Бюджетпен есеп айырысу

Автор: D*************@GMAIL.COM, 25 Ноября 2011 в 22:12, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………........…3
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ..........................................5
1.1 Бюджет туралы түсінік...............................................................................5
1.2 Салық туралы түсінік..................................................................................6
II. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ..............14

Еншілес серіктестіктердің кредиторлық қарыздарының есебі.............14
Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі...................................16
2.3 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі....18
2.4 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі.........20
2.5 Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл.................23
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................28

Работа содержит 1 файл

бюджетпен есеп айырысу.doc

— 265.00 Кб (Скачать)

      Еншілес (тәуелді) кәсіпорынға  бас кәсіпорынның өтеген қарызына:

      Д-т: «Еншілес  серіктестіктердің алашағы»;

      «Тәуелді  серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын  заңды  тұлғалардың алашағы» деп аталатын  шоттардың тиістісі;

      К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі  бухгалтерлік жазу жазылады.

      Бас кәсіпорын мен еншілес серіктестіктер  арасындағы есеп айырысуларды салыстырып, тексеру актілері  негізінде дебиотрлық қарыз сомаларымен жабдықталуын мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:

      Д-т: «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және  «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістілері,

      К-т: «Еншілес серіктестіктердің берешегі», «Тәуелді серіктестіктердің берешегі»  және «Бірлесіп бақыланатын  заңды  тұлғалардың берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері. «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  берешегі» деп аталатын шоттардың тиістілері. 

             Операциялар мазмұны       Д-т       К-т       Тип
      1       2       3       4       5
      1       Еншілес серіктестіктермен, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен ақшаларын, айналымнан тыс активтерді, тауарлық-материалдық қорларды кіріске алуы
  • сатып алу құнына;
  • қосылған құн салық сомасына
      2730

      2412,2523,2524

      1310-1317

      1030-1050

      1010,1030,1420

      3320-3330

      3320-3330

      III

      III

      2       Еншілес серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың кәсіпорынның цехтарының, ғимараттарын жөндеу бойынша қызмет етуіне:
  • қызмет сомасына;
  • қосылған құн салық сомасына.
      8044,7440

      1420

      3320-3330

      3320-3330

      III

      III

      3       кәсіпорынның  бұрынырақта алынған банк мекемелерінің алдындағы несие қарызын, еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын тұлғалардың өтелуі       4010       3320-3330       III
      4       кәсіпорынның  жабдықтаушылар мен мердігерлердің алдындағы қарызын, еншілес серіктестіктермен  бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың өтелуі       3110       3320-3330       II
      5       Кәсіпорынның  еншілес серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы  қарызы есеп айырысу шотынан, кассадан өтелінді       3320-3330       1030,1010       IV
      6       Кәсіпорын еншілес серіктестіктерімен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы қарыздарын дайын өнім беру жолымен өтеді       3320-3330       6010       II
      7       Кәсіпорын еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы  қарызын материалды есеп активтерді беру жолымен өтеді       3320-3330       6210       II
      8       Салыстыру актісіне сәйкес, еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек қарыздарын, олардың несиелік қарыздарының есебінен жабу.       3320-3330       2120-2130       IV
 

      «Еншілес  серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп  бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттарда талдамалық есеп жеке серіктестіктер бойынша жүргізіледі. 

      2.2 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі 

      Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметкер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардаесептеледі.

      Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:

      Д-т: «Ақшалар» шоты.

      К-т: «Тауарлы-материалдық қорларды қою  үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды  орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

      Ал  сатып алушыларға  босатылған тауарлар , көрсетілген қызметтер құнынан  алдын  ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде:

      Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою  үшін алынған аванстар» немесе  «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;

      К-т: «Сатп алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» немесе «Еншілем серіктестіктердің  дебиторлық борышы» деп аталатын шоттардың тиістілері түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

      Егер  алынған аванс сомасының толық  толық пайдаланылмағаннан қалған бөлігі тапсырыс берушілерге, сатып алушы  заңды немесе жеке тұлғаларға қайтарылғанда:

      Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою  үшін алынған аванстар»  немесе  «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;

      К-т: «Ақшалар» деп аталатын  шоты түрінде  бухгалтерлік жазуы жазылады.

      Кәсіпорынның  алған аванстарының талдамалық есебі  әрбір аванс берген ұйым бойынша  бөлек жүргізіледі. 

       Операциялар мазмұны       Дебиттелеін шот Кредиттелетін шот Тип
      1       2       3       4       5
      1       Сатылатын тауарлы-материалдық қорлар немее  көрсетілетін қызметтер үшін  алдын  ала аванс ретінде алынған  сомаларға       1050,1040,1010,1020       3510       III
      2       Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғаның қарыз сомасы алдын аа алынған аванстар сомасынан шегеріледі       3510       1210       IV
      3       Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғалардын  аванс ретінде алынған соманың  пайдаланылмаған бөлігі қайтарылғанда       3510 1010,1040,1050       IV

       

      2.3 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі 

      Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы  үшін уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып  табылады. Ұйымды материалдық қорлармен  жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндірушіұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

      Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті  материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысуының есебі «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп  аталатын отта есеп айырысу сомасының  деңгейіне және нысанларына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтауылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленген сомалар жазылады. «Жабдықтаушы және мердігерде жабдықтаушы-мердігердің әрбір шот фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.

      Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен жүктер есебі  журналына» тіркейді. Бұл журнал бойынша  ұйымда материалдық құндылықтардың уақтылы келіп түсуіне бақылау  жасалады. Журналда жазылуға тиісті мәліметтерді жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүкқұжаттары (накладнойлары) кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазылып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады

      Фактураланбаған жабдықтар есебі

      Кейбір  жағдайларда келіп түскен материалдық  құндылықтардың құжаттары (шот-фактуралары) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды  фактураланбаған жеткізілім деп  атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланған, яғни шот-фактураларымен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушыла бойнша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Материалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен ресімделмеген материалдармен, сондай-ақ, қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Факторланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторна етіліп нөмірі 6-журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары емесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал-ордерге әдеттегі  тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөйтіп, жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиіті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылар мен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. Келесі айдың басында жолдағы материалдардың қалдығы сторна етіледі (қызыл жазумен жазылады).

      Жабдықтаушылар  және қызмет  көрсетушілермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады:

  • Құны төленген, бірақ іс жүзінде алынбаған (қабылданбаған) материалдық қорлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыс бойынша есеп айырысудан;
  • Факторланбай қалған жабдықтар бойынша есеп айырысудан;
  • Мерзімінде төленбеген есеп айырысулардан.

      Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебу бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі.

      Кәсіпорынның  басқа заңды немесе жеке тұлғалардын  сатып алынған тауарлық-материалдық  қорлар үшін (қосылған құнға салынған салық есебінсіз) акцептелген щот-фактурасынан:

      Д-т: «материалдар» немесе «тауарлар» деп  аталатын шоттардың тиістісі.

      К-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шот.

      Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шоты.

      К-т: «жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шоты түріндегі  екі жақты жазу жазылады.

      Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне  қарай:

      Д-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шоты.

      К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндн бухгалтерлік жазу жазылады.

      Шот фактура бойынша кәсіпорынның жабдықтаушыларға тауарларды сатып алу барысында  төленген қосылған құнға  салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды (қызметтерді) сату барсында есептелінген бюджетке төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасынан шегерілгенде:

      Д-т: «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот:

      К-т: «Орны толтырылатын қосылған құнға  салынған салық» деп аталатын шот  түріндегі жазуы жазылады. 

      2. 4 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі 

      Жалдық  міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізг құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алған үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.

      Төленуге  тиісті сыйақы есебі

      Алынған несие, жалдық келісімшарт және шығарылған бағалы қағздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың есебі «Төленуге  тиісті сыйақы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Төлеуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін есептеген кезде:

      Д-т: «Есептелінген сыйақы бойынша шығындар»  шоты.

      К-т: «Төленуге тиісті сыйақы» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы жазылады.

      Есеп  айырысу шотынан есептелген пайыздар  сомасы төленген кезде:

      Д-т: «Төленуге тиісті сыйақы шоты»;

      К-т: «Ақашалар» деп аталатын шот түрінде  екі жақты жазу жазылады.

      Жинақтаушы  зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі

      Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі «Жинақтаушы  зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі.  Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайларына айыппұлдар салынуы мүмкін.

      Жарналар  белгілі бір кәсіпорынның ережелерімен, жарғыларымен және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік актілермен белгіленген еңбеақының барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға, материалдық көмек ретінде берілетін жәрдемақыларғ және зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралынұсқауда, белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу