Бухгалтерлік есебінің даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 10:16, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Осындай орталықтандырылған қаржылардың негізін мемлекеттік бюджет құрайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТАБЫСТАРДЫҢ ЖИНАҚТАЛУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі ..........................................................4
1.2 Бюджет табысын қалыптастырудағы салықтардың рөлі ................................8


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТАБЫСТАР

2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджет түсімдерін қалыптастырудағы салықтар және олардың түрлері ...........................................11
2.2 Салықтардың жергілікті бюджет кірісін қалыптастырудағы рөліне экономикалық талдау (Алматы қаласы мысалында) ...........................................19
2.3 Мемлекеттік бюджеттің табыстарын жетілдіру міндеттері .........................26

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік бюджетке табыстардың жинақталу формалары Жамал ЮАЙБИ 2011-0.doc

— 328.00 Кб (Скачать)

   Республикалық бюджеттің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және ұлттық валютаның айырбас бағамының (курсының) жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражаты ұлттық валютаның бөлінген кезеңдегі ресми айырбас бағамы бойынша жұмсалады.

    Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті, қаржы рыногінде жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.

    Алайда, нарықтық  механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.

    Экономика  мен әлеуметтік-мәдени шараларды  қаржыландыру шығыстарының едәуір бөлігі төменгі бюджеттерге субвенциялар нысанында беріледі.

    Бюджеттің  атқарылуы жөніндегі уәкілетті  орган Үкімет атынан республикалық  бюджетте көзделген сомалар шегінде  кредиттер бере алады. Кредиттер  берудің тәртібі мен шарттарын  Үкімет белгілейді.

    Қазақстан  Республикасының Үкіметі заңды,  жеке тұлғалардан және шет  мемлекеттерден республикалық бюджет  тапшылығын қаржыландыру үшін  заңда белгіленген тәртіп бойынша  қарыз алуға құқылы.

    Үкіметтің  қаражатты қарыз алуы қарыз  алу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару шарттары нысанында жүзеге асырылады. Қарыз шарттарын жасаудың және мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың тәртібі мен ережелерін Үкімет белгілейді.

    Бюджеттің  атқарылуы жөніндегі уәкілетті  орган облыстар мен Астана  және Алматы қалалары әкімдерінің ұсынысы бойынша республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген арнаулы резерв шегінде Үкімет шешімінің негізінде бюджеттік кредиттер бере алады.

    Бұрынғы кезеңмен  салыстырғанда шығыстардың құрылымында  бюджеттік ресурстардың әлеуметтік  бағыттылығы арта түсуде. Республикалық  деңгейдегі білім беруді, денсаулық  сақтауды, әлеуметтік сақтандыру  мен қамсыздандыруды және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік – мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 %-нан асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға, дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындарда өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады.

    Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

       

Қорыта келе, салықтар маңызды экономикалық категория  болып табылады. Ұлттық табысты қайта  бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесiнде пайда болатын қателiктердi жоюға мүмкiндiк туғызады, адамдардың экономикалық әрекеттерiн ынталандырады, мемлекеттiң маңызды саясаттары мен бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз етедi, өнеркiбi маңызды және шағын бизнес, инновациялық салаларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады, қоғамдағы әлеуметтiк орта жағдайын реттеуге тiкелей қатысады.

Салықтардың экономикалық мәнi мынада:

  1. Бiрiншiден, салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағықаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн көрсетедi.
  2. Екiншiден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жиынтықтардың қаржылық қатынастарын көрсетедi.

Фискалдық саясат – бюджет (мемлекеттің  шығыстары) мен салық саясатын жүргізуді  қамтамасыз етуде бағытталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.

Бюджет-салық саясаты  – мемлекеттiк бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн реттеу мақсатында үкiмет тарапынан жүргiзiлетiн шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдiгiн және экономиканың өсуiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi. Бұл саясат өз кезегінде үлкен екі бағыттағы және мақсаттағы түрге бөлінеді.

Ынталандырушы бюджет-салық саясаты  (қазыналық экспанция) – бұл саясат қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн төмендету арқылы немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзег асырылады.

Сөйтіп, жалпы мемлекеттік  мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің  экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Рынокқа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық арақатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл шаралар тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін болады.

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:

    «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз» - деді.

    Қазақстан  экономикасын ойдағыдай дамыту  мақсатымен қаржы ресурстарын  неғұрлым толық және ұтымды  пайдаланудың әдістері мен амалдарын  көре білудің маңызы зор.

    Сонымен, экономикалық  категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

    Мемлекеттік  бюджет біздің елімізге қажетті  және маңызды. Бюджет қаражаттарының  әлеуметтік бағыттылығының зор  маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы  басымдықтар - халықтың табысы  аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. 1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2011 ж. 
  2. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2005ж.
  3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С.  Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2007. – 448 бет.
  4. Мельников В.Д. Ли В.Д.  Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2003. – 285с.
  5. Мамыров Н.Қ.,  Тiлеужанова М.Ә. -  Макроэкономика:  Оқулық. – Алматы: Экономика. - 2007. – 432 бет.
  6. Мэнкью Н.Г.  Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
  7. Ивашковский С.Н. -  Макроэкономика:  Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М.: Дело.  2005. – 472 с.
  8. Мельников В.Д. Ильясов К.К.  Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2003. – 252 с.
  9. Финансы, денги, кредит. Учебник. П<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" st

Информация о работе Бухгалтерлік есебінің даму тарихы