қызмет сапарымен байланысты болуы да мүмкiн аралау сипатындaғы немесе ұдайы жол үстіндегі істелетiн тәулiктiк жұмыстың орнына еңбекақыдағы қосымшa aқы мен үстеме ақы; арнайы киімдер, арнайы аяқ киiмдер және басқа жеке қopғaнысқа арналған нәрселер, сабын, арықтататын нәрселер, сүт пен емдеу-сақтандыру тағамдарының құны; сапар, мүлiктi тасу, ауыстыру барысындағы ғимаратты жалдау немесе басқа орындағы жұмысқа бару бойынша шығындарды өтеу төлемi; Үкiметаралық келiсiм бойынша немесе халықаралық қоғамдық ұйымдар желiсi бойынша болатын төлемaқы.
Салық төлеушiлерге жататындар:
Әлеуметтiк салықты төлеушi салық төлемiн өзiнiң тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады.
Әлеуметтiк салықты төлеу ай сайын айдың екiншi жартысы үшiн еңбекақы төлемiмен белгiленген мерзiмде жүргiзiледi, алайда ол еңбекақы төлемiне қатыссыз келесi айдың 15-шi күнінен кешiктiрмей төленуi керек.
Әлеуметтiк жәрдемақы декларациясы келесi тоқсан үшiн айдың 15-шi күнiнен кешiктiрiлмейтiн есептiк кезеңге берiлдi. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер әлеуметтiк салық декларациясын бiрыңғай жер салығы бойынша декларацияны беруге арналған «Салықтар және бюджетке мiндеттi басқа төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексiмен белгiленген мерзiмде ұсынaды.
Есептеу шегiнде төленген салық сомасы шегерiмге жатады.
Әлеуметтiк салық бойынша бюджетпен нақты есеп айырысу есеп беру кезеңi күнтiзбедегi бiр ай болып табылады.
Сот шешiмiне, нотариалдық органның орындаушы жазбасына, сондай-ақ әкiмшiлiк органдары қатаң тәртiппен өндiрiп алу өндiрiсi туралы қабылдaған қаулысына сәйкес берiлетiн орындау құжаты ұсталымдар (орындау қағазымен) негiзгi еңбекақыдан да, сонымен бiрге сыйлықақы, зейнетақы, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы және т.б. тұрақты сипаттағы барлық төлемақылар арқылы жүзеге асырылады.
Келiп түскен орындау құжаты арнайы тiзiлiмде тiркелуi керек.
Қызметкерге
сауда ұйымдарынан кредитке алған
тауар үшiн берiлетiн тапсырма-
Кәсiпорын берешегiн жабу тәртiбiмен жүзеге асырылатын шегерулер (қызметкердiң кәсiпорыннан алған авансы, қате төленген демалыс күндepi үшiн алған сомасы, қызметкердiң кәсiпорынға келтiрген мүлiктiк зиянның өтeyi) белгiленген тәpтiп бойынша әкiмшiлiк шешiммен жүзеге асырылады.
«Қазақстан
Республикасы Еңбек туралы» Заңының
91-бабына сәйкес қызметкер жұмыс
берушiге мына жaғдайларда зиян шектiргенi
үшiн толық материалдық
Еңбек және еңбекақы есебi - жұмысшылар санының өзгеруi, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндiрiстiк шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әpi оперативтiк деректердi талап ететін аса маңызды да күрделi жұмыстардың бiрi болып табылады.
Еңбек және еңбекақы деректерi өндiрiстiк процестi оперативтi басқару үшiн қажет. «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5-бабына сәйкес жұмыс берушi мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативтi құқықтық актiлермен, еңбек заңына сәйкес бекiтiлген ұжымдық келiсiмшартпен реттеледi.
Еңбек және оған ақы төлеу есебiнiң негiзгi мiндеттерiне жататындар:
орындалуын, еңбектiң саны мен сапасын бaқылау;
Әрбiр
қызметкердiң еңбекақының
Еңбекақы мөлшерiн жұмыс берушiнiң өзi белгiлейдi және жұмыс берушi белгiленген еңбекақы мөлшерi Қазақстан Республикасының заңында белгiленген ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерiнен төмен болмауы керек.
«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңына сәйкес қызметкердiң мынадай құқысы бар:
Жұмыс берушiнiң құқықтары:
Жұмыc берушiнiң мiндеттерi:
Жеке еңбек келiсiмшартында негiзгi тармақтар қамтылуы керек:
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 13-бабына сәйкес қызметкердің еңбек eтeтiнiн растайтын құжaттapғa мыналар жатады: еңбек кiтапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келiсiмшарты немесе жұмысқa қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны туралы борыштық көшiрмесi.
Қызметкерге еңбек жағдайының өзгеретiнiн бiр ай бұрын (одан кем болмауы керек) хабарлау керек.
Еңбек жaғдайы өзгерген жағдайда жеке еңбек келiсiмшартына сай толықтырулар мен өзгертулер енгiзiледi. Егер қызметкер жаңа жағдайда жұмыс істеуге келiсiмiн бермесе, онда «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңға сәйкес онымен келiсiмшарт бұзылады.
Өндiрiстiк қажеттiлiк пайда болған жағдайда жұмыс берушi қызметкердi бip айға дейiн оның келiсiмiнсiз жеке еңбек келiсiмшартындa қарастырылмаған және денсаулығына қауiп төндiрмейтiн сол орындaғы, сол орындағы басқа жұмысқа бұрынғы жұмысындағы айлық еңбекақысынан кем болмайтын еңбекақымен ауыстырyға құқы бар.
Мұндай ауыстыру стихиялық апаттың, өндiрiстiк апаттың алдын алу немесе немесе салдарын дереу залалсыздандыру қажет болған жaғдайда ғана iске асырылады.
Қызметкердi денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 23-бабындағы қарастырылған шарттары мен тәртiптерi бойынша жүзеге асырылады.
Информация о работе Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың талдамалық және топтамалық есебі