Бюджетпен есеп айырысу

Автор: D*************@GMAIL.COM, 25 Ноября 2011 в 22:12, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………........…3
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ..........................................5
1.1 Бюджет туралы түсінік...............................................................................5
1.2 Салық туралы түсінік..................................................................................6
II. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ..............14

Еншілес серіктестіктердің кредиторлық қарыздарының есебі.............14
Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі...................................16
2.3 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі....18
2.4 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі.........20
2.5 Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл.................23
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................28

Работа содержит 1 файл

бюджетпен есеп айырысу.doc

— 265.00 Кб (Скачать)

      Зейнетақы бойынша жарналар сомасы есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:

      Д-т: «Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша  есеп айырысу» деп аталатын шоты.

      К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен  есеп айырысу» деп аталатын шот.

      Ал  бұл есептелген  жарналар қорға  аударған уақытта:

      Д-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз қорымен есеп айырысу деп аталатын шот;

      К-т: «Ақша қаражаттары» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс.

      Кәсіпорынның  «Зейетақы қорымен қамтамасыз ету  қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоттың қалдығында ұйымның зейнетақы  қорына аударым қаражаттарын  уақтылы төлемегі үшін есептелген өсім сомасы көрсетіледі. Уақтылы зейнетақықорына аударылмаған жарна үшін есептелген өсім сомасына бухгалтерияда мына жазу жазылады:

      Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар»  деп аталатын  шоты;

      К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот.

      К-т: «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

      Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп  ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аудрулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-нан кеш қалмауы керек.

      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусым айының үшінде шыққан нөмірі 4-1 санды «Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ерікті қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізетін заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбеақысынан ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға салуына құқы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру Қазақстан Респібликасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

             Операциялар мазмұны       Дебиттелетін  шот       Кредиттелетін шот       Тип
      1       2       3       4       5
      1       Жұмысшылар  мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан жинақтаушы зейнетақы  қорына ұсталған сомаға       4230       3230       II
      2       Жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген сомалар есеп айырысу шотынан аударылуы       3230       1030       IV
 

      Басқа да есептелген шығындар есебі

      Басқадай  есептелген шығындардың есебі «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» деп аталатын шотта  жүргізіледі. Бұл шотта негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервтер, өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналған және тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.

      Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге арналған резервтер көп уақыттарды өндірісі маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде құрылады. Бұларда жөндеуге жұмсалатын шығындар жыл бойы бірдей емес мөлшерде жүзеге асырылады. Ай сайын резерв жөндеудің барлық түрлеріне смета бойынша жұмсалатын шығындардың жылдық сомасының 1/12 бөлігі мөлшерінде жасалады.

  • Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу үшін арналған резерв сомасын құру барысында ай сайын апарылатын шығындар сомаларына:

      Д-т: «Тауарларды сату бойынша шығындар» 

      «Жалпы  әкімшілік шығындары» және тағы да басқа шоттардың тиістілері;

      К-т: «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.

  • Жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың төлемақысымен байланысты нақты шығындар өнімнің өзіндік құнына қосылмайды, керісінше оның жүргізілуіне қарай:

      Д-т: «Басқа кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты;

      К-т: «Көмекші өндіріс» немесе «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты және тағы да басқа шоттар түрінде  жазылады.

      Жылдың  аяғында пайдаланбаған резервтер  сомасы сторна етіледі (шегеріліп тасталады). Сондай-ақ бұл шотта басқа да жасалған резервтер есептеледі. 

      2.5 Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл  

      Әрбір субъект міндетті түрде салық  комитетінде тіркелуі тиістігін  бәріміз білеміз. Мұндай субъектілер  республикада қанша? Салық  органдарында тіркелетін салық төлеушілер санына ел экономикасының өсуі қаншалықты әсер етті? Осы және басқа да салық салу мен салық есептілігіне байланысты мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салықты әкімшіліктендіру басқармасының бастығы Арғын ҚЫПШАҚОВТЫҢ айтып беруін өтінген едік.

      – Салық төлеушілер саны жылма жыл өсіп келеді. Бұл, әрине, мемлекетіміз экономикасы өсуінің арқасы. Мысалы, 2003 жылдың 1 қаңтарына салық органдарында 582 937 салық төлеуші салық салу мен салық есептілігіне тіркелген болса, 2005 жылдың 1 қазанында олардың саны 865 311-ге жетті. Өсу 48 пайызды құрады.

      Сонымен бірге тізімі ҚР ҚМ Салық комитетінің  сайтында орналасқан салық төлеушілердің  мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару республика үшін өзекті мәселе болып отыр. Кім бұл тізімге кіреді және одан қалай шығуға болады?

      — Соңғы екі жылда салық органдары әрекетсіз заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Бүгін олардың саны 72 мыңнан астам.

      Шартты  түрде корпорациялық табыс салығы туралы декларацияны немесе жеңілдетілген декларацияны Салық кодексінде белгіленген оларды беру мерзімінен бір жыл өткеннен кейін бермеген ұйымдар шығарылады, бұған аталған декларацияларды беру жөніндегі талаптар қолданылмайтын салық төлеушілер қосылмайды.

      Біз бұл жөнінде бірнеше рет айтқан болатынбыз, алайда бәрібір салық  төлеушілерге тағы да салық салу мақсатында шартты түрде шығарылған салық төлеушілер қызметінің тоқтатылатынын және олармен барлық өзара есептесу күмәнді болып есептелетіндігін мемлекеттік тізілімнен шартты түрде шығару арқылы ескертеміз.

      Бірақ әрбір шартты түрде шығарылған салық төлеуші күшін жоймаған салық төлеуші ретінде барлық қажетті салық есептілігі, бюджетке салықтар мен төлемдерді тапсырғанда қайта қалпына келтіріледі.

      — Былтыр “бір терезе” қағидаты бойынша заңды тұлғаларды тіркеу рәсімі оңтайландырылған болатын. Биылғы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында осы қағидат бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы тапсырма берген болатын. Бұл бағытта салық органдары қандай жұмыс жүргізіп жатыр?

      — Расында, өткен жылдың қыркүйек айында салық органдары әділет және статистика органдарымен бірлесе отырып, “бір терезе” қағидаты бойынша заңды тұлғаларды (филиалдарын, өкілдіктерін) тіркеудің оңтайландырылған тәртібі енгізіліп, қазір жақсы жұмыс істеп жатыр.

      Мұндай  орталықтарды құру ақпараттық жүйелерді  де құруға алып келеді, оны қазір ҚР ҚМ Салық комитеті іске асырды. Қазір бұл жүйе арқылы салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлік беруге және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы бюджетпен есеп айырысу туралы анықтама алуға мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ электронды сандық қол қоюы бар тұлғалар үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленген, оны пайдаланғанда кеңсеңізден шықпай-ақ құжат алу үшін электрондық өтінішті толтырып және жіберіп, құжатты әзірлеу кезеңімен таныса аласыз. Егер ол адамның тиісті түрдегі компьютерлік жабдығы болмаса, осы мақсатқа әдейі бөлінген “Терминал” бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған компьютерді пайдалана алады. Сұратылған құжаттың дайын немесе дайын еместігі туралы ақпарат алу үшін орталыққа әдейілеп келген азаматтар үшін арнайы электрондық экрандар орнатылған, ол жерде құжатты алуыңызға болатын “терезе” нөмірімен бірге беруге дайын құжаттардың тізімі көрініп тұрады.

      — Салық органдары салық төлеушілерді салық есептілігін электрондық түрде тапсыруға жұмылдырып жатқандығы туралы естіп жатырмыз. Сонда салық есептілігін электрондық түрде тапсыратын салық төлеушілердің қандай да бір артықшылығы бар ма?

      — Көптеген дамыған елдерде қызмет көрсету мен ақпараттармен өзара  алмасу рәсімдері автоматтандырылған. Біз де заңды және жеке тұлғалар құжаттармен электрондық алмасуды пайдалану арқылы өз салық міндеттемелерін орындай алатын, оның ішінде салық есептілігін тапсыра алатын бірқатар ақпараттық жүйелерді әзірледік.

      Құжаттармен электрондық алмасудың негізгі  артықшылығы:

      – салық есептілігін кеңседен шықпай-ақ және тәуліктің кез келген уақытында тапсыру мүмкіншілігі;

      – салық есептілігін толтырғанда жіберіп алған қатені дер кезінде түзетуге (бағдарламалық қамтамасыз етуде салық есептілігін дұрыс толтыруды алдын-ала бақылау қызметі бар) мүмкіншілігі.

      Әрине, әрбір жаңалық кімнің болмасын түсінбеушілігі мен кірпияздығын тудырады. Сондықтан ҚР ҚМ Салық комитеті егер кәдімгі салық есептілігін электронды түрде тапсыратын болса, онда оның мерзімін ұзартуға мүмкіндік берілетін бұйрық шығарды.

      – Соңғы кездері автоматтандырылған камералы бақылау жиі сөз болып жүр. Бұл не – кезекті салық тексеруі ме?

      — Біріншіден, салық есептілігінің нысандарын камералы бақылау түрі салық тексеруі болып табылмайтындығын бірден айта кетейін. Бұл тікелей салық органында салық есептілігіндегі қателер мен қайшылықтарды салық тексеруін жүргізбей анықтайтын, керісінше, салық төлеушіге көрсететін қызмет түрі. Демек, салық төлеушілер үшін әкімшілік айыппұлдар салынбайды. Бұдан тыс, автоматтандырылған камералы бақылау ҚҚС әкімшіліктендіруді, оның ішінде “біркүндік” фирмалар мен жалған фирмалар берген жалған шот-фактураларды айқындауды күшейтеді.

      Салық есептілігінің нысандарын камералы бақылау бүгінгі таңда тек салық органдары үшін емес, жалпы республика үшін жетістік болып табылады. Тап қазір ЕурАзЭҚ-қа мүше барлық елдердің ішінде мұндай рәсімнің тек біздің елде ғана жүргізіліп отырғанын айта кету керек.

      – Сонда мұндай бақылаудың нәтижелері қандай?

      — 2005 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша  салық органдары салық заңнамаларын бұзушылықты өз бетімен жою туралы салық төлеушілерге 93676 хабарлама  таратты. Бұл ретте салық төлеушілер салық есептілігінің 39788 қосымша нысандарын өздері тапсырды, яғни жалпы сомасы 536,4 млн. теңге ҚҚС есептелді.

      Биылғы  жылдың 9 айы үшін салық төлеушілер салық есептілігінде көрсеткен залалдар сомасы 12,3 млрд. теңгеге кемітті.

      Сондай-ақ салық есептілігін тапсыру мен  салықтарды төлеу мәселесіне салық  төлеушілердің бәрі бірдей адалдық танытып отыр деп айта алмаймын. Мысалы, 2004 жылдың қорытындысы бойынша салық органдары заңды мекен-жайы бойынша жоқ болып шыққан және салық есептілігін пошта арқылы не болмаса электронды түрде “нөлдік” көрсеткіштермен тапсырған 2693 салық төлеушіні айқындады. Оның ішіндегі 146 салық төлеуші 2004 жылдың төртінші тоқсанында 6875,3 млн. теңге сомасына шот-фактуралар берген. Бюджет тек ҚҚС-тан 1100,9 млн. теңге жоғалтып отыр. Қылмыс белгілері анықталған барлық материалдар жедел түрде іс қозғау шешімін шығару үшін қаржы полициясына жіберіледі.

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу