Банктағы арнайы шоттар бойынша операциялар есебінің схемасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 17:06, курсовая работа

Описание работы

«Transservice»ЖШС-де бухгалтерлік есепті арнайы қызмет – бухгалтерия атқарады. Бұл жеке бөлімше, бас бухгалтермен басқарылады, оған қоса бир бухгалтер және кассир бар.
Бас бухгалтер қызметіне қабылдау,тағайындау және босату, бухгалтерлік есепті тексеру актісі мен серіктестіктің есептер беруімен рәсімделеді.
Бухгалтерді ауыстыру кезінде екі жақты актісі «істерді қабылдау- тапсыру» толтырылады. Оған серіктестіктің бас бухгалтері , тағайындалатын және жұмыстан шығарылатын бухгалтерлар қол қояды.
Бас бухгалтер ақша қаражаттарын қабылдау және беру, несиелік және есеп айырысу міндеттемелері , материалдық жауапкершілік жөніндегі келісімшарттарға қол қояды.

Содержание

1.Бухгалтерия құрылымы және бухгалтердің қызметтік
міндеттері

2.Есеп саясаты

3.Ақшалай қаражаттар және есеп айырысу есебі.

4.Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі

5.Еңбектің және оның төлемдерінің есебі.

6.Дебиторлық қарыздар мен міндеттемелердің есебі

7.Кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының есебі

8.Қаржылық есеп беру

Работа содержит 1 файл

Практика жұмысы.doc

— 249.00 Кб (Скачать)

   Мейрам мен  демалыс күндері жұмыс істеген  жұмысшы мен қызметкерлерге екі  есе еңбекақы төленеді, төленбеген  жағдайда қосымша демалыс беріледі. Ауырып қалған жұмысшы мен қызметкерлер ауырғандығын дәлелдейтін дәрігердің анықтама құжатын бухгалтерияға өткізеді. Бухгалтер анықтама құжаты бойынша табель құжатына ауырған күндерін белгілейді және ауырған күндердің қаржысын есептеп, еңбекақы ведомосіне жазады. Ауырған күндердің еңбекақысын есептеу үшін – барлық 12 айдың еңбекақысын қосып, оны сол 12 айдағы жұмыс күндеріне бөлеміз. Сонда бір күннің орташа еңбекақысы шығады. Бір күнннің орташа еңбекақысын көбейтеміз ауырған күндерге, сонда ауырған күндердің қаржысы шығады. Ауырған күндердің қаржысынан шегереміз 10% зейнетақы қорына аударылатын қаржыны шегереміз еңбекақы салығын, сонда қолға берілетін ауырған күннің қаржысы шығады.

   Еңбекақыдан ұсталатын  қаржылардың құрамына: Жеке табыс  салығы, Кәсіподақ жарнасы, зейнеткер қорына 10 пайыз аударылатын қаржы және тағы басқа.

   Жеке табыс  салығын есептеу үшін еңбекақыдан  шегереміз зейнетақы қорына аударылатын  қаржыны және жеңілдетілген қаржыны  шегереміз. Осыдан шыққан соманы  коэффициентке көбейтеміз. Одан  шыққан соманы жеке табыс салығының пайыздық мөлшеріне көбейтіп 100 пайызға бөлеміз. Одан шыққан соманы коэффициентке бөлгенде жеке табыс салығы шығады.

   Еңбекақыны есептеу  ведомосын толтыру үшін  алғашқы  құжаттарды жинастырады: жұмыс  уақытын есептейтін табель құжаты, істеген жұмысты анықтайтын наряд құжаты, сыйақы қаржысын есептейтін ведомость, ауырған күндерге берілетін дәрігердің анықтама құжаты. Осы аталған құжаттар бойынша бухгалтер еңбекақы есептеу ведомосын толтырады. Еңбекақыны есептеу ведомосы төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жұмысшы мен қызметкердің аты-жөні, табельдік номері, қызметі көрсетіледі. Екінші бөлімде еңбекақының барлық түрлері есептеледі. Үшінші бөлімде еңбекақыдан ұсталатын салықтар мен қарыз қаржылар есептеліп жазылады. Төртінші бөлімде жұмысшылар мен қызметкерлердің қолға берілетін еңбекақы сомасы жазылады.

  Бухгалтер еңбекақы  бойынша алғашқы құжаттарды жинастырып, еңбекақыны есептеу ведомосын  толтырады. Айдың соңында, тоқсан  соңында, жыл соңында жұмысшылар  мен қызметкерлерге есептелген  еңбекақы бойынша қорытынды шығарады. Есептелген нақты еңбекақыны жоспармен салыстырып, талдау жұмыстарын жүргізеді және есептелген еңбекақыдан шегерілетін аударымдарға толық анықтама береді.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дебиторлық  қарыздар мен міндеттемелердің есебі

 

         «Transservice» ЖШС сатып алушылармен есеп айырысу есебін 1210 «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» жүргізеді. Негізінен дебиторлық қарыз дегеніміз – заңды тұлғаның, жеке тұлғаның қатынасындағы мекеме алдындағы қарызын айтады.Дебиторлық қарыздар құрамы жағынан екі топқа бөлінеді: Сауда бойынша дебиторлық қарыздар, басқа да дебиторлық қарыздар. Біріншісіне: шот бойынша алынатын қарыз қаржылар, көрсетілген қызметтер мен атқарылған жұмыстарға төленетін қаржылар жатады. Екіншісіне: пайыз бойынша алынатын қаржылар, қызметкерлердің мекеме алдындағы қарыз қаржылары жатады.

         Қысқа мерзімдегі дебиторлық қарыздар активтік, инвентарлық шоттарда есептеу жүргізіледі.

         1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» Бұлар бір жыл көлемінде жүргізіледі

         2100 «Ұзақ мерзімдегі дебиторлық қарыздар» бұлар бір жылдан аса уақытқа беріледі. Бұл шоттардың дебетінде айдың басында қалған қаржылар, есепті айдың ішінде берген қаржылар, көрсетілген қызметтер бойынша есептелген қарыз қаржылар және айдың аяғында қалған қарыз қаржылар есептелінеді. Кредитте дебиторлық қарыз бойынша өтелінген, яғни төленген қарыз сомасы жазылады.

         Дебиторлық қарыздар алғашқы құжаттар (счет фактура, төлеу құжаттары) арқылы ведомостқа түсіріледі. Ведомостта айы, құжаттың номері, уақыты, қарыз берген мекеменің аты, айдың басында қалған қарыз қаржылар есептеліп жазылады. Дебиторлық қарыз бойынша  төленген қаржылар және айдың соңында қалған қарыз қаржылар сомасы жазылады.

         Кредиторлық қарыз дегеніміз – мекеменің заңды тұлғаларға, жеке тұлғаларға атқарған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша есептелген қарыз қаржыларды айтамыз. Кредиторлық қарыз қаржылар құрамы жағынан бірнеше топқа бөлінеді: жеткізушілер мен мердігерлердің кредиторлық қарызы, еншілес ұйымның кредиторлық қарызы, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың кредиторлық қарызы, филлиалдардың және құрамдық бөлімшелердің кредиторлық қарызы, еңбекақыны төлеу бойынша кредиторлық қарыздар, жалдау бойынша кредиторлық қарыздар.

         3300 «Қысқа мерзімдегі кредиторлық берешек» бір жыл көлемінде есептеледі.

         4100 «Ұзақ мерзімдегі кредиторлық берешек» бір жылдан аса уақытқа береді. Бұл шоттардың кредитінде айдың басында қалған қарыз қаржылар есепті айдың ішінде қарызға алынған активтердің құны, пайдаланған қызметтер үшін еңбекақыны төлеу, жалдау бойынша қарыздар және тағы басқа қарыздар мен айдың аяғында қалған қарыз қаржылар есептеледі. Дебетте кредиторлардың қарыз қаржыларының төлеген сомасы жазылады.

