Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 08:39, дипломная работа

Описание работы

АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады.
Операцияларды орындау барысында олардың заңды болуына, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына банктің басшылары және бас бухгалтер жауап береді.
Бас бухгалтердің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 161.44 Кб (Скачать)

 

Пайдаға салынатын салық

 

35. Пайдаға салынатын салықпен  байланысты туындайтын ақша қаражаттарының  қозғалысы, егер тек ол бөлек  ашылуға және қаржылық немесе  инвестициялық қызметпен нақты  ұштаса алмайтын болса, операциялық  қызметтен түскен ақша қаражаттары  ретінде бағалануға тиіс.

36. Пайдаға салынатын салық  ақша қаражаттарының қозғалысын  туғызатын операциялар бойынша  туындайды, ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есепте бағаланатын  операциялық, инвестициялық, немесе  қаржы қызметінен түсетін ақша  қаражаттарының қозғалысы ретінде  бағаланады. Ал бұл ретте салық  төлемі бойынша шығыстар инвестициялық  қызметпен немесе қаржыландыру  жөніндегі қызметпен оңай ұштасуы  мүмкін, салық ақша тасқындарына  қатысты мұндай ұштасуды жүзеге  асыру іс жүзінде жиі ретте  мүмкін болмайды, сондықтан олар  тиісті операциядан түсетін ақша  қаражаттарының қозғалысы болған  кезеңде туындамауы мүмкін. Сондықтан  төленген салықтар әдетте операциялық  қызметтен түскен ақша қаражаттарының  қозғалысы ретінде бағаланады. Алайда  тәжірибеде салық ақша тасқындарын  ақша қаражаттарының қозғалысын  туғызатын бөлек операциямен  байланыстыру және инвестициялық  қызметтен, немесе қаржыландыру  жөніндегі қызметтен түскен ақша  қаражаттарының қозғалысын бағалау  мүмкіндігі болған кезде, мұндай  қозғалыс тиісінше инвестициялық  қызметтен немесе қаржыландыру  жөніндегі қызметтен түскен ақша  қаражаттарының қозғалысы ретінде  бағаланады. Салық ақша тасқындары  қызметтің кемінде бір түріне  қатысты болған кезде төленген  салықтың жалпы сомасы ашылады.

 

Еншілес, қауымдасқан кәсіпорындарға және бірлескен қызметтерге берілетін  инвестициялар

 

37. Қауымдасқан немесе  еншілес кәсіпорынға үлестік  қатысу әдісі немесе іс жүзіндегі  шығындар жөніндегі есеп әдісі  бойынша берілетін инвестициялар  есебі жағдайында инвестор ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы  есепте өзара және инвестициялау  объектісі арасындағы ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы, мысалы, дивидендтер  мен аванстар туралы хабарламамен  шектеледі.

38. Бірлесіп бақылаушы  кәсіпорынның өзінің үлестік  қатысуы туралы есебінде хабарлама  кәсіпорын беретін кәсіпорын  (қараңыз: 31-«Бірлескен қызметке  қатысу туралы қаржы есептілігі»  ХБЕС) тепе-тең бірлесу әдісін  пайдалана отырып, ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы өзінің бірлескен  есебіне бірлесіп бақылайтын  кәсіпорнының ақша қаражаттарының  қозғалысындағы тепе-тең үлесін  жатқызады. Үлестік қатысу әдісінің  көмегімен өзінің үлесі туралы  есеп беретін кәсіпорын өзінің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіне бірлесіп бақылайтын кәсіпорнына беретін оның инвестиясымен байланысты ақша қаражаттары тасқынын, бірлесіп бақылайтын кәсіпорны олардың арасында бөлуді және басқа да ақша түсімдерін немесе төлемдерін жатқызады.

 

Еншілес кәсіпорындар мен  басқа да құрылымдық бөлімшелерді сатып  алу мен олардың шығып кетуі

 

39. Еншілес кәсіпорындар  мен басқа да құрылымдық бөлімшелерді  сатып алу мен олардың шығып  кетуі нәтижесінде туындайтын  ақша қаражаттарының жиынтық  қозғалысы бөлек берілуге және  инвестициялық қызметтен түсетін  ақша қаражаттарының қозғалысы  ретінде бағалануға тиіс.

40. Кәсіпорын кезең ішінде  еншілес кәсіпорындарды, басқа да  құрылымдық бөлімшелерді сатып  алуларға, сондай-ақ олардан шығып  кетуіне қатысты мына төмендегі  кездердің әрқайсысын жиынтығында:

 

(а) сатып алуы немесе  шығып кетуі кезінде жиынақтап  өтеу;

 

(b) сатып алуы немесе  шығып кетуі кезінде ақша қаражаттарымен  немесе олардың баламаларымен  өтелген құнының бір бөлігін;

 

(с) сатып алынған немесе  шығып кеткен еншілес кәсіпорындағы  немесе құрылымдық бөлімшедегі  ақша қаражаттарының немесе олардың  баламаларының деңгейін; және

 

(d) ақша қаражаттарынан  немесе олардың баламаларынан  өзгеше сатып алынған немесе  шығып кеткен еншілес кәсіпорындағы  немесе құлылымдық бөлімшедегі  негізгі санаттарының әрқайсысы  бойынша жинақталған активтер  мен міндеттемелердің сомасын  ашуға тиіс.

 

41. Сатып алынған немесе  шығып кеткен активтер мен  міндеттемелердің құныны жеке  ашумен қатар сатып алынған  немесе шығып кеткен кеткен  еншілес кәсіпорындар немесе  құрылымдық бөлімшелер жеке бап  түрінде ақша қаражаттарының  қозғалысына жасайтын әсері туралы  деректерді бөлек беру осы  ақша қаражаттарының қозғалысын  басқа операциялық, инвестициялық  қызметінің немесе қаржыландыру  қызметінің нәтижесінде болатын  ақша қаражаттарының қозғалысынан  бөлуге көмектеседі.

Ақша қаражаттарының қозғалысына  шығып кетулер әсерінің нәтижелері сатып алулар әсерінің нәтижелерінен  шегеріледі.

42. Сатып алу немесе  сату кезінде өтеу ретінде  төленген немесе алынған ақша  қаражаттарының жалпы сомасы  алынған немесе шығарылған ақша  қаражаттарының және олардың  баламаларының таза сомасы ретінде  беріледі.

 

Ақшалай емес операциялар

 

43. Ақша қаражаттарын немесе  олардың баламаларын пайдалануды  талап етпейтін инвестициялық  және қаржы операциялары ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы  есебінен алынып тасталуға тиіс. Мұндай операциялар басқадай  қаржы есептілігінен бұл ашу  осындай инвестициялық қызмет  пен қаржыландыру жөніндегі қызмет  туралы барлық орайлы хабарламаны  беруі үшін ашылуға тиіс.

44. Инвестициялық қызмет  пен қаржыландыру жөніндегі қызметтің  едәуір бөлігі, ол кәсіпорын капиталының  құрылымына және активтеріне  ықпал жасағанымен де, ақша қаражаттарының  ағымдағы қозғалысына тікелей  әсерін тигізбейді. Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есептен ақшалай  емес операцияларды алып тастау  осы есептің мақсатына сай  келеді, өйткені бұл баптардың  ағымдағы кезеңдегі ақша қаражаттарының  ағымдағы қозғалысына қатысы  болмайды. Ақшалай емес операциялар  мысалдары мыналар болып табылады:

 

(а) не тікелей өзіне  тиісінше міндеттемелер қабылдау, не қаржыны жалға алу арқылы  активтерді сатып алу;

 

(b) акциялар шығару көмегімен  кәсіпорынды сатып алу; және

 

(c) борыш міндеттемелерін  меншікті капиталға аудару.

 

Ақша қаражаттарының құрамдас бөліктері мен ақша қаражаттарының баламалары

 

45. Кәсіпорын ақша қаражаттарының  құрамдас бөліктері мен ақша  қаражаттарының баламаларын ашуға  және баланста берілген баламалы  баптарымен бірге оның ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы  есебінде сомалардың салыстырып  тексеруін беруге тиіс.

46. Дүние жүзінің әр  түрлі елдеріндегі ақша қаражаттарын  басқару тәсілдерінің және банк  келісімдері түрлерінің әр алуандығын  ескере отырып, сондай-ақ 1-«Қаржы  есептілігін беру» ХБЕС-ын сақтау  үшін кәсіпорын ақша қаражаттарының  құрамы мен ақша қаражаттарының  баламаларын анықтау үшін қабылданған  әдісті ашады.

47. Ақша қаражаттарының  құрамдас бөліктерін және олардың  баламаларын анықтау әдісіндегі  кез келген өзгерістің, мысалы, бұрын  кәсіпорынның инвестициялық портфелінің  бір бөлігі деп есептелген қаржы құралдарын топтастырудағы өзгерістің ықпалы 8-«Кезең ішішндегі таза пайда мен залал, есеп саясатындағы іргелі қателіктер мен өзгерістер» ХБЕС сәйкес есептілікте беріледі.

 

Хабарламаның басқа да ашылуы

 

48. Кәсіпорын өзінде бар,  бірақ басшылықтың түсіндірмесімен  бірге топтың пайдалануы үшін  қол жеткізілмейтін ақша қаражаттары  мен олардың баламаларының елеулі  сомасын ашуы керек.

49. Орын алған әр түрлі  жағдайда кәсіпорынға тиесілі  ақша қаражаттары мен олардың  баламаларының қалдықтарын пайдалануға  топтың қолы жетпейді. Мұның мысалы  – елде жұмыс істейтін еншілес  кәсіпорнындағы ақша қаражаттары  мен олардың баламаларының қалдықтары, онда осы қаражаттарды бас  кәсіпорынның немесе басқа да  еншілес кәсіпорындарының жалпы  пайдалануына жол бермейтін валюта  бақылауы немесе басқа да заңдық  шектеулер қолданылады.

50. Қосымша хабарлама пайдаланушылардың  қаржы жағдайы мен кәсіпорынның  өтімділігін түсіну үшін орынды  болуы мүмкін. Басшылықтың түсіндірмелерімен  осы хабарламаны ашу көтермеленеді  және оларға мыналар жатуы  мүмкін:

 

(а) осы қаражаттарды  пайдалану жөніндегі орын алған  шектеулерді көрсете отырырып, болашақтағы  операциялық қызметке және капитал  жөніндегі міндеттемелерді өтеуге  жұмсалуы мүмкін пайдаланылмаған  қарыз қаражаттарының сомасы;

 

(b) бірлескен қызметке  қатысу үлестеріне қатысты операциялық,  инвестициялық және қаржыландыру  жөніндегі қызметке бөлініп көрсетілген  ақша қаражаттары қозғалысының  жалпы деңгейлері, олар туралы  деректер тепе-тең топтасу әдісі  бойынша беріледі;

 

(с) ақша қаражаттары  тасқындарының жалпы деңгейі,  олар операциялық мүмкіндіктерді  қолдау үшін қажетті ақша қаражаттары  тасқынынан бөлек операциялық  мүмкіндіктердің артуын дәлелдейді;

 

(d) есептерде көрсетілген  әрбір сала немесе географиялық  сегмент бойынша операциялық,  инвестициялық қызметтен және  қаржыландыру жөніндегі қызметтен  түскен ақша қаражаттары қозғалысының  деңгейі (қараңыз: 14-«Сегменттік  есептілік» ХБЕС).

 

51. Операциялық мүмкіндіктердің  артуы болып табылатын ақша  қаражаттарының тасқындары, сондай-ақ  операциялық мүмкіндіктерді қолдау  үшін қажетті тасқындар туралы  деректерді бөлек ашу пайдаланушыларға  кәсіпорынның өздерінің операциялық  мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті  қаражат жұмсауын анықтауға мүмкіндік  береді. Өздерінің операциялық мүмкіндіктерін  қолдауына жеткілікті қаражат бөлмейтін кәсіпорын ағымдағы өтімділік және иеленушілердің арасында қаражаттар бөлу үшін өзінің болашақ пайда алуын қиюы мүмкін.

52. Сегменттер бойынша  ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы деректерді ашуы пайдаланушыларға  кәсіпорынның тұтастай алғанда  ақша қаражаттарының қозғалысы  мен оның бөліктері болып табылатын  ақша қаражаттарының қозғалысы  арасындағы өзара байланысты  сондай-ақ сегменттер ақша қаражаттарының  болуы мен өзгерушілігін жақсы  түсінуге мүмкіндік береді.

 

Күшіне ену күні

 

53. Осы Халықаралық бухгалтерлік  есеп стандарты 1994 жылғы 1 қаңтарынан  басталатын немесе осы күннен  кейін кезеңдерді қамтитын қаржы  есептілігі үшін күшіне енеді.

 

А қосымшасы

 

Қаржы мекемесі болып табылмайтын  кәсіпорын үшін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

 

Бұл Қосымшаның тек қана бейнелеп көрсету сипаты ғана бар және осы  стандарттың бір бөлімі болып  табылмайды. Қосымшаның мақсаты - оның мағынасын түсіндіруге көмектесу  үшін стандарттың қолданылуын көрсету.

 

1. Мысалдар тек ағымдағы  кезеңнің сомасын ғана көрсетеді.  Мұның алдындағы кезең үшін  тиісті сомалар 1-«Қаржы есептілігін  ұсыну» ХБЕС-ына сәйкес ұсынылуға  тиіс.

 

2. Пайда мен залал туралы  есептен және баланстан хабарлама  тікелей және жанама әдістер  бойынша ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есептің қалай  алынғанын көрсету үшін берілген. Пайда мен залал туралы есеп  те, баланс та Халықаралық бухгалтерлік  стандарттардың хабарламасын беру  мен ашу жөніндегі Халықаралық  бухгалтерлік стандарттардың талаптарына  сәйкес берілмеген.

 

3. Келесі қосымша хабарлама  да ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есепті әзірлеген кезде  орынды болады:

 

● еншілес кәсіпорынның барлық акциялары 590 ақша бірлігіне сатылып  алынған. Сатып алынған активтердің  және қабылданған міндеттемелердің әділ құны мына мәндерінде бірдей болады деп көзделуде:

 

босалқылар 100

 

дебиторлық берешек 100

 

ақша қаражаттары 40

 

жылжымайтын мүлік, үйлер  мен жабдықтар 650

 

сауда кредиторлық берешегі 100

 

ұзақ мерзімді борыш міндеттемелері 200

 

● 250 ақша бірлігі акционерлік  капиталдың акцияларын шығару кезінде  алынды, тағы да 250-і ұзақ мерзімді қарыз  алу арқылы тартылды.

 

● пайыздық шығыс 400 ақша бірлігі  болды, одан 170 ақша бірлігі кезең  ішінде төленген. Бұдан бұрынғы кезеңнің пайыздық шығысына жататын 100 ақша бірлігі  сондай-ақ есепті кезең ішінде төленген.

 

● төленген дивидендтер 1 200 болды.

 

● кезеңнің басындағы және аяғындағы салық бойынша міндеттеме тиісінше 1 000 және 400 ақша бірлігіне  тең болды. Кезең ішінде салық  бойынша 200 ақша бірлігі мөлшерінде қосымша резерв қалыптасты. Алынған  дивидендтерден ұсталған салық 100 ақша бірлігі болды.

 

● кезең ішінде топ жиынтық  құны 1 250 ақша бірлігі тұратын жылжымайтын  мүлік, үйлер мен жабдықтар сатып  алды, одан 900 ақша бірлігіне қаржылық жал арқылы сатып алынды. Жылжымайтын  мүлік, үйлер мен жабдықтар сатып  алу кезінде ақша төлемдері 350 ақша бірлігі көлемінде жүзеге асырылды.

 

● бастапқы құны 80 ақша бірлігіндегі және жинақталған амортизациясы 60 ақша бірлігіндегі агрегат 20 ақша бірлігіне  сатылды.

 

● 19-2 ж. аяғында дебиторлық берешекке алынуға тиіс 100 ақша бірлігіндегі пайыздар жатқызылды.

 

19-2 ж. аяқталған кезең  ішіндегі пайда мен залал туралы  шоғырландырылған есеп

 

Сатулар 30 650

 

Сатудың өзіндік құны (26 000)

 

Жалпы пайда 4 650

 

Амортизация (450)

 

Әкімшілік және коммерциялық шығыстар (910)

 

Пайыздар бойынша шығыстар (400)

Информация о работе Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі