Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:44, курсовая работа

Описание работы

Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол беріледі.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Содержание

КІРІСПЕ 2
1. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 4
1.1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары 4
3. Ақша қаражаты қозғалысы есебін жасау 21
3.1 Тікелей әдіс 25
3.2 Жанама әдіс 25
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер 29
Қосымша

Работа содержит 1 файл

акша курстык жумыс.doc

— 183.50 Кб (Скачать)

Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу. Төлем талап тапсырмасы төлем жасаушының қызмет көрсететін банкіне жіберілген есеп айырысу және тиеу құжаттарының негізінде келісім-шарт бойынша жөнелтілген өнімнің, орындалған жұмыстың көрсетілген қызметтің құнын төлеу туралы жабдықтаушының сатып алушыға талабын білдіреді. Төлем талап тапсырмаларын төлем жасаушы бланкке жазып, жабдықтаушының банкіне тізімдемемен бірге төрт дана етіп береді. Жабдықтаушының банкі барлық реквизиттердің толық толтырылғанын тексеріп, талап-тапсырманы сатып алушының банкіне жібереді, екінші данасы жабдықтаушыға қайтарылады.

         Сатып алушының банкі талап-тапсырманы алган соң, оны тіркейді, барлық даналарға алынған күнді қойып шығады (жоғарыда оң жақта) және оны төлем жасаушыға келісімін алу үшін береді.

Төлем талап тапсырмасын  толық немесе ішінара төлеуге  келгенде төлем жасаушы барлық даналарға  шотқа билік жүргізуге уәкілеттігі  бар адамдардың қолын қойғызумен және мөр басумен рәсімдеп, оны  қызмет көрсетіп банкке өткізеді, олардың:

- біріншісі төлем төлеушінің шотынан қаражатты есептен шығару үшін негіз болады және операция жүргізілгеннен кейін банк құжаттарына тігіледі;

екіншісі - жабдықтаушыға  қызмет көрсететін банкке жіберіледі;

үшіншісі - тиеу құжаттарымен бірге тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге жөне есепке қабылдауына болатындығын растайтын қолхат ретінде төлем жасаушыға қайтарылады.

Банк акцептелген талап-тапсырмаларды  қабылдауға және оларды №2. картотекаға  орналастыруға құқылы.

Төлемдік талап-тапсырмаға толық немесе ішінара ақы төлеуден бас тарту туралы төлем жасаушы  оған қызмет көрсететін банкке үш күннің ішінде хабарлайды. Талап-тапсырма құжаттарымен қоса оған берілген тиеу құжаттарын және төлемейтіні туралы хабарламасымен бірге тікелей жабдықтаушыға (өнім берушіге) қайтарылады.

Жиынтық талаптар арқылы есеп айырысу.

Көлік ұйымдарының тапсырыс берушілермен (жүк жөнелтушілермен  немесе жүк алушылармен) жүк тасымалдағаны  үшін, сондай-ақ көліктік-экспедициялық  қызмет көрсетулері үшін орталықтандырылған есеп айырысулары жиынтық талаптар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Айыппұлдар жөніндегі сома жиынтық талапқа енгізілмеуге тиіс. Көлік қызметіне тапсырыс жасаушыларға қызмет көрсетуші банк мекемесі тиісті шоттан қаражаттың депонентелгенін, көлік ұйымдарының қызметіне ақы төлеу тапсырыс берушінің тиісті шотынан бұл шотта уақытша қаражат болмаған кезде банктің кепілдігінен жүзеге асырылғандығын куәландыратын кепілдікті анықтама береді. Анықтаманың күшінде болу мерзімі тараптардың келісім-шартымен айқындалады.

Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу.

Өзара талаптар мен міндеттемелерге  негізделген есеп айырысулар деп  борышкерлер мен несие берушілердің бір-біріне қойылған талаптары мен  міндеттемелері тең сомада өтелетін және осы талаптар мен міндеттемелердің арасындағы айырмаға ғана төлем жасалатын нақты ақшасыз есеп айырысулар жатады. Өзара талаптарды есепке алу бойынша есеп айырысуларды банктер субъектілердің өтінішті бойынша нақты тиелген немесе босатылған тауарлы-материалдық құңдылықтар және негізгі қызметі бойынша көрсетілген қызметтер үшін жүргізеді.

Банктерге тапсырмалар, чектер, талап-тапсырмалар ұсынылады.

Бұл есеп айырысуларды банк тұрақты және біржолғы есепке алу арқылы жүргізеді. Тұрақты есепке алу қатарына өзара талаптар мен міндеттемелердің сальдосы бойынша мерзімдік есеп айырысулар жатады. Біржолғы есеп айырысуларға екі субъект арасындағы қарама-қарсы талаптардың есепке алынды және өзара талаптар мен міндеттемелердің сальдосы бойынша мерзімдік есепке алу жатады.

Арасында тауарларды өзара босату немесе қызмет көрсету  бойынша тұрақты шаруашылық қатынастары  бар субъектілер үшін өзара талаптар мен міндеттемелердің сальдосы бойынша  есеп айырысулар жүзеге асырылуы мүмкін. Субъектілерге бір немесе әртүрлі  қаладағы, не қаладан тысқары жерлердегі банктер қызмет көрсетеді. Есеп айырысулардың мерзімі мен тәртібі субъектілер арасындагы шарттармен белгіленеді және субъекті орналасқан жердегі есептеме жүргізу жүктелген банкпен міндетті түрде келісуі керек. Есеп айырысуды жүргізу жүктелген субъект есеп айырысу мерзімі аяқталғаннан кейінгі күннен кешіктірмей қарама-қарсы талаптардың шоты бойынша есепті мерзімге сальдо шығарып, шоттан алынған банк көшірмесін қоса бере отырып оны екінші тарапқа хабарлауға міндетті. Есеп айырысу бойынша есепті кезең аяқталғаннан кейінгі келесі күні сальдо шығаруды қиындататын жазулар саны көп болған кезде, тараптардың келісімінде төлем құжатын жазып беру мерзімін үш күнге дейін ұзарту көзделеді.

Сальдо бойынша есепке алу сальдо сомасы тауардың бір күндік босату (қызмет көрсету) сомасына тең болғанда субъектілер жүргізеді. Егер есеп айырысудан сальдо сомасы аз болса, ол келесі кезеңнің есеп айырысуьша жатқызады. Сальдо бойынша есеп айырысулар туралы келісім болғанда тауарлы-көліктік жүк қағаздар банкіге өткізілмейді.

 Вексель - біржақты қатаң орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң бекітілген нысандағы құжат.

Жай және аударма вексельдер болады.

Жай вексель (соло) - талап  ету бойынша немесе белгіленген  мерзімде келешекте вексельде көрсетілген  соманы вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель берушінің ешбір шартсыз міндеттемесін қамтитын вексель.

Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель  ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы ешбір шартсыз міндеттемені қамтитын вексель.

Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, құжат қай тілде толтырылса сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге ешнәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы-тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын орынды көрсетуді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатын болса, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орынды көрсетеді, вексельді беретін тұлғаның (вексель берушінің) қолын қойдыруға тиіс.

Жоғарыда көрсетілген  талаптар құжаттарда түтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, онда вексельдің күші болмайды.

Төлем мерзімі көрсетілмеген  вексель ұсынғанда төленуге тиіс вексель ретінде қаралады.

Ерекше нұсқау болмағанда төлем жасаушының атының жанындағы орын, төлем жасау орны және сонымен бір мезгілде төлем жасаушының тұратын орны деп есептеледі.

Жасалған орны көрсетілмеген вексельге вексель берушінің атымен катар көрсетілген орында қол қойылған деп есептеледі.

Аударма вексель вексель  берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші тұлғаның есебінен берілуі мүмкін.

Аударма вексельге үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір баска орында ақы төленуі мүмкін.

Проценттік ставка вексельде көрсетілуге тиіс, мұндай нұсқама болмаған жағдайда шарт қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады.

Егер проценттің есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептеледі.

Кез келген аударма вексельдің, ол бұйрығы көрсетілмей берілгеннін өзінде индоссамент арқылы берілуі мүмкін.

Егер вексель беруші аударма вексельде «бұйрыққа емес» немесе осыған мағыналас сөзді жазса, онда құжат нысанын сақтай отырып және қарапайым цессия салдарымен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель беруінің пайдасына не вексель бойынша міндетті баска кез келген адамның пайдасына, вексельді акцептегеніне не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушынын да пайдасына жасалуы мүмкін. Бұл адамдар өз кезегінде вексельді табыстай алады.

Индоссамент қарапайым, шартсыз болуға тиіс. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып есептеледі.

Ұсынушы индоссаментінің  бланктік индоссамент күші болады.

Индоссамент аударма  вексельде немесе оған қосылған парақта (аллонаж) жазылуға тиіс. Оған индоссант  қол қоюға тиіс.

Индоссамент аударма вексельден келіп шығатын барлық құқықтарды береді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы: бланкті өз атына немесе баска бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде вексельді банк арқылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк толтырмай және индоссамент жасамай, вексельді үшінші адамға бере алады.

Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен  төлем үшін, жауап береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында жауап бермейді.

Қолында аударма векселі  бар адам, егер ол өз құқығын үздіксіз бірқатар индоссамент жасау арқылы негіздесе, соңғы индоссамент бланкілік болғанның өзінде заңды вексель ұстаушы деп қаралады.

Бұл ретте сызылып  тасталған индоссаменттер жазылмаған деп есептеледі. Бланкілік индоссаменттен кейін басқа индоссамент жасалса, соңғысына қол қойған адам вексельді бланкілік индоссамент бойынша сатып алған деп есептеледі.

Аударма вексельді төлем  мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы немесе қолында весель тұрған, қарапайым адам да төлем жасаушыға акцепт үшін тұрған жерінде ұсына алады.

Егерде төлем жасаушы  өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға, немесе қол қойған адамдардың біріне хабарласа, ол онда олардың алдында өз келісімімен шарттарына сәйкес міндетті болады.

Аударма вексель бойынша  төлем толықтай немесе вексель сомасының  бөлігінде аваль арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам немесе тіпті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.

Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген орнын көрсете отырып, жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол «аваль деп есептелген» деген сөздермен немесе кез келген бір мәнді нысанмен бейнеленеді, оған аваль берген адам қол қояды.

Аваль үшін егер төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма вексельдің бет жағына авальшының қол қоюы жеткілікті.

Авальда оның кімнің есебінен берілгені көрсетілуге тиіс. Ол көрсетілмеген  жағдайда аваль вексель беруші үшін берілген деп есептеледі.

Авальшы ол үшін аваль берген адаммен бірдей жауап береді.

1. Аваль-вексель бойынша  кепілдік, оған байланысты аваль  жасаған адам вексель бойынша міндетті басқа адамдардын міндеттемелерін орындауы үшіи жауапкершілікті ез мойнына алады. Авальшы-аваль жасаған адам.

Аударма вексельғе ақы  төлей отырып авальшы кепілдік берген адамға қарсы және аударма вексельге  байланысты осы соңғы адамның алдында міндетті адамдарға қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді,

Аударма вексель ақы  төлеу үшін: ұсынғанда; ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта; жасалғаннан кейін белгілі уақытта, белгілі бір күнде берілуі мүмкін.

Өзге мерзім тағайындалған  немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін  қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады.

Аударма вексель ұсынған шағында төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге ұсынылатын мерзімі белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды.

Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен бастап жүреді. Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзімі не акцепт күнімен, не қарсылық білдіру күнімен айқындалады.

Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған акцепт акцептантқа қатысты ақцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы күнінде жасалған деп есептеледі. Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытқа белгіленген аударма вексель ұстаушы вексельді төлеуге ол төленетін күні, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма вексельді есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей болады. Вексель ұстаушы бөліп төлеуден бас тарта алмайды.

Бөліп төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы белгіні вексельде жасау және бұл туралы қолхат беруді талап ете алады.

Вексель ұстаушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға мәжбүрленбеуге тиіс.

Мерзімі келгенге дейін  төлейтін төлем жасаушы мұны өз тәуекеліне жасайды.

Егер аударма вексель төлем жасау орнында жүрмейтін валютада жасалса, онда оның сомасы жергілікті валютада төлем мерзімі келген күнгі бағам бойынша жергілікті валютамен төленеді. Егер борышкер төлемнің мерізімін өткізіп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасының жергілікті валютада төлем мерзімі келген күнгі, не төлем жасалатын күнгі бағам бойынша төленуін талап ете алады.

Есеп айырысу палатасы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясына сәйкес есеп айырысуды  жузеге асыруға уәкілетті заңды  тұлғалар.

Вексель ұстаушы өзінің регресс құқықтарын индоссанттарға, вексель берушіге және басқа да міндетті адамдарға қарсы: төлем мерзімі келгенде: егер төлем жасалмаса, тіпті төлем мерзімінен бұрын:

Информация о работе Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті