Аудит туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 19:36, курсовая работа

Описание работы

Аудиторлық ұйымдар немесе жеке аудиторлар аудиторлық тексеруді жоспарлау процессін дұрыс ұйымдастыру, тәуекелді және ішкі бақылауды бағалау, аудиттің жалпы жоспарын және бағдарламасын құру мен даярлау тәртібін қарастыру және оны жетілдіру мәселелермен кездеседі.
Осы аталған мәселелердің барлығы таңдалған курстық жұмыс тақырыбының өзектігін білдіреді.

Содержание

Кіріспе
I. Ішкі аудит туралы түсінік
1.1 Ішкі аудит мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері
1.2 Ішкі аудит стандарттары мен құрамы
II. Ақмола облысы бойынша ішкі бақылау қорытындысы
2.1 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2011 жыл бойынша жұмыс қорытындылары жөнінде есеп
III. Ішкі аудитті ұйымдастыру
3.1 Ішкі аудитке деген сенімділік
3.2 Аудит нәтижелерін бағалау және құқықтық рәсімдеу
3.3 Ішкі бақылау жүргізу әдістемесі
Қосымша
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

гулназ курс.docx

— 114.42 Кб (Скачать)

Солай болғанмен, барлық ішкі аудиторлардың негізгі атқаратын қызметі ақпараттық технологиялар аудиті болып табылатын ішкі аудитордың біліктілігін меңгеру алдын ала көзделмейді.

Ішкі аудитор келесі көрсеткіштерді бағалай отырып, жұмысқа өзінің кәсіби белсенділігін танытуы керек:

·      Аудиторлық тапсырманың мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті жұмыс көлемін;

·      Кепілдік берілетін мәселелерге қатысты мәнділігін немесе маңыздылығын, қатысты күрделіллігін;

·      Өздеріне қатысты кепілдік берілетін мәселелердің мәнділігін немесе маңыздылығын, салыстырмалы күрделілігін;

·      Корпоративті басқару мен бақылауды, тәуекелдіктерді басқару процесстерінің тиімділігін және бірдейлігін;

·      Маңызды қателіктердің, кемшіліктердің немесе заңдар мен нормативтік актілердің, ішкі процедуралардың орындалмауының ықтималдылығын;

·      Болашақ пайдамен салыстыра отырып, аудиторлық кепілдіктерді беруге кеткен шығындарды;

Жұмысқа деген кәсіби белсенділікті таныту шеңберінде ішкі аудитор аудиттің компьютерленген әдістерін және мәліметтерді талдаудың басқа да әдістерін пайдалану мүмкіндігін қарастыруға міндетті.

Ішкі аудитор ұйымның ресурстары немесе қызметіне,мақсаттарына әсер ете алатын маңызды тәуекелдіктердің бар болуына дайынболуы керек. Сонда да, аудиторлық кепілдіктерді беру кезінде жүзеге асырылатын процедуралар, тіпті олардың кәсіби деңгейде жүргізілетіндігіне қарамастан, барлық маңызды тәуекелдіктердің анықталуына кепілдік бермейді.

Тексерудің объектілері мен мақсаттары. Ішкі бақылаудың объектілері кәсіпорын қызметінің әрбір түрі үшін анықталуы керек. Олар логикалық жағынан негізделген және белгілі бір мөлшерде толық болуы қажет.

Бұл стандарт тексеру объектілері осы компанияның операцияларымен байланыстыруды талап етеді. Барлық қаржы – шаруашылық операциялары  блоктарға (циклдарға) топтастыруы керек. Блоктар ұйымның қызметінің барлық түрлерін қамтып, кәсіпорынның кәсіпорынның құрылымы мен оның бөлімшелерінің атқаратын қызметтерімен сәйкес болуы керек. Блоктар әртүрлі тәсілдер бойынша жіктеледі. Мысалы, келесі блоктарды бөліп көрсетуге болады:

Компания басшылығы. Бұл блок компанияның саясатын жасауды, сонымен бірге жоспарлауды, оның қызметін ұйымдастыруды, ақпаратты жинау мен өңдеуді қамтиды, сондай – ақ оларға ішкі аудиттің атқаратын қызметтері де жатады.

Операциялық блоктар – олар өзінің негізгі міндетінің орындалуын қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметінің түрлері.

Қарастырылып отырған  стандартты орындау үшін әрбір блоктың  шеңберінде көбінесе ұйымның жоспарымен анықталатын бақылаудың мақсаттарын  анықтау қажет.Бұл мақсаттарға төмендегілер кіреді:

·      Ұйымның негізгі миссияларына сәйкес келетін өте дәл, үнемді және тиімді операцияларды жүргізуге ықпал ету;

·      Активтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету(ұрлықты, шектен тыс шығындарды, алаяқтықты және басқа да теріс пиғылды істерді боллдырмау);

·      Басшылықтың директивалары мен ережелерін, заңдарды сақтау;

·      Ұйым қызметінің жағдайы туралы сенімді ақпарат алу және осы мәліметтерді кезең сайын жасалатын қорытынды есептерде көрсету;

Ішкі аудит өз міндеттерін орындау үшін ол қызметінің жетекшісі жоғарғы басшылардың алдында есеп беруі керек. Ішкі аудиттің көлемін анықтау, жұмысты жүргізу және нәтижелер туралы қорытынды есеп ұсыну процессіне үшінші тұлғалардың араласуына жол береу керек.

Ішкі аудиторлар өз жұмысын адал атқарып, мүдделер қайшылығынан аулақ болуы керек.

Егер тәуелсіздік немесе әділеттілік кері әсерге ұшыраса  немесе ұшырайын деп жатса, бұл жайында ақпаратты тиісті тұлғаларға жеткізу керек.

Тексерудің әдістері. Ішкі бақылау әдістері алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тиімді және өнімді болуы қажет.

Бақылаудың әдістері ретінде  алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін әртүрлі процедуралар арқылы танылады. Стандарт осы әдістердің тексерудің өоғарғы дәрежедегі сенімділігін қамтамасыз етілуін талап етеді. Олардың құрамына аудитті ұйымдастырудың жоспары (оның ішінде міндеттерді бөлу) және бақылаудың қауіпсіздік шаралары кіреді.

Арнайы стандарттар. Ішкі бақылаудың жүйелері және барлық келісім  шарттар, операциялар және басқа  да маңызды оқиғалар құжаттарда көрсетілуі тиіс. Бақылау кезінде құжаттар жеңіл түсінетіндей болуы керек.

Стандарт төмендегілердің  жазбаша жазылуын талап етеді:

а) кәсіпорынның ішкі бақылауының мақсаттарының, оның әдістері мен қолданылатын есеп жүйелерінің;

б) кәсіпорынның қаржы – шаруашылық опреацияларының барлық маңызды аспектілерінің және басқа да маңызды оқиғалардың;

Ішкі бақылау жүйелерінің  құжаттары блоктары мен кәсіпорынның тиісті объектілерінің сипатын басқарманың директиваларын, әкімшілік және есеп саясатын қамту керек. Келісім – шарттар және маңызды оқиғалар бойынша рәсімделген құжаттар нақты және толық болуы керек, сонымен қатар ақпараттың көздерін бейнелеуі керек. Бұл стандартты орындау үшін ішкі бақылау әдістерін, операцияларды, құбылыстарды құжаттау компаниясы басқармасы мен аудиторлар үшін операцияларды бақылау кезінде толыққанды және маңызды болуы талап етіледі.

Шаруашылық операцияларын  тіркеу. Шаруашылық операциялары мен басқа да маңызды оқиғалар белгіленген тәртіп бойынша тіркелуі және тиісінше жіктелуі керек.

Бұл стандарт операцияның  өмірлік циклына, бүтін бір процесске қолданылады және оның құрамына шаруашылық операциясының орындалуымен қатар есеп мәліметтерінің тіркелуі, сонымен бірге оған рұқсат етілу кіреді.

Арнайы стандарт келісіп алған мақсаттар мен шарттар негізінде ресурстарды пайдалану мен есеп беру, айырбастау бойынша компания басқармасының шешімдерімен байланысты. Бұл – нақты шаруашылық операцияларының орындалғандығының кепілдемесі.

Міндеттерді бөлу. Шаруашылық операцияларын орындау, тіркеу, авторизациялау және оларды ағымдағы бақылау процессіндегі жауапкершілік пен басты міндеттер қызметкерлер арасында бөлінуі қажет.

Қателіктер немесе жоғалтулар тәуекелділігін, немесе оларды іздеп  – таппау тәуекелділігін төмендету үшін бір адамның ғана шаруашылық операцияларының барлық басты аспектілерін бақылауына жол бермеу керек. Бұдан басқа, бақылаудың тиімділігіне кепілдік беру үшін міндетті қызметтермен жауапкершілікті қызметкердің тобына жүктеу қажет. Негізгі міндетті қызметтерге шаруашылық операцияларын мақұлдау авторизациялау және оларды тіркеу жатады.

Қадағалау. Ішкі бақылаудың мақсататрына қол жеткізу үшін тұрақты және жоғарғы дәрежеде мамандандырылған қадағалау жұмысы қамтамасыз етілуі қажет.

Бұл стандарт төмендегілерді талап етеді:

·      Қызметкерлердің міндеттері мен атқаратын міндетті қызметтерінің нақтиы өзара қатынасты, әрбір қызметкердің есеп беруін;

·      Әрбір қызметкердің жұмысының қажетті деңгейде жүйелі түрде тексерілуін;

·      Жұмыстың талапқа сай орындалып жатқанына кепілдік беру үшін оның қиын сәттерінде жұмыс істеуге рұқсат беруді;

Активтерге және олардың есебіне қол жеткізуді өкілетті қызметкерлерге ғана жүктеумен шектелу қажет. Активтерді пайдаланғаны үшін жауапкершілік анықталу керек. Кезең сайын қолда бар активтерді тексеріп отыруы керек. Тексерулердің жиілігі активтердің «осал тұстарына» байланысты.

Ресурстарға қол жеткізе  алуды шектеу концепциясының негізі – олардың авторизацияламай пайдаланғандағы  тәуекелдікті төмендетуге жағдай жасау.Активтерге қол жеткізуді шектеу ресурстарының осал тұстарына және жоғалту тәуекелдігін түсінуге байланысты, бұл екі факторда кезең сайын бағаланып отырулары қажет.

Аудиторлық қорытынды  есеп беру стандарттары. Ішкі аудит нәтижелері бойынша есеп беру. Бұл стандарт тексеруден кейінгі кезеңге жатады. Ол басшылықтан төмендегілерді талап етеді:

·      Аудиторлық тексерудің нәтижелерін уақытылы бағалау;

·      Аудиторлардың ұсыныстары бойынша кемшіліктерді түзеп, жетілдіруге бағытталған шараларды анықтау және қабылдау;

Ішкі аудит қызметінің жетекшісі жоғарғы басшылардың  алдында ішкі аудитқызметінің мақсаттары, міндеттері және өкілеттіктері, сонымен  қатар жұмыс жоспарының орындалуы  туралы кезең сайын есеп беріп отыруы керек.

 

            II.   Ақмола облысы бойынша  ішкі бақылау қорытындысы

                2.1          Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола     облысы бойынша департаментінің 2011 жыл бойынша жұмыс қорытындылары жөнінде есеп

Департамент табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген 1 субъектінің қызметін 2 реттеліп көрсетілетін түрі бойынша және Ақмола облысының  табиғи монополиялар субъектілерінің  Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне 128 түрлері бойынша енгізілген реттеліп көрсетілетін қызметтерін  реттейді, оның ішінде:

- жылу қуатын  беру, бөлу  және жабдықтау бойынша- 29 субъектілер;

- жылу қуатын өндіру- 1;

- жылу қуатпен жабдықтау- 1;

- жылу қуатын беру және  тарату- 1;

- сүйеу гидротехникалық  қондырғы арқылы үстіңгі сарқынды  реттеу- 1;

- магистральдық құбыржолдар  арқылы суды беру- 1;

- таратушы желілер арқылы  суды беру- 45;

- сарқынды суды бұру  бойынша- 25;

- сарқынды суды тазарту-  3;

- кірме жолдары қызметтері- 8;

- электр қуатын беру  және бөлу- 9;

- әуежай қызметтері- 4.

Сондай-ақ Департамент мемлекеттік  монополиялардың 19 субъектілердің және Ақмола облысының тиісті тауар нарқында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық  субъектілердің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген 15 субъектілердің қызметтерін  реттейді.

Өткен жылда Департаменттің басымдық міндеттерінің бірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқаруды  ұйымдастырудың ең тиімді әдістерін  енгізу, судың саралау тарифтерін енгізу және жылу қуатпен жабдықтау, қуат үнемдеу мәселелері (коммуналдық  қызметтерінің есептеу аспаптарын орнату, мөлшерінен тыс нормативтік  техникалық ысыраптарын жою және қысқарту).

Департамент облыс көлемінде  таратушы желілер арқылы суды беру қызметтеріне бірыңғай саралау тарифтерін бекіту жұмысын аяқтады.  Саралау  тарифтерін енгізу:

мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындарына табыстылық қамтамасыз етуіне;

мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындардың жәрдемақша көлемін  едәуір қысқартуына;

көрсетілетін қызметтерінің  сапасын жақсартуға;

коммуналдық қызметтерінің  есептеу аспаптарын орнатуды ынталандыруға  мүмкіндік туғызады.

Жалпы саралау тарифтерін енгізу қорытындылары қуат үнемдеу, тұтынушылардың қаражат үнемдеуі және тұтынушылар тариф жоспарын таңдауына  мүмкіндік болып табылады.

Халықтың қауқарсыз тобына коммуналдық қызметтеріне тарифтер өсудің жағымсыз әсерін болдырмау мақсатында Департамент үнемі түрде халық  арасында түсінік жұмысын жүргізді, оның ішінде тұрғын-үй жәрдемақы алу  тетігі арқылы атаулы әлеуметтік көмегін  алу мүмкіндігі жөнінде де.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарын орындау шеңберінде 2011 жылы:

1) Инвестициялық (орташа  мерзімдік) тарифтер бойынша қызмет  көрсететін субъектілер саны 2 есе  өсті және де 4 ТМС құрайды,  бұл тарифтердің тұрақтылығын  мен болжамдығын қамтамасыз етеді.  Бекітілген тарифтердің шеңберінде  қаржыландыратын инвестициялардың  жалпы көлемі 4459,1 млн теңге құрайды.  Инвестициялық жобаларды іске  асыру негізгі бағыттары кәсіпорындардың  қолданыстағы активтерін қалпына  келтіру және ескірген жабдықты  жаңғырту болып табылады.

2) нормативтік техникалық  ысыраптардың деңгейін бекіту  үшін 55 өтінім қаралды, оның ішінде:

төмендеуімен 36 өтініштер  бойынша ысыраптар 0,05-тен 9,6%-дейін  бекітілді;

бұрын қолданыста болғанына  қарсы 8 өтінімдер бойынша 0,2-ден 8,42%-дейін  өсуімен;

бұрыңғы деңгейінде 11 өтініштер  бойынша ысыраптар бекітілді.

Мөлшерінен тыс бар  субъектілер ысыраптарды жою  жөнінде шаралар жоспарын әзірледі, соған орай мөлшерінен тыс ысыраптарды  жою үшін 16,4 млн.теңге сомасында  бес жыл мерзімге қаражат көзделген. Нақты орындалуы 12,2 млн.теңге құрайды. Мөлшерінен тыс ысыраптарды төмендету  жөнінде алынған міндеттерді 6 субъект  асыра орындады, оның ішінде базалық  субъектілер: Көкшетау қаласының «Көкшетау  Су Арнасы» ШЖҚ МКК (3%- 24,56%), Көкшетау қаласының «Көкшетау Жылу» ШЖҚ  МКК (1,5%- 3,97%);

3) техникалық реттеу қызметтерін  іске асыру арқылы 37 өтінімдер  бойынша шикізат пен құралдардың  нормалары төмендеді, яғни шығындарды  оңтайландыру 4,9%-дан 67 %-дейін.

Табиғи монополиялар субъектілері 126 тарифтерді бекіту үшін өтінімдерін  ұсынды, оның ішінде төмендеуімен екі  тариф бекітілді, өсуімен- 107 тариф, 17 тариф қабылданбады, бұл түскен өтінімдердің жалпы санынан 13 % құрайды. Субъектілердің мониторингін жүргізу  нәтижесінде белгіленген тәртіппен  тарифтерді мақұлдаусыз коммуналдық  қызметтерін көрсететін бір қатар  ұйымдар анықталды. Субъектілерге  нұсқамалар шығарылды, олардың нәтижесінде  жаңадан құрылған 30 субъектілерінен  қарау үшін 42 өтінім түсті.

2011 жыл бойынша тарифтерді  бекіту үшін өтінімдерді қарау  бойынша шартты-экономикалық нәтиженің  жалпы сомасы 9955,8 млн теңге құрайды.

Тарифтер өсуінің негізгі  себептері жылдан жылға өсетін залал, электр қуаты баға өсуіне орай кредиторлық  берешек, материалдық шығындар (отын, су, хим.реагенттер және басқа материалдар), бөгде ұйымдардың қызметтері және басқа шығындар, табиғи монополиялар субъектілер инвестициялық бағаларды іске асыру болып табылады.

Информация о работе Аудит туралы түсінік