Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 12:08, курсовая работа
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршілдік-әкімшілік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырды.
Кіріспе...............................................................................................................3
I. Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
1.1. Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..........................................................................................4-6
1.2. аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)........7-9
1.3. Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы........................10-11
II. Аудит стандарттары мен негізгі принциптері
2.1. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары.......................12-14
2.2. Аудиттің фирмаішілік стандарттары............................................15-16
2.3. Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...................................................................................17-25
III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................26-31
Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................33
Қосымшалар.............................................................................................34-35
Аудиторлық қызметті
нормативтік-құқықтық
реттеу
Кіріспе.......................
III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1.
Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет
нарығының институтционалдық негізі........................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршілдік-әкімшілік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырды.
Нарық жағдайында бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-теникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құпралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.
Қазақстанда нарықтық қатынастар енгізілуімен бірге экономикалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді. Аудиторллық қызметті реттеуші стандарттар енгізілуде, аудиторлар жұмыстарының сапасына кәсіби бақылау жүйесі жақсарып келеді, сондай-ақ, бұл салада кәсіби мамандар даярлауға қосымша талаптар қойылуда.
Бухгалтерлік
есепті реформалау жіне аудитті
ұйымдасытрудың озық тәжірибесі Халықаралық
валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік
банктің, Халықаралық даму бойынша
америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық
Одақтың (ЕО) және британдық кеңестің
белсенді қатысуымен өткізілгендіктен,
оны құраудың ағылшын-американдық
үлгісы негіз етіп алынды. Бухгалтерлік
есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс
Конституцция, Азаматтық Кодекс, Бюджет
Кодексі, Салық Кодексі, «Банкрот туралы»,
«Ақша аударымы мен төлемде туралы» заңдардың
және қосымша компания, фирма мен коммерциялық
ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан
Республкиасының басқа да нормативтік-құқықтық
актілер талаптарын ескеру арқылы
әзірленді.
I.
Қазақстан Республикасында
аудиттік қызметті
нормативтік-құқықтық
реттеу жүйесі
1.1.Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы
Аудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады.
Нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз – бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде ( ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б.) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу./ 1, 203-б/. 250 «Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарастыру» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген : «Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады.» /2/. Демек, кәсіпорын қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылық қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас тарту, жалған құжаттарды салып қою, сөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік реттеу жүйесіне төмендегі заңдық және нормативтік құжаттар кіреді. (кесте 1.)
Кесте
1. Аудиторлық қызметті
реттеуші негізгі
нормативтік-құқықтық
құжаттар
№ | Құжаттың аты (атауы) |
1 | 2 |
1 | Қазақстан республикасының «аудиторлық қызмет туралы» заңы, 20 қараша 1998 ж. №304 (өзгертулер және толықтыруларымен) |
2 | Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі – 30 қаңтар 2001 ж., №155 – II ( өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
3 | Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 ж. №167-1 ( өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
4 | Қазақстан республикасының
азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі)
27 желтоқсан 1994 ж.№268–XIII
(өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
5 | «Қазақстан
Республикасындағы банктер және
банктік қызмет туралы» ҚР-ның
заңы 31 қыркүйек 1995 ж. №244
( өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
6 | ҚР-ның «Сақтандыру қызметі туралы» заңы 18 желтоқсан 2000 ж. №126-II ( өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
7 | ҚР-ның «Қазақстан
Республикасындағы |
8 | ҚР-ның «Табиғи
монополиялар туралы » заңы 9 шілде 1998
ж.
№272-I ( өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
9 | ҚР-ның «Шетелдік инвестициялар туралы» заңы. 27 желтоқсан 1994 ж.№ 266 –XIII ( өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
10 | ҚР-ның «Акционерлік қоғамдар туралы » заңы. 13 мамыр 2003 ж. №415-2 ( өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
11 | ҚР-ның «Лицензиялау туралы» заңы. 17 сәуір 1995 ж. №2200 ( өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
12 | «ҚР-ның жауапкершілігі
шектеулі және қосымша жауапкершілікті
серіктестіктер туралы» заңы. 22 сәуір
1998 ж. № 220-1 |
13 | Аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында 2000 жылы қабылданған екі томдық Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары |
14 | Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы №878 «Аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін бекіту туралы» қаулысы ( өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
15 | Қазақстан республикасы ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы №384 «банктерде, сақтандыру ұйымдарында аудит өткізуге лицензия беру жөніндегі өтінішке тіркелген құжаттар тізіміне және өтініш берушіге қойылатын талаптар жөніндегі Ереже нұсқауларды бекіту туралы» қаулысы |
16 | Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1995 жылғы 28 маусымдағы №161 бұйрығымен бекітілген №33 «Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі туралы» ереже-нұсқау ( өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
17 | Аудиторлар
палатасының 1998 жылғы 23 желтоқсанда
өткен Республикалық |
18 | «Қазақстан Республикасы аудиторларын аттестациялау бойынша Біліктілік комиссиясының 2003 жылғы 20 қазандағы №25 бұйрығымен бекітілген аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау тәртібі туралы» Ереже |
Қазақстан республикасының «аудиторлық қызмет туралы» заңы және аудитті реттеуші басқа да заңдар
«Аудиторлық қызмет туралы » заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесіндемемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 6 тармақтан және 25 баптан тұрады.
1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4баптар).
2-тармақ. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).
3-тармақ.
Аудиторлыққа кандидаттарды
4-тармақ.
Аудиторлық қызметті жүзеге
5-тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (21-25 баптар).
6-тармақ. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (21-25 баптар).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» - 31 қыркүйек 1995 ж. №244, «сақтандыру қызметі туралы»- 18 желтоқсан 2000 ж., №126-II, «инвестициялық қорлар туралы» - 7 шілде 2004 ж., №576-2, «табиғи монополиялар туралы» - 9 шілде 1998 ж., №272-1, «Акционерлік қоғам туралы» 13 мамыр 2003 ж. №415-2, «жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» 22 сәуір 1998 ж. №220-1 заңдарымен жоғарыда аталған субъектілер аудитін жүргізудің ерекшеліктері айқындалған. Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестициялар туралы» заңында – 27 желтоқсан 1994 ж. №25 266-XIII (өзгертулерімен және толықтыруларымен) 23-бетте шетелдіктердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардың аудиторлық қорытындыны міндетті түрде меншік иелеріне, мемлекеттік статистика және мемлекеттік бақылау органдарына дайындап тапсыруды белгіленген.
Қазақстан
Республикасы Қаржы Министрлігінің
1995 жылғы 28-маусымдағы №161 бұйрығымен
бекітілген №33 «Заңды тұлғалардан
алынатын табыс салығын есептеу
және бюджетке төлеу тәртібі туралы»
ереже-нұсқау (өзгертулерімен және толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасында тқұрақты
мекеме арқылы қызметін жүзеге асырушы
резидент емес заңды тұлғалардың салық
органдарына міндетті түрде декларацияда
көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы
(сенімділігі) туралы аудиторлық
қорытынды дайындап тапсыру шарттарын
анықтайды.
Заңдар
мен нормативтік актілер
Аудиторлардың жауапкершілігі |
Азаматтық-құқықтық
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Егер клиенттің зиян шегуіне әкеліп соқтырған, квалификациясыз (біліксіз) аудиторлық тексеру жүргізу орын алса, онда сот шешімінің негізінде аудиторлық фирмадан төмендегілерден өндіріліп алынуы мүмкін:
Алайда, аудиторлық қызметтің Қазақстандық тәжірибесінде шетелдерде болып тұратын, клиенттің шеккен зияны мен аудиторлардың іс-әрекеті арасындағы байланысты соттың дәлелдеуі мүмкін болған шулы сот тексерулері орын алған емес.
Аудиторлық ұйым клиенттің бухгалтерлік қорытынды есебінің барлық маңызды аспектілері бойынша олардың дұрыстығы (сенімділігі) жөнінде кәсіби пікірін құрастырғаны және оны білдіргені үшін жауап береді.
Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу