Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 11:30, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: банктік шоттардағы ақша қаражат-тарының есебі мен аудитінің қазіргі тәртібін қарастыру. Ақша қаражаттар есебiнiң ұйымдастырылу тәртiбiн теориялық тұрғыдан тереңiрек зерттеп оны тәжiрибелiк мәселелермен ұштастыру.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕМЕСI
1.1 Қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты...................5
1.2 Валюталық шот операцияларын есепке алу..................................................9
ІІ КӘСІПОРЫНДА ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖҰМСАЛУЫ
2.1 „Саят“ ЖШС-нің ақша қаражаттарының есебі.............................................12
2.2 Валюталық шот операцияларының есебi......................................................19
2.3 Банктің басқа да шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі...................23
ІІІ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ МАҚСАТЫНА ЖӘНЕ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЛУЫН ТЕКСЕРУ
3.1 Есеп айырысу шотындағы қаражаттардың мақсатына жұмсалуын тексеру....................................................................................................................25
3.2 Банктегi ағымдағы шоттардағы және жол үстiндегi нақты ақша қаражат-тар есебiнiң аудитi.................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................31

Работа содержит 1 файл

Қаражаттарды мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру.doc

— 328.50 Кб (Скачать)

 

 

2.2  Валюталық шот операцияларының есебi

 

Валюталық шоттар бойынша  операциялардың есебi төмендегi активтiк шоттары бойынша жүргiзiледi:

- 1030-«Ел iшiндегi валюталық шоттардағы қолма-қол ақшалар»

-1030-шотты шетелдегi банктерде шоттары бар заңды тұлғалар пайдаланады. Мұндай шотты ашу және сол бойынша операциялар жасау ҚР Ұлттық Банкiнiң берген алдын ала рұқсаттың болуын талап етедi. Бұл орайда шаруашылық жүргiзушi субъектiсi аталған шоттардағы қаражаттардың қалдығы бойынша және басқа да мәлiметтер бойынша есептеменi ҚР Ұлттық Банкi белгiлеген нысанда және мерзiмде тапсыруға мiндеттi. 1030 шоттың дебетi бойынша бастапқы қалдық, ақша қаражаттарының түсуi және соңғы қалдық көрсетiледi. 1030-шоттың кредитi бойынша субьектiнiң валюталық шотынан қаражаттардың есептен шығарылуы (аударылуы, берiлуi) көрiнiс табады. 1030- шоттың кредитi бойынша операциялар банк көшiрмесiнiң негiзiнде №2 журнал-ордерге, 1030–шоттың дебетi бойынша №2 ведомостьке жазылады. Жиынтық айналым мен сальдо ай соңында Бас кiтапқа көшiрiледi.

Есеп айырысу  мен валюталық шот бойынша операциялардың есебiн қосымшадан №1 сызбадан көруге болады.

Қазақстан Рспубликасының валютасына қатысты кез келген шетел  валютасының курсы ұлттық немесе халықаралық валюталардың теңгеде  көрсетілген бағасын көрсетеді. Ол биржаларда, банк аралық нарықта  сраным мен ұсымның негізінде, коммерциялық банктердің жән басқа да заңды тұлғалар мен азаматтардың валютада сатып алу-сату кезінде, яғни қызмет көрсетудің валюталық нарығында қалыптасады.

Сонымен, шетел  валютасында опрацияларды бухгалтерлік есепте бастапқы көрсетуде операцияның  жасалған күніне курс бойынша қайта есптеу жолымен қазастандық теңгеде бағаланады келесі күндері ақша баптары (оның ішінде ұлттық валютада дибиторлық және кердиторлық қарыз) есеп беру кезеңінің аяқталууақытына курсты пайдаланумен теңгеде көрсетіледі. Ақшалай см баптар (оның ішінде меншікті капитал, негізі қорлар, тауарлы-материалдық құндылықтар, материалдық есем активтер) бухгалтерлік есеп жүйесінде мүлік пен міндеттемелерді көрсету бойынша опрацияларды жасау күніне курсты пайдаланып теңгеде көрсету.

Валюталық курстың  құбылуы курстық айырмашылықтың сомасының пайда болуына негіз болады. №9 “Шетел валютасында опрациялардың сбі” қазақстандық бухгалтерлік есепке сәйкес курстық айырмашылық – бұл бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруде шетел валютасының бірлігінің қандай да бір санын курстың өзгеруі кезінд есеп беру валютасында көрсету жүйесінің нәтижесінде пайда болатын айырмашылық курстық айырмашылық шаруашылқ опрацияның жасалу күні мен сеп айырысу күні арасындағы кезеңде, яғни дебаторлық немесе кредиторлық қарызды толықтай немесе бір бөлігін өтеуге ресми курстың өзгеруі нәтижесінде пайда болады.курстық жақсы даму кезінде-ақ , жағымсыз дамуында теріс курстық айырмашылық (курстық шығындар) пайда болды.

Реурстық шығындар банкілердің нарықта немесе нарықтар әртүрлі мерзімде жаслған валюталық мәлімелер сақтандырылуы мүмкін, сонымен қатар келісімге қорғауды ескруді енгізіу арқылы сақтандырылуы мүмкін.

Ұлттық валютада активтер мен міндеттемелердің мәмілелердің арасындағы (Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісінің курс бойынша теңгеде) айырмашылықтың нәтижесінде пайда болатын курстық айырмашылықтарды есеп айырысу күніне де (немесе қаржылық есеп беруді құру күніне), оларды қабылдау күніне де, есеп беру кезеңінде бухгалтрлік еспте де (немесе алдыңғы есеп беру кезеңінде қаржылық есеп беруді құру күніне) олардың пайда болған кезеңінің табыстары немесе шығындары ретінде тану керек. Оң курстық айырмашылық – 6250 “Курстық айрмашы-лықтан табыс” шотында, теріс курстық айырмашылық 7430 “Курстық айырмашылық бойынша шығындар” активті шотында көрсетіледі. 7430 “Курстық айрмашылық бойынша шығындар ” шоттың дебеті бойынша теріс курстық айырмашылық, ал 6250 “Курстық айырмашылықтан табыс” шотының кредиті бойынша оң курстық айырмашылық көрсетеді.

Қазақстан Республикасында  резиденттер мен резидент еместерүшін валюталық шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі 1997 ж 4 наурызынан “Екінші деңгейдегі банктерде клиенттердің шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі жөнінде” Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің басқармасының жарлығымен анықталған.

Валюталық шотты ау үшін банкке келесідей құжаттар беріледі: бекітілген нысанда өтініш; Жарғы мен құрылтайшылық келісім-шарттың (құрылтай-шылар саны біруден көп болған жағдайда ) натариалды расталған көшірмесі, мемлекеттік тіркеу туралы нотариалды куаландырылған көшірмесі; суъектінің салықтық есепке бекітілгені фактісін қуаландыратын салықтық қызмет органының анықтамасы; басшы мн бас бухгалтердің қолдарының; мөрдің оттискісінің карточкасы.

Банкте құжаттарда қабылданғаннан кйін бекітілген нысанда  бұйрық шығарылып, клиентпен валюталық шотты ашу туралы кеелісім-шартқа отырады.

Клиенттер валюталық  операцияларды жасау үшін банкке валюталық операциялар туралы ақпараты бар берілген тәртіпке толтырылған  құжаттарын берілді.

Курстық айырмашылықты  валютаның ресми және нарықтық курсытың курсының сәйкесіздігінен пайда болатын курстық ауытқудың саласынан айыра білу қажет. Курстық ауытқулардан алынған табыстар мен шығындар негізгі емес қызметтен басқа да табыстары мен шығындар шоттарында, яғни 6280 “Негізгі емес қызметтен басқада табыстар” және 7470 “Негізгі емес қызметтен басқа да шығындар” шоттарныда жүргізіледі. Валбталарды сатып алу жән сату айналымдарының сомалары үлкен болғанда курстық аутқудан алынған сомалар жиынтық жылдық табыс мөлшеріне мәнді әсер етуі мүмкін.

 

Валюталық қаражаттардың синтетикалық есебі 1000 бөлімшенің шоттарында жүргізіледі.Төменде 3-кестеде 1000 бөлімше шоттарының типтік корреспонденциясы келтірілген:

 

Кесте 3-1000 бөлімше шоттарының типтік корреспонденциясы.