   Кредиторлық қарыздар  алғашқы құжаттар арқылы ведомостқа  түсіріледі. Онда айы, номері, кредиторлық қарыз мекеменің аты, айдың басындағы қалған қарыз қаржылар, есепті айдың ішінде пайдаланылған қызметтер үшін, атқарылған жұмыстар үшін қарыздар есептеліп жазылады. Кредиторлық қарыздар бойынша төлеген қаржылар мен айдың аяғында қалған қарыздар есептеліп жазылады.

   3100 «Салықтар бойынша  міндеттемелер»,3110 «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы», 3120 «Жеке табыс салығы», 3130 «Қосылған құн салығы», 3140 «Акциздер», 3150 «Әлеуметтік салық», 3160 «Жер салығы», 3170 «Көлік құралдарының салығы», 3180 «Мүлік салығы»,3190 «Өзге салықтар».

         Бұл шоттар пассив қатарына жатады. Кредитте кәсіпорындардың корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құнға салық, акциздер салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдарының салығы, мүлік салығы есептеліп жазылады. Дебетте бюджетке аударылған салықтардың сомасы жазылады.

         Салық дегеніміз атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сатылу бағасынан есептелген салықтар мен заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың табыстарынан есептелген салықтарды айтамыз. Салықтардың пайыздық мөлшері жоғарғы мекемеден пайыздық мөлшер түрінде беріледі. Салықты есептеу үшін атқарылған жұмыстың көрсетілген қызметтің сату құнын пайыздық мөлшерге көбейтіп, 100 пайызға бөлгенде салық сомасы шығады. Есептелген салықтардың  қаржысын есепті айдың соңында, яғни келесі айдың бірінен бастап 15-не дейінгі аралықтағы күндерде бюджетке аудару керек. Бухгалтер салықтарды есептеп, арнаулы ведомостқа жазады Айдың соңында синтетикалық шоттар бойынша қорытынды шығарады.

         1610 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» Шот актив қатарына жатады. Дебетте материалдық заттарды сатып алуға, атқарылатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілген аванстық қаржылар есептеледі.

         3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шот пассив қатарына жатады. Кредитте материалдық заттарды, атқарылатын жұмыстар көрсетілетін қызметтер үшіналынған аванстық қаржылар есептеледі. Дебетте алынған аванстық қаржылардың төленген сомалары жазылады.

         4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар».Шот пассив қатарына жатады. Кредитте материалдық заттарды жөнелту үшін атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынатын аванстық қаржылар есептеледі. Дебетте алынған аванстық қаржылар бойынша төленген сомасы жазылады.

         Дебиторлық қарыздардың баланста дұрыс көрсетілуінің, синтетикалық, аналитикалық есептерінің ұйымдастырылуының, дебиторларға шағым жасаудың толтырылуының уақыттылығын, келтірілген зиянның, басқа қарызды іздестіруді ұйымдастырудың толтырылуының негізделгенін, сатып алушылардан есеп айырысу бойынша салық салудың дұрыстығын тексеру қажет. Бюджетпен есеп айырысу салық кодексінің  заңдылығына негізделгенін, салықтың уақытылы және дұрыс есептелуі мен аударылуын тексерілуі тиіс.

 

 

Кәсіпорынның  кірістері мен шығындарының есебі

 

      Қорытынды кіріс – дегеніміз қызмет көрсету, жұмыстар орындау және басқа негізгі емес қызметтен түскен кіріс қаржысының қорытындысын айтамыз. Қорытынды кіріс қаржылары бөлінбеген кіріс қаржыларынан тұрады. Бөлінбеген кіріс қаржылары 3 топқа бөлінеді: есептік жылдық кірістері, есеп саясатын өзгерту нәтижесінде пайданы түзету қаржысы, өткен жылдың пайда қаржысы.

   Мекеменің табыс  қаржысы әртүрлі кіріс қаржысынан  құралады. Құрамы жағынан бірнеше  топтарға бөлінеді: қызмет көрсетуден түскен кіріс, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны, жалпы пайда, қаржыландырудан түскен кіріс, өзге кірістер, қызметтерді көрсетуге арналған шығыстар, әкімшілік шығыстар, қаржыландыруға арналған шығыстар, өзге де шығыстар, салық салғанға дейінгі пайда, корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар.

   Кезеңдегі шығындар  олар қызметерді жұмыстардың  өндірістік  өзіндік құнына апарылмайтын  шығындар. Оларға: әкімшілік шығыстар, қызметті өткізу бойынша шығыстар, қаржыландыруға арналған шығыстар.

  Ұйымның қаржылық қорытынды есебінің барлық нысандары белгілі бір мақсатпен құрылады. Баланста ұйымның экономикалық ресурстарының (активінің) белгілі бір мерзімдегі нақты бары мен оларды қаржыландыру көздерінің жағдайы көрсетіледі. Ұйымның кірістері мен шығыстары жөніндегі қорытынды есебінде оның есеп беру мерзімінде алған табысы көрсетіледі.

  Кәсіпорынның таза  кіріс қаржысын есептеу үшін  көрсетілген қызметтің, түскен  кіріс қаржысынан шегереміз, көрсетілген  қызметтің өзіндік құнын қосамыз  негізгі емес қызметтен түскен кіріс қаржыларды шегереміз есептелген салық қаржыларын, сонда кәсіпорынның таза пайдасы шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

Субъектінің қаржылық есеп беруі

 

         Есеп беру дегеніміз – кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі.

         Ұйымның қаржылық есептілігі мыналарды қамтиды: бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақшаның қозғалысы туралы есеп, ұйымдардағы есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба.

         Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс табылады. Оны жасауға дейін есеп регистрлеріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы мен жыл аяғындағы және бөлім топтамарымен, әрбір баптарымен сәйкестендірілуге тиіс. Баланс бас кітапта көрсетілген шоттардың қалдығының негізінде жасалады. Активтер мен міндеттемелер өз кезегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдердегі болып жіктеледі. Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.

        Кірістер мен шығыстар қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды.Кірістер мен шығыстар туралы есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады: өнімді сатудан түскен табыс; негізгі қызметтен түскен табыс; негізгі емес қызметтен түскен табыс; салық салынғанға дейінгі және кейінгі қызметінен алынған табыс; табыс салығы бойынша шығыс; таза табыс.

         Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте  қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалар ағыны туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалар, олардың эквиваленттерінің көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалар көрсетіледі.

         Түсіндірме жазба – кәсіпорында жасалған негізгі аналитикалық құжат.Онда, бірінші кезекте негізгі себептермен қоса орындалу жайында қысқаша баға беріледі. Және теріс әсер еткен жағы да ашылады.Түсіндірме жазба реттелген түрде берілуі тиіс. Ол пайдаланушыларға қаржылық есептілікті түсінуге және оны басқа ұйымдардың есептілігімен салыстыруға көмектеседі.

         Беретін есептердің уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа  есептерін  толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

         Кірістер мен шығыстар қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды.Табыстар мен шығыстар туралы есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады: өнімді сатудан түскен табыс, салық салынғанға дейінгі немесе кейінгі қызметінен алынған табыс; табыс салығы ойынша шығыс, таза табыс.

         Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушылары болып қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер,мемлекеттік органдар, кіреді. Есеп беруге кіретін негізгі талаптар:

  1. кәсіпорын қызметінің нәтижесін анықтау және объективті көрсету
  2. Барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру
  3. Бухгалтерлік және жедел статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау.
  4. әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

         Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорын басшысы  мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауап береді.

         Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып мыналар саналады:

Есептеу, толассыздық, түсініктілік, маңыздылық, мәнділік, дұрыстық, шындық, сақтық, аяқтау және салыстыру, жүйелілік.

Информация о работе Банктағы арнайы шоттар бойынша операциялар есебінің схемасы