Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:44, курсовая работа
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол беріледі.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады
КІРІСПЕ 2
1. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 4
1.1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары 4
3. Ақша қаражаты қозғалысы есебін жасау 21
3.1 Тікелей әдіс 25
3.2 Жанама әдіс 25
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер 29
Қосымша
Мазмұны
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Курстық жұмыстың мақсатына мыналар жатады:
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Барлық шаруашылық жүргізші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылғы байқалады. Нақты ақшамен субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен жөне кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бойынша есеп айырысады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы.
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол беріледі.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің қассалық орындалуын жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелерге несиелендіруді, қаржыландыруды және есеп-айырысу қызметін атқарады.
Прогрессивті несие
саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметгі
несиелендірудің бүкіл жүйесіні
Ақша бірлігі ретінде
теңгені пайдаланатын коммерциялық
банктер арасындағы есеп айырысуларды
Қазақстан Республикасының
Ақша қаражатын сақтау және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:
есеп айырысу шоттары-шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;
ағымдағы шоттар-жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;
бюджеттік шоттар - Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;
корреспондешптік шоттар-корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында.
Өзі орналасқан жерден тысқары жерлерде жеке филиалдары мен өкілдіктері /дүкендері, қоймалары және т.е./ бар заңды тұлғаларға табысты нақты ақша түріндегі несие төлем тапсырмалары бойынша есептеу үшін есеп айырысу субшоттары ашылуы мүмкін.
Уақытша есеп айырысу шоты ішінара пайдалануға берілген /іске қосу кешені, кезек, кезең және т.с.с./, салынып жатқан көсіпорынға арнап ашылуы мүмкін. Мұндай шот жоғары тұрған органның өкімі бойынша кәсіпорын пайдалануға толық берілгенге дейінгі мерзімге ашылады.
Субьектіге валюталық шот ашылуы мүмкін, ол шетел валютасындағы қаражаттың нақты бары мен қозғалысын есепке алуға арналған. Ол сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер бойынша шоттарды, чек /аванс/ кітапшаларының шоттарын жөне басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларды жүргізу үшін ашады.
Есеп айырысулар толық және тұрақты болуға тиіс. Олардың негізіне мынадай принциптер қаланған: субъектілер өз ақша қаражаттарын банкте сақтауға міндетті; олардың арасындағы есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшаны пайдаланбай жүргізіледі; аудару арқылы есеп айырысулар жүргізуге негіз болып табылатын барлық құжаттар банк, байланыс органдары мен Халықтық банк мекемелері арқылы төлемдер жасау үшін пайдаланылады; банктік емес айналымда айналыстың тек жалпы мемлекеттік кредит құралдары (чектер, вексельдер, банк билеттері және басқалар) ғана айнала алады. Есеп айырысудың мақсаты-нарықтық қатынастарды нығайтуға, жиынтық қоғамдық өнімнің қозғалысына, есеп айырысу қатынастарына қатысушыларды өзара ынталандыру мен бақылауға, олардың кірістері мен шығыстарын өлшеуге жәрдемдесу.
Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражатының сақталуын және олардың мақсатына сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етуі; ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және уақтылы құжаттау; есеп айырысу және қаржы тәртібін сақтау; талдамалық есепке алуды уақтылы және дұрыс жүргізу; ақша қаражатына толық және нақтылы түгелдеу жүргізу; төлемдерді банк арқылы ақша аудару жолымен жасау болып табылады.
Кәсіпорындардың банктер арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық (сатылған өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет үшін, алынған шикізат, материалдар, жартылай дайын өнім үшін) және тауарлық емес (бюджетке, әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына жөне басқалары) деп бөлуге болады.
Банк субъектілердің ақша қаражаттарын олардың шоттарында сақтайды, осы шоттарға келіп түскен сомаларға есептеме жүргізеді, субъектілердің шоттарынан аудару мен беру және банк ережелері мен шартта көзделген басқа да операцияларды жүргізу туралы өкімдерін орындайды.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілейтін кезектілікпен жүзеге асырылады.
Төлем тапсырмасы субъектінің қызмет көрсетуші банкке өз шотынан белгілі бір соманы аударуы туралы тапсырмасы болып табылады
Төлем жасаушы банкке
белгіленген нысандағы
Бірқалыпты және тұрақты өнімдерді сатып-өткізу кезінде өнімді өткізушілер мен сатып алушылар арасындағы есеп айырысулар жоспарлы төлемдер төртібімен шарттардың (келісімдердің) негізінде төлем тапсырмаларымен есеп айырысуды пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Жоспарлы төлемдер транзиттік жөнелту де қолданылмайды. Бұл төлемдер күн сайын немесе өнім беруші мен сатып алушы арасындағы келісілген, белгіленген мерзімдерде кезең-кезеңімен жүргізілуі мүмкін.
Ірілендірілген төлем мерзімін есепті кезеңнің келесі жұмыс күніне белгілеу ұсынылады. Әрбір жоспарлы төлем сомасын тараптар төлемдердің келісілген кезеңділігі мен өнім беру (сатып алу) немесе қызмет көрсету көлеміне сүйене отырып, алдағы айға (тоқсанға) белгілейді. Күнделікті жоспарлы төлем кезінде олардың мөлшерін бір айда өнім берілу сомасын осы айдағы жұмыс күнінің санына бөлу жолымен айқындау ұсынылады. Өндіріс циклы мен өнім сату үздіксіз болғанда жоспарлы төлемдер сомалары бір айдағы күнтізбелік күндердің санына сүйене отырып есептелуі мүмкін. Әрбір жоспарлы төлем үшін банкке жеке төлем тапсырмасы беріледі.
Тараптар кезең сайын, бірақ кемінде айына бір рет өз есептерін өткен кезеңдегі нақтылы тауар босату немесе қызмет көрсетудің негізінде нақтылап, келісімде белгіленген тәртіппен қайта есептеу жүргізуге міндетті.
Бұл ретте пайда болатын айырма жеке тапсырма бойынша аударылуы не кезекті төлем төлеу кезінде есепке алынуы мүмкін.
Тапсырмалар банкке төлем мерзімі келген күні беріледі. Төлем жасаушының шотындағы қаражат жеткіліксіз болғанда және төлем жасаушыға несие беру мүмкін болмаған кезде банк төлем тапсырмасын қабылдамайды. Қаражат пайда болған кезде жоспарлы төлемді төлем жасаушы ол бойынша бұрын пайда болған берешекті есепке ала отырып аударады.
Үздіксіз өндіріс циклы бар субъектілер өндірілген өнім үшін аванстық төлемдермен есеп айырысады. Аванстық төлемдер төлем тапсырмалары арқылы жүргізіледі.
Аванстық төлемдермен
есеп айырысу қаражатты шартта айтылған
мерзімдер мен мөлшерлерде
Тараптар кезең сайын,
кемінде айына бір рет өткен
кезеңдегі нақты тауар
Тараптардың уағдаластығы бойынша төлем тапсырмалары жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болуы мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни, тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни, тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдер.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірілмей жүргізілуі мүмкін.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іссапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелері жоқ жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жөніндегі шығыстарды субъектілерге қаражат аударуды байланыс кәсіпорындары арқылы жүзеге асыра алады.
Өз шоттарынан байланыс кәсіпорындары арқылы аударым жасаған кезде аударым жасаушы аударым бланкілерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, осы орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс көсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жасалатын келіп түскен аударымдарды төлейді.