Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 12:08, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршілдік-әкімшілік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырды.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
I. Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
1.1. Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..........................................................................................4-6
1.2. аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)........7-9
1.3. Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы........................10-11
II. Аудит стандарттары мен негізгі принциптері
2.1. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары.......................12-14
2.2. Аудиттің фирмаішілік стандарттары............................................15-16
2.3. Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...................................................................................17-25
III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................26-31
Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................33
Қосымшалар.............................................................................................34-35

Работа содержит 1 файл

аудиттер.doc

— 309.50 Кб (Скачать)

Мұндай  жағдайлар акционерлердің келісімінсіз орынсыз  себептермен  аудитордың қызметінен босамайтындығын  және де  туындаған проблемалар үшін аудитордың, акционерлерді  хабардар етпей, жауапкершіліктен қашуға әрекет жасамайтындығын кепілдендіру үшін қажет.

Жұмыстан  бас тартатын болса, аудитор  кәсіпорынға  жазбаша хабарландыру қағазын беруге  және онда, жоғарыда атап  көрсетілгендей, жағдайды  баяндауға тиісті. Аудиторға  акционерлер мен басқа да тұлғаларға арнап ауызша және жазбаша мәлімдеме жасауына рұқсат беріледі. Кейбір  елдерде  аудиторға  компания  басшылығының өзінің жұмыстан бас  тарту себептері талқыланатын жиналыс шақыруын  талап етуге рұқсат беріледі.

Мұндай  жағдайда аудитор келісім-шартты бұза алады, ал клиент оның үстінен сотқа  шағымдана алады.

Кейде есеп немесе аудит принциптеріне  қатысты мәселелер бойынша аудитор  мен клиенттің көзқарастары әр түрлі  болуы мүмкін. Сонда клиент өзіне  тиімді болып табылатын, қолданылып жүрген есеп әдісін қолдайтын келіскіш аудиторды  іздей бастайды, бірақ ол елімізде қабылданған есеп және  қаржылық қорытынды есеп беру стандарттарына қайшы келеді. Мұндай жағдай «пікірді сатып алу»  деп аталады. Есеп жүргізу  мәселелері бойынша басшылықтың пікірімен  келісетін аудиторды іздеу тәуелсіз аудиттің талаптарын орындаудан қашуға әрекет жасауды куәландырады және де аудитордың қаржылық қорытынды есептің дұрыстығына (сенімділігіне) зиянын тигізетін, ұсынылған есеп әдісін қолдауға дайын екендігі, аудитордың тарапынан тәуелсіздіктің жоқ екендігін көрсетеді.

Аудиторлардың міндеттері мен құққытары.  Аудитор  өз қызметінің негізгі мақсатына қол жеткізу үшін, қаржылық қорытынды есептің дұрыс және әділ тапсырылғандығы жөнінде қорытынды жасау үшін әртүрлі  міндеттері орындайды. Ал ол міндеттерді орындау үшін аудиторға  белгілі бір құқықтар беріледі.

Аудитордың  міндеттері. Қазақстан Республикасының  «Аудиторлық қызмет туралы» заңына сәйкес  аудиторлар клиент құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, оған қаржылық  қорытынды есепте анықталған сәйкессіздіктер  жөнінде хабарлауға, аудит нәтижелерінің құпиялығын сақтауға міндетті.

Аудиторға берілген құқықтар оның өз міндеттерін  орындауын қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл құқықтар аудитордың тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Аудитор бухгалтерлік және басқа қаржы-шаруашылық құжаттарын алуға құқылы. Халықаралық тәжірибеде аудитор, егер өзіне  қажетті  түсіндірулерді немесе ақпараттарды алмаған болса, онда ол жөнінде  акционерлерді, Директорлар кеңесін хабардар етуге тиісті. Аудитор төменде аталғандарға құқылы:

  • ұжымның кез-келген жалпы жиналысын өткізуге қатысты барлық хабарлама қағаздарын алуға;
  • барлық жалпы жиналыстарға  қатысуға  және кез-келген жалпы жиналыстарда  өзін аудитор ретінде  толғандыратын кәсіпорын қызметіне қатысты кез-келген мәселе  бойынша сөз сөйлеуге.

өз міндеттерін  орындау үшін аудиторға жиналыста  не болып жатқандығы жөнінде  бірінші қолдан ақпарат алу маңызды. Жиналыста сөз сөйлеу құқығы (егер ондай құққыа ие болса) оны кәспорын басшылығы  үшін тегіс қамтылған аудиторлық қорытынды дайындау міндетінен  босатпайды.

Сондай-ақ, аудитор:

  • Клиентінен өзін қызметінен босату немесе орнын ауыстыру жайындағы хабарландыру қағазының көшірмесін алуға, сонымен бірге жазбаша немесе ауызша мәлімдеме жасауға құқылы. (Бұл «жағдайды баяндау» міндетіне қосымша);
  • Директорлардан өз жұмысынан бас тартуы  жайында жалпы жиналыс шақыруын және ол жиналысқа өзінің қатыстырылуын талап  етуге, сонымен бірге өзіне  қатысы бар кез-келген жиналыста сөз сөйлеуге құқылы.

Жоғарыда  атап көрсетілгендей, аудиттің маңызы – мүдделі жақтардың сенімді (дұрыс) ақпараттар алу мүдделерінің сақталуында. Сонымен бірге, дамыған  аудиторлық қызмет көрсету рыногы бар  елдердің тәжірибесіне қарасақ, екі  жақтың арасындағы қарым-қатынас есеп жүргізу, бақылау және қорытынды есеп берудің әртүрлі  мәселелері  бойынша  өзара түсіністікке  әрдайым қол жеткізе бермейді және де тіпті мүдде қақтығысы орын алуға мүмкін.

Әр түрлі  мүдделі жақтардың арасындағы өзара  қарым-қатынастар агенттік теориясының пәні болып табылуы мүмкін. Агенттік  өзара қарым-қатынастар бірінші жақ – тапсырыс беруші-екінші жақты – агентті – өзінің атынан тапсырма орындау үшін жалдайтын жерде орын алады. Мысалы, кәсіпорын қызметкерлері – директорлардың агенттері, ал аудиторлар – акционерлердің агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.

Әрбір тапсырыс беруші агент жалдағанымен, ол агенттің бірінші кезекте қорғайтын  өз мүддесінің болуы мүмкін. Мысалы, басшының міндеті – компания активтерін  басқаруды жүзеге асыру. Бірақ олар басқаруды өз еңбек ақыларының мөлшерінде  жүзеге асыруға мүдделі. Егер еңбек ақының мөлшері көбейетін болса, онда кәсіпорын активтері  азаяды диреткорлардың еңбек ақысын көбейтуге қатысты шешім қабылдау директорлардың өздеріне байланысты. Сонымен бірге, аудиторлар оларды лауазымдық қызметке қайта сайлау жөніндегі шешім қабылдау директорлардың өздеріне байланысты екендігін біледі. Өзінің міндетті қызметін орындау кезінде аудитор директорлармен жақсы қарым-қатынаста болуды қалайтындықтан, мүдделік келіспеушіліктердің туындау ықтималдығы жоғары болады. Агенттердің жұмысты орындау процесінде тапсырыс берушінің  мүддесін қорғауын қамтамасыз ету бойынша  шараларды қолдану үшін ондай ықтималдық жөнінде тапсырыс берушілердің өздері білуі керек.

Мүдделік  келіспеушіліктердің туындау мүмкіндігіне қарамастан, агенттік теориясы, егер кәсіпкер орынды қадам жасайтын болса, онда аудитор тапсырыс берушінің мүддесіне қайшы келетін іс-әрекет жасамайды деп болжайды. Мысалы, акционерлер акцияларды  тек өздерінің мүддесін қорғаушы сақтандыру шаралары қамтамасыз етілген жағдайда ғана сатып алады деп болжанады. Тексерілген қорытынды есепке қойылатын заңды талаптар қажетті алғы шарттардың бір мысалы болып табылады. Одан басқа, басшы аудит өткізу қажеттілігін мойындауға болса, өздерінің қаржыларын салуға асықпайды. Сондықтан басшыға тиісті аудитті өздерінің жеке мүдделеріне жауап беретіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Мысалы, ірі компаниялардың басшылары өздерінің  адалдығына бәрінен бұрын акционерлерді  сендіру мақсатымен күрделі және кең көлемді аудитті өткізу үшін едәуір ақша жұмсайды.

Басшы да акционер де бір тұлғаның өзі  болып табылатын кішігірім кәсіпорындарда аулитті өткізуге жұмсалатын сома көп  болмайды. Әрине, оны заңдылық деп  пайымдауға болады, себебі акционерлерде  аудит өткізуге деген қажеттілік туындамайды. Бірақ, акционерлерде аудит өткізуге деген қажеттілік туындамайды. Бірақ, бұл қаржылық ақпараттарды басқа да пайдаланушыларды (мысалы қорытынды есептің негізінде несие беруі мүмкін кредиторларды) барлық уақытта қанағаттардыра алмайды. Сондықтан мүдделік келіспеушіліктің екі түрі болуы мүмкін деп пайымдаймыз:

  1. Аудитор клиентке кеңес бергені үшін сыйақы алған кезде ;
  2. Клиенттердің арасында дау-жанжал бар болған кезде .

Ондай келіспеушлік егер екі клиент тендерге бір ғана контракт бойынша қатынасатын болса немесе бір-бірімен бәсекелестік жағдайында болса туындауы мүмкін. Ондай клиенттермен жұмысты бір клиенттің мүддесі екінші клиенттің  мүддесіне кері әсер етпейтіндей етіп жүргізу  керек (мысалы, құпия ақпараттардың  өтіп кетуі ). 
 
 
 

    III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары 

3.1. Қазақстан Республикасы  аудиторлық қызмет  нарығының институтционалдық   негізі

Аудиторлар  өзінің кәсіби қызметінде кімнен болмасын тәуелсіз. Алайда дәл осы аудиторлардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және де оның басқа да принциптерін  қамтамасыз еті үшін аудиторлық қызметті екі жақты, бір жағы мемлекеттік органдар  (мемлекеттік реттеу), екінші тарап қоғамдық аудиторлық ұйымдар (өзін-өзі реттеу) арқылы реттеу қажет.

Әлемдік тәжірибеде аудиторлық қызметті  реттеу концепциясы әрқилы. Бухгалтерлік есептіліктің негізгі қолданушылары  мемлекеттік  ұйымдар мен банктер болып  есептеленетін Франция, Испания, Германия елдерінде аудиторлық қызметті мемлекеттік  реттеу кеңінен таралған. Ұлыбритания, АҚШ-та  бухгалтерлік есептіліктің негізгі  қолданушылары  акционерлер, несие  беруші ұйымдар, инвесторлар және меншік иелері болғандықтан, онда өзін-өзі реттеу басымдылықта. /18.21./

Біздің  елде, ТМД елдерімен салыстырғанда, өзін-өзі реттеуге көбірек жағдай жасалған. Алайда соңғы жылдардағы заңнамалардағы өзгерістер мен нарықтағы  оқиғалардан өзін-өзі реттеудің әлсіреп бара  жатқанын көреміз.

Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеу процесіне  келесі мемлкеттік органдар мен ұйымдар тікелей қатысады:

  1. Қазақстан Республикасы  қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті
  2. Ұлттық Банкі
  3. Аудиторлар палатасы
  4. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы.

Жоғарыда  көрсетілген өклетті органдардың өзара байланысы төменлегі схемада көрсетілген: 

      Аудиторлық  қызметті реттеу

Мемлекеттік реттеу
  Өзін-өзі реттеу

 

Ұлттық банк
Бухгалтерлік  есеп және аудит методологиясы  департаменті
Аудиторлар палаталары

 

Аудиторлыққа  кандидаттарды аттестациялау жөніндегі  біліктілік комиссиясы
 

Схемада мемлекеттік және өзін-өзі реттеуді жүзеге асыратын ұйымдардың тығыз байланысын көреміз. Өзін-өзі реттеуді жүзеге асыратын аудиторлар палаталары мемлекеттік  өкілетті органдарға заң шеңберінде есептілік беруге міндетті.  Сонымен қатар, мемлекеттік органдар да аудиторлар палатасын керекті ақпараттармен және заңнамалық құжаттармен қамтамасыз етеді. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау жөніндегі  біліктілік комиссиясының құрамына мемлекеттік және өзін-өзі реттеу органдарынан  өкілдер кіреді.

ҚР Қаржы  министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті – ҚР үкіметі бекіткен негізгі  құзыреті бар мемлкеттік орган болып  табылады.  Департамент аудиторларды және аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды аудиторлық  қызметті  лицензиялау арқылы жүргізеді, яғни лицензиялар беру, уақытша тоқтату және  қайтарып алу құқығына ие. /19/

Департаменттің  негізгі функцияларына:

  • Өзінің құзыреті шеңберінде аудиторлық қызметті реттейтін нормативті – құқықтық актілер шығару;
  • Аудиторлық қызметтің стандарттарын бекіту;
  • Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетілген  реттелікте  аудиторлық қызметті лицензиялау жүйесін ұйымдастыру;
  • Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың лицензиялық талаптар мен шарттардың орындалуын бақылау жүйесін ұйымдастыру;
  • Аудиторларға қойылатын сапалық талаптарды бекіту;
  • Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың стандарттарды орындауын бақылау;
  • Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізімін жүргізіп отыру;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарына  лицензия беру, оның жұмысын уақытша тоқтату, қайта қайтарып алу ережелері жайлы мәліметтер шығару;
  • Аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың, аудиттен өтетін ұйымдардың ұсыныстардың қарау жатады. /2/.

ҚР Ұлттық Банкінің негізгі функциясына банк және сақтандыру қызметтерінің аудитін өткізуге лицензия беру жатады.

ҚР аудиторлар палатасы – коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі  қаржыландыратын ұйым. Сонымен қатар, аудиторлар палатасы заңды тұлға  болып табылады және оның мүшелерінің  жалпы жиналысында қабылданған жарғы негізінде әрекет жасайды. Ол аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен ҚР заңдарында тиым салынбаған өзге де  көздер есебінен қаржыландырылады.  Аудиторлар палатасының құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен  белгіленеді.

Қазақстанда республикалық және аумақтық аудиторлар палатасы қызмет жасайды.

Аумақтық  аудиторлар палаталары төмендегідейқызмет атқарады:

  1. Аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіріп отыруға жәрдемдеседі;
  2. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен  аудит стандарттары талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;
  3. Аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың жіне аудиттелетін субъектілердіңаудиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларын қарайды;
  4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды аудиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты ҚР заң актілерімен және әдістемелік  құжаттармен  қамтамасыз етеді;
  5. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжірибесіне талдау жасайды, оларды қорытып, таратады;
  6. Мемлеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың  мүдделерін білдіреді;
  7. Заңдарға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.

Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу