Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:07, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорындарда күнделікті орындалып отыратын операциялардың барлығынында міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекшелі екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақыттарда орындалатын жұмыстармен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлік деп атауға болады.
Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік құжаттардың жіктелінуі
Құжат айналымы
Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу
Бағалау және калькуляциялау
Шаруашылық процестердің есебі және кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
Есеп регистрлері және жазбалары
Бухгалтерлік есеп формалары (нысандары)
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Есеп саясатының мазмұны
Есеп саясатын дайындау
Қамту көлеміне қарай түгендеу толық, ішінара, іріктеп түгендеу және тұтас түгендеу болып төрт түрге бөлінеді.
Толық түгендеу нұсқауда қарастырылган мерзімде жүргізіледі. Мұнда тек тауарлық-материалдық қорлар мен ақшаларды ғана тексеріп қоймай, сонымен бірге басқа заңды немесе жеке тұлғалармен есеп айырысудың дұрыстығын тексереді. Толық түгендеу кезінде тексерілуге тиісті материалдардың, тауарлардың барлық түрлері тексеріледі.
Ішінара түгендеу деп түгендеу үшін (тексеру үшін) кәсіпорынның құндылықтарының белгілі бір бөлігін бөліп қарастыруды айтады. Мысалы, тауарларды қайта бағалаған кезде түгендеу бағасы өзгерген тауарларға ғана жүргізіледі.
Іріктеп түгендеу, ішінара түгендеудің бір түрі болып табылады.
Мұндай түгендеу тауарлық-материалдық қорларға жеке-жеке аттары бойынша натуралдық есеп жүргізілетін қоймаларда, өндірістік цехтарда және басқа да ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Мұндай түгендеу егер барлық материалдық қорларды толығымен түгендеу қажет болмаған жағдайда, құжаттарды тексеру кезінде жүргізіледі.
Тұтас түгендеу бір жүйеге жататын бірқатар кәсіпорындарда бір уақытта жүргізіледі. Дұрыс ұйымдастырылған және уақыттылы жүргізілген түгендеу, материалдық жауапты тұлғалардың жұмыстарын бақылау құралы ретінде қарастырылады, сондай-ақ материалдық қорлардың жетіспеуін анықтап қана қоймай, олардың ұрлану, жоғалу мүмкіндігінен сақтандырады.
Түгендеу және басқа да тексерулер барысында анықталған нақты қолда бар мүлік пен бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы айырмашылықтар келесідей тәртіпте реттеледі:
Артық шыққан мүлік (негізгі құралдар, тауарлық-материалдық қорлар, ақшалар және басқалары) түгендеу жүргізілген күнгі нарықтық құн бойынша табыс есебінде кіріске алынады. Түгендеу барысында артық шыққан мүліктің пайда болу себебі мен ол үшін кінәлі адамдар анықталады.
Табиғи шығын нормасы (заңда белгіленген тәртіпте) шегіндегі жетіспейтін және бұзылған мүлік ұйым басшысының өкімі бойынша немесе өндіріс және айналым шығындарына жатқызылады, ал нормадан тыс кемшіліктер - жауапты тұлғалардың есебінен орны толтырылады.
Түгендеу кезінде тауарлар мен материалдардың аттарын дұрыс жазбағандықтан бірімен-бірінің ауысып кетуінен пайда болған жетіспеушілік саны, осы себептен артық шыққан сондай тауарлар мен материалдардың артық шыққан саны бойынша жабылады.
Артық шыққан құндылықтар мен кем шыққан құндылықтарды өзара жабу бір кезеңде анықталған, тексеріп отырған тек бір ғана жауапты адамда, аттары бір материалдық қорларға ғана рұқсат етіледі.
Шығын нормасы нақты жетіспеушілік анықталғанда және сол жетіспеушілік шегінде ғана қолданылады. Норма болмаған кезде мүліктің жетіспеуі нормадан тыс деп саналып кінәлі тұлғалардың есебінеи есептен шығарылады.
Кінәлі тұлғалар анықталмаған немесе кінәлі тұлғалардан шығындарды талап ету сот тарапынан шешілмеген жағдайларда мүліктің жетіспеуінен немесе бүлінуінен болған шығын бюджеттік ұйымдардан басқа кәсіпорындарда ұйымның ағымдағы шығынына жатқызылады, ал бюджеттік ұйымдарда қаржыландырудың (қордың) азаюы ретінде есептен шығарылады.
Жоғалуы, ұрлануы салдарынан кем шыққан құндылықтарды немесе кему мөлшері табиғи нормадан артық шығындарды есептен шығаруды ресімдеу үшін ұсынылатын құжаттардың ішінде тергеу немесе сот органдарының ешкімнің кінәлі еместігін немесе кінәлі тұлғалардан шығынның орнын толтыруды талап етуді бас тартқандығы жөніндегі шешімі, сондай-ақ техникалық бақылау немесе сәйкес мамандандырылған ұйымдардан (сапа жөніндегі инспекция және басқалар) алынған құндылықтардың бұзылу фактісі жөніндегі қорытынды болуы тиіс.
Бағалау және калькуляциялау
Бухгалтерлік есептің
басқа ғылымдардан ерекшелігі, онда
ақшалай өлшем кеңінен
Бағалау - объектілер есебінің ақшалай көрінісі (мүліктер, міндеттемелер және шаруашылық операциялар). Ол бухгалтерлік есеп беруде шығындарды есептеу арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы бағалау мынандай жолдармен жүргізіледі:
Ұйымның сатып алған мүліктері оны сатып алуға жұмсалған шығындардың қосындысы бойынша бағаланады.
Басқа заңды немесе жеке тұлғалардын ақысыз, тегін берген мүліктері сол кіріске алынған уақыттағы нарықтық құны (бағасы) бойынша бағаланады.
Ұйымның өз өндірісінде ендіріріліп кіріске алынған мүліктері сол өнімді өндіруге кеткен шығындардың құнына сәйкес бағаланады.
Нақты өндірістік шығындардың құрамына мынадай шығындар жатқызылады:
- мүлікті кіріске алу барысында жұмсылынған шығын;
- коммерциялық несиені алғаны үшін төленетін процент сомасы;
- үстеме баға, үстеме (наценки, надбавки),
- делдалға төленетін ақы (
- кедендік баж салдықтары;
- тасымалдауға (жеткізіп беруге) және сақтау үшін кететін шығындар.
Басқалардан ақысыз, тегін, қайтарымсыз алынған мүліктің нарықтық бағасы сол мүлікті кіріске алған күнгі баға негізінде құрылады. Ол баға туралы мәліметтер экспертті жолмен расталып және оған сәйкес құжаттар болуы қажет.
Өндіріліп шығарылатын (дайындалатын) өнімнің құны сол өнімді өндіруге кеткен нақты шығындардан тұрады. Ал бұл шығындардың құрамы өндіріс үдерісінде пайдаланылатын негізгі құралдардың амортизациясы, материалдар, жанармай, энергия, еңбек ресурстары және басқа да өнімді өндіруге кететін шығындардан құралады. Ұйымдағы дайын өнімдер бухгалтерлік есеп шоттарында және баланста нақты өзіндік немесе нормативтік (жоспарлы) құнымен есептелінеді.
Кәсіпорындар өздері сатып алған тауарларды бухгалтерлік есеп шоттарында олардың сатылып алынған құны (бағасы) бойынша, ал баланста тек қана сатылып алынғандағы құны бойынша көрсетеді.
Материалдық ресурстар (шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер және тағы басқалары) бухгалтерлік баланста нақты құнмен есептеледі. Ал материалдық ресурстардың нақты құны оларды кіріске алуға кететін нақты шығындармен анықталады.
Ұйымдар негізгі құралдарын бухгалтерлік есеп шоттарында бастапқы немесе қалпына келтіретін құны бойынша есептейді, ал баланста - қалдық құны бойынша, яғни бастапқы құнынан тозу сомасын алып тастап көрсетеді. Бюджеттік кәсіпорындарда - бастапқы құнымен көрсетіледі.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның бухгалтерлік есеп шоттарында бастапқы құн бойынша, ал балансында - қалдық құны бойынша көрсетіледі.
Белгілі бір орындалған жұмыстар бойынша жұмсалған шығындарды топтастыру тәсілін және қандайда бір объектінің өзіндік құнын анықтау тәсілін калькуляциялау деп атаймыз.
Кәсіпорынның белгілі бір материалдық объектіні жасап шығаруға жұмсаған ақша қаражаттарының көлемі - өзіндік құн деп аталады. Ал оның көлемін есептеу мүмкіндігі өзіндік құнның калькуляциясы болып табылады.
Калькуляциялау көмегімен ұйымдардағы әр түрлі есеп объектілерінің, яғни негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, өндірілген дайын өнімнің, сатып алынған материалдық ресурстардың, көрсетілген қызметтің, орындалған жұмыстың және т.б. өзіндік құны анықталады.
Калькуляциялау, яғни өнімнің
нақты өзіндік құнын анықтау мә
Калькуляция - бухгалтерлік есеп әдісінің бір элементі бола отырып, басқа элементтермен тығыз байланыста болады. Бірінші кезекте бухгалтерлік есептің шоттарымен себебі, объект есебінің өзіндік құнын (әр түрлі шығындардың сомасы) анықтау үшін, алдын ала шоттарда көрсетіледі.
Калькуляция - бухглатерлік есептің бағалау әдісінің негізі. Өйткені калькуляция көмегімен алынған мәліметтер кәсіпорындағы объектілерді бухгалтерлік есепте ақшалай өлшеммен есептеуде, яғни бағасын анықтауда негізгі дәлел болатын элемент ретінде қолданылады.
Шаруашылық процестердің есебі және кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорындардағы өндірістік немесе коммерциялық қызметтердің нәтижесінде болып отыратын әр түрлі өзгерістерді түсініп, бақылап отыру үшін сандық және сапалық деп аталатын есеп көрсеткіштері пайдаланылады.
Сандық көрсеткіштер - кәсіпорында орындалған қандайда бір шаруашылық үдерістерінің салдарынан болған өзгерістің сандық өлшемде қандай көлемде өзгергенін сипаттайды.
Сапалық көрсеткіштер - кәсіпорындағы орындалған жұмыстың және атқарылған қызметінің соңғы нәтижелерінің экономикалық тиімділігін сипаттайды.
Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады:
Өнеркәсіп саласында - өндірілген өнім көлемі, сатып алынған өндірістік қордың көлемі және тағы басқалар.
Маркетинг және сауда саласында - көтерме және бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі, тауар қорының көлемі және тағы басқалар.
Қоғамдық тамақтану саласында - тауар айналымының көлемі, бұл өзі өндіретін өнімнің айналымынан және сатылып алынған тауарлардың көлемінен қалыптасады.
Тасымалдау қызметімен айналысатын салаларда - жол аралығына қарай тасмылданатын адамдар мен жүктің саны, көлемі.
Құрылыс саласында - орындалған немесе пайдалануға тапсырылған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі.
Сапалық көрсеткіштердің ең маңыздысы кәсіпорынның орындаған жұмыстары мен атқарған қызметтерінің нәтижесін, қаржылық қорытындысын сипаттайтын табыс және рентабельдік (тиімділік, пайдалық) болып табылады.
Таза табыс (пайда) - бұл абсалютті экономикалык көрсеткіш. Ол барлық кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық қызметінің нәтижесінде алынатын кірістері мен шығыстарының (шығынның) арасындағы айырмашылықпен анықталады.
Рентабельдік (немістің - rепtаbеl - табыстылық деп аталатын сөзінен шыққан) - салыстырмалы көрсеткіш. Ол ұйымның белгілі бір уақыт аралығындағы (есепті кезеңіндегі) атқарған жұмысын табысы жағынан сипаттайды.
Өндірісте рентабельдік
табыстың абсалютті сомасының негізгі жә
Өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрылыста және басқа да халық шаруашылығы салаларында өнімнің өзіндік құны деген сапалық көрсеткіш маңызды орын алады. Бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсаған шығындарымен сипатталады. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі (орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің) ұйымның рентабельділігінің жоғарлауының маңызды факторы болады.
Сапалық көрсеткіштерді бақылау, нақтылы
орындалған жұмыс пен жоспардың
мөлшерін салыстыру шаруашылық қызметінің
экономикалық тиімділігінің динамикалық
дамуына аса маңызды рөл
Есеп регистрлері және жазбалары
Бастапқы есеп құжаттарындағы ақпаратты бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу қолмен жазу немесе автоматтандырылған құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Есеп құжаттарындағы операцияларды тіркеу үшін арнайы нысан кестелері: карточкалар, кітаптар, ведомостар мен журнал-ордерлер және тағы басқа түріндегі есеп тіркелімдері қолданылады.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуге арналған карточкаларды, қалың қағаздан немесе картоннан дайындайды. Олар негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды сақталу орны бойынша талдамалық (аналитикалық) есептеуге арналған. Әрбір карточкаға реттік нөмір беріледі және оларда карточканың ашылған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіледі. Бұл карточкалар арнайы картотекалық-жәшіктерде сақталынады.
Кітаптар - өз алдына белгілі бір пішін мен жазбадағы брошюрленген қағаз беттері. Оларды маңызды, яғни көбірек бақылау қажет деп есептелінетін бөлімдерде қолданады. Кітапты пайдалану әдетте бір бухгалтермен шектелген, себебі қажет болғанда, яғни бір кітаптағы мәліметпен екі немесе оданда артық адамдар жұмыс істейтін жағдайда, оны бухгалтерия қызметкерлері арасыпда бөліп беруге болмайды. Бірақ кейбір жерлерде олардың баламасы жоқ (әрбір ұйымдарда міндетті түрде кассалық кітап жүргізілуі керек). Кітаптарды пайдаланудың артықшылығы - жеке беттерді жаңаға ауыстырудың мүмкін болмауы, яғни жауапты тұлғалар атынан қиянат жасау ықтималдығы төмендейді.
Жеке беттер - үлкен пішіндегі есеп тіркелімдері және карточкаларға, кітаптарға (журналдарға) қарағанда үлкен есеп ақпаратын қамтиды. Олар біріктірілген тіркелімдер рөлін атқарады, яғни синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепті жүргізуге арналған. Сонымсн қатар бұлар, яғни әртүрлі ведомостар мен журнал-ордерлер бухгалтерия қызметкерлері арасында міндеттерді рационалды бөлуге мүмкіндік береді және пайдалануға ыңғайлы (қолайлы) болып табылады.