Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:44, курсовая работа

Описание работы

Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол беріледі.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Содержание

КІРІСПЕ 2
1. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 4
1.1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары 4
3. Ақша қаражаты қозғалысы есебін жасау 21
3.1 Тікелей әдіс 25
3.2 Жанама әдіс 25
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер 29
Қосымша

Работа содержит 1 файл

акша курстык жумыс.doc

— 183.50 Кб (Скачать)

     Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

  • төлем тапсырмасының нөмірі;
  • төлем тапсырмасының жазылған күні;
  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған)

коды (ЖТК немесе ИИК) 

  • жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
  • бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;
  • бенефициар-аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
  • банк-алушы-банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
  • бенефициар банкісі-бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
  • төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
  • бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
  • валюттелген күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының)

банктік шотына ақша қаражатын  аударған күні төлем жасаушының нысанымен  анықталады.

     Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

     Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

     Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.

     Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатттары келіп түскеннен кейін төлейді.

     Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.

     Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі – депозитттермен қамтылған, ал екіншісі – қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.

     Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте , 10 күннен аспайды.

     Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:

  • егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
  • чектің мерзімі өтіп кетсе;
  • төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
  • чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
  • чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);
  • чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
  • чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
  • чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
  • чектің басқа да дефектілері бар болса.

     Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:

     біріншісі – банкте қалса;

     екіншісі – көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;

     үшіншісі – Клирингтік палатаға беріледі;

     төртіншісі – чекті беруші банкке беріледі.

Мерзімі өтіп кеткен чек  кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.

  • 3.1 Тікелей әдіс

 

Тікелей әдіс ақша қаражаттарының келіп түсуі мен төлемдердің  негізгі түрлерін ашып қарастыруды және олар қызметтің қай түрлеріне жататынын анықтауды көздейді. Бұл әдіс бойынша қаржы шаруашылық қызметі нәтижесі туралы есеп берудің әр бір бабына түзету жасалынады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлык төлем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

 Операциондық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстарынын тұрады.

  • 3.2 Жанама әдіс

 

Жанама әдістер —  бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық кызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржьшык-шаруашьшық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі. Жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім каражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянга ағымдағы актавтер мен міндеттемелерге, акша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап тұзетулер енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің кассалық орындалуын жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелерге несиелендіруді, қаржыландыруды және есеп-айырысу қызметін атқарады.

Ақша бірлігі ретінде  теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу-кассалық орталықтары арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлтық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

Уақытша есеп айырысу  шоты ішінара пайдалануға берілген /іске қосу кешені, кезек, кезең және т.с.с./, салынып жатқан көсіпорынға арнап ашылуы мүмкін. Мұндай шот жоғары тұрған органның өкімі бойынша кәсіпорын пайдалануға толық берілгенге дейінгі мерзімге ашылады.

Банк субъектілердің шоттарынан аудару мен беру және банк ережелері мен шартта көзделген басқа да операцияларды жүргізу туралы өкімдерін орындайды.

Сөйтіп, ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі  бойынша есептен шығарылады. Субъектінің  рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген баска жағдайларда ғана жол беріледі.

             Барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарымен жұмыс істейді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі бір жағынан ақша қаражаттары есебінің дұрыс жолға қойылуынан да тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа кәсіпорындармен сатып алынған  негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар, орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. Сонымен бірге кәсіпорын есеп айырысулар жолымен салық органдармен, еден қызметімен, бюджеттпен қарым-қатынасқа түседі.

Кәсіпорындар  арасындағы есеп айырысулар екі формада  жүргізіледі: қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен есеп айырысулар арқылы.

Банк арқылы кассалық есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді. Банк мекемелері кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарын қадағалауға, олардың басқа субъектілермен уақтылы есеп айыысуын реттеуге, банктен түрлі мақсаттар үшін несие алуға мүмкіндік береді.

  • Ақша қаражаттарының есебі алдында келесідей міндеттер тұр:
  • шаруашылық субъектілерменуақтылы есеп айырысулар жүргізуді қағалау;
  • есеп регистрлерінде ақша қаражаттарының белгіленген шектер негізінде дұрыс пайдалануын қадағалау;
  • ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау мақсатымен кезең сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу;
  • кассадағы және ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының бар болуы мен жұмсалуын бақылау;
  • есеп айырысу тәртібінің орындалуын бақылау.

Ақша қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша  есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру  есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық  міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Әбдіқалықов Т.Ә., Сәтмурзаев  А.А. Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік  есепті ұйымдастыру- 50б. 

2. Әбдіманапова Ә.Ә.  Бухгалтерлік есеп теориясы: 231 бет. 

3. Кәсіпорындардағы бухгалтерлік  есеп: Оқу құралы. Тасмағанбетов Т. А., Радостовец  В.К., Раимов С.Р., т.б. – Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.к., доцент Т.А. Тасмағанбетов Экономика, -184бет.

4. Әкімжанов Д., т.б.  Кәсіпорындар мен бірлестіктердің  шаруашылық жұмыстарына талдау  – Жалпы редакциясын басқарған  э.ғ.д. профессор С.С. Сатубалдин –– 245бет.

5.  Көкенов Ү.Ж., Көкенова  Ф.Ү. Кәсіпорындардың бухгалтерлік  есебі (Бірінші кітап) –320 бет.

6. Көкенов Ү.Ж., Көкенова  Ф.Ү. Кәсіпорындардың бухгалтерлік  есебі (Екінші кітап) –– 320 бет.

7. Радостовец В.К., Омаров  А. Ш., Тасмаганбетов Т.А. и др. Организация финансового учета: Уч. пособие под редакцией В.К. Радостовец Экономика, -180с. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Операция мазмұны                          дт                                       кт

Кассаға ақша қаражаты кірістелуі

Ағымдағы банктік шоттан                               1010                                                     1030

Информация о работе Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті