Бухгалтер Арайлым алибекова

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:07, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорындарда күнделікті орындалып отыратын операциялардың барлығынында міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекшелі екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақыттарда орындалатын жұмыстармен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлік деп атауға болады.

Содержание

Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік құжаттардың жіктелінуі
Құжат айналымы
Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу
Бағалау және калькуляциялау
Шаруашылық процестердің есебі және кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
Есеп регистрлері және жазбалары
Бухгалтерлік есеп формалары (нысандары)
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Есеп саясатының мазмұны
Есеп саясатын дайындау

Работа содержит 1 файл

арай бух.doc

— 201.50 Кб (Скачать)

КӘСІПОРЫНДА  БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕПТІ  ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

  1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі.
  2. Бухгалтерлік құжаттардың жіктелінуі
  3. Құжат айналымы
  4. Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу
  5. Бағалау және калькуляциялау
  6. Шаруашылық процестердің есебі және кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
  7. Есеп регистрлері және жазбалары
  8. Бухгалтерлік есеп формалары (нысандары)
  9. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
  10. Есеп саясатының мазмұны
  11. Есеп саясатын дайындау

 

 

 

 

 

 

 

КӘСІПОРЫНДА  БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорындарда күнделікті орындалып отыратын операциялардың барлығынында міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекшелі екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақыттарда орындалатын жұмыстармен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлік деп атауға болады.

Жалпы кәсіпорындардағы атқарылып жатқан жұмыстардың, орындалған тапсырмалардың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорындар мен ұйымдардың мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан құжаттау -бухгалтерлік есептің негізі. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстардың, атқарылған қызметтердің қай мерзімде жасалынғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Құжат - кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларна сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Бухгалтерлік құжат - кәсіпорындардағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.

Орындалған   шаруашылық   операцияларын   бастапқы - құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.

Кәсіпорындарда жүргізетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжатгардың формасы бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін реквезиттер деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті реквизитгер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.

Міндетті реквезитке жататындар:

- құжаттың аты, формасының коды;

- құжатгың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы);

- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;

- шаруашылық операциясының мазмұны;

- шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);

- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;

- жауапкердің қолдары.

Қосымша реквизиттер шаруашылық операциялардың көрінісінің ерекшіліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша реквизиттер болуы керек: құжаттың реттік нөмері, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының номері, шаруашылық операцияларды орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары.

Құжаттардың формалары келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:                                       

1) ауылшаруашылық өнім мен шикізат;

2) еңбек және еңбекақы;

3) негізі құралдар мен материалды  емес активтер;

4) материалдар;

5) кем бағалы және тез тозғыш заттар;

6) капиталдық құрлыстағы жұмыстар;

7) құрылыс машиналар мен механизмдердің  жұмысы;

8) көліктегі жұмыстар;

9) түгендеу нәтижелері;

10) кассалық операциялар;

11) сауда операциялары.

Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның  орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады және ол операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлдік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.

Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті  қаламсаппеи, жазба машинасымен (компыотермен) және басқада олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімен тағайындайды.

Ақша операциялары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айырысу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз) болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әртүрлі болған жағдайда, оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.

Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда  жасалған қателерді келесі жолдармен  түзетуге болады: дұрыс емес тексті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады.

Бұл құжатқа түзету енгізілгені  жазылып және уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.

Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.

Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлеріне  түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен  жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақытты (күні, айы, жылы) көрсетіп қолдарын қояды.

 

 

 

Бухгалтерлік  құжаттардың жіктелінуі

Есептеу үдерісінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктелінеді: мақсаты бойынша (по назначению), құрастырылған орнына байланысты (по месту составленния), көрсету тәсілі (по способу отрожения) және операциялар мазмұнының көлемі (по объему содержания) бойынша.

Мақсаты бойыиша құжаттар үкімдік (распорядителные), атқарушылық (оправдательные, исполнительные), бухгалтерлік толтыру (бухгалтерского оформления) және біріктірілген (комбинированные) болып бөлінеді.

Үкім құжаттарына - шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларга сыйақы беру туралы бұйрық, тауарларды алуға берілген сенім хат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетгі түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек. Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді, себебі шаруашылық операциясын орындау үкім шығарылғдннан кейін ғана орындалады.

Атқарушылық (растайтын) құжаттар – шаруашылық операциялардың орындалғанын көрсетеді (растайды). Бұл құжаттарға - тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған накладнойлар, кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағыда басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Орындалған операцияларды бухгалтерлік есептің шоттарында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтында құжаттардың осы түрі.

