Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:07, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорындарда күнделікті орындалып отыратын операциялардың барлығынында міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекшелі екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақыттарда орындалатын жұмыстармен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлік деп атауға болады.
Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік құжаттардың жіктелінуі
Құжат айналымы
Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу
Бағалау және калькуляциялау
Шаруашылық процестердің есебі және кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
Есеп регистрлері және жазбалары
Бухгалтерлік есеп формалары (нысандары)
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Есеп саясатының мазмұны
Есеп саясатын дайындау
Есеп жазбалары тіркелім түрлері бойынша хронологиялық, жүйелік және біріктірілген болып бөлінеді.
Хронологиялық - тіркелімдер шаруашылық операцияларын жұмыстардың орындалуы мен құжаттардың бухгалтерияға түсуіне қарай жазу үшін қолданылады. Бұндай тіркелімдер құжаттардың түгел сақталуы мен бухгалтерлік жазбалардың жоғалып кетпеуін бақылауды қамтамасыз етеді. Хронологиялық тіркелімге тіркеу журналын (регистрациялық), шаруашылық операцияларды есептеу кітабын және т.б. жатқызуға болады.
Жүйелік тіркелімдер шаруашылық операцияларын мазмұны бойынша топтап және бірыңғайлығын анықтау үшін қолданады. Бұларды бухгалтерлік шоттарды жүргізу тіркелімдері деп атауға болады. Жүйелік тіркелімге бас кітапты жатқызуға болады. Пайдалануы барысында әрбір синтетикалық шот үшін оның ішінен жеке бет ашылады.
Біріктірілген тіркелімдерде хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп қолданылады. Мысалы: Бухгалтерлік есепте кеңінен қолданылатын журнал-ордерлердегі жазбалар синтетикалық шоттар бойынша хронологиялық ретпен жүргізіледі.
Мазмұны бойынша (ақпаратты бөлшектеу дәрежесі) тіркелімдер синтетикалық (топтамалық), аналитикалық (талдамалық) және біріктірілген болып бөлінеді.
Синтетикалың (топтамалық) тіркелімдерде жазба тек ақшалық нысанда құжат нөмірі мен толтырылған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп жүргізіледі. Бірақ, әдетте, оларда түсініктемелік мәтін (пояснительное текст) болмайды. Бұл тіркелімдердің қатарына бас кітап пен журнал-ордерлердің барлығын дерлік жатқызуға болады.
Аналитикалық (талдамалық) тіркелімдерді аналитикалық шоттар бойынша жазбаларды жазу үшін қолданады. Оның ішінде құжаттың нөмірі, толтырылған уақыты (күні, айы, жылы), шаруашылық операцияларының қысқаша мазмұны көрсетіледі. Тауарлық-материалдық қорларды есептеу үшін олардың ішінде ақшалай және натуралдық өлшем көрсеткіштері қолданады. Бухгалтерлік есепте қолданылатын талдамалық тіркелімдерге карточкалар, кітаптар және ведомосттар жатқызылады.
Синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есепте катар қолданыла беретін тіркелімдер - біріктірілген тіркелімдер болады.
Бастапқы құжаттардағы есепті ақпаратты, автоматты өңдеу кезінде тіркелімдер өз алдына карточкалар, тізімдемелер, журнал-ордерлер-және тағы басқа форма түрінде алына алатын машинограммалар болып табылады.
Бухгалтерлік есепті қолмен жүргізу кезінде тіркелімдегі жазбалар жай немесе көшірмелі әдістер арқылы жүргізіледі. Жай жазбалар бір ғана дана етіліп жасалатын болса, ал көшірмелі жазбалар көшіргіш қағаздардың көмегімен біруақытта бірнеше дана етіліп жасалынады.
Есеп тіркелімдерінде жазбалар өзгертулерсіз (түзетулерсіз) және таза жазылып толтырылуы керек. Тіркелімдерді толтыру барысында немесе басқада жіберілген қателіктерді түзету үшін есеп тіркелімдерінде келесі әдістер: түзетпелі (корректурный), қосымша жазу (дополнительное проводка) және қызыл түзетпе (красное сторно) қолданылады.
Егер қате баланс құрылғанға дейін анықталса және шоттар корреспонденциясына өзгеріс енгізу қажет болмаса, онда түзетпелі әдіс қолданылады. Осы жерде қате жазбаны (соманы немесе мәтінді) кейіннен оқылуға мүмкін болатындай етіп бір сызықпен сызады және қажет болған жағдайда сызылған жазба үстіне дұрыс жазба жазылады. Түзетілген жазбалар келісілген және бухгалтердің қолтаңбасымен бекітілген болу керек.
Егер шоттар корреспонденциясы дұрыс, бірақ шаруашылық операцияның сомасы дұрыс жазылмаса немесе бұл қате есеп тіркелімінде қорытынды жасалғаннан кейін анықталса, онда қатені түзету қосымша жазу (дополнительное проводка) әдісі арқылы жүргізіледі.
Мысалы, кәсіпорынға басқалардан келіп түскен 130.000 (бір жүз отыз мың) теңге материалдарға мына түрдегі екі жақты жазу жазылған делік.
Дт: Материалдар шоты 100.000 тг.
Кт: Жеткізушілер мен мердігерлерге бершек шоты 100.000 тг. Бұл қатеиі түзету үшін айырма сомаға (130.000-100.000=3.000 тенге) қосымша жазу жазылады.
Дт: Материалдар шоты 30.000 тг.
Кт: Жеткізушілер мен мердігерлерге бершек шоты 30000 тг. Егер қате бухгалтерлік балансты жасағаннан және оны тиісті органға тапсырғаннан кейін белгілі болса, оидай қате "қызыл түзетпе" (красное сторно) әдісі арқылы түзетіледі.
Мысалы, кәсіпорынның кассасына жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін есеп айырысу шотынан 500.000 (бес жүз мың) теңге келіп түсті делік. Осы операцияға мына түрде жазу жазылған. Дт: "Жолдағы ақша" шоты 500.000 тг.
Кт: "Есеп айырысу" шоты 500000 тг.
Қатені түзету үшін осындай жазу бірақ қызыл бояумен, яғни сторно етіліп жазылады.
Дт: "Жолдагы ақша" шоты 50.000 тг.
Кт: "Есеп айырысу" шоты 50.000 тг.
Одан кейін мына түрде
дұрыс жазу жазылады: Дт: "Касса"шоты
Кт: "Есеп айырысу" шоты 500.000 тг.
Бұндағы қызыл түзетпе мэні бүрыс жазу теріс санмен алынып тасталып, оның орнына дұрыс сома жазылады.
Бухгалтерлік есеп формалары (нысандары)
Бухгалтерлік есептің формалары деп белгі бір дәйектілікпен және өзара байланысты, екі жақты принципті пайдалана отырып бухгалтерлік есеп жазуын жүргізуге арналған есеп регистрларын айтады.
Бухгалтерлік есеп формаларын және есептелетін ақпаратты өңдеу технологиясын әрбір кәсіпорын өзі таңдайды және оны есеп саясатында көрсетеді.
Қазіргі кезде кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп формаларының келесідей түрлері қолданылады: мемориалды-ордерлі, бас-журнал, журнал-ордерлі, жай және ықшамдалған (мүлікті есептеу тіркелімдерін бірге қолдану).
Бухгалтерлік есептің
Мысалы, қоймадан материалдарды босату (жіберу) туралы әрбір жүк құжаттын (накладной) есептеуде жеке жазбамен көрсетудің орнына осындай бірнеше жүк құжатты жинақтаушы тізімдемеге жазады, одан кейін осы тізімдеменің қорытынды мәліметтері негізінде мемориалды-ордерлі бір ғана бухгалтерлік жазба жасалады. Оның ішінде жазбаның қысқаша мазмұны беріледі немесе құжатқа сілтеме жасалады, шот корреспонденциясы және сомасы көрсетіледі. Мемориалдық-ордерге оның жасалған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп бас бухгалтер қол қояды. Сонымен қатар мемориалдық-ордерге солардың негізінде жаз-балар жасалған басты құжаттар қоса беріледі. Барлық мемориалдық-ордерлер жасалғаннан кейін арнайы тіркеме журналында тіркеледі. Әрбір мемориалды-ордерге реттік номер беріледі. Тіркемелі журнал-дағы жазбадан кейін мемориалдық-ордер мәліметтері ай сайын синтетикалық (топтамалық) есептің тіркелімі болып табылатын бас кітапқа көшіріледі. Бас кітапта жазбаларды топтастырады. Әрбір топтамалық (синтетикалық) есептің дебит және кредит айналымдары корреспонденцияланушы шот бойынша сәйкес графиктерге бөлек жазылады.
Айдың соңында бас кітаптың қорытындысы негізінде топтамалық есептің шоттары бойынша жай немесе шахматты нысандагы айналым ведомосты (тізімдемесі) құрылады. Бас кітаптың мәліметтері топтамалық және талдамалық (аналитикалық) есептің айналым тізімдемелерін, бухгалтерлік балансты, сонымен қатар есеп берудің басқа нысандарын құру үшін қолданылады.
Мемориалдық-ордер формасы талдамалық есептік кітаптарда, карточкаларда иемесе бос беттерде жүргізіледі. Талдамалық есеп тіркелімдеріндегі жазбаларды мемориалды-ордерлерге қоса берілген құжаттардан алады. Ай соңында талдамалық есеп тіркелімдерінің жазбалары негізінде айналым және сальдолық тізімдемелер - сәйкес топтамалық шотпен біріктірілген талдамалық шот тобына бір ведомост (тізімдеме) құрылады. Бұл тізімдемелердің мәліметтері топтпмалық шоттармен біріктірілген талдамалық шоттардың сальдосы мен айналымдарының қорытындыларын салыстыру үшін қажет. Мемориалды-ордер есеп жазбаларының сызбасы 1-суретте көрсетілген.
Есептің мемориалды-ордерлі нысаны есеп тіркелімдерінің жеңілдігімен және есеп жазбаларының техникасымен ерекшеленеді. Алайда бұл нысанының кемшілігі ретінде - құжаттардағы бір ғана ақпаратты мәліметтердің ведомосттарға (тізімдемелерге), мемориалды-ордерлерге, журналдарға, топтамалық және талдамалық есептің тіркелімдеріне бірнеше рет қайталанып жазылуын атап өткен дұрыс.
Басқа формаларға қарағанда мемориалды-ордер формасын жүргізу көп еңбекті керек етеді. Оның бір түрі бас-журнал формасы. Бұнда негізгі есеп регистрі карточкалар мен бос беттер емес, бас журнал деп аталады. Ол азғана шоттарды пайдаланатын шағын кәсіпорындарда қолданылады. Оның өзгешелігі кітапта бухгалтерлік жазу хронологиялық және жүйелі түрде ұштастырылып жазылады.
Күні |
Про-вод-ка но-мері |
Мәтіні |
Айна-лым Сома-сы |
Касса шоты |
Есеп айырысу шоты |
Дебиторлық борыш шоты | |||
|
|
|
|
Дебит |
Кредит |
Дебит |
Кредит |
Дебит |
Кредит |
1-қаңтар- дағы қалдық |
25000 |
50000 |
7000 |
||||||
3.01 |
1 |
1-Кіріс ордері |
10000 |
10000 |
10000 |
||||
5.01 |
2 |
5-Төлем тапсыр-масы |
5000 |
5000 |
5000 | ||||
Қаңтар айындағы айналым |
15000 |
10000 |
5000 |
10000 |
5000 | ||||
I-ақпанға қалдық |
35000 |
45000 |
2000 |
Бас журналдың бұлай құрылуы оған жазылған жазуды көзге көрнекті болып және оған шолуды жеңілдетеді. Журналда шығарылған қалдықтар (сальдо) топтамалық шоттар бойынша дайын айналым ведомосы бола алады да бөлек айналым ведомосын жасауды қажет етпейді. Бас журналда алғашқы және соңғы қалдық шығарылып отырылады, сондықтанда кез келген уақытта бас журналдың негізінде баланс жасауға болады. Бас журналды жүргізгенде жүргізгенде бөлек немесе біртектес алғашқы құжаттар негізінде мемориалдық-ордерлер жасалынады.
Журналда жазбалар мемориалды ордерлердің немірлері мен күнін, корреспондецияланушы шоттардың кодтарын, жеке және жалпы сомаларды көрсетумен бірге дебет және кредит бойынша жүргізіледі. Содан кейін әрбір шот бойынша бір айдағы айналым есептелініп, соңғы сальдо анықталады. Бас кітаптың көрсеткіштері негізінде синтетикалық шоттар бойынша бухгалтерлік баланс құру үшін қолданылатын айналым тізімдемесі толтырылады.
Журнал-Ордерлі формасын пайдалану барысында бухгалтерлік есеп ақпараттарын тіркеудің негізгі принципі - жинақтаушы ведомостерде алғашқы (бастапқы) құжаттардың мәліметтерін жинақтау. Бұл форманың негізгі есеп регистрі Журнал-Ордер болып табылады. Журнал-Ордерлерде алғашқы (бастапқы) құжаттардан немесе жинақтаушы ведомостерден алынатын хроногиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп көрсетіледі. Әрбір синтетикалық шотқа арнайы журнал-ордер ашылады, оның ішінде шоттың кредитінен сәйкес шоттардың дебетіне жазылатын шаруашылық операциялар көрсетіледі. Құралдардың (қаражаттардың) қозғалысын бақылауды күшейту үшін журнал-ордердің жинақтаушы ведомостері бірге қолданады. Кейбір журнал-ордерлерде синтетикалық және аналитикалық есептердің жүргізілуі мүмкін. Бірақ аналитикалық есептің карточкалары қолданылмайды және айналым ведомостері құрылмайды. Журнал-ордерлерде типті шот корреспонденциясы қойылуы мүмкін. Бұл регистрлерді түсініктірек етіп көрсетеді және қателер санын азайтады.
Бастапқы құжат мәліметтерін жалпы бірыңғай шаруашылық операциялар бойынша журнал-ордерлерге немесе жинақтаушы тізімдемелерге жазады, ал қорытынды көрсеткіштер журнал-ордерлерге көшіріледі. Журналда талдамалық есебі жүргізілмейтін шаруашылық операциялар бойынша мәліметтер аналитикалық есептің карточкаларында көрсетіледі (негізгі құралдарды тағы басқаларды есептеу).
Ай соңында барлык карточкалар журнал-ордерлер және солардың тізімдемелері бойынша қорытынды сомалар есептеледі. Карточкалардың қорытындысы талдамалық шот бойынша айналым тізімдемелеріне көшіріледі, ал журнал-ордерлер мен тізімдемелердің қорытындысы басқа журнал-ордерлердің тізімдемелері мен корреспонденцияланушы шоттармен құжаттар (тауарлы және кассалық есеп берулер, банк көшірмесі және тағы басқалар) бойынша салыстырылады. Өзара салыстырудан кейін кредит айналымының ортақ сомасын әрбір журнал-ордерлерден бас кітаптың сәйкес шотына жазады. Бас кітаптың әрбір топтамалық шотының дебет бойынша айналымдарын әртүрлі шоттардың кредиті бойынша айналымдар корреспонденциясымен бірге әртүрлі журнал-ордерлерден жинақтайды. Осыдан кейін бас кітаптағы әрбір шоттың дебеті бойынша ортақ қорытынды есептеледі, ай соңындағы қалдық шығарылады және бухгалтерлік баланс пен есеп беру тағы басқа нысандары құрылады. Баланс құрудан бұрын айналым тізімдемелерінің қортындысын бас кітаптың сәйкес шоттарының қорытындысымен салыстыру қажет.