Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 08:39, дипломная работа
АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады.
Операцияларды орындау барысында олардың заңды болуына, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына банктің басшылары және бас бухгалтер жауап береді.
Бас бухгалтердің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының инвентарлық тексеруді жүргізуі бухгалтерияның шотындағы қалдық соманы банк берген құжаттағы сомамен салыстыру арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысу шотындағы аудит операциясы кәсіпорында қанша есеп айырысу шоты бар екенін, аналитикалық және синтетикалық шоттардағы есептің дұрыс жүргізілуіне тексеру жұргізіледі.
2.5 Еңбек ақы мен есептесудің есебі, талдауы және аудиті
Еңбек ақы мыналарға бөлінеді:
Негізгі – нақты атқарылған уақыты және барлық орындалған жұмыстары бойынша ақша аударылады.
Қосымша – кәсіпорында атқарылмаған уақыт үшін төлемдер (демалысқа шығу төлемі, жұмыстан босатылғанда жүріп қалған уақыты үшін жәрдем ақы). Жұмысшы тұлғалар мыналарға – басшылар, специалистер, қызметкерлер мен қарапайым жұмысшылар болып бөлінеді.
Еңбек ақы есептеудің негізін
жұмыс уақытының табель есебі
жүргізеді.Негізгі еңбек ақы
Кесімді-премиальды – жұмыс көлеміне байланысты.
Уақытша-премиальды – жұмыстың әр сағатына тарифтік ставка және орындалған уақытқа төлеу болып табылады.
Өзіндік құнға кірмейтін шығындар жұмысшылардың еңбек ақы шығындары оның ішінде административті – басқарушы тұлғаларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер – 821 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шотында жүргізіледі.
Үлкен жетістіктерге жету мақсатында негізгі мәселені шешу үшін, максимум пайда әкелу үшін жұмысшыларға сыйақы, жұмысшыларға материалды көмек және көмек ретінде төленетін сыйақылар тағайындау жүзеге асырылады.
Еңбек ақы есебінің аудиті
Еңбек ақы есебінің аудитін
тексеру мыналар болып
1) Еңбек ақы аударымдары кезінде нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс сақталуын тексеру;
2) Еңбек ақыдан ұсталымдарды дұрыс жүргізу.
Тексеру келесілер арқылы жүзеге асырылады:
1. Синтетикалық және аналитикалық есептің баланс жазуындағы 681 шот бойынша көрсеткіштері орнатылады.
2. Алғашқы құжаттардың дұрыс толтырылуы, қажетті тұлғалардың қолдары бар болуы оқытылады.
3. Еңбек ақы аударымдарының дұрыстығын тексеру таңдап алу әдісімен жүзеге асырылады.
4. Қарапайым төлем, жұмысына қосымша төлем.
5. Уақытша жұмысқа қабілетсіздігіне байланысты жәрдемақының аударылуы.
6. Еңбек ақыдан ұсталымдардың дұрыстығын тексеру.
Мен практикада жүрген кезімде, есеп айырысу - төлем ведомостын, шоттық кесте, жұмыс уақытының есеп табелін толтырумен таныстым.
2.6 Дебиторлық борыштардың есебі
Дебиторлық борыштардың есебі өз алдына бөлек шоттармен, әр қайсысының түрімен және борышкермен жүргізіледі. Кәсіпорында жұмысшылардың борышы мына келесі операциялардан пайда болады.
Бухгалтерия жұмысшыға қызметтік командировкаға ақша береді. Командировка уақытында тәуліктік төленеді, командировкалық куәлік жазылады. Жұмысшы командировкадан қайтқаннан кейін 5 күн ішінде кәсіпорын бухгалтериясына аванстық есепті көрсетеді.
Жалға берілген негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдар аренда алушымен аударылады және ол тек ағымдағы шығындар ретінде көрсетіледі. Ағымдағы жал бойынша шығындар ай сайын аударылып тұрады.
Жалға берілген негізгі құралдар бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарының 12-125 баланс шоттарында жүргізіледі және оған «Ағымдағы жалға берілген» субшот ашылады.
2.7 Табыстар мен шығындардың есебі, талдауы және аудиті
Қаржылық нәтиже – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы экономикалық қорытындысы және оның формасы табыс(зиян) түрінде болады.
Негізгі және негізгі емес қызметтен алынған табыстар жылдық табысты құрайды және де ол №5 БЕС сәйкес ескеріледі және мойындалады.
Табыстар табылған кезде, ал шығыстар мен зияндар шығындалған кезде бухгалтерлік есепте мойындалады және қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Заказ берушілерден алынған аванстар және аралық төлемдер негізінде табыстар деп есептелінбейді.
Негізгі емес қызметтен түсетін табыстарға негізгі құралдар бойынша ғимараттарды жалға алғаны үшін төлем және басқа да түсімдер. Салық салынатын табысты табу үшін жылдық жиынтық табыстың салықтық есебі ұйымдастырылған.
Жылдық жиынтық табыстан осыған байланысты барлық шығындар алынып тасталынады. Шығындар БЕС №7 нақты өндірістік шығындар бойынша жіктеледі, жіктелген құрамының бөлігі және шығындар классификасиясы өзіндік құнға кіреді.
3. Кәсіпорынның қаржылық
есептілігін таныстыратын
Қаржылық есептілік
Есептілікті құру есеп жұмысының бітіруші кезеңі болып табылады.
Қаржылық есептіліктің мақсаты заңды тұлғаның нақты қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесі және есепті жылғы қаржылық жағдайының өзгеруі туралы пайдалы, керекті және маңызды ақпараттарды ақпаратты пайдаланушыларға ұсыну болып табылады.
Ақпаратты пайдаланушыларға нағыз және потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, жұмысшылар, мемлекеттік органдар, қоғамдар. Қаржылық есептілік инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін өте қажетті және пайдалы ақпараттарды қамтиды. Есеп регистрлері жылдың басына дейін, жыл бойы және жыл соңына есептілікті құру үшін керекті ақпараттар жиналған аналитикалық мәліметтері болуы тиіс.
Қаржылық есептілікте кәсіпорынның атауы, орнатылған жері есепті күні және есепті жылы көрсетіледі. Қызмет түрі, оның заңды формасы және өлшем бірлігі – мың теңге туралы қысқа ғана мазмұны көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорын қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және бухгалтерлік баланс құрады.
Бухгалтерлік баланс – жылдық есептің негізгі формасы оның құрылуына дейін бас бухгалтер барлық синтетикалық шоттардың айналым және қалдықтарын есеп регистріндегі аналитикалық есептің мәліметтерімен тексереді.
Баланс Бас кітапта көрсетілген шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады. Ол келесі бөлімдерден тұрады: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Активтер мен міндеттемелер ұзақ мерзімді және ағымдағы болып бөлінеді.
Қаржы шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп, шығындар мен табыстар есеьін міндетті ашатын негізгі форма болып табылады.
Қаржылық шаруашылық қызметтің есепте келесі көрсеткіштері болуы тиіс:
- дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан алынатын кіріс, ҚҚС, акциздер және басқа да салықтар және де міндетті төлемдер алынып тасталғандағы қайтарылған тауарлардың құнын қоспағанда;
- сатылған дайын өнімнің өзіндік құны;
- жалпы табыс;
- кезең шығындары (сату бойынша жалпы және әкімшілік шығындар);
- табыс (негізгі қызмет бойынша зиян);
- табыс (негізгі емес қызмет бойынша зиян);
- қарапайымнан салық салынғанға дейінгі табыс (зиян);
- табыс салығы бойынша шығындар;
- салық салудан кейінгі қарапайым қызметтен түскен табыс (зиян)
- төтенше жағдайлар бойынша табыс (зиян);
- таза табыс (зиян).
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
БЕС №4 талабы бойынша есеп құрастырылады. Есепті құрудың керектігі кәсіпорынға есепті жылы ақша қаражаттарының келіп түсуі және де оның операциялық, инвестициялық және субъектінің қаржы шаруашылық қызметі туралы ақпараттарды алу.
Операциялық қызмет. Кәсіпорынның операциялық қызметінің қозғалысы тікелей әдісті қолдануын көрсетеді. Ол ақшаның түсімдерінің және төлемдердің негізгі мөлшерін ашуға және де олардың қай қызмет түріне жататындығын анықтау деп ойлайды.
Ақша қаражаттарының қозғалысын
ашу барысында операциялар
Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді алу және сату, қаржылық инвестицияларды сату.
Қаржылық қызмет – меншікті капитал және қарыз қаражатының мөлшері және құрамының өзгеруі кәсіпорын қызметінің нәтижесі болып табылады.
Қорытынды
АҚ «Қазақстан Халық Банкіде» практикамды атқара отырып мыналарды айтып кетсем деймін.
Қазақ экономикалық университетінде
теориялық түрде алған
Мен бухгалтерияда әр түрлі бастапқы құжаттармен жұмыс істей отырып, олармен таныстым. Мерзімді және жылдық есепті құруға көмектестім және де әр түрлі бланкілерді толтырдым.
Банкіде практиканы өте жүріп,
айта кету керек, мен әр түрлі көптеген
программалармен жұмыс істедім
және де сол программалардың ішінде
әсіресе «Colvir» программасы
Тағы да айта кететін жайт, менің ойымша банк өзінің қаржылық жағдайына өте үлкен мән береді екен. Банктің балансын (жоғарыдағы келтірілген тәжірибеге байланысты сүйене отырып) өте өтімді деуге болады, бірақ та банкте де ақша қаражаттарының жетіспеушілігі болып тұрады.
Банктің қаржы жағдайының стабилді, қаржылық жағдайының мөлшері бұдан да үлкен және де елдегі ең үлкен, қаржылық жағдайы өте жақсы банктердің бірі болуына өзімнің ойымша келесі іс шараларды жүргізуді ұсынар едім:
- Басқарудың техникалық және жаңа әдістерін үйрену;
- Басқарудың құрылымын жаңартып отыру;
- Техника және технологияның ең соңғы, осы уақыттағы және жаңа техникалық құрал-жабдықтарын, әр түрлі көптеген программаларды барлық банктерден бұрын өте тез енгізу және дер кезінде және дәл уақытында жабдықтармен жабдықтау;
- Жұмысшыларды жаңарту және алыс және жақын шет елдерге оқыту;
- Кадрлар саясатын дер кезінде жаңартып отыру;
- Баға құру саясатын ойланып және жақсылап жоспарлау;
- Шығындардың тиімді және әр түрлі азайту жолдарын іздестіру.
- Банктің қаржылық басқаруын болжамдауға және жоспарлауға өте үлкен мән беріп, осылармен көбірек айналысу;
- Мемлекетке, әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарға, халыққа және т.б. қызмет көрсетудің оңай, өте тиімді, екі жақты пайда әкелетін, бәріне қажетті және пайдалы түрлерін ойластыру және іздестіру керек және оларды дер кезінде пайдалана білу керек.
Жоғарыда айтып өткендей, банктер шаруашылықтың негізін және де мемлекеттің экономикалық потенциалын құрайды.
Неғұрлым банк пайдалы болса, онда соғұрлым оның табысы стабилді болады және де соғұрлым мемлекеттің қоғамдық сферасына қосқан үлесі көп болады, оның экономикалқ потенциалы өседі, соңынан банкте жұмыс істейтіндердің және халықтың жағдайы жақсарады және соғұрлым халықтар өте жақсы өмір сүреді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.
2. Налоговый кодекс. О налогах и других обязательных платежах в бюджет. – Алматы: Юрист, 2003.
3. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 24 июня 2002 года, №329-1 // Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету, страхованию: «Қаржы-қаражат» Официальные материалы // Қаржы-қаражат . – 2002. - №7.
4. Постановление Национальной комиссии по бухгалтерскому учету от 13.11.96. №3.
5. Стандарт бухгалтерского учета «Представление финансовой отчетности» (Приказ министра финансов РК 17 января 2003 г. № 14) // Бухгалтерский учет и аудит. – 2004. - № 2.
6. Типовой план счетов и их типовая корреспонденция (Приказ министра финансов РК от 18 сентября 2002 г. № 438) // Бухгалтерский учет и аудит. – 2003. – 1,2,3.
7. Бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нұсқау және 2006 жылдан бастап қолданылатын бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 22 желтоқсан 2005 жылғы 426, 427-ші бұйрықтары.
8. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) оқулық, - Алматы 2006 жыл.
9. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
10. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001. – 330 бет.
11. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З:Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. – Алматы: ЭкономикС, 2003. – 360 бет.
12. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З:Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп – Алматы: Экономика, 2001.
13. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
14. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. – Алматы, 2004.
15. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. – А.: Центраудит – Казахстан, 2002.
16. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша – қазақша сөздік. Алматы: - сөздік – словарь, 1999.
17. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С. Методика финансового анализа. – М.: ИНФРАМ, 1995.
18. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа предприятия. М.: Научно-производственная фирма «ЮНИ-ГЛОБ» совместно с издательско-полиграфическим объединением «МП», 1992.
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
Информация о работе Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі