Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 17:06, курсовая работа
«Transservice»ЖШС-де бухгалтерлік есепті арнайы қызмет – бухгалтерия атқарады. Бұл жеке бөлімше, бас бухгалтермен басқарылады, оған қоса бир бухгалтер және кассир бар.
Бас бухгалтер қызметіне қабылдау,тағайындау және босату, бухгалтерлік есепті тексеру актісі мен серіктестіктің есептер беруімен рәсімделеді.
Бухгалтерді ауыстыру кезінде екі жақты актісі «істерді қабылдау- тапсыру» толтырылады. Оған серіктестіктің бас бухгалтері , тағайындалатын және жұмыстан шығарылатын бухгалтерлар қол қояды.
Бас бухгалтер ақша қаражаттарын қабылдау және беру, несиелік және есеп айырысу міндеттемелері , материалдық жауапкершілік жөніндегі келісімшарттарға қол қояды.
1.Бухгалтерия құрылымы және бухгалтердің қызметтік
міндеттері
2.Есеп саясаты
3.Ақшалай қаражаттар және есеп айырысу есебі.
4.Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі
5.Еңбектің және оның төлемдерінің есебі.
6.Дебиторлық қарыздар мен міндеттемелердің есебі
7.Кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының есебі
8.Қаржылық есеп беру
Кассаға түгендеу жүргізу. Кассаға инвентаризация жасалған кезде, ақша қаражаттары жеке купюрлер бойынша бір бірлеп саналады. Бағалы қағаздар, қаржы құжаттары, арнаулы есеп беру бланкілері актіде түрлеріне байланысты көрсетіліп, олардың аты, нөмірі, сериясы, номиналдық құны жазылады және кассадағы басқа да бағалы заттар тексеріліп, есепке алынады. Қолма-қол ақшаны есептеген кезде, кассадағы нақты ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар есепке алынады (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер және басқа да заңға сәйкес шығарылған бағалы қағаздар).
Қолма-қол ақшаның сомасы актіге купюрлар бойынша енгізіліп, көрсетіледі. Инвентаризация актісіндегі қолма - қол ақшаның мөлшері, инвентаризация жасалған күндегі кассирдің есебімен, кассадағы бар ақша қалдығымен салыстырылып, нәтижесі шығарылады. Егер инвентаризация кезінде кем, болмаса артық шыққан қаржы табылса, оның сомасы актіде көрсетіледі.
Есеп беру тұлғалармен есеп айырысу есебі. Есепті тұлғалар болып кассадан шаруашылық, іс сапар шығыстары мен материалдар сатып алу үшін қолма-қол ақшаны алдын ала алған серіктестіктің қызметкерлері саналады. Кассадан шаруашылық және басқа шығыстарға қолма-қол ақша алуға құқылы лауазымдар мен тұлғалардың тізімін серіктестіктің басшысы бекітеді, ал іс сапарларға қаражаттар оның бұйрығы негізінде беріледі.
Қызмет іс сапары болып тұрақты жұмысынан тыс қызмет тапсырмасын орындау үшін серіктестік басшысының ұйғарымы бойынша қызметкердің сапары саналады. Іс сапарына берілетін соманың мөлшері іс сапардың мерзімі және оның тағайындалу орнымен шектеледі, өйткені сапардың екі жағына жолақы, іс сапардағы тәуліктік және пәтер ақылар төленуге жатады.
Қызмет іс сапарларының тәртібі мен жағдайлары Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен белгіленген.
Есепті тұлғалармен есеп айырысу № 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жүргізіледі. Есепті тұлғаның серіктестік алдында қарызы іс сапар мен алынатын сомалар бойынша есеп беру мерзімдері өтіп кетпегенше әдеттегінше болып есептеледі.
Бұл қарыз №1250 шоттың дебеті, ал оның жойылуы кредит бойынша бейнеленеді. Егер барлық алынған ақшалар жұмсалмаған жағдайда, олардың сол бөлігі кәсіпорынның кассасына қайтарылады (№1010 шоттың дебеті мен №1250 шоттың кредиті бойынша). Егер ақшалар артық жұмсалса және ол шығыстар құжаттар арқылы дәлелденіп серіктестіктің басшысымен бекітілсе, онда кассадан қосымша ақша беріледі.
Қалай болған жағдайда есепті тұлға оған барлық шығындарды дәлелдейтін құжаттар (көліктерге билеттер, қонақ үйлер мен дүкендердің шоттары және т.б.) қоса тігілген аванстық есеп жасайды.
Егер есепті тұлғалардың саны көп болса, онда арнайы ведомостарда олардың аналитикалық есебін жүргізу мүмкін.
Есеп айырысу шотындағы ақша қаражатының есебі. Есептесу шотындағы операциялар, шоттардың үлгіліктік жоспарындағы 1030 шотта жүргізіледі. Шоттың дебетінде ұйымның ай басындағы бос ақшаларының қалдығы, кассаға мекемелерден тапсырыс берушілерден, борышкерлерден келіп түскен ақша көрсетіледі.
Шоттың кредитінде тауар жеткізушілер мен жұмыс жасап, қызмет көрсетушілерге аударылған сомалар, салық және бюджетке төленген басқа да міндетті төлемдер, банкке, басқа да алашағы барларға, сонымен қатар мекемелерге қолма-қол ақша түрінде берілген қаржылар көрсетіледі.
1030 шот бойынша операциялар қозғалысын есепке алуда журналды-ордерлік формадағы есептесу қолданылып, олар №2журнал-ордерде №2 ведомоста жүргізіледі.
Банк пен Қазақстан
республикасының резиденті –сер
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдары салушылардан қабылдауға келісім шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
Егер де банкте шот
иесінің пайдасына жаңылыс
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттырының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банктегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 «Ағымдағы бантік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты» шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге серіктестікке беріледі, екіншісі – бет есебі болып қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің «көшірме үшін» мөрінің таңбасымен расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні көрсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге пошта арқылы жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.
Клиент өкілінің алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек.
Банк көшірмелері оған
қоса тіркелген құжаттармен
Заңды тұлға – шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс.Есепшоты жабылғаннан кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде – шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтарады.
Есеп айырысу нысандарының түрлері
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін банк шоттары ашылады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар – банк шоттары банктер мен серіктестіктің кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Серіктестік шоттарындағы қаражат директордың әмірі бойынша есептен шығарылады. Серіктестікнің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды.
Банкіде ағымдағы шот ашу. Серіктестік қызметтерін пайдаланушылармен шаруашылық байланыста болып және олармен қатынастарда болады. Алыс-беріс қатынастар тапсырушылардың орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын төлеу міндеттемелеріне, сондай-ақ жеткізушілердің алушылардан төлемақыны талап ету құқығына негізделеді.
Алыс-беріс қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы қоры және т.б. органдарымен де пайда болады.
Есеп айырысудың айқын ұйымдастырылуы айналымдағы қаржылардың айналымдылығын тездетуге, төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайларда серіктестікке айыппұлдар мен өсім төлеуден құтылу мүмкіндігін береді.
Серіктестіктің басқа ұйымдармен арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу үшін серіктестік банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: шот ашу жөнінде өтініш, серіктестік ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат жарғы көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қоса серіктестікнің қаржыларын басқарушылардың қол таңбалары қойылған нотариуспен бекітілген екі карточка, серіктестікнің тіркелуі туралы статистикалық органдарынан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы.
ҚР Президентінің жарлығына сәйкес серіктестік өзінің негізгі қызметі бойынша операцияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айырысу) және бюджеттік шот ашуына құқылы.
Серіктестікнің есеп айырысу шотына көрсетілген қызметтер үшін ақшалар, аванстық төлемдер, банктің несиелері, дебиторлық қарыздар, кассадағы қолма-қол ақша және т.б. келіп түседі.
Есеп айырысу шотынан
қолма-қол ақшасыз есептер
Қолма-қол ақша беруді, сондай-ақ есеп айырысу шотына ақша аударуларын әдеттегінше, банк есеп айырысу серіктестік басшысының бұйрығы негізінде немесе оның келісімі (акцепті) бойынша жүргізеді.
Банктің қызметтері үшін төлем бойынша шығыстар серіктестікнің шығындарына, ал кәсіпорынның уақытша еркін қаржыларын пайдаланғаны үшін банктің төлемдері – оның негізгі емес қызметтерінің табыстарына апарылады.
Банктік ағымдағы шотында операциялар үшін жүргізу үшін негіз ретінде бастапқы құжаттар төлем тапсырмалары, чектер, қолма-қол ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады.
Төлем тапсырмасы серіктестіктің есеп айырысу шотынан алушының есеп айырысу шотына онда көрсетілген қаржыны шығыс ету үшін қызмет атқарады.
Ақша чегі банкіге қолма-қол ақшаның көрсетілген көлемінде есеп айырысу шотынан босату туралы бұйрық болып саналады.
Төлем тапсырмаларын дайындау. Төлем тапсырмасы – бұл банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма. Бухгалтер оны «көшіргіш» немесе компьютерде қажетті дана бойынша басады.
Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы мен оның банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасын орындауға қабылдап алып, оның соңғы данасына таңба қояды одан соң ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге қайтып береді. Басылған, бірақ банкіге өткізілмеген төлем тапсырмасы 10 күн ішінде жарамды болып саналады.
Төлеуші болып серіктестікнің есеп айырысу шоты ашылған банк саналады және сол бөлігінде серіктестікнің аталуы мен оның есеп айырысу шотының нөмірі көрсетіледі.
Аударылатын қаржы көлемі бас әріппен сөз түрінде басылады. Оның сандық мөлшері жоғарыдағы оң бұрышта қайталанады.
Төменгі жақта төлемнің тағайындалуы көрсетіледі, басшы мен бас бухгалтердің қол таңбаларымен қоса кәсіпорынның мөрі қойылады.
Информация о работе Банктағы арнайы шоттар бойынша операциялар есебінің схемасы