Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:07, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорындарда күнделікті орындалып отыратын операциялардың барлығынында міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекшелі екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақыттарда орындалатын жұмыстармен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлік деп атауға болады.
Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік құжаттардың жіктелінуі
Құжат айналымы
Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу
Бағалау және калькуляциялау
Шаруашылық процестердің есебі және кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
Есеп регистрлері және жазбалары
Бухгалтерлік есеп формалары (нысандары)
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Есеп саясатының мазмұны
Есеп саясатын дайындау
- Қызметтер.
- Құқықтар мен міндеттемелер.
- Жауапкершілік.
- Өзара қарым-қатынас (қызмет бабындағы байланыс).
- Жұмыстың ұйымдастырылуы.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік қызмет туралы ереженің қолданылу мерзімі шектелмейді. Ереженің мәтініне бөлек өзгерістер енгізу кәсіпорын басшысының сәйкес бұйрығымен орындалады. Бұл ережемен және оған енгізілетін өзгерістермен ұйымдағы бухгалтерияның барлық қызметкерлері міндетті түрде таныстырылып отырылуы тиіс.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары мен құжат айналымының графиктерін құруды кәсіпорынның бас бухгалтері ұйымдастырады. Құжат айналымының графигі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. График немесе схема құру, тексеру және талдау жөніндегі жұмыстар тізбесі түрінде рәсімделуі мүмкін. Оларда барлық құрылымдық бөлімшелермен орындаушылардың өзара байланысы және жұмыстың орындалу мерзімі көрсетілуі керек. Кәсіпорынның есепке қатысы бар қызметкерлері өздерінің саласына қатысты құжаттарды құжат айналымы графигіне сәйкес жасайды және ұсынады. Ол үшін әрбір орындаушыға графиктен көшірімдеме беріледі. Көшірімдеме орындаушының саласына қатысты құжаттар аталынып олардың орындалу мерзімі жазылады. Осы графигтің сақталуын ұйымның бас бухгалтері қадағалап отыруға тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның бас бухгалтері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының дұрыс және уақытылы жүргізуіне жауапты болып табылады. Құжаттар графикте көрсетілген уақытта бухгалтерияға өткізілуі тиіс. Құжатгарды қабылдау кезінде бухгалтер құжаттардың белгілі талаптарға сай, дұрыс рәсімделуін тексеруі керек. Ережеге сай рәсімделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған (толтырған) адамға қайта өңдеу үшін қайтарылуы қажет.
Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша тексереді, яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсқауларға қайшы келмейтіндігін қадағалайды. Содан кейін оның реквизитгердің толық толтырылуын, тиісті лауазымды адамдардың қол-таңбаларының болуын, сомалардың нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. Бұдан кейін бухгалтер арифметикалық тексеру жүргізеді, яғни құжаттарды таксалаудың дұрыстығын тексереді. Ол материалдық қорлардың көлемін (санын) оның бағасына көбейт арқылы орындалады.
Тексеріп болғаннан кейін бухгалтер құжаттарды өңдейді. Өңдеу құжат бойынша әр операцияны есептейтін шоттарды анықтауға негізделген. Керек болған жағдайда біртекті құжаттарды топтастырады, содан кейін бухгалтерлік есеп шоттарында жазу жүргізеді. Кәсіпорын бухгалтериясында құжаттар белгілі бір ұқсастықтарына, операциялардың түріне қарай топталып бөлек папкаларға тігіледі (түптеледі). Папкаларда құжаттың нөмірі, орындалған уақыты (айы, жылы), жинақтамалы шоттың шифры және олардың саны көрсетіледі. Папкаларға тігілген (түптелген) құжаттар архивке өткізіледі. Бухгалтерлік алғашқы құжаттардың папкаларға тігіліп (түптеліп) нөмірленуі сақтаудың тәртібіне және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамасыз етуге арналған.
Сақтау мерзімдері әр түрлі құжаттар бірге орналастырылмайды. Номенклатурадағы істердің бас тақырыптары құжаттардың маңыздылығы және олардың өзара байланысына қарай белгілі бір жүйелілікпен орналастырулары қажет.
Ведомстволық мұрағаттың (1986 жыл) қызметтерінің негізгі ережелеріне сәйкес уақытша сақталатын істер (10 жылға дейін) жеңілдетілген рәсімдеуге жатқызылуы мүмкін: іс папкелерінің парақтарының нөмірлері көрсетілмеуі мүмкін (банктік, кассалық құжаттар мен аванстық есептерден басқалары). Олар сараптаманың жүргізілу кезеңінде бухгалтерлік есептің 1983-жылдың 29-шілдедегі иомері 105-құжаттар мен құжат айналымы деп аталатын ережесіне сәйкес түптелулі қажет.
Жыл сайын кәсіпорынның сараптау комиссиясы белгіленген сақтау мерзімінің өтуіне байланысты жабылуға (жойылуғы) жататын құжатгармен іс-қағаздарын белгілеп, оларға тиісті актілер толтырады. 1967 жылдың 3 желтоқсанда бұрынғы КСРО-дағы бас мұрағат басқармасының жарлығымен «Мемлекеттік комитеттер, министрліктер, ведомоствалар мен басқада мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындардың шаруашылық қызметі барысында толтыратын типтік құжаттарының тізімі, сондай-ақ оларды сақтау мерзімі (кейіннен өзгертулер енгізіліп түзетілген) бекітілген болатын. Жалпы құжаттарды сақтау мерзімі құжаттарын мемлекеттік мұрағатқа тапсырмайтын ұйымдар үшін белгіленген. Мұндай Мемлекеттік мұрағаттарға құжаттарын тапсырмайтын ұйымдар өз іс-құжаттарын (тәжірибелік қажеттілігі жоқ және тізімге сәйкес сақтау мерзімі өткен) мұрағат органдарымен келіспей жоя алады. Кәсіпорындағы жоюға іріктелініп алынған құжаттарға АКТ жасалынып, жойылатын құжаттармен шикізаттарды қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорынға өңдеуге беріледі. Құжаттарды жоюға берген уақытта қабылдау-өткізу құжаттары толтырылады. Кәсіпорындардағы негізгі бухгалтерлік құжаттарды сақтау мерзімі олардың түрлеріне қарай әртүрлі болып белгіленген.
Кәсіпорынның бухгалтерлік баланстары мен оған қосымшаларға, түсініктеме хаттарға:
а) жылдық - 10 жыл;
ә) айлық, тоқсандық - 3 жыл.
Шаруашылық операцияларының
Түгендеу карточкалары мен негізгі құралдар есебінің кітаптары негізгі құралдарды есептен шығарғаннан кейін - 3 жыл.
Ақшалар мен материалдық қорларды алуға берілетін сенім хаттарға (оның ішінде күші жойылған сенім хаттарға) - 3 жыл.
Есеп регистрлеріне (бас кітап, журнал-ордерлері, өңдеу кестелері және тағы басқаларына) - 5 жыл.
Қосалқы және бақылау кітаптарына, (кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сенім хаттар, төлем тапсырмаларына) журналдарға, карточкаларға, касса кітаптарына, айналам ведомостарына - 5 жыл.
Депонентелген еңбекақы есебінің кітаптарына, атқару парақтарын тіркеу журналдарына - 5 жыл.
Қорларға, еңбекақы лимиттеріне және оларды бақылау есебі туралы мәліметтерге, артық шығындар бойынша есеп айырысулар және еңбек-ақы бойынша қарыздар туралы, еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар, кезекті еңбек демалысына берілетін жалақы меи жәрдемақы туралы мәліметтерге - 5 жыл.
Түгендеу құжатарына (түгендеу комиссиясының хаттамалары, түгендеу опистері, актілер, салыстыру ведомостары) - 3 жыл.
Атқару парақтарыиа, қажет болатын уақыт барысында, бірақ 5 жылдан артық емес.
Оқу демалыстарын төлеуге, салықтар бойынша жеңілдіктер алуға бухгалтерияға берілетін анықтамалар және тағы басқалары, қажет болғанша, бірақ 3 жылдан артық емес.
Дебиторлық борыштар, кеш шығу, шығындар, ұрланулар бойынша құжаттар (анықтамалар, актілер, міндеттемелер, көшірмелер), қажет болғанша, бірақ 5 жылдан артық емес.
Ғимараттардың, үйлердің (мемлекет қарауындағы архитектура ескерткіштерінен өзге және жабдықтардың төл-құжаттары негізгі құралдарды есептен шығарғаннан кейін 3 жыл сақталады.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін құжаттық тексеру актілері, оларға қосымша құжаттар (анықтамалар, ақпараттар, баяндау хаттар) - 5 жыл.
Кассаны, салық салудың дұрыстығын тексеру актілері және тағы басқаларына - 5 жыл.
Келісімшарттар, шарттар (шаруашылық операциялық, еңбек және басқалар) келісімшарттың және шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін - 5 жыл сақталады.
Келісімшарттар тізімдемелері (реестрлер) - 3 жыл.
Материалдық жауапкершілік туралы келісім шарттар - материалды жауапты тұлға жұмыстан босатылғаннан кейін 5 жыл сақталады.
Материалды жауапты тұлғалар қолтаңбаларының үлгілері - қажет болғанша.
Ұйымның қызметкерлеріне еңбекақы төлеумен байланысты құжатгарды сақтау ерекше маңызды болып табылады. Ұйымдар қызметкерлері мен жұмысшыларының дербес шоттарын сақтау мерзімі мына формула бойынша анықталады: 75 - В (жыл),
мұндағы, В - тұлғалардың дербес шотты жүргізуді тоқтатқан сәттегі жас мөлшері.
Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу (есеп айырысу төлем) ведомостары - 5 жыл сақталуы тиіс, ал дербес шоты болмаған жағдайда - 75 жыл.
Зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы алушылардың дербес шоттары зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тоқтатылғаннан кейін 5 жыл бойы сақталады, біржолғы жәрдемақы төлеуге арналған дербес шоттар - 1 жыл.
Ұйым қызметін тоқтатқан жағдайда жұмысшыларға еңбекақы төлеумен және есептеумен байланысты құжаттар мемлекеттік мұрағатқа беріледі.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары, басқа да есеп саясатының, кодтау (кодирование) процедураларының, мәліметтерді машиналармен өңдеу бағдарламаларының құжатгары (пайдалану мерзімі көрсетіледі) ұйыммен бұл құжаттар бухгалтерлік есеп құруға соңғы рет қолданылған есеп беру жылынан кейін 5 жылдан кем емес мерзімге сақталады.
Мұрағат ұйымына
қойылатын негізгі талаптар-құж
Алғашқы есеп регистерлерін мен бухглатерлік есептердің сақталуын ұйымдастыруға ұйымның басшысы жауапты болады. Мұрағаттарға құжаттар тек басшының рұқсатымен беріледі.
Алғашқы құжаттар жоғалған (жойылған) жағдайда ұйымның басшысы бұйрықпен жоғалудың (жойылудың) себебін анықтау жөніндегі комиссия белгілейді. Қажет болған жағдайда комиссия жұмысына қатысу үшін (следственный) органдардың, қорғау және өртке қарсы бақылау органдарының өкілдері шақырылады. Комиссия жұмысының нәтижелері актілермен ресімделеді, оны субъектінін басшысы бекітеді.
Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу
Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүліктің нақты қозғалысы мен оның қорлану көздерінің (міндеттемелердің) есепте толық көрсетілуін қамтамасыз ете алмайды. Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырылады.
Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары мыналар:
- нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
- нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру;
- есепте
міндеттемелердің толық
Жалпы кәсіпорындардағы мүлікті және қаржылық міндеттемелерді түгендеу бойынша әдістемелік құралдарға сәйкес кәсіпорындағы түгендеуге жататын мүліктер - бұл негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қаржы салымдары, өндірістік қорлар, дайын өнімдер, тауарлар, ақшалар мен басқада қаржы активтері. Ал қаржылық міндеттемелерге банк несиелері, заемдар және басқада кредиторлық борыштар жатқызылады.
Түгендеуге кәсіпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкі мен қаржылық міндеттемелері жатады. Сонымен қатар түгендеуге ұйымның меншігіне жатпайтын, бірақ оның бухгалтерлік есебінде есепте тұрған басқа да мүліктердің түрлері мен өндірістік қорлар (жауапты сақтауда тұрған, жалға алынған, қайта өңдеуге алынған және тағы басқадай мүліктер), сондай-ақ қандайда бір себептермен есепке алынбай қалған мүліктер жатады.
Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы, тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлау нәтижесіиде кемуі, өлшеу мен операцияларды ресімдеу кезіндегі жіберілген қателіктер және тағыда басқа.
Мүліктер мен міндеттемелерге д
Түгендеу жүргізу тәртібі (бір есеп беру жылында жүргізілетін түгендеу санын, оларды жүргізу уақыты, олардың әрқайсысында тексерілетін мүлік пен қаржылық міндеттемелер тізімі), түгендеуді міндетті түрде жүргізу қажет болған жағдайда басқа ретте ұйым басшысымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес мына жағдайларда кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу міндетті болып табылады:
- ұйымның мүлкін жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда, сондай-ақ мемлекеттік немесе муниципалды (унитарлы) кәсіпорындарын қайта құрғанда;
- жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп жасауы алдында (есепті жылдың 1 қазан айынан кейін жүргізілген түгендеуден басқасы);
- тауарлық-материалдық қорларға жауапты тұлғалар ауысқанда (қабылдау-өткізу жүргізілген күні);
- мүлікті ұрлау, зиян келтіру немесе бүлдіру фактілері анықталғанда;
- кенеттен болған апатқа, өртке, аварияға ұшырағанда немесе басқа да төтенше жағдайлар болғанда;
- ұйым қайта құрылғанда немесе таратылған кезде бөлу (тарату) балансын құру алдында жүргізіледі;
- нормативтік актілерімен
қарастырылған өзге де
Жоспарлы түгендеуді (оларды сонымен бірге кезеңдік деп те атайды) жоспарға (кестеге) сәйкес алдын ала белгіленген мерзімде жүргізеді.
Жоспардан тыс түгендеу тауарлық-материалдық қорларға, ақшаға жауапты тұлғалардың қызметттен ауысқанда және ұйым басшысының немесе жоғарғы тұрған органның, тергеу жүргізетін немесе басқа да бақылау жүргізетін органдардың өкімі бойынша ерекше қажет болған жағдайда жүргізеді.