Бухгалтерлік толтырылған  құжаттар - бұл ұйымның бухгалтериясы жасагаи әр түрлі анықтамалар, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар. Оларға негізгі құралдарға, материалдық емес активтерге, материалдарға, әлеуметтік сақтандыру аударымдарына, еңбекақы төлемдеріне және т. б. бухгалтерия толтырылған құжаттар жатқызылады.

 

Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияларды қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы, кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға бергеннен кейін атқарушылық болып есептелінеді. Біріктірілген құжаттарының бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.

Толтырылатын (құрастырылатын) орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі құжаттар - белгілі бір кәсіпорында толтырылып (құрастырылып) оның ішінде жүргізілетін құжаттар. Құжаттардың бұндай түрі арқылы қандайда бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауарлы-материалды құндылықтардың ішкі қозғалысы барысында толтырылатын накладнойларды, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқада төлемдерді төлеуге арналған төлем ведомостарын, есеп айырысуға тиісті тұлғаларға толтырылатын аванстық есептерді және тағыда басқа құжаттарды жатқызуға болады.

Сыртқы құжаттарға кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен тауарлық-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот-фактураларды, сенім хаттарын және тағы да басқа құжаттарды жатқызуға болады.

Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды алғашқы (бастапқы) құжаттар және жинақтаушы (сводные) құжаттар деп бөліп қарастырады.

Алғашқы (бастапқы) құжаттардың өзі олардың толтырылатын операцияларының мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында бір қана толтырылады. Мысалы, тауарды босату үшін толтырылатын накладнойлар. Жинақталған құжаттарда белгі бір мерзім аралығында орындалған біртектес операциялар жазылады. Мысалы, акционерлік қоғамнан бір күнде босатылған өнімге толтырылатын зоборлық карта.

 

Құжат айналымы

Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативті-құқықты, ұйымдастырылушылық-өкімгерлік, ақпаратты-анықтамалық, есеп айырысу ақша құжаттары және басқада алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шаруашылық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруына байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда құжаттар бірнеше кезеңнен өтеді. Олар: жасалу немесе толтырылу, есепке алыну, тексерілу немесе өңделу, бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау, архивке өткізу және т.б. кезеңдер. Сонымен

Құжат айналымы деп кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысын немесе басқаша түрде олардың жасалуынан (құрылуынан), яғни толтырылуынан бастап олардың қызметінің аяқталуын және архивке өткізілу кезеңін айтады.

Құжат айналымының ережесі және есептік ақпараттың өңделу технологиясы кәсіпорынның қабылдаған есептік саясатында көрсетіліп бекітіледі.

Құжат айналымының басқару механизмін дайындау, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің үдерісінде негізгі буын болып табылады. Құжат айналымын ұйымдастыру арқылы бухгалтерлік қызметтің тұрақтылығы, құжаттың қозғалысымен өңделуінің жолдары және оперативтілігі, ұйымдық шешімдерді қабылдаудың уақыттылыгы қамтамасыз етіледі.

Құжат айналымын басқарудың жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:

- бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау;

- бухгалтерияның  және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқада қызметкерлерінің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау;

- кәсіпорындағы құжат айналымының графигін құру;

- есепті ақпаратты  өңдеу технологиясын құру;

-  істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі;

- құжаттың бағалы  экспертизасы және істі ұзақ сақтауға дайындау.  "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кез келген кәсіпорынның басшысы есептік жұмыстың көлеміне байланысты мынандай жұмыстарды жүргізе алады: 

1) бухгалтерлік қызметті құрылымдық  бөлімше ретінде құру;

2) қызметкерлер құрамына бухгалтер  лауазымын енгізу;

3) шарттық негізінде бухгалтерлік  есептің жүргізілуін мамандандырылған  ұйымға немесе бухгалтер-маманына беріп жіберу;

4) кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысын өзі жүргізу. Кәсіпорын дар мен ұйымдарда бухгалтерлік есеп жұмысының көлемі көп болған жағдайда бірнеше қызметкерлері бар бөлек құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызмет құрылады. Осыған сәйкес кәсіпорында бухгалтерлік қызмет туралы ереже және қызметкерлердің лауазымды қызмет нұсқаулығын регламенттеу қызметі қарастырылуы қажет. Бухгалтерлік қызмет туралы ережені белгіленген заңға сәйкес ұйымның бас бухгалтері басқада мүдделі лауазымды адамдармен келісе отырып әзірлейді, ал оны кәсіпорын басшысы тек қана бекітеді. Ереже бөлімшенің мәртебесін, оның басқару жүйесіндегі орнын және оның ішкі ұйымын анықтайды.

Ереженің мәтіні әдетте келесі бөлімшелерді қамтиды:

- Жалпы ережелер.

- Негізгі міндеттер.

Информация о работе Бухгалтер Арайлым алибекова