Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 19:54, курсовая работа
Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.
Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар ос
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МӘНІ,
МАҚСАТЫ, БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.
Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар осы ресурстардың қозғалыс үрдісі барысында нарық субъектілерінің арасында пайда болатын қатынастарды басқаруға бағытталған. Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістін әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (үлестірілмеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы). Сонымен қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады.
Қаржылық менеджмент міндеті – фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акциялар бойынша мүмкін болатын дивидендтің барынша көбейтілуін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет ету тәртібін анықтау.
Қаржылық менеджменттің басты мақсаты – қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл – ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтың құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады. Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады.
2) Кәсіпорынның негізгі бағыт разрезінде қаржы ресурстарының құрылған көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
3) Қаржы айналымын оқтайландыру.
4) Көзделген қаржы тәуекелі дәрежесінде кәсіпорынның пайдасын көбетуді қамтамасыз ету.
5) Көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелі дәрежесін азайту.
6) Кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы теңдігін үнемі қамтамасыз ету.
Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:
1. Қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі.
2. Қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (коммерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру; қамтамасыз етілмеген қысқамерзімді қаржыландыру; қысқа мерзімдік жалды қаржыландыру.
3. Ұзақ мерзімді қаржы ресурстарынқолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру; лизинг немесе ұзақ мерзімді несие; қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару; инвестициялық жобаларды бағалау және тнвестициялық қоржынды басқару; алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау).
4. Мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау.
5. Шешімнің нұсқамасы және орындалуы.
6. Шешімнің орындалуын бақылау.
7. Шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның оорындалуын туралы есеп беру.
Қаржылық менеджменттің ең негізгі екі буыны – пайда және тәуекел, және олардың ара – қатынасы, әрбір нақты бір кезеңде корпорацияның қаржы менеджерінің нақты шешімін анықтайды. Осыған байланысты қаржылық менеджмент құрамына қаржы әрекетінің екі түрі енеді: біріншіден – пайданы көбейту, екіншіден – компанияның нақты өтімділік деңгейін қамтамасыз ету.
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Қаржылық менеджменттің 2 негізгі функциясы бар: басқару объектісінің функциялары және басқару субъектілердің функциялары.
Басқару объектісінің функцияларына мыналар жатады: ақша айналымының үйымы, қаржылық құралдар және инвестициялық жабдықтармен жабдықтау, қаржылық жүмыстарды ұйымдастыру жэне т.б.
Басқару субъектілердің функциялары қаржылық жұмыста және шаруашылық процесте адамдардың қарым-қатынасына әрекет жасауға бағытталған жалпы қызмет түрі. Бүл функциялар, яғни нақты басқару қызмет түрі жинақтардан, табыстардан, ақпаратты сақтаудан, шешімдерді қабылдаудан тұрады. Мынандай функциялар қаржылық менеджментке тән: жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.
Қаржылық менеджментте жоспарлау маңызды орын алады. Басқару функциясы - қаржылық жоспарлау - мемлекеттің қаржысымен байланысты қатынастарын реттейтін қүқық саласы. Қаржылық жоспарлау экомомикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі бөлігі болып, қаржылық механизмнің косалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлау - ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану процестерін жоспарлы түрде басқару.
Болжау қаржылық менеджментте - белгілі бір құбылыс, объекті, процестің нақты болашақ дамуында болжамды әзірлеу болып табылады.
Қаржылык менеджментте ұйымдастыру формасы әр түрлі ережелер арқасында қаржылық бағдарламаны бірге тудыратын адамдар жиынтығы.
Реттеу қаржылық менеджментте— қаржылық жүйенің тұрақтылық жағдайына жету құралы арқылы басқару объектісіне әсер етуі. Реттеу ағымдағы іс - шараларды құрайды.
Үйлестіру қаржылық менеджментте - мамандар және басқару ақпараттарының, басқару жүйелердің барлық бөлімдерінің жұмысын ыңғайлату.
Ынталандыру - өзінің еңбегінің қорытындысына қызығушылығы қаржылық қызметтегі жұмысшыларды ынталандыру болып табылады. Шығындалған еңбектің сапасы мен санына байланысты қажеттіліктердің бөлінуі арқылы ынталандыру жүзеге асырылады.
Қаржылық менеджменттегі бақылау — бұл жиынтық қозғалыстық өнімнің құндық бөлінуі, ақшалай қаражатпен және оның нақты мақсатқа шығындалуына сай бағытталған спецификалық қызмет. Қаржылық менеджментегі бақылаудың бар болуының объективтілігі — ол қаржыларға экономикалық категория ретінде бақылау функциясы. Бүл функция бойынша қаржылар болып жататын бөлу қатынастары, қорлар ара қатынасы, олардың қалыптасу негіздері ескеріліп отырады. Бүл функциясының қоғам жағынан ықпал жасау мүмкіншілігі бар, ең алдымен мемлекеттен өндірістік процестерге айырбастауға, игіліктерді бөлу және пайдалануға әрекет жасайды.
Сонымен, қаржылық менеджментте бақылау функциясы бақылау құралы ретінде қолдануы объективті шарттарды тудырады, ал саналық қолдану қаржының қозғалыстық өндірісте қызмет етуімен жүргізіледі.
Қаржылық менеджментте ең негізгісі – бұл басқару объектісіне қатысты қаржылық қозғалыстарға жауап беретін нақты қойылатын мақсат.
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТ БАЗАСЫ
Кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің тиімділігі қолданылып отырған ақпараттың базаға тәуелді және сонымен анықталады. Нақты бір кәсіпорын үшін қаржылық менеджменттің ақпарат көрсеткіші жүйесін құру оның салалық ерекшеліктеріне, құқықтық – ұйымдастырушылық формасына, шарушылық қызметінің әртараптандыру көлемі мен деңгейіне және басқа да жағдайларға байланысты. Сондықтан қаржылық менеджменттің ақпараттық базасына енетін көрсеткіштер жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін.
Бірінші топқа елдің жалпы экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпарат көрсеткіштерінің жүйесі қаржы қызметі саласында стратегиялық шешімдерді қабылдау барысында кәсіпорынның қызмет етуіне сыртқы орта жағдайының әсерін болжайды. Аталған топқа төмендегі көрсеткіштер жатады:
- мемлекеттік бюджет табысының көлемі;
- мемлекеттік бюджет шығынының көлемі;
- бюджет дефициті размерінің көлемі;
- тұрғындардың ақшалай табысы;
- тұрғындардың банктегі салымы;
- инфляция индексі;
- Қазақстан Республикасынның ұлттық банкінің есептік мөлшерлемесі.
Бұл топқа көрсеткіштерін құру басылымдағы мемлекеттік статистика мәліметтеріне негізделеді.
Екінші топқа кәсіпорынның салалық керек – жарағын сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Осы топтың көрсеткіштер жүйесі оперативті қаржы қызметінің сұрақтары бойынша басқарушылық шешім қабылдау үшін қолданылады. Бұл топқа төмендегі көрсеткіштер жатады:
- өнім бағасының индексі;
- негізгі қызмет бойынша пайдаға салық салу мөлшерлемесі;
- қолданылған капиталдың жалпы сомасы, соның ішіндегі меншік капитал;
- өндірілген (өткізілген) өнім көлемі және т.б.
Бұл топқа көрсеткіштерің құру көзі ақпараттың қызмет нарығында ұсынылатын ақылы бизнес – анықтамалар, есеп беру материалдарының жариялануы, сәйкесінше рейтингтер болып табылады.
Үшінші топқа қаржы нарығының жағдаятын сипаттайтын көрсеткіштер жатады.
Бұл топтың ақпатар көрсеткіштерінің жүйесі ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары портфелін құру және қысқа мерзімді қаржы салымдарын, сонымен қатар өзге де операцияларды жүзеге асыру саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қызмет атқарады.
Бұл топқа төмендегі көрсеткіштер жатады:
- биржалық және биржалық емес қор нарығындағы айналымдағы негізгі бағасы белгіленген қор аспаптарының түрі (ақция, облекациялар);
- қор аспаптарының негізгі түрлеріне сұраныс пен ұсыныстық белгіленген бағасы;
- қор аспаптарының негізгі түрлері бойынша мәмілелердің бағасы мен көлемі;
- қор нарығындағы баға серпілінің жиынтық индексі;
- коммерциялық банктердің депозиттік және несиелік мөлшерлемері;
- жеке валюталардың ресми курсы;
- коммерциялық банктер және банкаралық валюталық биржадағы жеке валюталардың сату және сатып алу курсы және т.б.
Бұл топтың көрсеткіштер жүйесін құру көзі – байланыстың ұялы каналдар технологиясы бойынша ұсынылған немесе сәйкес электронды көздерден алынған коммерциялық басылымдар.
Төртінші топқа кәсіпорынның басқаршылық және қаржылық есеп беру мәліметтері бойынша ішкі ақпарат көздерінен құрылған көрсеткіштер жатады. Бұл топтың көрсеткіштер жүйесі – қаржы менеджмент ақпараттың база негізі. Бұл көрсеткіштер жүйесі негізінде кәсіпорынның қаржы қызметінің барлық бағыттары бойынша шұғыл басқарушылық шешімдерді талдау, болжау, жобалау және қабылдау жүргізіледі. Бұл топтың көрсеткіштерінің артықшылығы: бірізділігі, реттілігі және сенімділігі, бұл жалпы қаржы көрсеткіштерімен және сәйкесінше қаржылық есеп беру мәртебесімен анықталады.
ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАР: МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Шаруашылық субъектісінің қаржылық ресурстар оның қармағында орналасқан ақша қаражатары.
Қаржылық ресурстар өндірісті дамытуда, өндірістік емес саладағы объектілерді ұстауға және дамытуға бағытталған, сонымен қатар қорда қала беруі мүмкін.
Өндірістік саудалық процессті шикізатты сатып алу, тауарды сатып алу, яғни еңбек құралдарын, еңбек күшін, басқа да өндіріс элементтерін дамытуға бағытталған қаржылық ресурстар.
Ақша формасындағы капитал түрінде көрінеді. Олай болса, капитал – қаржылық ресурстардың бөлігі. Капитал – бұл айналымға жіберілген және бұл айналымнан табыс әкелетін ақша. Ақша айналымы, ақшаны кәсіпкерлікке салғанда жүзеге асырылады.
Капитал салу формасы бойынша кәсіпкерлік және несиелік капитал деп ерекшелінеді.
Кәсіпкерлік капитал – бұл әртүрлі кәсіпорынға тұра және портфельді инвестиция жолымен салынған капитал. Мүұндай капитал салымы табыс алу және кәсіпорынды басқару құқығына ие болатын мақсатымен жүзеге асырылады.
Несиелік капитал – бұл ақшалық капитал, қайтару және өтеу шартына негізделген.
Кәсіпкерлікке қарағанда, несилік капитал кәсіпорынға салынбайды. Ол басқа бір кәсіпкерге уақытша ұстауға беріледі, процент алу мақсатымен.
Қаржылық ресурстардың көздері:
Қаржылық ресурстар бірқатар көдердің негізінде құрылған. Қаржылық ресурстардың көздері: пайда, амортизациялық аударымдар, несиелік қарыздар, қаражаттар бағалы-қағаздарды сатудан түскен пайда.
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ | ||
Меншік қаражаттары | Қаржы нарығындағы мобилизацияланған қапржылар | Қайта тарату нәтижесінне түскен қаражаттар |
Табыстар мен түсімдер | Меншікті акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздард сату | Болған тәуекелдер бойынша сақтандыру өтемдері |
Негізгі қызметтен түскен пайда | Несиелік инвестициялар | Дивиденттер басқа да элементтің бағалы қағаздары бойынша пайыздар |
Амортизациялық аударымдар | Түсімдердің басқа да түрлері | Бюджеттік субсидиялар |
Шығынданған мүмкіндікті өткізуден түскен түсім | Ресурстардың басқа да көздері | |
Тұрақты пассивтер | ||
Қаржылық операциялапрдан түскен пайда | ||
Жүзеге асырылып жатқан жұмыстан түскен пайда | ||
Үлестік жарналар | ||
Табыстың басқа да түрлері |