Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 12:08, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршілдік-әкімшілік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырды.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
I. Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
1.1. Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..........................................................................................4-6
1.2. аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)........7-9
1.3. Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы........................10-11
II. Аудит стандарттары мен негізгі принциптері
2.1. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары.......................12-14
2.2. Аудиттің фирмаішілік стандарттары............................................15-16
2.3. Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...................................................................................17-25
III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................26-31
Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................33
Қосымшалар.............................................................................................34-35

Работа содержит 1 файл

аудиттер.doc

— 309.50 Кб (Скачать)
>Кәсіби  пікірін  құрастыру және оны білдіру  кезінде ол қазақстан Республикасындағы  аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік  құжаттардың  талаптарын және аудиттің  этикалық нормаларын басшылыққа алуға  тиісті.

Азаматтық кодексте (9 бап, 4 пункт) «құқығы бұзылған тұлға, егер заң актілерінде немесе келісім-шарттарда басқа жағдай қарастырылмаған болса, өзінің шеккен зиянының толық қайтарылуын талап ете алатындығы айтылған» /5,8-б/. Бірақ зиянның өндіріліп алынуы бірінші талаппен орындала салмайды.  Клиент  сотта аудитордың  кінәсін  дәлелдеп беруге тиісті. Ондай жағдай көбінесе аудитордың өз жұмысын лайықты ұқыптылықпен орындау  мүмкіндігінің жоқтығынан немесе келісім-шарттың бұзылуынан орын алады.

Бұл жердегі  маңызды мәселе – талап етілетін кәсіби біліктілік деңгейі және аудитордың тарапынан ұқыптылық болып табылады. Ешкімнің абсолюттік жетілгендікке қол жеткізуі мүмкін емес екендігін, бірақ кез-келген қателік немесе қате түсінік жұмыстың ұқыпсыз орындалуына елеулі әсер етуі мүмкін екендігін, ал аудитор оны жоққа шығаруға тиісті екендігін атап айту керек.  Жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға  сәйкес  тексеру жүргізу аудитордың кінәсіз екендігінің айғағы болуы мүмкін.

Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық кодекстің 229-бабында /6/, сондай-ақ, аудиторды өз қызметінің міндеттеріне қарамастан жеке басы немесе басқа тұлға, не болмаса ұйым үшін пайда табу және артықшылықта болу мақсатымен өзінің өкілеттілігін асыра  пайдаланғаны үшін, сөйтіп басқа тұлағаларға  немесе ұйымдарға зиян келтіргені үшін, егер олардың бұл іс-әрекеті азаматтардың  немесе ұйымдардың заңды мүдделеріне және құқықтарына не болмаса заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне  елеулі зиян келтірген болса, жазалау  шаралары  қарастырылған.

Әкімшілік жауапкершілік. Аудит – қызметтің лицензияланатын түрі, сондықтан оның «Лицензиялау туралы» заңға сәйкес жауапкершілігі   бар. Аталмыш заңда аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және  әкімшілік жауапкершілік , сонымен  бірге лицензиясыз қызметті жүзеге асырудан алынған табысты бюджетке алу түріндегі материалдық жауапкершілік қарастырылған.

Лицензия  беруші орган төмендегі жағдайларда  лицензияның қызметін тоқтата алады:

  • егер мемлекеттік қадағалаушы немесе бақылаушы органдар лицензия алушының лицензиялық талаптар мен шарттарды бұзғандығын анықтаған болса;
  • егер лицензия алушы жіберілген қателіктерді  (бұзушылықтарды)жою жөніндегі лицензия берушінің талаптарын орындамаса.

Лицензия  алушы лицензиялық алымды белгіленген  мерзімнің ішінде төлемеген жағдайда, сондай-ақ, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жадайда  лицензия өзінің заңдық күшін жоғалтады және  жойылған болып есептелінеді.

Қазақстан Республикасының «аудиторлық қызмет туралы» заңының 13-бабында «лицензия  беруші лицензияның қызметін заңға  сәйкес тоқтау себебін көрсете отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатуға құқықыты екендігі, сонымен бірге  аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың лицензия  беруден бас тарту, лицензияны қайтарып алу, қызметін тоқтату жөніндегі шешімдерді  бұздыру үшін сотқа шағымдану құқығының бар екендігі» айтылған /7/.

«Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы» кодекстің 137-бабында да /3/ лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз,біліктілік куәлігінсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Егер бұл қызметте қылмыстық-жазалаушы  іс-әрекеттің белгілері болмаса, онда тиісті мөлшерде айыппұл төленеді. Кодекстің 185-186 баптарында ксіпорындардың міндетті аудитті өткізуден жалтарғаны үшін және аудиторға дұрыс емес ақпараттарды бергені үшін төлейтін айыппұлдарының мөлшері көрсетілген.

250 «Қаржылық  қорытынды есеп беру аудиті  кезінде заңдарды және нормативтік   актілерді қарастыру» деп аталатын  Халықаралық аудит стандартында  қазіргі кезде  басшылыққа  алынып жүрген нормативтік актілерге  сәйкессіздікті болдырмау жіне  оны  айқындау бойынша өздерінің міндеттерін орындау кезінде субъект басшыларына көмегін тигізуі мүмкін саясат пен процедуралар көрсетілген:

  • Құқықтық талаптардың және операциялық процедуралардың осы талаптары қанағаттандыратындай етіп жасалынуын қамтамасыз ету  мониторингі;
  • Ішкі бақылаудың тиісті жүйесінің құрылуы жне жұмыс істеуі;
  • Субъект өзінің нақты саласының шеңберінде сақтауға тиісті маңызды заңдардың регистрін енгізу.

 «Аудиторлық қызмет туралы» заңның 183-184 баптарында төмендегі себептер үшін аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиядан айырумен бірге аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар төлейтін айыппұлдардың мөлшері анықталған:

  • Аудитордың немесе бухгалтерлік есеп ақпараттарымен жұмыс істеуге рұқсаты бар басқа да тұлғалардың тексеру жүргізу кезінде анықталған бухгалтерлік есеп жүргізу немесе қаржылық қорытынды есеп құру бойынша заңдардың және белгіленген талаптардың бұзылу (орындалмау) фактілерін аудит өткізуге  тапсырыс берушілерден жасырғандығы үшін;
  • Аудитордың (аудиторлық ұйымның) әдейі күмәнді аудиторлық қорытынды жасағаны үшін (тіркеме 2.1.).

Аудиторлардың азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру.

Аудиторлық  тексерудің жоғары деңгейдегі тәуекелдікке ие болуына байланысты «Аудиторлық  қызмет туралы» заңның 18-1 бабында (аудиторлық қызметті сақтандыру) аудитті өткізу кезінде зиян келтірудің салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша міндетті түрде сақтандыру келісім-шарттарының жасалынуы қарастырылған.

Кәсіби  жауапкершілікті сақтандыру ерекшеліктері  сақтандыру объектісі, яғни – сақтандырылған аудитордың ерекшеліктері сақтандыру көрсету кезінде жіберген қателіктерінің немесе жаңсақтықтарының нәтижесінде клиентті зардап шектірген зиянның орнын толтыру  бойынша заңмен белгіленген оның міндеттемелерімен  байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.  
 

    1. Аудиторларды  кәсіби аттестациялау  және лицензиялау  жүйесі және Қазақстанда  аудиторлардың білім  алуы жағдайы

ҚазақстанРеспубликасы  үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы  қаулысымен (өзгертілерімен  және толықтыруларымен) аудиторлық  қызметті лицензиялау Ережесі бекітілді. Осы қаулымен лицензия  беру  тәртібі мен  шарттары, сондай-ақ аудиторлық қызметті  лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптар белгіленді./8/.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы №384 қаулысымен  өтініш берушіге және  банктер мен сақтандырушы ұйымдарда аудит өткізуге  лицензия  беру туралы өтінішке тіркелген құжаттардың тізіміне қойылатын талаптар жөніндегі  Ереже-нұсқаулар бекітілді./9/.

Мемлекеттік емес мекеме-аудиторларды аттестациялау  бойынша  Біліктілік комиссиясының  ережесінде оның Қазақстан Республикасының аума,ында  аудиторлық қызметпен айналысуға ниет білдірген, аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау мақсатында құрылғандығы атап көрсетілген. Комиссияның құрылтайшысы болып табылатын – аудитордың  аумақтық палаталары. Ережеде, сондай-ақ, Біліктілік  комиссиясының  мақсаты мен міндетті қызметтері (функциялары), құқықтары мен міндеттері  және жұмыс істеу  тәртібі анықталған. /10/.

