Банктағы арнайы шоттар бойынша операциялар есебінің схемасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 17:06, курсовая работа

Описание работы

«Transservice»ЖШС-де бухгалтерлік есепті арнайы қызмет – бухгалтерия атқарады. Бұл жеке бөлімше, бас бухгалтермен басқарылады, оған қоса бир бухгалтер және кассир бар.
Бас бухгалтер қызметіне қабылдау,тағайындау және босату, бухгалтерлік есепті тексеру актісі мен серіктестіктің есептер беруімен рәсімделеді.
Бухгалтерді ауыстыру кезінде екі жақты актісі «істерді қабылдау- тапсыру» толтырылады. Оған серіктестіктің бас бухгалтері , тағайындалатын және жұмыстан шығарылатын бухгалтерлар қол қояды.
Бас бухгалтер ақша қаражаттарын қабылдау және беру, несиелік және есеп айырысу міндеттемелері , материалдық жауапкершілік жөніндегі келісімшарттарға қол қояды.

Содержание

1.Бухгалтерия құрылымы және бухгалтердің қызметтік
міндеттері

2.Есеп саясаты

3.Ақшалай қаражаттар және есеп айырысу есебі.

4.Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі

5.Еңбектің және оның төлемдерінің есебі.

6.Дебиторлық қарыздар мен міндеттемелердің есебі

7.Кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының есебі

8.Қаржылық есеп беру

Работа содержит 1 файл

Практика жұмысы.doc

— 249.00 Кб (Скачать)

Жолдағы ақшалардың есебі

Аударылған, бірақ әлі серіктестікнің шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақшалар жолдағы ақшалар болып саналып, ал олардың есебі «Аударылған жолдағы ақшалар» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот ай соңында серіктестікке басқа кәсіпорын, ұйым немесе фирмалардан аударылған, бірақ әзірге келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған жолдағы ақшалар жайлы ақпараттарды қорытындылауға арналған.. «Жолдағы ақшалар» шотында сомаларды есептеу үшін мынандай құжаттар болуға тиіс:

  • Қызмет көрсетуден немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банк  мекемесінің қабылдағандығын дәлелдейтін құжат;
  • почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы;
  • басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген авизасы ( бүл авизада ақшаны аударған күні, сомасы, оны қабылдаған банк немесе почта аты көрсетіледі).

 

 

 

 

 

 

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің  есебі

 

         Негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.

   Негізгі құралдарға  қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар , машиналар  мен жабдықтар, қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасыиалдау құралдары, аспаптар, өндірістік-шаруашалық құрал саймандар тағы да басқалары жатқызылады. Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді.

Негізгі құралдар пайдалану  мақсатына қарай мынадай түрлерге жіктеледі:

  1. Жер 2411 шотында жүргізіледі, құрамына өндіріске қатысты жер, сауда саттықтағы жер.
  2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар 2412 шотында жүргізіледі
  3. Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер 2413 шотында жүргізіледі, компьютер, кондиционар.
  4. Автокөлік құралдары 2416 шотында жүргізіледі, құрамына автокөлік.
  5. Офистік жабдықтар 2417 шотында жүргізіледі, құрамына офистік жиһаз, кресло.
  6. Жиһаз және қозғалатын мүліктер 2418

2410 «Негізгі құралдар»  актив қатарына жатады. Дебетінде  айдың басында қалған қалдық  сомасы, сол есепті айдық ішінде  қабылданған негізгі құралдың  құны және айдың аяғында қалған  қалдық сомасы жазылады. Кредитте  қолдануға жарамайтын тозған негізгі құралдың құнымен сатылған негізгі құралдың  құны есептелінеді

        Негізгі құралдарды бағалаудың мынадай түрлері белгіленген:  өзіндік құн, жойылу құны, амортизациялаушы құн, әділетті құн, баланстық құн.

  Өзіндік құн –  төленген ақша қаражатының немесе ақша қаражаттарының эквиваленттері не болмаса активті сатып алу сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдердің әділетті құны

   Амортизацияланушы  құн – жойылу құнын алып  тастағаннан кейінгі активтің  өзіндік құны немесе өзіндік  құнның орнына қаржылық қорытынды есепте көрсетілетін басқа сома.

   Жойылу құны  – негізгі құралдың тиімді  қызмет ету мерзімінің  яғында  оны кәсіпорыннан шығаруға байланысты  жұмсалатын шығындарды алып тастағаннан кейінгі алынады деп күтілетін таза сома.

   Баланстық құн – жинақталған тозу мен құнды төмендетуден шеккен зиянды алып тастағаннан кейінгі негізгі құрал балансты есепке алынатын сома.

   Кәсіпорынның  территориясына  сатып әкелінген  қондырғылар мен машиналарды,  көлік құралдарын және жаңадан  соғылып біткен  ғимараттарды, орнықты құрылыс жайларын қабылдау үшін мекеме бастығы бұйрық береді. Бұйрыққа байланысты комиссия құрылады.Комиссия мүшелері  сатып әкелінген қондырғылар мен машиналарды, көлік құралдарын, жаңадан соғылып біткен ғимараттарды, орнықты құрылыс жайларын тексеріп қабылдау актісін жазады. Негізгі құралдарды қабылдау актісінде  актінің номері, уақыты, комиссия мүшелерінің аты жөні, қызметі  қабылданған негізгі құралдардың аты, алғашқы бағасы, зауыттан шыққан уақыты, қабылдап алған және  бекітілген цехтың аты, және қабылданған негізгі құралдардың  паспортының номері, жобалау шоттарының номері, тексеруден өткендегі, қолдануға жарайтындығы  жөнінде комиссия анықтама береді және қабылданған негізгі құралдар бойынша  қысқаша анықтама жазып, қолдарын қояды. Актіні мекеме бастығы бекітеді.

   Бухгалтер әрбір  қабылданған негізгі құралдардың  қабылдау актісі бойынша инвентарлық  карточканы толтырады. Инвентарлық  карточкада номері, қабылданған  негізгі құралдардың аты, инвентарлық  номері, зауыттан шыққан уақыты , ғимараттарды соғылып біткен уақыты, кәсіпорынға қабылданған уақыты, бекітілген цехтың аты,  қабылданған негізгі құралдардың алғашқы бағасы, баланстық бағасы, қалдық бағасы көрсетіледі және қабылданған негізгі құралдарға қысқаша анықтама беріледі.

  Кәсіпорын қарамағындағы негізгі құралдар әр түрлі себептерге байланысты істен шығарылады. Істен шығару себептері: қолдану мерзімі бітіп, тозған негізгі құралдар істен шығарылады; кәсіпорында өндіріс жұмыстарына керек емес артық негізгі құралдарды басқа мекемеге сатқан кезде істен шығарылады; жоғарғы мекеменің бұйрығы бойынша бір мекемеден екінші мекемеге , яғни серіктес мекемелерге бергенде істен шығарылады.  Кәсіпорында  негізгі құралдарды істен шығару үшін, жою үшін немесе басқа мекемеге сату үшін жою актісі жасалады.

  2420 «Негізгі құралдардың  амортизациясы және құнсыздануы»  бұл шот пассив қатарына жатады. Кредитте қолданылып жатқан негізгі құралдар мен жаңадан қабылданған негізгі құралдардың тозығы есептелінеді. Дебетте істен шығарып сатылған, басы бүтін берілген және жойылған негізгі құралдардың  істен шығарылған кездегі тозығы есептелінеді. Негізгі құралдардың тозығын есептеу үш әдіспен жүргізіледі:  тепе-теңдікте бірыңғай тозығын есептеу, орындалған жұмыс көлемі бойынша тозығын есептеу , жеделдетіп есптеу, қалдығын азайту жолымен есептен шығару, құнын сандардың жиынтығы бойынша  есептен шығару.

         Негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу дегеніміз бір жұмыс күні ішінді  немесе бір сменада жүргізілген жөндеу жұмыстарын айтамыз. Ағымдағы жөндеу кезінде өндіріс жұмыстары тоқтатылмайды. Ал негізгі құралдарды күрделі жөндеу бойынша жүргізу екі әдіспен жүргізіледі: негізгі құралдарды шаруашылық әдісі бойынша жөндеу дегеніміз мекеме жөндеу жұмыстарын өз күшімен жүргізуді айтамыз, негізгі құралдарды мердігерлік әдісі бойынша жөндеу дегеніміз мекеме өз күшімен жөндей алмаған негізгі құралдарды басқа мекеменің көмегімен жөндеу жұмыстарын жүргізуін айтамыз.

   Негізгі құралдарды  тексергендке келесідей мәліметтерге  назар аудару қажет: негізгі  құралдардың сақталуына, жауапты материалды тұлғаның бекітілуіне, инвентарлық тізімінің уақытында орындалуына,  және тағы басқа. Бастапқы құжаттардың (қабылдау-тапсыру актісін, есептен шығару актісін) дұрыс орындалғанын, негізгі құралдардың амортизациясының есептелуін және есепте дұрыс көрсетілуін, есептік саясатта көрсетілген әдіспен орындалғанын тексеру керек.

   Материалдық емес  активтер дегеніміз табиғи болмысы  жоқ өндіріске немесе тауарды  пайдалануға және басқа да  ұйымға жалға беруге арналған, айқындауға болатын, субъект бақылау жүргізе алатын, сондай-ақ пайланудан ұйым болашақта экономикалық табыс күтетін ақшалай емес активтерді айтады.

  Материалдық емес  активтердің ұйымға қабылдануы  немесе есептен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі арқылы рәсімделеді. Бұл құжатта материалдық емес активтердің  түрлерінің атауы, оның ұйымға қабылдану мерзімі объектінің толық сипаттамасы, бастапқы құны, амортизациялау нормасы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі. Материалдық емес активтердің нақты бары мен олардың қозғалысының есебін жүргізу  2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің тиісті синтетикалық шоттары жатады. Бұл шот актив қатарына жатады. Дебетте лицензиялық келісімдер құны, бағдарлама құны, патенттер құны, ұйымдастыру шығындары есептелінеді. Ұйымда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі мерзім сайын ұйымның шығындарына қосылып отырады. Яғни материалдық емес активтер бойынша амортизация есептеледі. Амортизация дегеніміз – материалдық емес активтердің амортизацияланушы сомасының оның тиімді пайдалану мерзімі ішінде жүйелі түрде  бөліп таратылуы. Материалдық емес активтер кәсіпорыннан төмендегі себептер бойынша есептен шығарылады: Сатып өткізгенде, жарамсыздығы салдарынан есептен шығарылғанда, сыйлық ретінде басқа тұлғаларға берілгенде.

   Шот 2740 «Өзге  материалдық емес активтердің  құнсыздануы» Бұл шот  пассив  қатарына жатады. Кредитте лицензиялық келісімдердің, бағдарламамен қамтамасыз етудің патенттердің, ұйымдастыру шығындарының амортизациясы есептелінеді. Материалдық емес активтердің тозығын есептеу үшін алғашқы бағасын тозықтың проценттік мөлшеріне көбейтіп, 100 пайызға бөлгенде бір жылдың тозығы шығады. Бір жылдың тозығын 12 айға бөлгенде  бір айдың тозығы шығады.

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

Еңбектің және оның төлемдерінің есебі.

 

      Қазақстан  Республикасының әрбір азаматы  еңбек етуге құқылы. Демек, республикамызда  әрбір адамның ықыласына, қабілеттілігіне  және арнайы дайындығына сәйкес  жеке өндіруші ретінде немесе  еңбек шарты бойынша еркін  еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына сәйкес еңбек деп – адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметін айтады.

    Жұмыс беруші  жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен  өзара тікелей жеке еңбек келісім-шартын жасайды.

    Жеке еңбек  келісім-шарты жұмыс беруші мен  еңбеккер арасындағы  жазбаша  түріндегі келісім, онда жұмыс  орны, келісім-шарттың мерзімі, еңбек  тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да  мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.

   Жұмысқа жаңадан  қабылданғандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен құжаттайды, кадр бөлімінң бастығы  және жұмысқа қабылдауға жауапты адамның берген рұқсаты болып табылады.

   Еңбек және  еңбекақы есебі кәсіпорынның  есеп жүйесінде маңызды орынға ие болады. Оның негізгі міндеттері:

  1. Белгіленген мерзімде кәсіпорын қызметкерлерімен еңбекақы бойынша есеп айырысу;
  2. Есептелген еңбекақы және аударымдар сомасын уақытылы және дұрыс енгізу.
  3. Қажеттті салық және статистикалық қорытынды дайындау мақсатында еңбек және еңбекақы көрсеткіштерін жинау және топтастыру.

  Жұмысқа қабылдау  мерзіміне байланысты жұмысшылар  тұрақты, уақытша және маусымдық  болып бөлінеді. Тұрақты жұмысшыларға  жұмыс істеу мерзімінің аяқталу  уақыты көрсетілмеген жұмысшылар, уақытша жұмысшыларға белгілі  бір мерзімге қабылданған жұмысшылар жатады. Жұмыстың күрделілігіне, мөлшеріне және сапасына сәйкес жұмысшылар арасында бөлінетін ақшалай және натуралды түрдегі қаражаттың жалпы сомасы еңбекақы қоры деп аталады. Еңбекақы қорына қабылданған еңбекақы жүйесі мен нысанына, қаржыландыру көзіне  тәуелсіз, кәсіпорында есептелген барлық еңбекақы, ынталандыру және жәрдемақы сомалары, сонымен қатар натуралды еңбекақы түрінде берілетін өнімнің құны кіреді. Еңбекақыны негізгі және қосымша еңбекақы деп бөледі. Негізгі еңбекақыға нақты жұмыс атқарған уақыты, мерзімі және кесімді төлем кезінде орындалған жұмыстың саны мен сапасы үшін төлемдер, қосымшалар, сыйақылар, үстемелер және тағы басқалар жатады. Қосымша еңбекақы қорына  жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек туралы заңда және ұжымдық келісім шартта ескерілген жұмыс атқармаған уақыт үшін алатын төлемақылары, еңбек демалысы уақытының төлемдері жатады.  

        Еңбекақының мерзімдік және кесімдік  түрі болады.

        Кәсіпорын жұмыскерлеріне есептелген  еңбекақыдан, еңбек шарты бойынша  және қосымша жұмыс істейтіндердің еңбекақысынан әртүрлі ұсталымдар жасалады. Оларды екі топқа бөлуге болады:

  • міндетті ұсталымдар;
  • кәсіпорын ұйғарымына байланысты ұсталымдар;

  Міндетті ұсталымдарға  зейнетақы жарналары, табыс салығы, заңды және жеке тұлғаның есебіне жасалған нотариалдық кеңсенің жазбалары және атқару қағаздары бойынша ұсталымдар жатады.

   Кәсіпорын ұйғарымына  байланысты ұсталымдарға: кәсіпорынның  шеккен материалдық зиянының  орнын толтыру үшін еңбек ұжымының  мүшелерінен және жұмыскерлерден  ұсталатын сомалар, есеп беруге тиісті соманың уақытысында қайтарылмаған бөлігі жатады.

   «Есеп айырысу  – төлем ведомосін» әрбір жұмысшымен  еңбекақы бойынша есеп айырысулар  көрсетілетін жиынтық құжат болып  табылады.   «Есеп айырысу –  төлем ведомосін» әкімшілік басқару қызметкерлеріне бөлек және өндірістік жұмысшыларға бөлек жасайды. Ведомостқа бөлімшенің барлық жұмысшыларын тізіп жазады. Ведомостта әрбір жұмысшының аты-жөні, әкесінің аты, жалақы мөлшері және айдың басына есеп айырысу бойынша қалдық сомасы жазылады. Бұл мәліметтер өткен айдың  «Есеп айырысу төлем-ведомосынан»  алынады.

    Жұмыскерлермен  есеп айырысудың синтетикалық  есебі 3350 «Еңбекақы бойынша қысқа  мерзімді берешек» деп аталатын  пассивті шотта жүргізіледі. Кредиттте  жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбекақысы есептеліп жазылады. Дебетте еңбекақыдан ұсталатын еңбекақы салығымен қарыз қаржылар, уақытысында алынбаған еңбекақы және қолға берілетін еңбекақысының сомасы жазылады.

     Жұмыс мөлшерінен  тыс уақытта жұмыс істеген  жұмысшылар мен қызметкерлер  жұмыстан кейін қалып, жұмыс істеу үшін мекеме бастығы мен кәсіподақ ұйымының төрағасының рұқсаты болуы керек. Жұмысшылардың өз еркімен істеуі жөнінде сенімі болу керек.

   Ең алғашқы  жұмысты жаңадан істеген жұмысшылардың  және қызметкерлердің демалыс  уақыты он екі айдан кейін беріледі. Одан кейінгі демалыс күндері жылдың кез келген мерзіміне беріледі. Кезектегі демалысқа шығатын жұмысшы мен қызметкерлерге демалысқа шығу жөнінде бұйрық шығарылады. Кезектегі демалыс еңбекақысын есептеу үшін – барлық он екі айдың еңбекақысын қосамыз. Барлық еңбекақының қорытындысын он екі айға бөлеміз. Сонда бір айдың орташа еңбекақысы шығады. Бір айдың орташа еңбекақысын 29,58 (календарьлық күндер) бөлеміз, сонда бір күннің орташа еңбекақысы шығады. Бір күннің орташа еңбекақысын бұйрық бойынша берілген демалыс күндеріне көбейтеміз. Сонда кезектегі демалыс еңбекақысы шығады.

Информация о работе Банктағы арнайы шоттар бойынша операциялар есебінің схемасы