Дебиторлық борыш

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 19:54, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.
Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар ос

Работа содержит 1 файл

каржылык туралы.doc

— 212.00 Кб (Скачать)

 

 


АКШАНЫҢ УАҚЫТША ҚҰНЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

Ақшаның уақытша құндылығы – бұл ақша қаражатының объективті мінездемесі. Оның мәні келесіде – бүгін бар ақша және болашақта алынатын ақша бір құндылы еместігінде тұрады. Бұл бір құндылық еместік үш негізгі себептермен анықталады:

1) Инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның құндылығын жоғалту, бір жағынан оларды салым жасауға шақырады, яғни инвестициялық үрдісті инвестицияларды; ал басқа жағынан – қалдығы бар ақшаның және болашақта алынытын ақшаның айырмашылығын түсіндіреді.

2) Болашақта алынатын ақшаның алуаның тәуекелділіге. Әр шарт бойнша болашақта ақша түсетіндігі орындалмау, немесе жартылай орындалуы мүмкін.

3) Ақша айналымы – ақша қаражаттары, басқа әр актив сияқты, уақыт өтуімен пайда түсіруге пайдаланылады. Бұл мәнде, аз уақыттан кейін алынатын сома шешім қабылданып жатқан уақытта сомадан асу керек.

Ақша мен уақыт байланысы келесіде:

-                                ақшаны пайда табу үшін жұмсайды;

-                                жұмсалған ақшаны шығару үшін, қаржы салымынан қосымша пайда болуы тиіс немесе үнемділікті қамтамасыз етуге тиіс. Салымды ақтау үшін, пайда мен кіріс көлемі жоғару болу керек;

-                                қаржы салымдарын тиімді деп санауға болады, егер салымнан түскен пайда немесе кіріс инвестордың осы кірісті алғанға дейінгі шығындарын жауып, өзіне қажетті пайда түсіреді.

Сондықтан, қаржы салымдарын бағалау барысында, қаржы салымдарының мерзімі әртүрлі екенін ескере отырып, одан түсетін пайданың көлемін анықтау қажет. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі – бұл ақша құнының уақыт бойында өзгеріп отыратынын есепке ала отырып, бағалау әдісі.

Ағымдағы бағаға пайыз қою арқылы болашақта қолма – қол қаражат алу үрдісі – дисконттау деп аталады, ал алынған қолма – қол қаражат көлемі - дисконтты баға деп аталады.

Пайыздар деп капиталды әртүрлі формада (несие, ссуда) қарызға беруден немесе өндірістік және қаржылық сипаттағы инвестициядан түскен табыс.

Пайыздарды есептеу үшін екі әдіс қолданылады:

-                     декурсивті әдіс – пайыздар әрбір есептеу интервалдың аяғында есептелінеді. Олардың мөлшері алғашқы капиталдың көлемінен есептелінеді. Декурсивті пайыз ставкасын ссудалық пайыз (r) деп атайды. Практикада декурсивті әдіс қолданылады.

-                     антисипативті әдіс - пайыздар әрбір есептеу интервалдың басында есептелінеді. Олардың мөлшері болашақ капиталдың көлемінен есептелінеді. Антисипативті пайыз ставкасын есептеме пайыз (d) деп атайды.

Барлық есептеу кезеңінде алғашқы ақша жиынтығына қолданылатын пайыздар жай пайыздар деп аталады және келесі формуламен есептелінеді:

I = PV*n*r,                                                                                                                                             (1)

I – табыс көлемі немесе пайыздық төлем;

PV – алғашқы капитал;

n – қаржы операцияның ұзақтығы (жыл);

r – ондық бөлшек түріндегі пайыз мөлшері (мысалы 10% = 0,10).

Егер қаржы операциясының ұзақтығы бір жылға толмаса, онда n = t / T, мұнда t – күнмен есептелінген қаржы операциясының ұзақтығы, Т – бір жылдағы күн саны.

Күрделі пайыздарды есептеу – дисконттауға қарсы үрдіс, себебі қазіргі кезде қолда бар ақшаның болашақтағы құны күрделі пайыздар көмегімен анықталады:

I = PV*((1 + rс)n – 1)                                                                                                                              (2)

Ақшаның болашақ құны (FV) – бұл қазіргі кезде инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны.

Ақшаның ағымдағы құны (PV) – болашақ ақша ағынының дисконтталған құны.

Әр түрлі қаржы операциялары бойынша есептеулер жүргізу барысында, көп жағдайда эквиваленттік пайыздық ставкаларды анықтау қажеттілігі туындайды.

Балама пайыздық мөлшерлемені қаржы операцияларын таңдау мүмкіндігі болған жағдайда және әр түрлі пайыздық мөлшерлемелерді дұрыс салыстыру үшін аспап қажет болған жағдайда білу өте маңызды. Балама пайыздық мөлшерлемені анықтау үшін балама теңдігі қолданылады, осы теңдікті құру принципі келесі: әр түрлі пайыздық мөлшерлемелерді қолдана отырып, есептеуге болатын қандай да бір көлем (шама) таңдап аламыз (әдетте FV), осы шамаға сәйкес екі теңдеуді негізге ала отырып балама теңдігі құрылады, бұдан арасындағы өзара тәуелділікті көрсететін қатынас пайда болады.

Қаржылық және коммерциялық есептеулердегі негізгі ұғымдардың бірі болып аннуитет табылады. Аннуитетті төлемдердің схемасының логикасы қарыздық бағалы қағаздарды бағалауда, инвестициялық жобаларды талдауда және аренданы талдауда қолданылады.

Аннуитет – бұл дүркін-дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента немесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсететді.

1) Мерзімді аннуитетті есептеу. Аннуитет ақша ағымының жекеленген түрі болып табылады. Оны анықтаудың 2 жолы белгілі. Біріншісі бойынша аннуитет элементтері бірдей уақыт интервалдары арқылы орын алатын бір бағыттығы ақша ағымы болып табылады. Екіншісі қосымша шектеуді енгізеді: ақша ағымының элементтері көлемі бойынша бірдей болады. Егер бірдей уақыттық интервалдардың мөлшері шектеулі болса, аннуитет мерзімді деп аталады.

2) Мерзімсіз аннуитет. Егер ақша түсімдері ұзақ уақыт бойы жалғастырылса аннуитет мерзімсіз деп аталады. Мерзімсіз аннуитетке мысал: кейбір мемлекеттердің шығаратын үкіметтік облигациялары, олар бойынша ретті купонды төлемдер жүргізіледі, алайда олардың белгіленген мерзімі болмайды. Батыс практикасында мерзімсіз аннуитетке 50 жылдан жоғары уақытқа белгіленген аннуитет жатады. Мерзімсіз аннуитет өмірлік рента деп те аталады.

 

 

 


ТӘУЕКЕЛДІК МЕНЕДЖМЕНТ – ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЭЛЕМЕНТІ

 

Тәуекелдік дегеніміз мүмкін болатын қауіп шығындары. Қаржылық менеджерге тәуекелдік – бұл қолайсыз мүмкіндігі. Тәуекелдік – бұл экономикалық дәреже, ол болатын немесе болмайтын оқиғаны көрсетеді. Тәуекелдік – қаржылық дәреже де болады. Сондықтан, тәуекелдіктің көлемі мен дәрежесіне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Осындай әсер ету арқылы қаржылық менеджменттің тәсілдерімен ерекше стратегияның көмегімен орындалады. Стратегия мен тәсілдер жиынтығы тәуекелдікті басқару механизмін ұйымдастырады, яғни тәуекелдік – менеджментті.

Сондықтан тәуекелдік – менеджмент – бұл қаржылық менеджменттің бөлімі. Тәуекелдік – менеджменттің функциялары: болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

Тәуекелдік менедждмент дегеніміз нарықтық қатынастар мен тәуекелдікті басқару жүйесі. Тәуекелдік менеджменттің құрамына басқару тактикасы мен стратегиясы енеді.

Стратегия – бұл дұрыс және тиімді болжауға негізделген басқару және жоспарлау өнері. Тәуекелдік менедждменті стратегиясының ережелері келесі:

-                     ұтысты барынша көбейту;

-                     нәтиженің оңтайлы ықтималдығы;

-                     нәтиженің оңтайлы ауытқуы;

-                     ұтыс пен тәукелдік көлемінің оңтайлы үйлесімділігі.

Ұтысты барынша көбейту ережесінің мәні: капитал салымдарының мүмкін болатын тәуекел вариаттарының ішінен ең тиімді нәтиде беретін вариант таңдалады, яғни инвестор үшін ең аз тәуекел жағдайында кірісті брынша көбейту варианты.

Мүмкін болатын оңтайлы нәтиже ережесінің мәні: ықтимал нәтиже инвестор үшін тиімді және қаржы менеджерін қанағаттандыратын вариантты таңдау.

Практикада нәтиженің оңтайлы ықтималдығымен нәтиженің оңтайлы ауытқуы үйлесіп қолданылады. Көрсеткіштердің ауытқуы оның дисперсиясынан, орта квадраттық ауытқуынан және вариация коэффициентінен көрінеді.

Тәуекел капитал салым жасауға шешім қабылдау ережесі шешім варианттарын таңдау әдістерімен толықтырылады.

Тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде ең көп таралғаны:

-                     диверсификация

-                     таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпарат алу

-                     лимиттеу

-                     өзін - өзі сақтандыру

-                     сақтандыру

Сақтандыру дегеніміз – кәсіпорындардың, ұйымдардың, тұрғындардың, ақша қорының құрылуымен байланысты, мүліктік және мүліктік емес мүдделерін қорғайтын заңдық және нарықтық қатынастар жүйесі, сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру ақысын және зиянды өтеу үшін жиналатын ақша қоры.


КАПИТАЛДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ. КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Капитал – қаржы менеджмент ішіндегі ең жиі қолданылатын экономикалық категория. Капитал мағынасына мынадай сипаттамалар беріледі:

1)                 Кәсіпорынның капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады. Экономикалық теорияда кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін өндірістің негізгі үш факторын белгілейді: капитал; жер және басқа табиғи ресурстар; еңбек ресурстары. Өндірістің бұл факторлар жүйесінде капиталды басты рольге жатқызады, себебі ол барлық факторларды бір өндірістік комплекске біріктіреді.

2)                 Капитал табыс әкелетін кәсіпорынның қаржылық ресурстарын сипаттайды. Мұнда капитал өндірістік емес (операциондық), қаржылық (инвестициялық) сфера кәсіпорынның табысының құрылуын қамтамасыз ететін ссудалық капитал формасында болуы мүмкін.

3)                 Капитал меншік иелерінің қаржылық жағдайын құрудың негізгі көздері болып табылады. Ол ағымдағы, болашақтағы кезеңнің қаржы жағдайының қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.

4)                 Кәсіпорынның капиталы, оның нарықтық құнының өлшемі. Бұл жерде капитал оның таза активінің көлемін анықтайтын кәсіпорынның меншікті капиталы болып табылады.

5)                 Кәсіпорындағы капиталдың динамикасы оның шаруашылық  қызметіндегі тиімділік деңгейінің маңызды барометрі болып табылады.

Кәсіпорынының барлық капиталы айналымнан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Капиталды қызмет атқару мерзіміне қарай негізгі активтер және  айналымдағы активтер деп екіге бөледі. Негізгі активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, аяқталмаған құрылыстан құралады.  Айналыстан тыс активтер шаруашылық субъектісінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады. Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделген. Соған сәйкес, оладың қатарына ақша  қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, ТМҚ,  дебиторлық берешек жатады.

Капитал құрылымы өзінің шаруашылық қызметі кезіндегі кәсіпорында қолданылатын, меншікті және қарыздық қаржылық қорлардың қатынасын сипаттайды. Кәсіпорында қолданылатын капитал құрылымы оның қаржылық, операциондық, инвестициялық қызметіндегі көптеген аспектілерді анықтайды, оның қызметінің қорытынды нәтижесіне белсенді әсер етеді. Капитал құрылымы меншікті капитал мен активтің рентабельдік коэффициентіне әсер етеді, төлем қабілеттік пен қаржылық тұрақтылық коэффициентінің жүйесін анықтайды және соңында кәсіпорынның дамуы кезіндегі тәуекел мен табыстылық санатының қатынасын құрайды.

Кәсіпорында капиталды басқару келесідей негізгі қызметті шешуге бағытталған:

1)                 Кәсіпорынның экономикалық дамуының қажетті темпін қамтамасыз ететін капиталдың жеткілікті көлемін құру.

2)                 Қаржылық тәуекелдің көрсетілген деңгейі бойынша капиталдың ең жоғары табыстылығына жетудің жағдайын қамтамасыз ету.

3)                 Табыстылықтың көрсетілген деңгейі бойынша капиталды қолданумен байланысты қаржылық тәуекелдің төмендеуін қамтамасыз ету.

4)                 Кәсіпорынның жеткілікті қаржылық икемділігін қамтамасыз ету. Мұндай тепе-теңдік қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Капиталды басқару кәсіпорынның шаруашылық қызметінің әр түрінде оны тиімді қолдануды қамтамасыз етумен және әр түрлі көздерден белсенді құрылуымен байланысты басқару шешімдерін шығару және құру тәсілдері мен принциптерінің жүйесін көрсетеді.


ҚАРЖЫЛЫҚ ЛЕВЕРИДЖ

 

Пайда және осы пайданы алу үшін шығындалған активтердің арасындағы байланыс леверидж көрсеткішімінің көмегімен сипатталады.

Леверидждің бір түрі – бұл  қаржылық леверидж – ұзақ мерзімді пассивтер құрылымы мен көлемін өзгерту арқылы кәсіпорынның пайдасына әсер ету мүмкіндігі. Қаржылық левериджінің көлемі кәсіпорынның қаржылық тәуекелдігі дәрежесіне тура пропорционал және акционерлерден пайда нормасын талап етеді. Қаржылық леверидж жоғарлаған сайын кәсіпорынның қаржылық тәуекелдігі арта түседі.

Қаржылық леверидж (қаржылық тәуекелдің шамасы) қарыз міндеттемелерімен немесе компания капиталы құрылымында артықшылығы бар акциялармен анықталады. Қаржылық левериджді бағалаудың бір тәсілі: пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайданың акция пайдасына әсерін анықтау. Егер пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайда төмендесе, қарыз қаражат есебінен қаржыландырылатын компаниялар акция пайдасын жағымсыз өзгерістерімен жолығады, бұл өзгерістер пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайда өзгерісіне қарағанда көп болады.

Информация о работе Дебиторлық борыш