Аудиторлыққа  кандидаттарды аттестациялау ережесінің 1.2. параграфында аудиторларды аттестациялау түснігі берілген:

«Аттестациялау  деп - өкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарының негізінде емтихандар қабылдау арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін Біліктілік комиссиясының анықтауын айтады. Аттестация аудиторлыққа  кандидаттардың аудиторлық қызмет көрсетуге кәсіби дайындықтарын растайды

/11/. Сондай-ақ, аталмыш құжатта төмендегілер анықталған:

  • аудиторлыққа кандидаттардың құжатарын тапсыру және сақтау тәртібі;
  • модульдік емтихан тапсырмаларына қойылатын негізгі талаптар;
  • ұйымдастыру және  бағалау топтары;
  • аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау процедуралары;
  • аттестация нәтижелерін рәсімдеу;
  • аттестацяиның өткізілуіне жауапкершілік  және бақылау жасау.

Қазақстанда аудитордың білім  алуы

Қазақстан Республикасының  «Аудиторлық қызмет туралы» заңының 3-тармағының 9-бабында аттестациялауға жоғары  білімі бар және  экономика, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау-ревизия немесе құқық қорғау салаларында соңғы  жеті жылдың бес жылы  ішінде  жұмыс тәжірибесін жинақтаған, сонымен бірге жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен  айналысатын және жоғарыда аталған салаларда соңғы бес жылдың екі жылынан кем емес мерзім ішінде  тәжірибе  жинақталған тұлғалар жіберілетіндігі айтылған.

Жоғарыда  айтылғандардың аудиторлық қызметпен  айналысуға қойылатын негізгі талаптардың  бірі – аудитордың білім алуы  екендігін көреміз.

Аудитор  алуға  тиісті білімінің негізгі  элементтері  төмендегілер болып  табылады:

  • негізгі ( базалық) білім;
  • жұмыс тәжірибесі;
  • арнайы кәсіптік білім.

Негізгі білімге  экономикалық немесе заңгерлік  жоғары білім жатады.

Практикалық жұмыс тәжірибесі тиісті жылдар санымен  және  атқарған лауазымдық жұмысымен анықталады.

Арнайы  кәсіптік  білім беруге  аудиторларды  дайындау және  оларды қайта дайындау бойынша  оқу-әдістемелік орталықтарында  және ұйымдарда білім беру және аудиторлық  фирмаларда тәжірибеден өткізу кіреді.

Аудитор өзінің кәсіби біліктілік деңгейін мынадай жолдармен көтеруіне болады :

  • заңдық құжаттарды, стандарттарды, ереже-нұсқауларды оларға  енгізілген өзгертулер мен  толықтыруларды  тұрақты және жүйелі түрде оқып-үйрену арқылы;
  • семинарға, конференцияға қатысу арқылы;
  • аудит өткізудің әдістемесі  және оны ұйымдастыру бойынша  шетелдік және отандық тәжірибені  оқып үйрену (зерттеу) арқылы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    II. Аудит стандарттары мен негізгі принциптері 

    1. Қазақстандағы халықаралық аудит  стандарттары

Аудит стандарттары дегініміз – аудитке  қойылатын бірегей талаптарды және аудит  өткізу тәртібін  анықтаушы принциптерді  белгілейтін нормативтік құжаттар.

Аудит стандарттары  аудиторлар палатасының  Республикалық  конференциясында  қабылданады және олард мемлекеттік  өкілетті  органдар бекітеді. /7/. 2000 жылғы наурыз айында  өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды  ұлттық  стандарттар ретінде қабылдау  туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің  жалпы тәсілдерін , аудиторлық тексеру жүргізудің ауқымен,  аудиторлық қорытынды  есептің түрлерін, аудит методологиясы  мәселелерін , сондай-ақ аудиттің өткізілу шартына  қарамастан , осы  кәсіптің барлық өкілдері  қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.

Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:

  • жоғары сапалы  аудиторлық  тексеруді қамтамасыз етеді;
  • аудит өткізудің барлық кезеңдері (сатылары) бойынша  регламентті анықтайды;
  • аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан аудитінің  деңгейін көтереді  және оны халықаралық экономикалық  қатынастар саласында  танымал етеді;
  • Аудит өткізу және оның нәтижелерін  рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді , терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге  салу міндеттерін шешеді;
  • Аудиторлық тексеру іс-тәжірибесінде  жаңа ғылыми жетістіктерді  енгізуге  ықпал етеді;
  • Ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процесін түсінуге  көмектеседі;
  • Кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;
  • Мемлекет тарапынан бақылауды жояды;
  • Аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі;
  • Аудит өткізу процесінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу