Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 08:39, дипломная работа

Описание работы

АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады.
Операцияларды орындау барысында олардың заңды болуына, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына банктің басшылары және бас бухгалтер жауап береді.
Бас бухгалтердің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 161.44 Кб (Скачать)

Барлық шаруашылық жүргізуші  субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып  алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен басқа  да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар  пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта  өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын  болса, екіншіден сол өнімдерді  өндіріп шығару үшін қажет болатын  шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы  болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар  көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол  ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк-мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу  операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;                                                                     

2.  Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.  

3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

 

 

Ақшалай қаражаттары есебі  мен аудитінің мәні мен   міндеттері.

 

             Барлық шаруашылық субъектілері  ақша қаражаттарымен жұмыс істейді.  Кәсіпорын қызметінің тиімділігі  бір жағынан ақша қаражаттары  есебінің дұрыс жолға қойылуынан  да тәуелді. Шаруашылық қызметінде  кәсіпорын басқа кәсіпорындармен  сатып алынған  негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар, орындалған  қызметтер үшін есеп айырысулар  жүргізеді. Сонымен бірге кәсіпорын  есеп айырысулар жолымен салық  органдармен, еден қызметімен, бюджеттпен  қарым-қатынасқа түседі.

Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар екі формада жүргізіледі: қолма-қол ақшасыз және нақты  ақшамен есеп айырысулар арқылы.

Банк арқылы кассалық есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің  кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты бақылауға мүмкіндік  береді. Банк мекемелері кәсіпорындардың  шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарын қадағалауға, олардың басқа субъектілермен уақтылы есеп айыысуын реттеуге, банктен  түрлі мақсаттар үшін несие алуға  мүмкіндік береді.

• Ақша қаражаттарының есебі алдында келесідей міндеттер тұр:

• шаруашылық субъектілерменуақтылы есеп айырысулар жүргізуді қағалау;

• есеп регистрлерінде ақша қаражаттарының белгіленген шектер негізінде дұрыс пайдалануын қадағалау;

• ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау мақсатымен кезең сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу;

• кассадағы және ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының бар болуы мен жұмсалуын бақылау;

• есеп айырысу тәртібінің орындалуын бақылау.

Ақша қаражаттарының бар  болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу  тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық  міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.

 

  1 Қазақстан Республикасының  Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігіне жалпы сипаттама

 

     1. Қазақстан  Республикасы Экономика және  бюджеттік жоспарлау министрлігі   Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық  дамуының басымдықтарын тиiмдi iске  асыруды ықпал ететiн мемлекеттік  жоспарлау жүйесiн құру және  дамыту миссиясы болып табылатын  орталық атқарушы орган.

      2. Мемлекеттің  негізгі міндеттері мыналар:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық  дамуының стратегиялық мақсаттарын  және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын  қалыптастыру;

     2) мемлекеттiң  Әлеуметтiк-экономикалық дамуының  басымдықтарымен және ақша-кредит  саясатымен өзара қарым-қатынаста  мемлекеттік фискалдық, кедендiк  және бюджеттік инвестициялық  саясатты, сондай-ақ халықаралық  экономикалық және қаржылық қатынастар  саласындағы саясатты қалыптастыру;

     3) экономика  секторларында мемлекеттiк активтердi  басқару саласындағы мемлекеттiк  саясатты қалыптастыру.

    3. Министрлiк   қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарына,  Қазақстан Республикасы Президентiнiң,  Қазақстан Республикасы үкiметiнiң  кесiмдерiне, өзге де нормативтiк  құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы  Ережеге сәйкес жүзеге acырады.

     4. Министрлiк  мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық  нысанындағы заңды тұлға болып  табылады, мемлекеттiк тiлде  атауы  жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазақстан  Республикасы қаржы министрлiгінің  қазынашылық органдарында шоттары  болады.

     Министрлiк  азаматтық-құқықтық қатынастарға  түседi.

     Министрлiктiң,  егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік  берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық  қатынастардың тарабы болуға  құқығы бар.

     5. Министрлiктiң  штат санының лимитін Қазақстан  Республикасының үкіметі бекітеді.                                                                                                                                                                                                      6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33-үй.

     7. Министрлiктiң  толық атауы - "Қазақстан Республикасы  Экономика және бюджеттiк жоспарлау  министрлiгi мемлекеттік мекемесi.

     8. Осы Ереже  Министрлiктiң құрылтай құжаты  болып табылады.

     9. Министрлiктiң  қызметін қаржыландыру республикалық  бюджет қаражатының есебiнен жүзеге  асырылады.

      Министрлiкке  өзiнiң функциялары болып табылатын  мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк  субъектілерiмен шарттық қатынастарға  түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлiкке  заңнамалық кесiмдермен кiрiстер  әкелетiн қызметтi жүзеге асыру  құқығы берiлген болса, онда  мұндай қызметтен алынған кiрiстер  республикалық бюджеттің кiрiсiне  жiберiледi.

Ақша қаражаттарының жалпы  сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары  скачать

23.03.2010, 14:24

Ақша қаражаттарының жалпы  сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары

Барлық шаруашылық жүргізуші  субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі  мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен  клиенттер арасындағы келісім- шарттың  қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары  теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспондеттік шоттар –  банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік  шоттар, бірақ олар жеке және заңды  тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың  қолда бары мен қозғалысын есептеу  үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер  ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу  үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат  олардың иелерінің әмірі бойынша  есептен шығарылады. Субъектінің  рұқсатынсыз шоттағы қаражатты  есептен шығаруға соттың, мемлекеттік  салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа  жағдайларда ғана жол берілуі  мүмкін.

Қазақстан Республикасының  аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол  ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері  арқылы беруді; төлем карточкасын  пайдалануды; тікелей дебеттік банкі  шоттарына аударуды; тапсырма-талап  төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен  белгіленген басқа да әдістерін  пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі  нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден  мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара  есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың  арасында болатын талаптары мен  міндеттемелерді зачетқа да жатқыза  алады.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген  соманы бенефициардың пайдасына  ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық  құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу  кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға  алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде  төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген  нысандағы бланкілердегі төлем  тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға  қоса төлем жасаушы банктің талап  етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің  мақсатын растайтын басқа да құжаттары  бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн  бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат  болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде  де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір  банк өздері дербес анықтайды. Негізінен  алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп  басылып қайтарылады.

Төлем тапсырмасын толтыру  кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

- төлем тапсырмасының  нөмірі;

- төлем тапсырмасының  жазылған күні;

- жеке теңестірілген немесе  теңдестірілген (идентификацияланған)

коды (ЖТК немесе ИИК)

- жіберуші мен бенефициардың  банкі шоттарының нөмірі;

- бенефициардың коды (БК  немесе КБе) және жіберушілердің  коды (ЖК немесе КОд) – бұл  кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын  көрсетеді;

- бенефициар-аудару жасалған  ақша кезде қаражатын алушы;

- банк-алушы-банк атауы,  аударылған ақшада, оның мекен-жайы  көрсетіледі;

- бенефициар банкісі-бенефициардың  пайдасына келіп түскен ақша  қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен  жасалған келісім-шарттың негізінде;

- жіберушілердің теңестірілген  немесе теңдестірілген (идентификацияланған)  банктік коды (ЖТБК немесе ИИК)  – филиаларалық айналымдарының  коды (ФАК немесе МФО);

- төлем арналымының коды  – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық  актісімен белгіленген және соның  негізінде төлемдерді жүзеге  асыратын кодтық белгілер, ал  ол үш символдан (белгілерден)  тұрады;

- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды  кері қайтаруда қойылатын код;

- валюттелген күні –  ақша қаражатын бенефициардың  (алушының)

банктік шотына ақша қаражатын  аударған күні төлем жасаушының нысанымен  анықталады.

Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері  бойынша төлем тапсырмалары: жедел  мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі  кейінге қалдырылған болып бөлінуі  мүмкін.

 

7-ХБЕС Ақша қарашаттарының  қозғалысы туралы есептер

 

7-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік  есеп стандарты

 

Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есептер

 

Осы стандарт 1994 ж. 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейінгі  кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енді.

 

 

 

Мазмұны

 

7-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік  есеп стандарты

 

Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есептер

 

МАҚСАТЫ

 

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ Параграфтар 1-3

 

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ

ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 4-5

 

АНЫҚТАМАЛАР 6-9

 

Ақша қаражаттары және ақша қаражаттарының баламалары 7-9

 

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ  ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ 10-17

 

Операциялық қызмет 13-15

 

Инвестициялық қызмет 16

 

Қаржыландыру жөніндегі  қызмет 17

 

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН  АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ

Информация о работе Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі