Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 19:54, курсовая работа
Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.
Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар ос
3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер мен акционерлік капитал болжамға өзгеріссіз алынады. Бөлінбеген пайда таза тадыстың дивидендтерге және өткізілген өніиінің таза рентабельдігенің нормасы есебінен болжанады: базарлық кезеңнің бөлінбеген табысына болжанған таза табыс қосылады және дивидентер есептелінді (болжанған таза табыс, таза табыстың дивидентерге бөліну номасы көбейтілген).
Осының барлығын есептеп, қажетті активтерді пасивтермен өтеу үшін қанша пассив жетіспейтіндігін анықтайды – бұл сырттан қаржыландырудың қажетті толықтаушы сомасы болып табылады. Бұл соманы сонымен қатар формула арқылы есептеп шығаруға болады.
Формулардан көрініп тұрғандай, сырттан қаржыландырудағы қажеттілік активтер көп болса сонша көп болады, түсімдер өсімінің барысы және таза табысты дивидентерге бөлу нормасына байланысты; пассивтер қаншаға көп болса және өткізілген өнімінің таза рентабельдігі неғұрлым көп болса, соғұрлым аз болады.
Осыған байланысты, қалауыңыз бойынша өткізіоген өнімінің таза рентабельдігін (болашақтағы) есепке алуға болады, сонымен қатар таза табысты дивидентерге бөлудің прогностикалық нормасын есепке алуға болады.
Қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігіне бюджеттік процесс жатады, яғни болашақ іс - әрекеттеуде қаржы ресурстарын қолдану және қалыптастыру. Қаржы жоспарлары табыстар мен шығыстардың өзара байланысын қамтамасыз етеді, кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі көрсеткіштеріне байланысты.
Кәсіпорында бюджеттеу процессі бюджеттік көрсеткіштердің орындалуын бакылау және басқару, жалпы қаржылық және оперативті бюджетті құрастыру салаларындағы жұмыстарды біріктіреді.
Бюджет дегеніміз – бұл жоспардың сандық орындалуы, белгілі мерзімдегі табыс пен шығысты сипаттайтын және капиталды жоспарда берілген мақсаттарға жету үшін тартылуы. Бюджеттің берілгендері болашақ қаржылық операцияларды жоспарлайды, яғни ұйғарылған әрекеттерді орындау ұшін кұрылады. Осы бойынша кәсіпорын қызметінің тиімділігін бақылау және бағалау негізі ретінде бюджеттің рөлі анықталады.
Бюджеттік жоспарлау - кұрылымдық бөлімшелер немесе ұйымның қызмет салалары бойьшша жеке бюджеттерді әзірлеу процесін білдіретін жоспарлаудың детальданған деңгейі. Бюджет - әдетте жоспарланған кірістер мен шығыстарды көрсетуші белгілі бір кезең уақытына дейін әзірленіп, қабылданған акшалай түрдегі сандық жоспар. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарын орындауын бағалаудың негізі болып табылады.
Бюджеттегі ақпаратқа деген негізгі талаптар келесідегі: жеткіліктілік, артықтықсыз, айқындылық және жететіндік. Әр кәсіпорын бюджетті құрастыру формаларын өзі таңдайды.
Бюджетті құрастыру жұмысы бірнеше этаптардан тұрады:
- болжау және сату бюджетін дайындау;
- күтілген өндіріс көлемін анықтау;
- өнімді өндіру және өткізуімен байланысты шығындарды есептеу;
- ақша ағымын есептеу және талдау;
- жоспарлы қаржылық есепті құру.
Жоспар оперативті, әкімшілікті, стратегиялық деп бөлінеді. Мезгілі бойынша қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және келешекті (жылдан көп) болуы мүмкін. Детальданған бюджеттер ең көп дегенде әлдеқайда қысқа кезеңге белгілеумен бір жылға жасалады.
Бюджеттік жоспарлаудың сатыларына мыналар кіреді: барлық жауапты орталықтарды жоспарлау; кызметті бағалауда пайдаланатьш көрсеткіштерді анықтау; жаңа ахуалға байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқыға салу; ұсынылған түзетпелерді ескеру арқылы жоспарды түзету.
Бюджет қызметіне мыналар жатады: көзделген мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлайды; әр түрлі қызметтерді жэне жеке бөлімшелерді үйлестіреді; өз мақсаттарына ұмтылатын жауапты орталықтардьщ басшыларын ынталандырады; жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болады.
Бас бюджет (мастер - бюджет) - барлық бөлімшелерге немесе тұтас ұйымның жұмыс жоспарының функцияларына үйлестірілген (1 сурет). Ол екі негізгі бюджеттен тұрады:
- оперативті (агымдагы) - мұнда сегментке немесе ұйымның жеке қызметтеріне (кірістер мен шығыстар туралы болжанған есеп беру) жоспарланған операциялар аударылады;
- қаржылық - мұнда ұйғарылған қаржы көздері және оларды жоспарлы кезеңде пайдаланылатын бағыттар (күрделі шығындар бойьшша шығын, ақша қаражатының жоспары, жоспар балансы жэне ақшаның қозғалысы туралы есеп беру) көрініс табады.
КАПИТАЛ ҚҰНЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Капитал құны – бұл қаржыландырудың әртүрлі типіне қажетті нақты немесе ұйғарылған табыс.
Капитал құнының мағынасы бойынша, өндірістің факторы ретінде капитал өзінің кез-келген формасында белгілі бір құнға ие болады.
Кәсіпорында капитал құнын бағалау үш кезеңмен жүзеге асырылады:
- кәсіпорынның меншікті капиталының жеке элементтерінің құнын бағалау;
- кәсіпорынмен тартатын меншікті капиталдың жеке элементтерінің құнын бағалау;
- кәсіпорынның капиталының орташа өлшенген құнын бағалау.
1) Қызмет көрсетуші меншікті капиталдың құны. Мұндай баға кезінде:
а) баланстық құн бойынша есептік кезеңде қолданылатын меншікті капиталдың орташа сомасы есептеледі;
б) ағымдағы нарықтық бағада кәсіпорында қолданылатын меншікті капиталдың орташа сомасы есептеледі;
в) кәсіпорынның таза табысы арқылы капиталдың меншік иесіне төлеу сомасы есептеледі. Бұл сома кәсіпорын меншік иесіне капиталды қолданғаны үшін төленетін бағаны көрсетеді.
2) Қосымша тартатын акционерлі капиталдың құны жай акция және артықшылығы бар акция бойынша дифреренциаланған баға кезінде есептеледі.
3) Қарыз капиталы мынындай негізгі элементтермен бағаланады:
а) қаржылық несиенің құны (банктік және мүліктік);
б) облигация шығару арқылы тартатын капитал құны;
в) тауарлы несиенің құны;
г) есеп бойынша ағымдағы міндеттеменің құны.
Әр компанияның әрекет жасауы мүмкіндігі, оның қаржыландыру көздері болғанда ғана. Олар экономикалық табиғатымен, пайда болу әдістерімен, шұғылдану әдістері және уақытымен, тіршілік ұзақтылығымен, басқару дәрежесімен айырылады. Бірақта, ең негізгі қаражат көздерінің мінездемесі – бұл капитал құны. Капитал құны концепциясының мәні – қаржы көздерінің қызмет етуі компанияға бірдей болып келмейтіндігінде тұрады. Әр қаражат көзі өзінің бағасына ие болады. Мысалы, банк несиесіне пайыз төлеу керек.
Капитал құны шығында болмайтындай, аталған көзді қолдайтын шығындарды жабатындай табыстың ең төмен деңгейін көрсетеді. Инвестициялық жобаларды талдауда және компанияның қызметін қаржыландыру нұсқауларды таңдауда капитал бағасын бағалауы маңызды орын алады.
Капиталдың құнын анықтағанда Франко Модильяни мен Мертон Миллер өз еңбектерін қосты. Өздерінің жұмыстарында қаржылық мәселелер бойынша, қатаң ғылым түрінде капиталдың құрылымы туралы сұрақты қарастырады және зерттеуге өздерінің ойларын ұсынады. 1958 жылы Франко Модильяни мен Мертон Миллер әр түрлі шектеулер жағдайында капитал құрылымы фирманың құнына қатысты емес екенін және де фирма оны қаржыландыру тәсілдеріне тәуелді емес екенін дәлелдеді.