Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:44, курсовая работа
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол беріледі.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады
КІРІСПЕ 2
1. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 4
1.1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары 4
3. Ақша қаражаты қозғалысы есебін жасау 21
3.1 Тікелей әдіс 25
3.2 Жанама әдіс 25
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер 29
Қосымша
1) егер акцептен толық немесе ішінара бас тартылса;
2) төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылған жағдайда, ол төлем жасауды тоқтатқан жағдайда, бұл жағдайды сот анықтамағанда немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесі болмаған жағдайда:
3) вексель беруші акцептке жатпайтын вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда іске асыра алады.
Вексель бойынша акцепт пен төлем үшін жауапты адамдарға регрестік талап вексель бойынша, төлем мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
Акцепт немесе төлемнен бас тарту (акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру) бас тарту фактісін куәландыратын актімен расталуға тиіс.
Қарсылық білдіру вексель беруші аударма вексель мәтінінің (текстінің) өзінде ресми акт арқылы қарсылық білдіруді талап еткеннен басқа жағдайларда вексельдің өзінде жазылған арызбен және төлем жасаушы қол қойған арызбен ауыстырылуы мүмкін.
Аталған арыз қарсылық білдіру
үшін белгіленген мерзімдерде
Акцептеуге қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек.
Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасамауга қарсылық білдіруден босатады.
Барлық аударма вексельде вексель беруші вексель акцептке мерзімі белгіленіп немесе белгіленбей ұсынылуға тиіс деп шарт қоя алады.
Егер төленуге жататын аударма вексельдің ісі ойдағыдай еместігі байқалса, тіпті оның үшінші адам арқылы өтелуі бола тұрса да; немесе төлем жасаушы басқа жерде тұрып, өзінің тұрған жерінен төлем жасауға тиісті бола тұрса да; немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге жататын вексель бола тұрса да, оны акцептке ұсынуға тыйым сала алады.
Ол акцептке белгіленген мерізнен бұрын орындалмауы керек деп шарт қоя алады.
Әрбір индоссант, егер вексель беруші вексельді акцептеуге жатпайды деп жарияламаса, онда вексель акцептке мерзімі көрсетіліп немесе көрсетілмей ұсынуға тиіс деп шарт қоя алады.
Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта төленуге тиіс вексельдер акцептке олар берілген күннен бастап бір жылдың шгінде ұсынылуға тиіс.
Вексель беруші бұл соңғы
мерзімді қысқарта алады. Немесе содан
да ұзақ мерзімді белгілей алады. Бұл
мерзімдер индоссанттармен
Төлем жасаушы вексельдің ол бірінші рет ұсынылғаннан кейін келесі күн екінші рет ұсынуды талап ете алады. Мүдделі адамдар бұл талап туралы қарсылық білдіруде айтылған жағдайда ғана бұл талаптың қойылмағанына сілтеме бере алады.
Вексель ұстаушы төлем жасаушыға акцептке ұсынылған вексельді беруге міндетті емес.
Акцепт аударма вексельде көрсетіледі. Ол «акцептелген» деген сөзбен немесе мағынасы бірдей кез келген басқа сөзбен бейнеленуі мүмкін, оған төлем жасаушы қолын қояды. Вексельдің алғашқы бетінде төлем жасаушының қойған қолының акцепт күші болады.
Акцепт жай және шартсыз болуға тиіс, бірақ төлем жасаушы оны соманың бір бөлігімен шектей алады.
Аударма вексельдің мазмұнына акцептпен жасалған кез-келген өзгеріс акцепттен бас тартумен бірдей болады. Бірақ акцептант өз акцептінің мазмұнына сәйкес жауап береді.
Төлем жасаушы акцепт арқылы өзіне аударма вексельді мезгілінде төлеу туралы міндеттеме алады.
Төлемеген жағдайда вексель ұстаушы, ол өзі вексель беруші болғанның өзінде, акцептантқа қарсы аударма вексельде негізделген, жөне барлық жағынан қамтылған талап қойылуы мүмкін.
Егер аударма вексельге өзінің акцепт туралы қол қойған төлем жасаушы вексель қайтарылғанға дейін оны сызып тастаса, онда акцептен бас тартылған деп есептеледі. Өзгеше екені дәлелденбесе, сызып тастау құжат қайтарылғанға дейін жасалғаны деп есептеледі.
Төлем жасаушы вексельді акцептегеніне немесе акцептелмегеніне қарамастан төлем жасамаған жағдайда, немесе төлем жасаушының мүлкінен өндіріп алу нәтижесіз болтан жағдайда вексель ұстаушы өзіне тиесілі құқықтарды вексель төлем жасаушыға төлеу үшін ұсынылғаннан кейін және қарсылық білдірілгеннен кейін ғана жүзеге асыра алады.
Төлем жасаушы оның вексельді акцептегеніне немесе акцепттемегеніне қарамастан банкрот деп танылғанда, сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге жатпайтын вексель бойынша банкрот деп таныған жағдайда вексель ұстаушының өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін оның банкрот деп танылғаны туралы сот шешімін ұсынуы жеткілікті болады.
Вексель ұстаушы өзінің индоссантын және вексель берушісін акцептемеу немесе төлем жасамағаны туралы қарсылық білдірілген күннен кейінгі төрт жұмыс күнін, «шығынсыз айналым» туралы алдын ала айтылған жағдайда, ұсынылған күннен кейін хабарлауға тиіс. Әрбір индоссант хабарлама алған күннен кейінгі екі жұмыс күннің ішінде алдыңғы хабарламаны жібергендердің аттары мен мекен-жайларын көрсете отырып, өз индоссантына, одан әрі вексель берушіге дейін хабарлауға тиіс. Жоғарыда аталған мерзімдер алдынғы хабарлама алынған сәттен бастап жүре бастайды.
Акцептемеу немесе төлем жасамау туралы қарсылық білдірілген жағдайда нотариус бұл туралы вексель бойынша міндетті барлық адамдарға вексельдегі не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескертуге міндетті. Мұндай хабарлама жөніндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шығындарға қосылады.
Вескель беруші, индоссант немесе авальшы құжатқа енгізілген және қол қойылған «шығынсыз айналым», «қарсылық білдірілмейді» деген немесе басқадай мағыналас сөздер арқылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асырудан босата алады.
Бұл сөз вексель ұстаушыны аударма вексельді белгіленген мерзімде ұсынудан да, хабарлама жіберуден де босатпайды. Мерзімдердің сақталмаганын дәлелдеу вексель ұстаушымен дау кезінде осы жағдайға сілтеме жасаған адамға жүктеледі.
Егер бұл сөзді вексель беруші енгізсе, онда оның вексельге қол қойған барлық адамдарға қатысты күші болады; егер оны индоссант немесе авальшы енгізсе, онда оның тек өзіне қатысты ғана күші болады.
Егер вексель беруші енгізген сөзте қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық білдірсе, онда қарсылық білдіру жөніндегі шығасылар оған жүктеледі. Егер бұл сөзді индоссант немесе авальшы енгізсе, онда қарсылық білдіру жөніндегі шығасылар, өз қолдарын қойған барлық адамдардан төлеттірілуі мүмкін.
Аударма вексельді берген, акцептеген, индоссамент жасаган адамдардың немесе оған аваль қойғандардың барлығы вексель ұстаушының алдында бірлесіп міндетті болады.
Вексель ұстаушы осы адамдардың барлығына, әрқайсысына жеке-жеке және барлығына бірдей талап қоюға құқылы, бұл ретте олардың міндеттеме алу ретін сақтауға ол мәжбүрленбейді.
Ол аударым жасағаннан кейін, аударма вексельге қол қойған адамдардың әрқайсысыңда дәл осындай құқық болады.
Міндеттілердің біріне қойылған талап олар бастапқы жауапкерлен кейін міндеттеме алса да, басқаларына талап қоюға бөгет болмайды.
Вексель ұстаушы өзі талап қойған адамнан мыналарды:
-аударма вексельдің
акцептелмеген немесе
белгіленген болса, онда процентімен қоса;
-вексель сомасынан есептелген вексель төленуге тиіс күні Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру
ставкасы мөлшеріндегі өсім сомасын;
шығасыларды, сондай-ақ басқа да шығасыларды талап ете алады.
Бұған қоса талап қойған вексель ұстаушы талап қою сомасына вексель сомасының 0,01 проценті мөлшерінде қомиссияны енгізе алады.
Егер талап төлем мерзімі басталғанға дейін қойылса, онда вексель, сомасынан есептік проценті ұсталады. Бұл есептік процент вексель ұстаушы тұратын жердегі, талап қойылған күнгі ресми есептік ставкаға (банк ставкасына) сәйкес есептеледі.
Аударма вексельге ақы төлеген адам оның алдында жауапты адамдардан мыналарды:
- өзі төлеген барлық соманы;
-аталған сомаға вексельге
талапкер ақы төлеген күнгі
Қазақстан Республикасының
- өзі төлеген шығасыларды талап ете алады.
Вексельге ақы төлеген және вексель бойынша міндетті адамдарға талап қойған адам талап қою сомасына вексель сомасының 0,05 проценті мөлшеріндегі комиссиялық соманы қоса алады.
Қойылған мерзімі өткеннен кейін:
ұсынған кездегі немесе ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта, мерзім белгіленген аударма вексельді ұсыну үшін;
акцептемеу немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру үшін;
«шығынсыз айналым» айтылған жағдайда төлемге ұсыну үшін белгіленген мерзімдер өткен соң вексель ұстаушы индоссанттарға қарсы, вексель берушіге қарсы және акцептантты қоспағанда, міндетті адамдарға қарсы өз құқықтарын жоғалтады.
Вексель беруші белгілеген мерзімде акцептке ұсынылмаған жағдайда вексель ұстаушы, егер шарттың мазмұнынан вексель беруші өзін тек акцепт үшін жауапкершіліктен босатуды көздегені болса, төлем жасамаудан, сонымен қатар акцептемеуден пайда болтан өзіне тиесілі құқықтардан айырылады.
Егер ұсынуға арналған мерзім индоссаментте айтылса, онда оған тек индоссант қана сүйене алады.
Аударма вексель бірнеше бірдей данада берілуі мүмкін.
Бұл даналар құжаттың мәліметінің ішінде бір ізді нөмірлермен қамтамасыз етілуге тиіс; басқа жағдайда олардың әрқайсысы жеке аударма вексель ретінде қаралатын болады.
Егер вексельде оның жалғыз данада берілгені көрсетілмесе, онда вексель ұстаушы оған өз есебінен бірнеше дана беруді талап ете алады. Бұл үшін ол өзінің тікелей индоссантына, және сол сияқты, вексель берушісіне дейін өтініш жасай алады. Индоссанттар жаңа даналарда индоссаменттерді қайта шығарып беруге міндетті.
Бір дана бойынша жасалған төлем, бұл төлемнің баска даналарды өтейтіні алдын ала айтылмаса да, жауапкершіліктен босатады. Бірақ төлем жасаушы өзі акцептеген жөне өзіне қайтарылмаған әрбір дана бойынша жауапты болып қала береді.
Даналарды әртүрлі адамдарға берген индоссант, сондай-ақ баска индоссантгар да өз қолдары қойылған және қайтарылмаған барлық даналар бойынша міндетті болады.
Бір дананы акцепт үшін жіберген адам басқа даналарда қолында сол дана жатқан адамның атын көрсетуге тиіс. Бұл соты адам оны басқа дананың заңды иесіне тапсыруға міндетті
Егер ол бұны жасаудан бас тартса, вексель ұстаушы талап қою құқығын қарсылық білдіру арқылы:
-акцептке жіберілген
дананың талап етуге
-акцепттің немесе төлемнің басқа дана бойынша алынуы мүмкін емес екенін куәландырғаннан кейін ғана жүзеге асыра алады.
Аударма вексельді әрбір ұстаушы оның көшірмесін жасауға құқылы.
Көшірме түпнұсқаны индоссаменттерімен және басқа барлық белгілерімен қоса толық бейнелеуге тиіс. Ол қай жерге дейін жеткенін көрсетуі қажет.
Оның түпнұсқамен бірдей тәртіп бойынша табысталуы және авальдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды және жеке тұлғалар жай және аударма вексельді өзара есеп айырысуда пайдалануға құқылы, бұл ретте ол тиісті шартта көзделуге және «Қазақстан Республикасындагы вексель айналымы туралы» Заңға қайшы келмеуге тиіс.
Байланыс мекемелері инкассаға қабылдаған вексельдерді жөнелту тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органының Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкімен келісе отырып шығарылған нормативтік құқықтық актілерімен және байланыс мекемесі мен есеп кеңсесі арасындағы шартпен белгіленеді.
Сатушы сатып алушыға ұсынатын төлемнің мерзімін кейінге қалдыру жөніндегі берешекті рәсімдеу «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» Заңда белгіленген талаптарға сәйкес вексель беру түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Аударма вексель мен аударма вексельдің индоссаментінің үлгісі төменде келтірілген.
Есеп айырысулар ережелерін құруға жол берген кәсіпорындар мен банктерге Қазакстан Республикасынлағы нақты ақшасыз есеп айырысуларды жүргізу тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдар туралы Ережелерде көзделген ықпал ету шаралары қолданылады. Жеткізіліп берілген өнімге уақтылы төлемақы жасамағаны үшін кідіртілген әрбір күн үшін мерзімі өткен төлемдер сомасынан жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы шартта көзделген тәртіпте өсім есептеледі және омы сатып алушы (төлеуші) төлейді.
Мерзімі өткен күндердің
санын энықтаған кезде