Бюджетпен есеп айырысу

Автор: D*************@GMAIL.COM, 25 Ноября 2011 в 22:12, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………........…3
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ..........................................5
1.1 Бюджет туралы түсінік...............................................................................5
1.2 Салық туралы түсінік..................................................................................6
II. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ..............14

Еншілес серіктестіктердің кредиторлық қарыздарының есебі.............14
Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі...................................16
2.3 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі....18
2.4 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі.........20
2.5 Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл.................23
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................28

Работа содержит 1 файл

бюджетпен есеп айырысу.doc

— 265.00 Кб (Скачать)

      – ҚР ҚМ Салық комитетінің сайтында жалған кәсіпкер деп танылған салық  төлеушілердің тізімі орналастырылған. Ол қандай мақсаттар үшін жасалған? Қандай нәтижелер күтіледі?

      – Заңды күшіне енген соттардың үкімімен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жалған кәсіпкерлік құрған бірқатар субъектілер анықталды. Аталған салық төлеушілер тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша жалған шот-фактуралар толтырған. Тек 2003 жылдан 2005 жылдың 1 қыркүйегі аралығындағы олардың жалпы сомасы 3892 млн. теңге, оның ішінде ҚҚС – 584,4 млн. теңге құрайды. Сөйтіп ҚҚС пен КТС бойынша салық салу базасын төмендетіп көрсету жолымен мемлекеттік бюджетке айтарлықтай зиян келтірілді.

      Мұндай  салық төлеушілердің қылмысты әрекеттеріне байланысты мемлекеттік бюджеттің залалының алдын-алу мақсатында ҚР ҚМ Салық комитеті салық төлеуші қызметін жалған кәсіпкер деп тану туралы сот актісінің негізінде ҚҚС салық төлеуші куәлігінің күшін жоюды көздейтін бұйрық шығарды. Сонымен бірге заңды мекен-жайы бойынша өздері жоқ, бірақ шот-фактура толтырып беретін, сондай-ақ айыпталушы ретінде қылмыстық іс қозғалуы тоқтатылған салық төлеушілер бойынша ҚҚС салық төлеуші куәлігінің күшін тоқтата тұру бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Бұл ретте салық органдары мұндай салық төлеушілердің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, олардың қызметін жалған кәсіпкерлік деп тану туралы сотқа берілетін талап-арызға бастамашылық жасайды. 
 

  ҚОРЫТЫНДЫ 

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

      Экономиканың  барлық саласындағы кәсіпорындардың  иелері мен еңбек ұжымдары шикізат  пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

      Айтып өткендей салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық  кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың   негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.

      Есепке  алынған ақпараттардың көмегімен  шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу мүмкіндіктері пайда болады.

      Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына  тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.

      Мемлекеттік несие-бос ақша қаражаттарын мемлекеттік  билік органдарының қарамағында жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде (үкімет, қаржы-несие ұйымдары) және халықаралық қаржы-несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік несие табылады. Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын шоғырландыру және оны мемлекеттің бірінші кезекті қажеттіліктерін қаржыландыруға бағыттаумен анықталады. Мемлекеттік несие нысандары: мемлекеттік займ шығару, тұрғындардың коммерциялық банктегі халық салымдарының бір бөлігін мемлекет займына айналдыру, қазыналық ссудалар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

  
  1. ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы»  заң күші бар ҚР Президентінің  жарлығы;
  2. ҚР Президентінің жарлығы, заңды күшке ие «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру», 26.12.95  №309;
  3. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2002;
  4. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Алматы 2003, Экономикс;
  5. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы 2001, Экономикс;
  6. 13.11.96 ж. ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының «Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынылымдары», бухгалтерлік бюллетені, 2003 ж. наурыз, №14;
  7. www.google.kz

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу