Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 19:54, курсовая работа
Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.
Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар ос
1) Өткен мерзімдегі дебиторлық қарызды талдау. Бұл талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорындағы дебиторлық қарыздың құрамын және деңгейін бағалау және оларға қаржылық ресурстарды инвестициалудың тиімділігін бағалау жатады.
2) Кәсіпорынның өнімді сатып алушыға қатысты бойынша несиелік саясаттын типін таңдау. Қазіргі коммерциялық және қаржылық тәжірибеде өнімді несиеге өткізу нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде кең таралған. Несиелік саясаттың принциптерін құру осы тәжірибенің шарттарын көрсетеді және кәсіпорынның операциялық пенқаржылық іс-әрекетінің тиімділігін көтеруге бағытталған.
Өнімді несиеге өткізу формасының екі түрі бар:
- тауарлық несие;
- тұтыну несие.
3) Тауарлық және тұтыну несиесі бойынша дебиторлық қарызға бағытталған айналым капиталының мүмкін сомасын анықтау. Бұл соманы есептеу кезінде несиеге беретін өнімнің жоспарланған көлемін; несиенің формалары бойынша төлемді кейінге қалдырудың орташа мезгілін несиеге беретін өнімнің құнын және өзіндік құнының қатынасының коэффициентін есептеу керек.
4) Несиелік шарттың жүйесін құру. Бұл шарттың құрамына келесі элементтер кіреді:
несиенің беру мерзімі (несиелік мерзім);
несиенің беру мөлшері (несиелік лимит);
несиені беру құны;
сатып алушылардың өз міндеттемелерін орындалмағаны үшін айыппұлдық жазалау жүйесі.
5) Сатып алушылардың бағалау стандарттарын құру және несиені беру шарттарын дифференциалацияу.
6) Ағымдағы дебиторлық қарызды инкассациялау процедурасын құру. Бұл процедураның құрамында сатып алушыларға төлемнің уақыты туралы алдын ала мен кезекті ескерту мерзімі және формасы, берілген несие бойынша борыштың уақытын ұзайту мүмкіндігі мен шарты.
7) Кәсіпорында ағымдағы дебиторлық қарызды қайта қаржыландырудың жаңа формаларын қамтамасыз ету, нарықтық жағдайдың және инфрақұрылымның дамуы. Қаржылық менеджмент тәжірибесінде дебиторлық қарызды басқарудың бірқатар жаңа формаларын қолдануға мүмкіндік тудырады.
Қазіргі кезде қолданылатын дебиторлық қарызды қайта қаржыландырудың негізгі формалары болып келесілер табылады:
- факторинг;
- өнімді сатып алған сатушылар берген вексель есебі;
- форфейтинг.
Дебиторлық берешекті бақылау және фирма құтыла алмас қарызға кірмес үшін көбінесе, пайда болған мерзіміне байланысты қарызды топтастыруды, дебиторлық берешектің күндік айналым көрсеткішін (DSO) және бір күндік тауар айналымын (ADS) анықтауды пайдаланады. Бірақ бұлардың барлығы жалпы қарыз көлемі сапасының өзгеруін бақылауға, нақты анықтауға мүмкіндік бермейді.
Дебиторлық берешекті төлеу тәртібі тұрғысынан талдап, бақылау - ең дұрыс тәсілдердің бірі. Бұл тәсілдің негізгі құралы - төленбеген қалдықтар ведомосы.
Фирманың несиелік саясаты төрт элеметтен тұрады: несиенің берілу мерзімі, шегерім мөлшері, тауардың құнын берілген мерзімненерте төлегендегі шегерім мөлшері, тәртіпті сақтамайтын клиенттерге қатысты саясат және несие өтеу қабілеттілігі стандарты. Алғашқы екеуі несие беру барысында көрінеді. Несие менеджерінің негізгі мақсаты – тауарды өткізуді несиеге сату арқылы көбейту, сенімді клиенттерге берілген несие қосымша кіріс әкеледі, соның нәтижесінде фирманың өз капиталы артады.
Егер фирма несие саясатын жеңілдетсе, әдетте сату көлемі артады. Жеңіл несие саясатын қалыптастыру несиені төлеу мерзімін ұзарту, несиені төлеу қабілеттілігі стандартын төмендету, дебиторлық берешекті жинақтау саясатын жұмсарту, шегерімдер ұсыру арқылы жүзеге асырылады. Осы әрекеттердің әрқайсысы фирманы қосымша шығындарға әкеледі. Фирма өз клиенттеріне несие бере жағдайын келесі шартпен ғана жеңілдете алады: шығынның көбюі кірістің көбеуінен аспаған жағдайда.
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ САЯСАТЫ
“Кәсіпорынның ақша ағымы” түсінігі біріктіріліп, жалпыланған; оның құрамына шаруашылық қызметті қамтамасыз ететін әртүрлі ақша ағымдары енеді.
Кәсіпорынның ақша ағымын басқару үрдісі келесі нақты ұстанымдарға негізделген:
1) Ақпараттық нақтылық ұстанымы. Ақша ағымын басқару үшін қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз ету керек.
2) Теңгерілімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Басқарудың біртұтас мақсаттары мен тапсырмаларына бағынатындықтан, кәсіпорынның ақша ағымдарының түріне, көлеміне, уақытша мерзімге және де басқа да сипаттамаларына қарай теңгерілімділігін қамтамасыз ету.
3) Тиімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін кәсіпорынның қаржылық инвестицияларын жұмсау арқылы оларды тиімді пайдалану қажет.
4) Өтімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстаным қарастырылып отырған мерзімнің әрбір уақытша интервалы арасындағы жағымды және жағымсыз ақша ағымының сәйкес синхронизациясын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Ақша ағымын басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның дамуы барысында ақша қаражатының түсімі мен шығынын теңгерілуін және олардың уақыт аралығында синхронизациялануын жүзеге асыра отырып қаржылық тепе-теңдікті сақтау.
Ақша ағымын тиімді басқаруда келесі негізгі ережелер жоғары роль атқарады:
- ақша ағымдары шаруашылық қызметтің барлық салаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
- ақша ағымын тиімді басқару кәсіпорынның стратегиялық дамуы барысында қаржылық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді;
- ақша ағымын оңтайлы құру: төлемдерді жүзеге асырудағы кез-келген қателік еңбек өнімділігі мен дайын өнімді өткізу деңгейінде кәсіпорын қорын құруға жағымсыз әсерін тигізеді;
- ақша ағымын басқару кәсіпорынның капитал айналымын жылдамдатудың негізгі қаржылық тұтқасы болып табылады;
- ақша ағымын тиімді басқару кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі тәуекелін төмендетеді.
Ақша қаражатын басқаруда келесі жұмыс атқарылады:
-
-
-
-
Ақша қаражаты айналымнан шығарылған кезең – қаржылық кезең деп аталады.
Ақша ағынының қозғалысын талдау есеп беру кезенінің мәліметтері бойынша келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: ағымдағы іс-әрекет, инвестициялық қызмет, қаржылық қызметі, ақша қаражатымен байланысты өзге де операциялар. Ақша қаражатының қозғалысын талдау екі тәсілдің біреуімен жүзеге асырылады: тура әдіс, жанама әдіс.
Ақша ағынын болжау дегеніміз – ақша қаражатының қозғалысын талдау схемасы бойынша, бірақ болжап отырған кезеңде ғана, ақша қаражатының мүмкін болатын түсімі мен жылыстауын есептеу. Болжау статистикалық мәліметтер және деректік мәліметтерді талдау негізінде жүргізіледі.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
Бақылаумен қатар басқару қызметінің маңызды бір саласында жоспарлау жатады. Ол алдағы уақытта орындалуы тиіс әрекеттерді анықтау процесі болып, табылады.
Қаржылық жоспарлау – мемлекеттің қаржысымен байланысты қатынастарын реттейтін құқық саласы. Қаржылық жоспарлау экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі бөлігі болып, қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың спецификасы ақша түрінде жасалуынан құралады. Қаржылық жоспарлаудың негізгі объектісі болып: қор мен түсімдерді құру және оларды қайта бөлу, орталықтан және орталықсыздандырудың ақша құралдарының қорларын құру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау – ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану процестерін жоспарлы түрде басқару. Ол кез – келген жүйелерді басқарудың маңызды бөлігінің негізгі (болжау, тікелей басқару, бақылау қызметтерін мен қатар) басқару қызметі. Жоспарлау барысында алға қойылған мақсаттың орындалу тәртібі, әдістері мен тәсілдері ескертіледі.
Жоспарлау басқару элементі болғандықтан, қаржылық саясаттың ең жақсы құралы болып табылады. Қаржылық жоспарлау кәсіпорының дамуын қамтамасыз ететін ақша құралдарының барлық табыстар мен шығыстардың бағытын жоспарлайды. Қаржылық жоспарлау қаржылық жоспардың құрылымы мен белгілеуіне байланысты қамтамасыз етіледі.
Қаржылық жоспарлау объектісі болып, мемлекет пен шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметі болып, ал жалпы нәтижесі – қаржылық жоспарды құру болады. Әрбір жоспарда бөлімшелерге және несиелік жүйеге байланысты, белгілі уақыт мерзіміне шығыстар мен түсімдер анықталады (әлеуметтік сақтандыруға салымдарды аудару, бюджет төлемдерді, банк несиесін төлеу және т.б.). Сонымен қаржылық жоспарлау объектілері болып:
- барлық жүйедегі төлем негізінде өнім өткізуден (жұмысты орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен ақша қолма – қол, қолма – қолсыз, бартер, валюта;
- пайда, оны құру, бөлу және пайдалану;
- арнайы мақсаттағы қорлар: тұтыну, жинақтау, жарғылық, сақтандыру оларды құру, бөлу және пайдалану;
- бюджетке төленетін төлемдер көлемі және бюджет емес қорларға басқа да аударымдар.
Жоспарлау келесідей сипатталады:
1) Экстенсивті әлеуметтік – саясаттық және экономикалық құбылыстарды қамтитын үлкен көлем;
2) Интенсивті жетілдірілген техниканы пайдалану;
3) Тиімділікпен қаржылық басқарудың қойылған мақсаттарына жету.
Жоспарлауды ұйымдастыру – кәсіпорын көлеміне тәуелді. Шағын кәсіпорындарда қаржылық басқаруды бөлу керек емес, оны жетекші өзі жалғыз жүргізе алады. Ал үлкен кәсіпорындарда жоспарды құру жұмыстарын орталықсыздандыру негізінде болуы тиіс. Бөлімдерге бөлу негізінде әрбір бөлім өз учаскесінде жұмыс істеп, болашақта оны жетілдіру жолдарын жетік біледі. Жоспар (бюджет) бөлімдері бір – бірінен оқшауанып жұмыс істемейді. Есептеу кезінде, мысалға, жоспарлы өткізім бағаларының көлемін білуі қажет.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
1) өз қорлар мен құралдары арқасында кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету:
2) мемлекеттік реттеу жүйесінің оңтайландыру мен өндіріс көлемін ұлғайту арқылы пайданы өсіру, яғни нақты пайданы өсіру және салық салуды оңайландыру;
3) кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өзінің міндеттемелері алдында уақытылылық төлеу мүмкіндігі.
Қаржылық жоспарлау тәсілдері:
а) автоматты (егер инфляция бар болса, онда мәліметтер инфляция коэффициентіне көбейтіледі);
б) статистикалык (алдағы жылдардағы шығындарды қосып алдағы жылдар санына көбейту);
в) нөлдік қойма (барлык позициялар жаңадан (нөлден) саналады. Бұл тәсіл накты қажеттілікті санап, оларды мүмкіндіктермен қиыстырады).
Жоспарлау максаттары:
Әртурлі кэсіпорындарда жоспарлардың әртурлі мақсаттары болуы мумкін. Жоспарлардың қызметтері кәсіпорынның түрі мен мөлшеріне байланысты әртурлі мағынада кездеседі.
Қаржылық болжау – қаржылық жоспарлаудың басты элементі – кәсіпорынның жоспарлы бюджетін есептеудің негізін құрайды, ол әдетте құраттардың толық жинағын құрайды: өткізу жоспары, өндіру жоспары, запастар бюджеті, тікелей материалды шығындар жоспары, еңбекақы жоспары, өндірістік, өнімділік және әкімшілік шығыстар жоспарлары, кірістер туралы жоспарлы есеп беру, ақша құралдары (ағымдар) қозғалысының жоспары, төлем күнтізбесі және, ақырында, жоспарлы баланс. Қаржылық болжаудың жіберілім нүктесі болып сату болжамы және оларға сәйкес шығыстар табылады; соңғы нүктесі және мақсаты – сырттан қаржыландыруды қажет ететін есеп.
Қаржыландыру қажет (талап) ететін болжаудың басты бағыттары:
1. Сату болжауы статистикалық және басқа да әдістерпмен құрастыру
2. Ауыспалы шығындар болжауын құру
3. Сатылымның қажетті көлеміне қол жеткізу үшін қажетті, негізгі және айналым активтері инвестицияларына болжау жасау
4. Құралдар көздерінің рационалды құрылымының нышандалу принципін есепке ала отырып сырттай қаржыландырудағы қажеттілікті есептеу және сәйкес көздерді іздестіру
Қаржылық болжаудың екі негізгі әдісі бар:
1. Бюджеттік – ақша ағымдары концепциясы негізінде құрылған және бизнес – жоспардың бөлімін есептеугеарналған
2. а) “сатудан түскен пайыз әдісі” (бірінші мадификация)
б) “формула әдісі” (екінші мадификация)
Барлық есептеулер үш тұжырымдама негізінде жасалады:
1. Ауыспалы шығындар, ағымдағы активтер және ағымдағы міндеттемелер сатылу көлемін пайыздардың белгілі көлеміне өсіргенде (ұлғайтқанда) орташа сонша пайызға ұлғаяды
2. Негізгі құралдар құнының ұлғаю пайызы бизнестің технологиялық шарттарына сәйкес айналымда ұлғайтудың берімен пайызы бойынша және болжанған кезеңнің басына есептелінген жиелік болжаған негізгі құрамдар бойынша, өндірістің қолма қол құралдарының материалдық және моральды дәрежесі юойынша есептеледі