Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:44, курсовая работа
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол беріледі.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады
КІРІСПЕ 2
1. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 4
1.1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары 4
3. Ақша қаражаты қозғалысы есебін жасау 21
3.1 Тікелей әдіс 25
3.2 Жанама әдіс 25
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер 29
Қосымша
Төлеушілернің келісімінсіз олардың шоттардың қаражатты есептен шығару. Төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражатты есептен шығару тек соттың шешімімен, банктің өкімімен не мына төмендегі орындау құжаттары негізінде қолданылып жүрген заңдарда көзделген жағдайда ғана жүргізіледі: банктің өндіріп алу жөніндегі өкімі; несиелерді пайдаланғаны үшін есептелген проценттері есепке қате алынған сомалар; кепілші шотынан қарыз берешегінің етелмеген сомалары; соттар берген орындау қағаздары; соттың шаруашылық істері жөніндегі алқалардың бұйрықтары; нотариус жүргізген орындау жазбалары; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қаулылары негізінде шығарылған мемлекеттік уәкілетті органның, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың, сондай-ақ кәсіподақтардың еңбек техникалық инспекциясының бұйрықтары мен өкімдері; салық органдарының салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша қосымша салықтарды, сондай-ақ заңда көзделген айыппүлдәрды, өсімдерді және өзге де санкциялар сомаларын өндіріп алу туралы өкімдері; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жұмыс берушілерден өндіріліп алынатын айыппұлдардын және өзге де санкциялардың сомасы; кәсіпорынның кінәсінен жұмыспен байланысты жарақаттану немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан жұмысшы мен қызметші, сондай-ақ жұмыспен байланысты және субъект әкімшілігінің кінәсінен жарақаттану немесе денсаулығының өзге де салдарынан жұмысшы немесе қызметші қайтыс болған жағдайда шеккен зәлалды өтеу сомасын өндіруге берілген сот шешімі; сақтандыру қомпаниясының сақтандыру куәлігі, Қазақсган Республикасы Кеден органдарының өкімі.
Борышкер мойындаған, есептен шығарылатын сомаларға берілген өкімдер орындау құжаттарына теңестіріледі ден танылады. Салық төлеушілерінің төлем кепілхаттары мен салық органдарының инкассалық әкімдері негізінде бюджетке төленетін төлемдерді төлем кепілхаттары берілген күні банктер кезек күттірмей жүзеге асырады. Банк аталған кепілхаттардың орындалуын кідіртуге құқығы жоқ.
Төлеушінің келісімінсіз қаражаттарды өндіріп алу ушін осы қаражаттарды өндіріп алушы тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып банкке төлем талап-кепілхаты бланкісінде инкассалық өкімді тапсырады.
Инкассалық өкімде төлемнің мақсаты керсетіледі және осы төлемдерді (күні, нөмірі мен тиісті тармағын) төлеушінің келісімінсіз оның шотынан есептен шығару құқығын кездейтін заң актісіне сілтеме жасалады. Өндіріп алуды дұрыстығы, сондай-ақ төлемші келісімінсіз қаражаттарды есептен шығаруға негіз болған сілтеме үшін өндіріп алушы жауапты болады. Банктер төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражаттарды есептен шығаруға білдірген қарсылықтарын шын мәнінде қарамайды. Төлеушілердің келісімінсіз шоттарынан қаражаттарды есептен шығарудың негізділігімен байланысты мәселелер наразылық білдіру тәртібінде сот органдары арқылы шешіледі. Бір қалада тұратын төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражаттарды есептен шығаруға берілген инкассалық өнімдерді өндіріп алушы төлеуші шоты жүргізілетін тікелей банкке инкассаға, ал сырттағы қалалардағы төлеушілер бойынша өндіріп алушыға қызмет көрсететін банкке береді. Инкассалық өкім төрт данада ұсынылады.
Төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражаттарды есептен шығаруды банктер көшірмелері бойынша емес, тек түпнұсқа құжаттар немесе олардын дубликаттары бойынша жүрізеді.
Төлеушінің келісімінсіз қаражаттарды есептен шығаруға берілген инкассалық өкім банкке іздену мерзімі ішінде ғана өткізіледі. Бұл үшін өндіріп алушы жауапты болады. Іздену мерзімінің ұзақтығы былайша белгіленеді: заңды тұлғалардан алынатын бюджетке төленетін салық борышын өндіріп алуға мерзім ұзақтығы болмайды; соттар берген орындау қәгаздары бойынша-бір жыл; орындау жазбалары бойынша-бір жыл; сот органдарының бұйрықтары бойынша, аралық соттың шешімдері бойынша үш ай, борышкер мойындаган талаптарды есептен шығаруга берілген акімдер бойынша - екі ай; басқа барлық құжаттар бойынша алты ай.
Борышкер мойындаған соманы есептен шығаруға берілген инкассалық өкімде борышкердің талаптарды мойындау туралы жауабының нөмірі мен күні, сондай-ақ талаптың сипаты (тауарлы-материалдық құндылықтар үшін есеп айырысуләр, айыппұлдарды өндіріп алу және басқалары) көрсетіледі.
Өндіріп алуды тоқтата тұру немесе тоқтату тек мынадай жағдайларда: есептен шығаруға өкім берген өндіріп алушылар мен органдардың мәлімдемесі бойынша; сот органдары ерекше ұйғарым жасаған кезде; қылмыстық іс қозғалуына байланысты өндіріп алуды тоқтата тұру туралы тергеу органдарының өкімі бойынша. Өкімдерде, ұйғарымдар мен мәлімдемелерде өндіріп алуды тоқтата тұру немесе тоқтату жөніндегі құжаттың күні мен нөмірі көрсетілуге тиіс. Өндіріп алуды тоқтату жөніндегі құжат өндіріп алушыға қайтарылуы керек.
Кәсіпорын таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қосылған, бөлініп шыққан, біріккен, ұйымдық-құқықтық өзге нысанда қайта құрылған) жағдайда орындау және басқа да есеп айырысу құжаттарының өтемақысы бастапқы төлемшінің міндеттемелері бойынша заңға сәйкес жауапкершілік жүктелген субъектінің есеп айырысу немесе ағымдағы шотынан жүргізіледі.
4-бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес субъектілер жасаған «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті багалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциялық қызмет (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызмет), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржы қызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттары мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғысында алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъектінің есепті жыл ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражаттары қозғалысының есебінде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет тұрғысынан алғандағы мағлұматтар мазмұндалуға тиіс, мұның өзі заңды тұлганың қаржы жагдайына оныц қызметі түрлерінің ықпалын багалауға мүмкіндік береді.
Операциялық қызметген түсетін ақша қаражаттары қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активтер мен міндеттемелер, ақша операциялары өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістерге немесе зияндарға қарай түзету енгізіледі.
Ақша қаражаттарын сақтау,
қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектісінің
Субъект өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдалануы керек. Ең аз мөлшерден тыс нақты ақшаны субъект есеп айырысу шотына қоса есептеу үшін банк мекемесіне өткізуге тиіс.
Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен (ү.№КО-2) немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлемдер тізімдемелерімен, ақша беруге жазылган өтінштен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің жөне қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды жөне алган сомасын: теңгені — жазумен, тиынды-сандармен көрсетеді. Толтырылған шығыс ордері төменде келтіріліп отыр.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуга сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомосқа (төлем тізімдемесі) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін қүжапарды бухгалтерия дал әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлемдерінің ведомосы бойынша таратылады, оның қасбетінде (титул) ақша беретін мерзімі жазумен жалпы сомасын көрсете отырып басшы мен бас бухгалтердің рұқсат жазбасы көрсетіледі.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен бойда кассир төлем тізімдемесіне еңбекақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың тегі тұсына мөртабан соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)» деген жазу жазылады. Толтырылған төлемдер тізімдемесі төменде келтіріліп отыр.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.