 

Шаруашылық  операциялардың мазмұны

Корреспонденцияланатын шоттар

Дебет

Кредит

1

2

3

4

1.

Валюталық шотқа  өткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген  қызмет үшін қарыздың түсуі 

1030

1210

2.

Вексель бойынша  қарыз өтелді

1030

1284

3.

Есептелген  пайыздар бойынша қарыздың түсуі 

1030

1270

4.

Аванстың қолданылған  сомасын қайтару

1030

1610

5.

Жлдағы ақша қаражаттарын алу 

1030

1020

6.

Аккредетивтің пайдаланылмаған қалдығыны, чек  кітпашаларындағы қалдықтың түсуі

1030

1060

7.

Банктегі арнайы шоттардан шетел валютасының  түсуі

1030

1060

8.

Ел ішіндегі валюталық шотқа шетелдегі валютаның шоттан қолма-қол ақшалардың түсуі

1030

1030

9.

 Жарғылық  капиталға құрылтайшының салымы  ретінде шетел валютасының түсуі

1030

5110

10.

Шетел валютасында  несие алу

1030

3010-3020

11.

Шетел валютасында  алынған аванс

1030

3510

12.

Валюталық шотқа  қателесіп жазылған сома

1030

3397

13.

Валюталық шоттан қателесіп есептен шығарылған сала

1430

1030

14.

Оң курстық  айырмашылықтың болуы 

1030

3250

15.

Келесі кезеңдерге шетел валютасында жал төлемін  төлу

1620

1030

16.

Шетел валютасында  тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау, жұмыстарда орындау, қызметтерді көрсетуге  берілген авнс

1610

1030

17.

Аккредитивке  аударылған шетл валютасы

1060

1030

18.

Чек кітапшаларын беруде шетел валютасын депоненттеу

1060

1030

19.

Кассаға шетел валютасының келіп түсуі

1010

1030

20.

Несие бойынша  қарызды алу 

3010-3020

1030

21.

Шетел валютасында  жабдықтаушылардың қарызын өту

3310

1030

22.

 Шетел валютасында  ағымдағы жал бойынша қарызды  өтеу

3397

1030

23.

Теріс курстық  айырмашылықтың болуы

7430

1030


             

ЖШС “Саят” қолма-қол валюталардың келіп түсуін (түсім қолданылған есеп беруге тиісті сомалардың қалдығы және т.б.) кіріс кассалық ордермен рәсімдейді. Кіріс кассалық ордердің негізгі реквизиттері: кәсіпорын атуаы, операцияның мазмұны, корреспонденцияланатын шоттарды көрсту, шетел валютасында және ұлттық валюта теңгеде сомаларды көрсту, сонымен қатар бақылаушы, орындаушы және кассирдің қолдарының бар болуы.

Банк мөрімен  және кассир, бақылаушы мен орындаушының қолдарымен расталған кіріс кассалық ордердің көшірмесі шығыс кассалық ордерді жазу үшін негіз болып табылады.

Төменде зерттеліп  отырған кәсіпорынның валюталық  шотта ақшалардың есебі бойынша  шоттар корреспонденциясы келтірілген (4 кесте).

 

Кесте 4 - ЖШС “ Саят ” 2011 жылдың қазан айына валюталық есбі бойынша корреспонденциялар

Шаруашылық  операциялардың мазмұны

Соммасы теңге

Корреспонденция-

ланатын шоттар

Дебет

Кредет

1

2

3

4

5

1.

Валюталық шотқа  өткізілген өнім үшін түсті

23537

1030

1210

2.

Валюталық шотқа  жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрстуге аванстар алынды

27281

1030

3510

3.

Валюталық шотқа  курстық айырмашылықтан табыс түсті

24510

1030

6250

4.

Валюталық шоттан кассаға шетел валютасын-да түсті

20640

1010

1030

5.

Валюталық шоттан жабдықтаушылардың қарызы өтеледі

29502

3310

1030


 

Қолма-қол валютаны беру тапсырмамен (шығыс кассалық ордер) рәсімделеді. Бакпен куәлендірілген тапсырманың (шығыс кассалық ордерің) көшірмесі  кіріс кассалық ордерді жазуүшін негіз болып табылады. Тапсыоманың  негізгі реквизиттері: негіздеме, шетел валютасының сомасын сөзбен жән ұлттық валютада, кімге, қайда, кім үшін, алушының жеке куәлігінің мәліметтері, корреспонденцияланатын шоттар, бақылаушы және кассирдің қолдары. Тапсырмаға (шығыс кассаның ордері) кәсіпорын басшысы мен оның орынбасары қол қояды.

Аталған және басқа  да құжаттардың негізінде банк валюталық  шоь бойынша дербес шотқа жазулар  жүргізіде және оның көшірмесі кәсіпорынға  беріледі. Көшірменің мәліметтері валюталық  шот бойынша машинограммалар  мен жинақ ведомсін құру үшін негіз  болып табылады.

Валюталық шот  бойынша аналитикалық есеп жүргізілмейді, оның орнына шетелдік жән теңгелік эквивалентте, яғни екі валюталарда жасалған опреациялар көрсетілетін банк көшірмесі қолданылады. Бірақ кйбір банктер өзінің клиенттеріне тек шетел валютасында ғана көшірмелер береді. Бұл жағдайда бухгалтер өзі әр операцияны валютада ғана емес, сонымен бірге операция жасалған күнге Ұлттық банк курсы бойынша теңгеде де көрсетуі қажет.

ЖШС “Саят” жоғарыда талған құжаттардан басқа банк төлеушілерден шетел валютасында ақаш қаражаттарының келіп түсуі туралы хабарлайтын және резиднт еместерден келіп түсуін растауды сұрайтын хабарлама қағаз келеді.

Кассадағы шетел  валютасының қозғалысының синтетикалық есебі 452 “Кассадағы шетел валютасында  қолма-қол  ақшалар”  шотында  жүргізілді. Бұл активті шоттың дебетінде штел валютасының кезең басы мен соңына қалдықтары, келіп тсуі, ал кредиті бойынша –азаюы көрсетіледі.

Төменде кассадағы  шетел валютасында қолма-қол ақшалардың есебі бойынша шоттардың типтік корреспонденциясы келтірілген.

 

2.3 Банктің басқа да шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі

 

ЖШС “Саят” ақша қаражаттары банкте арнайы шоттарда, яғни аккредитив-терде, чек кітапшаларында және басқа да шоттарда сақтауы мүмкін.

Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны – бұл кәсіпорындар мен ұйымдар арасында тауарлы-материалдық құндылық және қызметтер үшін аккредитив арқылы қолма-қол есеп айырысу түрі. Аккредитив келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін; жабдық туралы мен сатып алушы арасындағы клісім бойынша; сатып алушы мен жабдықтаушы арасындағы өзарақатынас бір ретті сипатта болғанда жабдықтаушының орналасу орны бойынша сатып алушы тауарлы  қабылдағанда және т.б. Аккредитив – банктің клиент тапсырмасы бойынша оның контрагентіне клісім –шарт негізінде берілтін артсыз ақшаламай міндеті, ол бойынша банк аккредитив ашып (банк-элемент), жабдықтаушыға төлем жүргізе алады немесе өз құзырлығын басқа банкке, осындай төлемдерді оларға аккредитивт қарастырылған түсіру және басқа да құжаттарды көрсеткн жағдайда, төлемдержүргізуге болады. Аккрдитивтер ақшалай және құжаттық, қайтарылатын және қайтарылмайтын, бекітілген және бекітілмген, мерзімсіз, бөлінтін, аударылатын және т.б. болуы мүмкін.

Қайтарылмайтын  аккредитив – қайтарылмайтын аккредитвпен қарастырылған коммрциялық құжаттарды банкке көрсеткн жағдайда банк-элеметтің аудармалы векселді акцептілеуге немесе сатып алуға, немесе төлемдерді жүргізуге қатаң міндеттеме. Құжатты аккредитив бойынша банктің міндеттемесі жеткізелген тауарларүшін төлемдерді алудың дермзгілдігін экспортерға кепіл беретін және есеп айырысу сенімділігін қамтамасыз ететін коммерциялық мәміле бойынша екі жақтық құқықтық қатынастарына байланысты емес.

Информация о работе Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру