Басқару есебі туралы жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 19:39, реферат

Описание работы

Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.

Работа содержит 1 файл

басқару есебі.doc

— 853.00 Кб (Скачать)

 Қазіргі кезде бәсекелстік күрестің сипатты, әсіресе халықаралық нарықта, жаңа бағдардың негізінде көріне бастады. Осы бәсекелестің негізгі факторы – технологияның даму деңгейіне байланысты сонымен бірге, тауарлардың қозғалысында қарапайым, капиталдар мен қызмет көрсетулер де, сондай – ақ ақпараттармен алмасуында кездесетін бөгеттер де біртіндеп жойылуда. Бәсекелестік бүтін әлемдік сипатқа ие болып ол жаңа салдар ретінде күшейе түсуде. Осы орайда ШС бірінші кезекте өзінің өнімінің бағасына басты назарды аударуы керек.

Осындай бір шама күрделі  деп санауға нарықтық процесте жекелеген  тауар өндірушелер үшін дұрыс  бағыт табу  оңайға түспейді, сонымен  бірге, өнімді өндіру мен сату көлемінің  өзгерісі бір жағынан, олардың жалпы  көлемінде тұрақты шығынның да өсу  үлесі, екінші жағынан, әсерін тигізеді, яғни осының бәрі жиналып өнімнің өзіндік құнының әр қилы болуына ықпал етеді, демек бұның әсері табыста да байқалады. Осы тенденцияның біртіндеп күшейуіне байланысты жанама шығындарды тарату нәтижесінде бұрмаланбайтын  және кез келген өндіріс көлемі кезінде шығарылған өнім бірлігінде өзгермейтін, бұйымды дайындау  және оларды сатумен байланысты шығындарды туралы ақпаратқа, тауар өндірушілердің қажеттілігі артып отыр. Мұндай  ішінара толық емес өндірістік өзіндік құн және маржиналдық табыс  туралы мәліметтер түрінлегі ақпаратты сату бағасы мен бұйымның ішінара өзіндік құнының арасындағы айырманы-«директ-костинг» жүйесі береді.

Бұл жүйе туралы негізгі  идеялар 1936 жылы американдық экономисттер Гаррисон Д. Ч мен Харрисон Джонатанның еңбектерінде де алғашқы рет жарық көрді. АҚШ-та іс жүзінде «директ-костингті» қолдана басталуы 1953 жылы американдық бухгалтерлер ассоциясында қауымдастығында осы әдісті жариялаған кезден бастап бастау алады.

«Директ-костинг» жүйесін  тәжрибеде қолданудың бірінші кезеңдердің өзіндік құнға тек тікелей шығындары енгізілді, ал қалған, барлық жанама шығыстар есеп беру кезіндегі қортындысына жатқызылып, есептен шығады, яғни аталған шығын табыстан шегеріледі. Осыдан «Direct – Costing – System» жүйесінің аталуы келіп шықты.

Осы аталған әдістің  құндылығы мынада, онда оның табыстың (1) шығыс пен шығындардың  (2) және сатылған өнім көлемінің деңгейі (3) өзара байланысты екенін көрнекті түрде  баяндап береді.

Сондықтан, біз тікелей  шығындарға негізделген басқарушы  есеп жүйесі ретінде  «директ-костингтің» өзіне тән ерекшеліктерін және мәнін анықтаймыз, есептеу әдістемелерінің қалыптастырамыз, есептік жазулар сызбасын және басқа да мәселелерін зерттейміз.

 

3. Екі әдістің  пайда  мөлшер әсерінің салыстрмалы  талдауы. 

 «Директ-костинг»  жүйесі өзіне тек тікелей шығындарды ғана енгізеді. Бұл арада олар өнімді өндірумен тікелей байланысты шығыстардың негізінде калькуляцияланады. Әрбір жағдайда өзіндік құнға енгізілетін шығындардың деңгейі әр түрлі болады. Бірақта жалпы алғанда осы тәсіл үшін, ондағы кейбір өнімді өндіру мен сатуға тікелей қатысы бар шығындар да түрлері калькуляциялауға қатыспай-ақ табыстың есебінен өтілетіндігі белгілі. Міне, осыдан толық емес өзіндік құнның есеп жүйесінің мәні келіп шығады. Бұл жүйеде өзіндік құнды есептеу қағидаса мынадан тұрады, онда шығындардың айнымалы бөлігі ғана жоспарланады, яғни сол айнымалы шығындар иеленушісі бойынша таратылады. Қалған шығындар тұрақты шығындар бөлігі жекелеген шотқа жинақталады, калькуляциялауға енбейді және кезең сайын қаржылық нәтижереге есептен шығарылады, яғни әр тоқсан сайын есеп беру кезіндегі табыстар мен зияндар ды есептеу кезінде ескеріледі. Айнымалы шығындар бойынша – қоймадағы дайын өнімнің қалдықтарын да және аяқталмаған өндіріс қорларын да – бағалайды.

Сондықтан, бүгін де  «директ-костингіні» бухгалтер –  практиктердің де ғалым экономистердің де зерттеу объектілеріне құпия  емес, және де олардың көбісі осы  жүйені, іс жүзінде қолданғанды қуаттайды.

«Директ-костинг»   маржиналды табыс немесе айнамалы шығынды жабу есебінің жүйесін қолдана отырып, өндіріс көлемі мен шығындар арасындағы өзіндік құн, түсім,  таза және маржиналды табыс тәуелділікті және өзара байланысты жедел зерттеудің маңыздылығы зор.

Оны жақтаушылардың пайымдауы  бойынша, тұрақты шығыстар ШС қажет қуаттылығын қамтамасыз етеме, жоқ па, қандай өнім шығарылатындығына қарамастан бәрі бір онда тұрақты шығыстар қатысады деп ойын түйіндейді. Мәселен,  бұл   арада олардың өндірісте қатысуында емес, оның өндіріс деңгейіне тигізетін әсерін зерттеу. Сондықтан бұл шығындар өндіріс көлемінен тәуелді емес, бірақ олар уақыт кезеңімен тығыз  байланыста болады. Демек, жақтаушылар мынадай қортынды жасайды: тұрақты шығыстар кезендік болып келеді, сондықтан оларды бірден өнімнің өзіндік құнына енгізбей сату шығынына жазу керек деп санайды. Осы теорияны жақтайтындар тұрақты шығындарды маңызды деп санамайды. Олар тұрақты және айнамалы шығыстарының  бар айырмашылығы, тек олардың өздеріне тән болатын қылығында, сондықтан көптеген басқарушылық шешімлерді қабылдау кезіндегі шығынның қылығына жеткілікті көңіл  бөлу керек деп санайды.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Басқару есебі туралы жалпы түсінік