Бухгалтерлік есебінің даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 10:16, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Осындай орталықтандырылған қаржылардың негізін мемлекеттік бюджет құрайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТАБЫСТАРДЫҢ ЖИНАҚТАЛУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі ..........................................................4
1.2 Бюджет табысын қалыптастырудағы салықтардың рөлі ................................8


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТАБЫСТАР

2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджет түсімдерін қалыптастырудағы салықтар және олардың түрлері ...........................................11
2.2 Салықтардың жергілікті бюджет кірісін қалыптастырудағы рөліне экономикалық талдау (Алматы қаласы мысалында) ...........................................19
2.3 Мемлекеттік бюджеттің табыстарын жетілдіру міндеттері .........................26

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік бюджетке табыстардың жинақталу формалары Жамал ЮАЙБИ 2011-0.doc

— 328.00 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3

 

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТАБЫСТАРДЫҢ  ЖИНАҚТАЛУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 

 

1.1 Бюджеттің экономикалық мәні  мен рөлі ..........................................................4

1.2 Бюджет табысын қалыптастырудағы  салықтардың рөлі ................................8

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТАБЫСТАР

 

2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік  бюджет түсімдерін қалыптастырудағы салықтар және олардың түрлері ...........................................11

2.2 Салықтардың жергілікті бюджет  кірісін қалыптастырудағы рөліне  экономикалық талдау (Алматы қаласы  мысалында) ...........................................19

2.3 Мемлекеттік бюджеттің табыстарын жетілдіру міндеттері .........................26

 

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................................36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Экономикалық дамудың  қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен  үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық  және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Осындай орталықтандырылған қаржылардың негізін мемлекеттік бюджет құрайды.

Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы  барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік  қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған  көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік  алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту  кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады.  Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады.  Фискалдық саяссаттың маңыздылығы ол мемлекеттің экономиканы реттеудің тікелей әдісі болып табылады, бұл саясатты қолданудың нәтижесі тез арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы зор болып табылады.

Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.

    Курстық жұмыстың  мақсаты - мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастырудағы салықтардың мәні мен рөлін көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін біз мына міндеттерді орындауымыз керек:

  • мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлін;
  • бюджет кірісін қалыптастырудағы салықтардың жалпы қызмет ету механизмін талдау;
  • бюджет түсімдеріндегі салықтар мен алымдардың түрлерін қарастыру;

     - мемлекеттік  бюджеттің кірістері мен шығыстарының  құрамы мен құрылымын;

     -    Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджетін жетілдіру жолдары мен 2011-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті жоспарлау бағдарламасының маңыздылығыны ашу;

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТАБЫСТАРДЫҢ ЖИНАҚТАЛУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

 

1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

 

     Қаржылық  байланыстардың орасан зор әр  алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен  көзге түсетін оқшауланған сфераларды  бөліп көрсетуге болады. Мәселен,  мемлекеттің шаруашылық жүргізуші  субъектілермен және халықпен  қалыптасатын қаржы қатынастары  жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.

    Экономикалық  қатынастардың жиынтығы ретіндегі  мемлекеттік бюджеттің объективті  сипаты бар. Бөлудің дербес  сферасы ретіндегі оның өмір  сүруінің объективті қажеттігі  ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,  мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.

 Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ  ерекшеліктерімен көзге түсетін  оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды. /3, 208 б/

Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Экономикалық қатынастардың  жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің  объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.

Сөйтіп, объективті бөлгіштік  қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.

Экономика дамуының қазіргі  кезеңінде орталықтандырылған қаржы  ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.

    Қаржыны орталықтандырудың  арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің  экономикалық және әлеуметтік  саясатын табысты іске асыру  үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік  дамудың шешуші учаскелеріне  шоғырландырылады.

    Сөйтіп, объективті  бөлгіштік қатынастардың экономикалық  нысаны бола отырып, құндық бөліністің  ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік  бюджет айрықшалықты қоғамдық  арналымды орындайды – жалпымемлекеттік  қажеттіліктерді қанағаттандыруға  қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.

    Қаржы қатынастарының  белгілі бір жиынтығы ретіндегі  мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын  өзгеше белгілер тән: бюджет  қатынастарының бөлгіштік сипаты  бар, әрқашан ақша нысанында  жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

    Құндық бөліністің  айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

1) мемлекеттен жалпы  қоғамдық өнімнің бір бөлігін  оқшауландырумен және оны қоғамдық  қажеттіліктерді қанағаттандыруға  пайдаланумен байланысты бөлгіштік  қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

2) құнды жасау және  оны тұтыну процесін шарттастыратын  материалдық өндіріс қаржысынан  және құнды тұтынуға қызмет  ететін өндірістік емес сфера  қаржысынан мемлекеттік бюджеттің  айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың  салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

3) қоғамдық өнімнің  оның тауар нысанындағы қозғалысымен  тікелей байланысты емес құндық  бөліністің стадиясын білдіреді  және одан белгілі үзілісте  жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

    Мемлекеттік  бюджет, кез келген басқа экономикалық  категория сияқты, өндірістік қатынастарды  білдіреді және оларға сәйкес  келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

    Экономикалық  категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

    Мемлекеттік  бюджет экономикалық категория  ретінде жалпы қаржы категориясына  сай келетін бөлу және бақылау  функцияларын орындайды. Бұл функциялардың  іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.

    Мемлекеттік  бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. 

    Негізгі қаржы жоспары  мемлекеттің қаржылық қызметінің  жемісі болып табылады. Елдің  негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

    Мемлекеттік бюджет ұлттық  экономиканы басқарудың басты  механизмдерінің бірі. Ол экономикаға  мемлекеттің орталықтандырылған  ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

    Ақырында, мемлекеттік бюджет  мемлекет заңдарының бірі болып  табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).

    Мемлекеттік бюджет –  ұлттық табыс пен жалпы ішкі  өнімді қайта бөлудің негізгі  құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс  бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30 %, жалпы ішкі өнімнің 10 % бөлінеді  және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.

    Нарықтық механизмге  көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

    Шығыстар мен салықтар  арқылы бюджет экономика мен  инвестицияларды реттеудің және  ынталандырудың, өндіріс тиімділігін  арттырудың маңызды құралы болып  табылады.

Информация о работе Бухгалтерлік есебінің даму тарихы