Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:07, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорындарда күнделікті орындалып отыратын операциялардың барлығынында міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекшелі екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақыттарда орындалатын жұмыстармен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлік деп атауға болады.
Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік құжаттардың жіктелінуі
Құжат айналымы
Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу
Бағалау және калькуляциялау
Шаруашылық процестердің есебі және кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
Есеп регистрлері және жазбалары
Бухгалтерлік есеп формалары (нысандары)
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Есеп саясатының мазмұны
Есеп саясатын дайындау
Бухгалтерлік есептің журнал-
Шағын кәсіпорындар бухгалтерлік есеп формасының жай немесе жеңілдетілген (кәсіпорын мүлігін есептеу тіркелімдерін пайдалану арқылы) түрін қолдана алады.
Есептің жай формасы шаруашылық операцияларын есептеу кітабында қарастырылады. Ол кітап кәсіпорындарда қолданылатын барлық шоттарды қамтиды, сондай-ақ топтамалық және талдамалық есепті біріктіреді, яғни біріктірілген регистр болып табылады. Бұл құжатқа жазылатын ақпараттар алғашқы (бастапқы) құжаттардан алынып, хронологиялық тізбекте бір уақытта шоттар бойынша топтау арқылы жүргізіледі.
Кітап ұйымның кез келген уақыттағы (күнгі) мүліктері мен қаржылық міндетгемелерінің барлығын анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жай нысанындағы аталған есеп тіркелімінен басқа есеп айырысу - төлем тізімдемесін ауыстыратын қызметкерлермен есеп айырысу тізімдемесі жүргізіледі.
Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар үшін қолайлы.
Әрбір тізімдеме әдетте, қолданылатын бухгалтерлік шоттың біреуі бойынша жүрген операцияларды есептеу үшін қолданылады (шоттарды жұмыс жоспарына сай).
Бастапқы құжаттар (актілер, жүк құжаттар, есеп-қисап және тағы басқа) негізінде шаруашылық операциялар екі тізімдемеде көрсетіледі: біріншіде - шоттың дебеті бойынша кредиттелуші шот нөмірін көрсетумен бірге, екіншісінде - корреспонденцияланушы шоттың кредиті бойынша дебеттеуші шоттың номерінің ұқсас жазбасымен бірге.
Жеке тізімдемелердеп қаражат қалдықтары, солардың негізінде жазбалар жүргізілген бастапқы құжаттардың сәйкес мәліметтерімен салыстырылуы керек (кассалық есеп беру, банк көшірмесі және тағы басқалары).
Кәсіпорынның бір айдағы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерін қорытындылауға арналған қаржы-шаруашылық қызметінің айлық қорытынды жинақтау ведомосттары (тізімдемелері) арқылы шахматтық ведомост (тізімдеме) құрылады. Ал бұл шахматтық ведомостегі (тізімдемедегі) мәліметтер негізінде кәсіпорынның айналым ведомості (тізімдемесі), бухгалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқада түрлері жасалынады.
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің регистрлер жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативті құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатыи құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
- бухгалтерлік есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
- алғашқы есеп құжаттарының типтік формалары;
- ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат формалары;
- актив пен міндеттемелер
- актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
- шаруашылық операцияларды
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
- меншік формасы (нысаны, түрі) мен
құқықтық-ұйымдастырушылық
- салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
- қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
- салық салу жүйесімен ара қатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
- қаржы-шаруашылық қызметін
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
- материалдық базасының болуы
(компьютерлік техника мен
- кәсіпорындағы бухгалтер
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орынды талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттылық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы календарлық (күнтізбелік) күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухглатерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
Есеп саясатының мазмұны
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға (ұйым) өзінің есеп саясатын құрастырған уақыттатөменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
- Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
- Материалдық емес
активтеріне амортизациялық
- Шығындарды топтау
мен өндіріс шығындарына
- Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
- Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.
- Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
- Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары.
- Материалдық қорларды бағалау әдістері.
- Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
- Курстық айырманы есептеу
- Тағыда басқа.
Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:
- нормативтік әдіс (нормативный);
- өндірістік өңдеу сатысы (попередельный);
- тапсырыстық әдіс (позаказный).
Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі.
Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:
- өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей (прямые) шығындар;
- тікелей шығындардың жалпы сомасы;
- материалдық шығындардың сомасы;
- сметалық мөлшерлеме;
- өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.
Аяқталмаған өндірістің бағалануы.
Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс былайша бағаланады:
- нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;
- тікелей шығындар бойынша;
- жұмсалынған шикізаттар мен
материалдардың құндары
Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмағаи өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.
"Бухгалтерлік есеп және
Есеп саясатын дайындау
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорыниың бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп, қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағыда басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделінуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынандай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
- Қазақстан Республикасының
- бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
- жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағыда басқа.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылындағыға өзгерістер енгізілген болса) жазылады.